7


  • Учителю
  • Статья по казахскому языку на тему 'Ұстаз-ұлы есім' (4 класса)

Статья по казахскому языку на тему 'Ұстаз-ұлы есім' (4 класса)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»... Абай атамыз осы өлең жолдар арқылы бізге өзінің өмір қағидасы еткен "Ұстаз" әрдайым құрметті екенін айтып кеткен. Ұстаз.... осы бір қастерлі де, қасиетті сөзде терең мән-мағына жатыр. Ұстаз- жас ұрпақтың рухани сәулеткері, бүкіл қоғам, халық өзінің болашағын тапсыратын сенімді өнімі. Ұстаз сол сенімді ақтай отырып, зерделі білімді зерек шәкірттерді тәрбиелеуде. Ұстаздың еңбегін, парасаттылығын тек оқушылар ғана бағаламаған, олардың алдында ғалымдар ұлы жазушылар да бас иген. Тіпте ақындар ұстаздарға арнап қалам тербеткен.

Айта кететін болсам:

Ұстаз болу- жүректің батырлығы

Ұстаз болу- сезімнің ақындығы

Ұстаз болу- мінездің күн шуағы

Азбайтұғын адамның алтындығы, - деп Ғафу Қайырбеков ағамыз өте орынды айтқан. Себебі ұстаз бала тәрбиесінде үлкен рөл атқарады. Ол тек баланың білімді ғана емес, тәрбиелі, тілігейлі, алғыр болғанын қалайды. Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім нәрін себеді. Ұстаз шәкіртіне білім беруден ешқашан талмайды.

Ұстаз тек білім үйретуші ғана емес, ол ақ тілеулі ана тәрізді барлық адам бойын жазамын іздейтін ізгі ниет иесі. Шәкірт өзінен озған ұстаз - арманы орындаған ұстаз. Себебі ұстаз бойындағы даналық қасиеттерін шәкіртіне аянбай береді. Ол шәкіртінің үлкен тіпті кішігірім жетістіктеріне үлкен қуанышпен қарайды. Сондықтан мен ұстаз еңбегі өлшеусіз деп ойлаймын. Ұстаз қай кезде болмасын ,қоғамның сенімді тірегі, белсенді мүшесі. Өйткені мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, ең басты ошағы ұстаз. Ғалымдар әлемде екі жауаптылықты қажет ететін, қиын екі мамандық иесі бар деп есептейді. Ол дәрігер және ұстаз. Неге? Екеуіде жауапкершілікті мамандық. Дәрігер адам өмірін құтқарса, ұстаз шәкіртінің, білімді болуын дұрыс жолды таңдай білуін қамтамасыз етеді. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін шебер ұстаз, үнемі ізденіс те болып, білімді шығармашыл; өзін -өзі дамытып, жетілдіре алатын болуға қажет деп ойлайтын. Мен ұстаздық ауыр жүгін арқалауды өз жүрек қалауымен таңдадым. Менің ең басты ұстанымым баланы тұлға деп тану, оның пікірімен санасу, оқушының кішкентай қуанышын, табысын бағалай білу. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым. Адам баласына көмектесу-игілікті істердің бастамасы. 2011 жыл Жаңаөзен қаласындағы № 17 орта мектепке бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа орналастым. Ең алғаш «Ұстаз» деген атаққа ие болуым да осы мектептен басталды. Бұл мектеп оқушылары менің армандарымның жүзеге асуына өз үлестерін қосты. «Бала жүрегі -кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілітін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек» - деп, М. Шаханов ағамыз айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең басты міндеті деп ойлаймын.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал