7


  • Учителю
  • Үйде оқитын оқушылардың ойын арқылы ұсақ қол моторикасын дамыту.

Үйде оқитын оқушылардың ойын арқылы ұсақ қол моторикасын дамыту.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ибраева Алма Әміреқызы

Ақсу қаласының №3 арнайы жалпы білім беру мектеп-интернатының үйден оқытатын мұғалімі

Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Ақсу кенті





Үйде оқитын оқушылардың ойын арқылы

ұсақ қол моторикасын дамыту.

Қазіргі уақытта мүмкіндігі шектеулі балаларға толық қанды білім алу үшін білім беру саласы болсын, медициналық сала болсын қажетті жағдай туғызып отыр. Үйден оқытатын мұғалімнің басты міндеті -оқушының білімге деген қызығушылығын оятып, шамасына қарай білім алуына бағытталады. Мұғалім мүмкіндігі шектеулі үйден оқитын балаларға білім беру үшін, алдымен диагнозымен жетік танысып, өзіндік ерекшеліктерін анықтау қажет. Содан соң арнайы бағдарламаға сүйеніп жеке бағдарлама құрастырады.

Үйде оқытатын мұғалімнің басты мақсаты- оқушының ата- аналарына , туғандарына ұсақ - қол моторикасын дамыту ойындарының қажеттілігін ұғындыру.

Ойынның қай түрі болмасын ол баланың ойлау, есте сақтау, танымдық іс-әрекетін және сөйлеу тілінің дамуына тигізер пайдасы мол екендігі бәрімізге мәлім. Сол себепті осы жағдайды ескере отырып, өз тәжірибемде күнделікті сабақтың үстінде саусаққа арналған ойындарды ойнап тұруды жөн көрдемін.

Ойынды бастамас бұрын баланың орындайтын жаттығуды көрсетіп, содан соң орындау тәсілімен таныстыру қажет.

  • Берілген жаттығуды баламен орындап, сөзбен, қимылмен түсіндіру керек.

  • Содан соң балаға өз бетінше жұмыс жасауға ұсынған дұрыс.

  • Кез келген жаттығуды қарапайым жаттығудан бастаймын.

Қолдың саусақтарын дамытуға арналған жаттығу.

«Кірпі» жаттығуы

Момақанмын алайда (үш саусақтарын түйістіріп, кірпінің жүрісін салады)

Тікенім көп абайла, (екі қолының саусақтарын айқастырып, кірпінің тікенектері жасайды).

Кіріп кетсе қолыңа,

Өкпелеме жарайма!

Сергіту сәті:

Бір, екі, үш!

Ал, кәнеки, ұш,

Төрт, бес, алты, жеті

Мынау ауыл шеті,

Сегіз, тоғыз, он

Ал, кәнеки, қон,



«Қимылды қайтала» жаттығуы

Мақсаты : қолдың, саусақтың қимылдарының үйлесімділігін дамыту.

Жаттығу барысы :Жүргізуші балаларға қарама-қарсы отырып, саусақтарымен кез-келген «фигураны» көрсетеді. ( кейбір саусақтар бүгулі, ал кейбіреуі түзу, әртүрлі қимылдар). Балалар сол қимылды тура солай қайталау керек.



«Жаттығайық» ойыны.

Мақсаты : қол саусақтарының күрделі үйлесімді қимылдарын дамыту.

А) Алақанды үстелдің үстіне қоямыз. Балалар бірінші оң, содан кейін сол қолдың саусақтарын бір-бірден көтереді. Осы жаттығуды кері жасап, қайталайды.

Б) Алақандар үстелдің үстінде, балалар кезекпен екі қолдың саусақтарын шынашақтан бастап көтереді.

В) Балалар сұқ және ортаңғы саусақтарымен қаламды немесе қарындашты ұстайды. Осы саусақтарын бүгіп, қайтадан қалпына келтіреді., бұл жерде қаламды үлкен саусақтан төмен түсіп кетпеуін қадағалау керек.

Г) Үстелдің үстінде 10-15 қарындаш немесе есептік таяқшалар жатыр. Оларды бір-бірден алып қолға жинау керек. Содан кейін тура солай қайтадан үстелге қою керек. Екінші қолмен көмектесуге болмайды.



«Санамақ» ойыны.



Мақсаты : кіші моториканы және сөйлеу ырғағын дамыту.

Бір, екі, үш, төрт, бес,

Анаммен сурет саламын , ( алақанды жұмып ашады)

Міне басы, міне іші ( қолды шеңбер жасап айналдырады)

Аяқтары, қолдары, көздері ( қолымен кішкентай және үлкен шеңбер салу)

Аузы, сақинадан жасалған ( ауада сақинаны салу)

Әдемі шашы да бар ( қолдарын екі жаққа ашады)





Оң қолымда бес саусақ (оң қолының саусақтарын көрсету)

Сол қолымда бес саусақ (сол қолдың саусақтарын көрсету)

Бәрін қоссақ - он саусақ (екі қолының саусақтарын қосу)

Оң аяқпен секіремін (екі аяқпен кезек секіру)

Сол аяқпен секіремін (орында жүру)



Саусақтар жүреді :

Екі саусақпен 5-ке дейінгі тура және кері санап, алға-артқа жүру.





Жаттығу барысында оқушыны мадақтаған жөн. Осы жаттығуларды орындау арқылы төмендегі нәтижеге жетуге болады:





Бір сөзбен айтқанда, ойын баланың жан - жақты дамуын көздейтін, оның тілін жаттықтыратын, қимыл - қозғалысын жетілдіретін, белсенділігін арттыратын, басқа адамдармен қарым - қатынасын реттеп, ортамен қарым-қатынас жасауға жол ашады. Ойын - бала үшін біліктіліктің қайнар көзі. Сондықтан жас өрендер ойнай отырып ойлай білсін.























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал