7


Ғажайып бақ Сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өткізген: Жомартова Мейрамкүл

Пәні: Ана тілі

Сыныбы:4

Тақырыбы: Ғажайып бақ

Мақсаты: халық ауыз әдебиетінің бірі ертегі жанрының ерекшелігімен таныстыра отырып, оқушыны адалдыққа, батылдыққа тәрбиелеу; ертегідегі оқиға желісінің байланысын, ертегідегі кездесетін оралымды сөз мағынасын ұғындыру арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру.

Ұстанымдары: жүйелілік, көрнекілік, тілдік сезімді дамыту. Сабақтың түрі : аралас

Көрнекілігі: Оқулық, сызба.

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойланып табу.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушы зейінін сабаққа аудару. Адамның күлкісі - әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: : Сүлеймен патша қандай бұйрық береді? Үкі інілері Байғыз бен Жапалақты қайда жасырады? Құстарды қыру міндеті кімге жүктеледі? Жапалақ Байғыз інісіне қандай опасыздық жасайды? Ертегіде қандай құстардың аты аталады?

ІІІ. Өткенді қорыту: Сүлеймен патшаға қандай мінездеме беруге болады? Ертегі арқылы адам бойындағы қандай кемшіліктер сыналады? Бұл ертегінің қандай түріне жатады? Ертегідегі Көкжендеттің, Жапалақтың, Үкінің сөйлеген сөзіне, істеген әрекетіне қарап, үшеуіне мінездеме бер. Қалай ойлайсың сенің жағымсыз мінезің көп пе?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.



Ү. Жаңа сабақ:

1. Балалар, қалай ойлайсыңдар, ертегі қалай басталушы еді? «Ғажайып бақ» ертегісі не жайлы деп ойлайсыңдар?

2. Ертегіні түсініп, жалғастырып, тізбектеп оқу.

3. Сөздік жұмыс: Миуа - жеміс, Ділда - алтын ақша, Қызылшыл - жылтырағанға құмар, пайданы көздегіш.



ҮІ. Түсінгендерін тексеру: 1. «Ғажайып бақ» ертегінің қай түріне жатады? (қиял - ғажайып). Асан мен Қасеннің адал достығын қандай істері мен әрекеттерінен байқауға болады? Қария ең кіші шәкіртіне неліктен риза болды? Тапсырма: ертегіден нақыл сөзді тауып, мағынасын түсіндір. ( «Жасы кіші болса да, ақылы артықты аға тұт») ; Ауылына жақындаған кездегі жігіттің ішкі ойын, уайымын ертегіден тауып оқы; төрт шәкірттің шешімін тауып оқып, өз шешіміңдідәптерге жаз.





















ҮІІ .Қорыту: Бүгін қандай тақырып өттік? Бұл ертегіден халықтың қандай арман - тілегін байқадың? Адамдардың игілігі үшін ғажайып баққа сен тағы не қосар едің? Ертегіні қандай бөлімдерге бөлуге болатынын ойланып, ары қарай жоспар құрып жаз.

  1. Асан мен Қасеннің алтын тауып алуы.

  2. Қариядан ақыл сұрауы.

  3. Қарияның шәкірттерінің жауабы.

  4. Ғажайып бақтың орнауы.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: ертегіні оқу, суретін салу. Бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал