7


  • Учителю
  • План урока литературу на тему 'Ертегілер әлемі'

План урока литературу на тему 'Ертегілер әлемі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырып: Ертегілер әлемі

Мақсаты: Ертегілер елінен келген кітап кейіпкерлері арқылы оқушылардың кітапханаға деген қызығушылығын ояту, кітап оқуға қызықтыру, кітапхана өмірімен таныстырып, кітап сүйе білуге, бағалай беруге баулу.

Дәйек сөз: Ертегі деген бір әлем,

Қиялың қанат қағатын.

Ертегі деген бір әлем,

Арманның өзін табатын.

Алматы қаласы «Аруна» баспасынан шыққан «Ертегілер әлемі» топтамасымен шыққан ертегілерді назарларыңызға ұсынамыз.

Жүрісі:

Кітапханашы:- Сәлеметсіздер ме, балалар! Мінекей кеше ғана мектебіміздің алғаш табалдырығын аттап, 1 сынып қатарына қабылдандыңыз. Сіздер мектеп пен, асханамызбен танысқан боларсыңыздар. Бүгін міне кітапханамен таныстырғалы отырмыз. Бүгін біз ертегілер еліне саяхат жасаймыз. Біздің кітапханамызда «Ертегілер әлемі» атты көрме бар. Ол көрмеде «Шалқан», «Бақа ханшайым», «Шошақай шелпек», «Су перісі», «Алпамыс», «Ақымақ қасқыр», «Джек пен үрмебұршақ», «Қызыл телпек» т.б ертегі кітаптар, «Тышқан қалай жылбасы болды?», «Тұмарбас», «Алтын балық», «Сұмырай хан», «Сиқырлы тас», «Аламан мен Жоламан», «Керқұла атты Кендебай», «Жақсылық пен жамандық» т.б. аудио кітаптар бар.

Осы ертегі кейіпкерлерінен кімдерді жақсы танимыз.

Балалар:- Алдар Көсе, Арыстан, Түлкі, Қасқыр, Қызыл телпек, Бауырсақ, Мысық, Тышқан.

Кітапханашы:- Әжеден де қашты, атадан да қашты. Бірақ түлкіден қаша алмады. Бұл кім?

Балалар: - Бауырсақ.

Кітапханашы:- Өте жақсы балалар. Сендердің естеріңде ертегі кейіпкерлері қалған екен. Балалар,сендерге мен жұмбақ жасырайын.

Қабат - қабат қатпаршақ,

Ақыл айтар ақтарсақ.

Балалар: - Кітап.

Кітапханашы:- Дұрыс. Төрт аяқты шалғы,

Шауып кетер малды.

Балалар: - Қасқыр

Кітапханашы:-Дұрыс. Өзі айлакер, өзі бір қу

Жүрген жері айқай -шу.

Бұл кім?

Балалар: - Түлкі.

Кітапханашы:- Дұрыс. Түлкі өте қу аң, оған сенуге болмайды.

Қымбатты балалар! Сендер ертегілерден жақсылық, бақыт, азаттық, теңдік, халықтың мәңгілік арманы мен үміті болғанын, қайырымдылық жасау, тарыққан мен торыққанға қол ұшын беру, жасаған жақсылықты парызым деп есептеу адам баласы биік мұраты екенін түсінесіңдер. Сендердің ой-өрістерің дамып, тілдерің баюы үшін ертегінің маңызы зор. Сондықтан ертегі кітаптарды біздің кітапханадан жаздырып алып оқыңдар.

Алдар Көсе: - Сәлеметсіз бе, балалар! Мен сіздерге қонаққа келдім, мені танисыңдар ма?

Балалар: - Ия. Сен Алдар Көсе.

Алдар Көсе: - Мен Алдармын, мен Алдармын,

Досымын адал жандардың.

Жақсыға талай серік боп,

Жаманды талай алдадым.

Кітапханашы: - Алдар Көсе, балалардың дайындаған «Қызыл телпек» ертегісін бірге тамашалайық.

(«Қызыл телпек» ертегісінің қойылымы)

Кітапханашы: - Балалар, ертегіні жақсы ойнап шықтыңдар. Мә, тағы да қонақтар келіпті. Ата, әже, немере, ит, мысық, тышқан. Бұл қайсы ертегі, балалар?

Балалар: - Шалғам.

Кітапханашы: - Дұрыс.Келіңдер, бірге «Шалғам» ертегісін тамашалайық.

(«Шалғам» ертегісінің қойылымы)

Кітапханашы: - Балалар, бәрекелді, сіздер бірнеше ертегі үйренген екенсіңдер. Енді басқа да, ертегілерді оқып естеріңде сақтап жүріңдер.

Білім сүйсең, кел күн сайын осында,

Кітап сенің айналады досыңа.

Талаптансаң үйренуге ұмтылып,

Келгін, жас дос, ізденейік қосыла, - деген сөздермен көрмені аяқтадым.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал