7


  • Учителю
  • Мектепалды даярлық сыныбы Аяз ата сыйлықтары

Мектепалды даярлық сыныбы Аяз ата сыйлықтары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала











«Аяз Атаның сыйлықтары»







Мектепалды даярлық сыныбы Аяз ата сыйлықтары</</font>

























Қатысушылар:

Аяз Ата - үлкен

Ақшақар - үлкен

Қоян - үлкен





Музыка ойнап, балалар полька биімен әшекейленген залға кіреді. Балалар шеңбер құрып тұрады.

Тәрбиеші: Балалар! Шыршаны қараңдаршы, қандай сұлу, әдемі. Жүріңдер жақындап көрейік. Балалар мына сұлу шыршаны қарағанда, бізде мереке болғалы жатқан сияқты. Бұл жаңа жыл мерекесі ғой! Бұл мерекеге бізге Аяз Ата мен Ақшақар келеді. Олар бізге көп - көп сыйлықтар әкеледі.

(Музыка ойнап, секіріп қоян келеді)

Қоян: Сәлеметсіңдер ме! Мен жыл иесі қоян боламын. Сендерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. О, менің қоян бауырым мұнда жүр екен ғой. Ал Аяз Ата мен Ақшақар әлі келмепті ғой, қазір келіп қалар. Шыршамыз өте сұлу екен, бірақ неге шамдары жанбай тұр?

Тәрбиеші: Иә, қоян сұлу шыршамыздың шамдары жанбай тұр. Енді не істейміз?

Қоян: Аяз Ата мен Ақшақар келгенше біз мына сұлу шыршаның шамын жағу керекпіз. Кәне, бәріміз бірігіп шыршамызға арнап ән салайық.

(балалар шеңбер құрып, ән айтады)

Ән «ШЫРША»

(балалар өз орындарына отырады)



Тәрбиеші: Қоян жанбады енді не істейміз?

Қоян: Кәне, балалар бәріміз үрлейік, шапалақтайық!

Тәрбиеші: Жанбады?

Қоян: Ал. Кәнеки. Бауырларым! Кішкентай көжектерім көңілді бір би билеп жіберейікші. Сәнді сұлу шыршамыздыңкөңілі көтеріліп жанып қалар.

(Балалар зал бойынша тұрып, би билейді)

Би «ҚОЯНДАР»

(балалар өз орындарына отырады)

Балалар: Жанбады.

Тәрбиеші: Кәне, балалар! Аяз Ата мен Ақшақарды дауыстап шақырайық, мүмкін жақындап қалған шығар, естіп қалар. Сұлу шыршамыздың шамы Аяз Ата мен Ақшақарсыз жанбайтын сияқты. Ал, балалар бәріміз бірге 1,2,3.

Бәрі: Аяз Ата мен Ақшақар 3 рет. (алыс жерден «Ау-ау» деген сөздер естіледі) Аяз Ата мен Ақшақаркіріп залды бір айналып шығады.

Аяз Ата: Жүзімізде күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз.

Сәлеметсіңдер ме! Халқым, бауырларым, достарым. Жаңа жыл мерекесі құтты болсын.

Ақшақар: Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жыл да келеді,

Бірге қарап жылыстап.

Сәлеметсіңдер ме! Қыздарым мен ұлдарым.

Қоян: Сәлеметсіз бе! Аяз Ата, Ақшақар. Аяз Ата сұлу шыршамыздың шамын жаға алмадық. Енді не істейміз?

Аяз Ата: Қазір мен сендерге көмек беремін. Сұлу шыршамыздың шамын жағамыз. Ақшақар қызым көмектесші. Кәне бәріміз бірге

«Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат»

(шыршаның шамдары жанып, музыка ойнайды)

Тәрбиеші: Рахмет сізге Аяз Ата. Балаларды қуантыңыз. Ал, балалар, Аяз Ата мен Ақшақар алыс жатқан келіпті. Шаршаған болар, дем алсын, ал біз Аяз Атаға арнап әсем ән шырқап берейік.

(балалар шеңбер құрып, әнге шығады)

Ән «АЯЗ АТА»

(балалар өз орындарына отырады)

Аяз Ата: Ботақандарым менің, жарайсыңдар!

Тәрбиеші: Аяз Ата, Ақшақар! Біздің балалар тақпақ та айтып біледі. Айтып берсін бе?

Аяз Ата: Әрине, айтып беріңдерші.

Тақпақтар: (балалар ортаға шығып тақпақ айтады)

1бала: Кел жаңа жыл, біздерге,

Кел, жаңа жыл2

2 бала: Жаңа бақыт, жаңа жыр,

Құтты болсын жаңа жыл.

Аяз Ата: Жарайсыңдар, тақпақты жақсы айтады екенсіңдер. Тағы қандай өнерлерің бар?

Тәрбиеші: Аяз Ата, біздің ұлпақарларымыз жақсы би билейді. Бұралып бір би билеп берсін сіздерге.

(қыздар тұрып биге шығады)

Би « ҰЛПАҚАРЛАР»

(қыздар өз орындарына отырады)

Аяз Ата: Рахмет2 сендерге, қуантыңдар аталарыңды өте өнерлі екенсіңдер. Ал біздің енді кетуіміз керек. Басқа да балаларымыз күтіп қалды. Қоян, бауырым, мына өнерлі балаларға ойыншықтар бергім келеді. Қайда менің қапшығым. Кәне, алып келген. (қоян шанамен шыршаның арасынан алып шығады, Аяз Ата барлық балаларға сыйлықтарын таратады).

Аяз Ата: Сау болыңдар, келесі жылға дейін аман-есен балалар!

Ақшақар: Сау болыңдар!

Бәрі: Сау болыңыздар.

(музыка ойнайды, балалар топтарына барады)













































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал