- Учителю
- Ана тілі 'Тасымал' 1-сынып
Ана тілі 'Тасымал' 1-сынып
Күні: Ана тілі Бекітемін:
Сабақтың тақырыбы: Балаларыма. Тасымал.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға й, у , ң әріптері екі дауысты дыбыстың
ортасында келетін сөздерді тасымалдауды меңгерту;
Дұрыс оқуы мен әдемі жазуын , логикалық ойлауын ,
сөздік қорын дамыту;
Ержүректікке , отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
-Тасымал туралы түсініктері кеңейеді;
- й , у , ң әріптерінің алдынан тасымалдау белгісін қойып тасымалдайды,
- Б. Момышұлының өмірінен мағлұмат алады;
- Ұлы Отан соғысына 70 - жыл толатынынан хабардар болады;
- Ұлы Отан соғысына қатысқан ауыл қарияларымен , тыл ардагерлерімен танысады;
- Шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы танымдық қасиеттерін дамытады;
Сабақтың әдісі: Түсіндіру , көрнекілік , сұрақ - жауап , «миға шабуыл» , «топтастыру» стратегиясы.
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта , слайд ,флипчарт , Б. Момышұлы туралы мәліметтер.
Сабақтың барысы:
І Қызығушылығын ояту.
-
Психологиялық дайындық.
Қанаттанып , талаптанып.
Биіктерге самғаймыз.
Қыран құстай қанат қағып,
Асуларды шарлаймыз
-
«Миға шабуыл» стратегиясы:
Жаңылмағанша жалықпай
Айта түс , қалқам , анықтай,-деп , мына жаңылтпашты жаңылмай айтып шығайық.
Көк доп.
Көп доп.
Көк доп та.
Көп доп та.
Біздерде жоқ доп.
ІІ Мағынаны тану:
-Осы жаңылтпаш деген сөзді тасымалдайық.
Мысалы: жа - ңылт - паш
-
жа - ңылтпаш
-
жаңылт - паш
--Жаңа сабақ түсіндіру:
-й , у ,ң дыбыстарынан кейін тасымалдап жазуды үйренейік.
жауын 1) жа - уын
қауын 2) қа - уын
-
Балалар , «Балаларым» мәтінінің авторы Бауыржан Момышұлы туралы деректерге зер салайық. (слайд көрсету)
-Мәтінді оқып беру.
-Биыл Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл толғалы отыр. Осы Ұлы Отан соғысына қатысып немесе тылда жұмыс істеген біздің ауылдың аталарымен ,әжелеріде бар. Мына слайдқа назар аударыңдар , есте сақтаңдар.( көрсету)
- Оқулықпен жұмыс:
1) мәтінді тізбектеп оқыту.
2) мәтінде не туралы айтылған ?
3) автор жайлы не білесіңдер ?
- «Топтастыру» стратегиясы:
-
Бауыржан бізге қандай өсиет айтты? (мәтіннен тауып оқу)
-
Сергіту сәті. (қимылмен)
Тоқыпты әжем алаша.
Бояуы қандай тамаша?!
Көктегі кемпірқосақты
Әжеміз жерге жасапты.
-102 -103 - жаттығуларды нұсқау бойынша орындау.( флипчартта жазу)
- Граматикалық тапсырмалар:
1) Берілген сөздерді пайдаланып сөйлем құра.( күн , шашып , сәуле , тұрады , бізге )
2) Өлеңді оқып ,ішінен тасымалданбайтын сөздерді тауып , астын сыз )
Ұлан жыры.
Отан үшін , халық үшін.
Талмай еңбек етеміз.
Оқып - білім құлшынамыз.
Жеңістерге жетеміз.
ІІІ Ой толғаныс:
а) шығармашылық тапсырма:
Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрау.
( отан , отқа , үшін , түс , күймейсің )
ә) Толықтыру тест: (келесі буынды тап)
Өзеннің арғы жағына қа---пен өттік. Та--- балапандарымен бірге көгалда жүр. Біз дәмді қа--- жедік.
б) Қортындылау - Бауыржан Момышұлы туралы не білдік ?
- Биыл Ұлы Отан соғысына неше жыл ?
- Тасымал дегеніміз не ?
в) Бағалау.
г) Үйге тапсырма: Оқу.
Соналы жалпы орта білім беретін мектебі.
Тақырыбы:«Балаларыма.Тасымал»
( Ана тілі. 1 - сынып. )
Өткізген: Т. Туремуратова.
2015 жыл.