7


Менің Отаным - Қазақстан!

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Менің Отаным - Қазақстан!»

Мақсаты: Отан, туған ел, Ту, Елтаңба, Әнұран, ата заң туралы түсініктерге деген құнды қасиет қалыптастыру. Патриоттық тәрбие беру. Отанын сүюге, халқын қорғауға және өнерді игеруге, ел қорғаны болуға уағыздау.

Көрнекілігі: Суреттер, нақыл сөздер, бүктемелер, үнтаспа, шарлар.

Сабақтың барысы:

Мұғалім: Қайырлы күн құрметті оқушылар! Бүгінгі біздің өткізгелі отырған тәрбие сағатымыз «Менің Отаным - Қазақстан!» деп аталады. Оқушылар осы біз өмір сүретін әлемдегі барлық адамдар қайда тіршілік етеді?

Оқушылар: Жер бетінде.

Мұғалім: Біздің кең - байтақ жеріміз бәріміздің ортақ, үлкен үйіміз - ол біздің Отан.

Отанды біз атамекен,

Деп аялап атаймыз.

Өйткені оны мекен еткен,

Бабамыз бен атамыз.

Отанды жас, кәріміз де,

Туған жер деп сүйеміз.

Өйткені онда бәрімізде,

Туып, өмір сүреміз!

Отан деген - біздерге жақын, жүрегімізге жылы естілетін сөз.



(Оқушыларға сұрақ қоя отырып, «Отан» сөзжұмбағын жасыру.)

Сөзжұмбақ «Отан»

  1. Ұлттардың бірлігі, татулығы? (Достық)

  2. Елордамыз қай қала? (Астана)

  3. Біз қай ұлтпыз? (Қазақ)

  4. Мемлекеттік рәміздердің бірі? (Әнұран)



«Отан» сөзін топтастыру

  1. Біз Республикамызды қалай атаймыз? (Қазақстан )

  2. Жерімізді, елімізді бір сөзбен қалай атауғы болады? (Туған ел)

  3. Отанымызды қалай аялап атаймыз? (Атамекен)

  4. Әр адамның өзіне ерекше ыстық жері? (Туған жер)

Қазақстан

Туған ел

Атамекен

Туған жерМенің Отаным - Қазақстан!













Үнтаспа арқылы Бекболат Тілеухановтың «Елім менің» әнін оқушыларға тыңдату.

Мұғалім: Оқушылар «Елім менің» әнін тыңдап болсақ, алдарыңдағы ақ параққа «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында өздеріңнің Отанға деген сүйіспеншіліктеріңді суретпен жеткізіңдер.

Оқушылар алдарындағы ақ параққа салған суреттерін тақтаға іліп, мағынасын ашады.

Мұғалім: Балалар, «Отан» туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?

1-оқушы: Құралбек Мақпал

Отан оттан да ыстық.

2-оқушы: Хамитов Адильжан

Отан отбасынан басталады.

3-оқушы: Нұрболатов Мансұр

Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.

4-оқушы: Құралбек Нұралы

Отанын сатқан оңбас.

5-оқушы: Салауат Сұңғат

Отан үшін отқа түс - күймейсің,

Арың үшін алыссаң - өлмейсің.

ММенің Отаным - Қазақстан!Менің Отаным - Қазақстан!Менің Отаным - Қазақстан!үғалім: Жарайсыңдар! Тақтадағы буындардан сөйлем құрастырайық.

Менің Отаным - Қазақстан!Менің Отаным - Қазақстан!Менің Отаным - Қазақстан!Менің Отаным - Қазақстан!







«Байлығым - байтақ елім»

Мұғалім: Ел басымыз Н. Назарбаев армандаған болашақ Қазақстан қандай?

6-оқушы: Рамазан Алина

Кез келген Қазақстан азаматы, кез келген әлем еліне жұмыс істей алатын, таласқа жарайтын ұрпақ тәрбиелеген Қазақстан!

7-оқушы: Каденов Дәурен

Ауылы мен қаласы қатар өскен - қуатты Қазақстан!

8-оқушы: Жолдасов Диас

Терезесі тең, керегесі кең - өркениетті Қазақстан!



Мұғалім:

Қыран құсым көк аспанда самғасын,

Желбіресін көк байрағым сан ғасыр.

Жас ұландар, берік ұста туыңды,

Жарқыратып туған елдің таңбасын- дегендей, Қазақстан Республикасының өз рәміздерін мақтан етеміз. Ендеше оқушылар, еліміздің рәміздерін атайық.



Оқушылар: Ту, Елтаңба, Әнұран.

Мұғалім: 1992 жылы ҚР жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды.Тудың ашық көгілдір түсі соғыссыз бейбіт ашық аспанымызды бейнелеп тұр. Жобасын жасаған - Шәкен Ниязбеков. Елтаңбаның авторы - Жандарбек Мәлібекұлы және Шоқан Уалиханов. Әнұранның сөзін жазған ақын Жұмекен Нәжімеденов және Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.

Мұғалім: Берілген ф әріпін алып тастасаңдар алда не туралы айтылатын сөз шығады.

ФЕФЛФТФАФҢФБФАФМФ ФҚФАФНФДФАФЙ ФТФАФМФАФШФАФ

Оқушылар: Елтаңбам қандай тамаша!

Мұғалім: Оқушылар, Адамзат баласының өмір сүруі белгілі бір заңдылықтарға бағынатыны сияқты ғаламшарды мекен еткен әр мемлекеттің де негізгі заңы болуы шарт. Ол заңның барлық тілдердегі мойындалған атауы-Конституция.

Еліміз 1995 жылы өзінің талғам -талқысынан өткен басты құжаты Конституциясын жүрек қалауымен қабылдады. Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. Қастерлі құндылығымыздың қағидат-тарын бұлжытпай орындаудың нәтижесінде біз қысқа мерзімде мызғымас мемлекетімізді орнатып, Тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік. Ата Заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың кепілі ретінде біздің бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасы болды.

Конституция мемлекеттік биліктің қайнар көзі халықтың өзі екенін айқындады. Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Осы мерейлі межеге биыл 20 жыл толып отыр.

Ата Заң

Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,

Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.

Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,

Ата - баба мұра еткен,тұтастығын жеріміз.

Халық сеншен заңымыз әділетті қолдайды,

Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.

Дейді заңы мемлекет үлкенге де ,балаға:

"Оқу оқы,еңбек ет,кәсіп жаса қалаған!"

Әрбір бабы маңызды , әр көңілдің жыры бір,

Бізде 30 - тамыз - Ата Заңның күні бұл.

Мұғалім: Ендеше балалар, осы атаулы мерекеге орай барлығымыз Конституция күніне тілегімізді арнайық.



(Оқушылар тілектерін стикерге жазып, тақтадағы терекке жапсырады )



Хормен: Ата заңың - мерейің,

Мәртебең мен беделің.

Ата заңмен өркендеп,

Өсіп, өрлей берейін!



Мұғалім: Біз бүгін еліміздің өткені мен бүгіні туралы сыр шерттік. Ал болашақта елімізді көз алдарыңа қалай елестетесіңдер?

(Оқушылардың өз ойлары тыңдалады)

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар.Осы қиялдарыңыздың шындыққа ұласуына тілектеспін! Еліміз мәңгі тыныштық, бейбітшілікте болсын!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал