7


  • Учителю
  • Тәрбие жұмысы Қазақстан - 2050» стратегиясы (1 сынып)

Тәрбие жұмысы Қазақстан - 2050» стратегиясы (1 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қазақстан - 2050» стратегиясы. Конституция күні.

Тәрбие сағатының мақсаты:

1. Елбасымыздың жолдауымен таныстыру.

2.Жолдау жарқын жол ашады.

Көрнекілігі: үнтаспа, елбасының суреті, сөзжұмбақ.

Сабақ әнұран айтумен басталады.



Ой қозғау:

- Біз қандай мемлекетте тұрамыз?

- Қазақстан.

- ҚР-ның халқы қай тілде сөйлеу керек?

- ҚР -ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек.

- Біздің тұңғыш президентіміздің аты-жөнін білесіңдер ме?

- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.



-14 желтоқсан күні жаңа «Астана опера» опера және балет театрында ҚР Президенті Тәуелсіздіктің 21 жылдығына арналған салтанатты жиналысында халқына үндеуі?



-Иә, балалар, Жолдауын арнады.

Сөзжұмбақ «Жолдау» сөзі шығу керек.

1. Әлемдік сөзінің синонимі (жаһандық)



2. Отағасының антонимі (отанасы)



3. Ата-ана тәрбиелейді? (бала)



4. «...-біздің табысты болашағымыздың негізі» (Ұлт денсаулығы)



5. Тіл дамуы, сақталуы үшін қандай қаріпке көшпекпіз? (латын)



6. Ел ертеңі жарқын болу үшін не істеу керек? (Білім алу)



- Ендеше, балалар, бүгін Жолдау туралы әңгімелесеміз.



Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы -балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне -«Бала тәрбиелеу-болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды.



Отағасының серігі отанасы демекші Елбасы Жолдауында әлеуметтегі әйел адамның рөлі, оның келешегі жөнінде айтылған. Әйел адам ең алдымен- ана. Ал ана- отбасы, мемлекет шамшырағы. Қыз баланы -ұлттық дәстүрде тәрбиелеп, құрметтеу керектігін, оны зорлық -зомбылықтан сақтау, заманға сай білім алып, кейін қызмет етуіне құқылы екендігі айтылған. Баланы жалғыз тәрбиелеп жатқан аналарға көмек көрсету, олар үшін икемді еңбек түрлерін қалыптастырып, үйде жұмыс жасауларына жағдай туғызу перспективасы қуантады.



Білім- барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ.



Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы- біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы - Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз.



Елбасымыз биылғы дәстүрлі «Қазақстан -2050» Стратегиясы Жолдауында жарқын болашаққа айқара жол ашты. Ондағы ең өзекті мәселенің бірі, бірегей қазақ тілімен 2025 жылы латын әліпбиіне көшу жайы көпшілікті ерекше қуанышқа бөледі. Тәуелсіз ұлт болудың ежелгі шарттары: өзіне тән тілі, сенетін діні, салт-дәстүрі, жазуы, басқа ерекшеліктері болу .



Енді Жолдауда айтылған өркениетті дамыған 30 елдің қатарына жету бағыт - бағдарына ілесу, үлес қосу ісі тұр алдымызда. Латын қарпіне көшу сол өркениет шыңында тұрған 30 елге жақындастыра түсіп, олармен қоян -қолтық бәсекелесуге жаңа негіз қалайды. Өскелең ұрпақ үшін тіптен тиімді.





Ән: Елім менің.( тыңдалады),





Өлеңдер оқылады. (тіл, тәуелсіздік, отан туралы)



Қорытынды:

- Жолдау туралы не түйдің, осы айтылған тарауларда не айтылмады?

«Ойын»

«Мен президент болсам халыққа Жолдауым...» Оқушыларға өз ойларын айтқызу.



Ән: Көк тудың желбірегені. (тыңдалады)

- Осымен сабағымыз аяқталды. Тыңдап сабаққа қатысқандарың үшін рахмет!









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал