7


  • Учителю
  • классный час 'Жаным толған жақсылық' (4 класс)

классный час 'Жаным толған жақсылық' (4 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сыдыкова Назгуль Уалиахметовна- «Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушыларды,ң тілдерін дамыту шығармашылыққа баулу» атты проблемалық тақырып бойынша жұмыстанып жүрген І санатты мұғалім. Мұғалім әр сабағында білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарына ерек
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Жаным толған жақсылық.

Мақсаты: Оқушыларға жақсылық, мейірімділік туралы түсінік беру.

Күнделікті өмірде осы қасиеттерді қолдануға үйрету. Жақын

адамдары мен туыстарына қамқорлық көрсету, көмектесу.

Балалардың бойындағы адамгершілік қасиеттерін дамыту.

Әдісі: әңгімелесу, түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап, СТО стратегиялары.

Құрал-жабдықтар: түрлі- түсті суреттер, нақыл сөздер, теледидар, үнтаспа.

Сабақтың барысы.

Шаттық шеңбері

Таң атты:- Қайырлы таң!-деп.

Күн шықты:- Қайырлы таң!-деп.

Жел есті:- Қайырлы таң!-деп.

Қайырлы таң! Жақсылық баршаңызға!

Балалар, барша қонақтарға жақсылық тілеп орнымызға отырайық. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Жаным толған жақсылық». Әр адамның жаны жақсылыққа толы болады, ал кейде біздер жамандық туралы да айтып қалып жатамыз.

«Жамандық», «Жақсылық» дегенді қалай түсінесіңдер? Топтастырып жазыңыздар.

Оқушы жауабы тыңдалады.


«Мазасыз балапан» әңгімесін тыңдау.

Бір мазасыз балапан өмір сүріпті. Күндердің күнінде ол анасынан «Мейірімділік, жақсылық деген не?» деп сұрапты. «Сен әлі кішкентайсың, өскен соң түсінесің»-деді анасы. Бірақ балапан шыдамсыз еді. Ол жайында тезірек білгісі келіп жолға шықты. Жолда ол жылап жүрген ешкіні кездестірді, ол балапаннан жоғалып кеткен лағын тауып көмектесуін сұрады. «Менде уақыт жоқ»-деді де одан әрі қарай жүріп кетті. Балапан қыз баланы кездестіреді, ол ағашқа ілініп қалған шарды ала алмай «Балапан, балапан маған шарды алуға көмектесіп жіберші»- деп өтінді . «Менде уақыт жоқ,-деді балапан. Мен мейірімділіктің не екенін білгім келеді». Ал мен білемін- деді қыз.

Менің анам әрдайым қайырымды адамдар туралы әңгіме айтады. «Маған да айтшы»- деді балапан. «Бірінші шарды алып бер». Балапан ұшып барып шарды алып береді. Мінекей сен қайырымды іс істедің. Мейірімділік деген осы. «Қандай оңай?»- деп таң қалды балапан.

Әңгімені талдау.

Мейірімділік деген не? Қалай мейірімді болуға болады?


Ойын «Айна дос»

1-топ «Айна» болады, ал келесі топ соларға қарап отырады. 2-топ айнаға қарап өздерінің жасаған жақсылықтарын айтады.

-Енді балалар, көзімізді жұмып, ыңғайланып отырайық. Жақсылық жасау бәріміздің қолымыздан келеді екен.

Қарсы алдымыздан таяқ сүйенген кәрі әжей бір қолына шелек ұстап суға беттеп барады. Барлығымыз ойланбастан әжейге жақсылық жасауға ұмтылдық. Ол қандай жақсылықтар?

(Көзімізді ашамыз.) Оқушы жауабы тыңдалады.


Жағдаяттарды талдау.

  1. Сенің анаң жұмыстан шаршап келді. Сен қайырымды болсаң не істер едің?

  2. Даладан сен қанаты сынған құс көрдің. Сен мейірімді болсаң не істер едің?

  3. Арыққа түсіп кеткен добын ала алмай жылап отырған кішкентай баланы кезіктірдің. Не істер едің?


Суретпен жұмыс.

Жауынның астында тоңып , жаурап қалған кішкентай көжекке және тиінға сен қандай жақсылық жасар едің? Жауыннан қалай қорғар едің? Суретін сал.


Теледидардан мультфильм қарау, талдау. «Леопольд мысық»


Қорытындылау.

Жолақшаларда жазылған сөйлемдерді ажыратып, тақтаға ілу.


Жақсылық Жамандық

Күнде кәрі әжесі үшін дүкенге барса Резеңке тартып құстарды атса

Қиын сәттерде көмектессе Өзіңнен кішкентайларды жылатса

Қыста құстарға ұя жасаса Ағаш бұтағын сындырса

Анасына кішкентай сіңілісін күтуге көмектессе Үлкеннің тілін алмаса

Балаларды ортаға шеңберге шақыру.

  • Балалар, жақсы сөздеріңізді, жақсы істеріңізді, жақсы сезімдеріңізді аямаңыздар. Естеріңізге сақтаңыздар. Адам жақсы істері үшін алғыс пен бата алады.

Қадыр Мырза-Әлидің өлеңінен үзіндіні бәріміз бірге оқиық.

Күнге күйген білекті,

Күреңменен бояр ем.

Ал жүректі, жүректі

Аппақ қылып қояр ем!

Балалар, қандай жақсылық жасасақ та ақ көңілімізбен, ақ пейілімізбен, ақ ниетімізбен, ақ жүрегімізбен жасауымыз керек- деген тілекпен келген қонақтарға өзіміздің балалық ақ, таза жүрегімізді тарту етейік. (қағаздан жасалған жүректі қонақтарға үлестіріп беру)

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал