7


  • Учителю
  • 'Бала тәрбиесіндегі басты мектеп-отбасы' тәрбие сағаты

'Бала тәрбиесіндегі басты мектеп-отбасы' тәрбие сағаты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Тақырыбы: Бала тәрбиесіндегі басты мектеп-отбасы
Мақсаты: Отбасындағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, ата - ана

алдындағы парызын өтеуге, еліміздің жақсы азаматы болып өсуге,

жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шар,жалауша,гүлдермен ,нақыл сөздер,мақалдар,суреттер,слайдтар

Әдісі: диалог, сто, сайыс

Барысы : І. Ұйымдастыру

  1. Оқушыларды 3 топқа бөлу

  2. Бағалау түрлеріне тоқталу

  3. Тәрбие сағатының кезеңдерін хабарлау

ІІ. Негізгі бөлім

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі - бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы - оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.

Олай болса , 1-кезең «Ой қозғау» деп аталады. Мұнда оқушылар отбасы дегенді қалай түсінетіндіктерін постерге түсіріп , топпен қорғайды.Өз отбасылары туралы айтып өтеді.

(топтар бірін-бірі смайликтер арқылы бағалайды)

1-кезеңді қорытындылау- Туыстық жүйенің ең негізі, бел ортасы - отбасы саналады. Барлық алыс-жақын туыстық - осы отбасынан есептеледі.
Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол - ата, әке, бала.

Ән: «Анашым қартаймашы жалынамын» Сымбат, Айдана

Маған да, саған да

Жақын туыс- бес адам

Үш әріптен тұратын

Оңға оқы,солға оқы

Өзгермейді еш одан

Бәрі де өз жұратын

Айтады кәне , кім атын? (ата,ана,апа,аға,іні)

2-кезең -Туыстық атауларды білесің бе?Бұл кезеңде әр топ өзіне берілген туыстық атаулар бойынша түсінігін айтады.

1-топ - Қарындас , сіңілі

2- топ - Нағашы , бөле

3- топ - Жиен , шөбере

2- кезеңді қорытындылау. Қазақ тіліндегі туыстық атаулардың көпшілігі - ертеден келе жатқан төл сөзіміз Қазақ тілінде .90-нан астам туыстық атау бар.

Ән: «Әкешім-анашым» Орынтұрлы,Меруерт,Бақдәулет

3-кезең «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» Бұл кезең ұлттық салт- дәстүр негізінде тәрбиелеуге арналады.

1-топ - Ырымдар

Түсінік беру:ырым халықтың жақсы ниетінен туған. Ырым жолдары мен түрлері өте көп. Мысалы:Отаншыл болсын деп туған жерге аунату, Батыр , ақындарға ұқсасын деп оның атын қою. Абай, Нұрсұлтан

2-топ -Тыйымдар

Қазақ халқының отбасылық тәрбие құралының бірі-тыйымдар.Бұл сөздер есі кірген балаға жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Мысалы, қолыңды төбеңе қойма- жалғыз қаласың.

3-топ- Мақал- мәтелдер (отбасы туралы)

Мақал-мәтелдер- ауыз әдебиетінің бір түрі. Көлемі қысқа болса да , тәрбиелік негізгі түйін қамтылған.Олар ойда тез,әрі жеңіл сақталады.Мысалы, «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. Шығармашылықта, ақындықта танылған жас баланың тәрбиесіне аса назар аударылған. Ата өнерін ұрпағының қууы, оны мирас етуі қазақ отбасыларында жиі кездесетін дәстүр. Билік, батырлық, әншілік, серілік, мергендік, аңшылық, зергерлік сияқты ата-баба өнерін жеті атасына дейін жалғастырған әулеттер қазір де баршылық.

Ән: «Ата-әжемді жақсы көрем» Айзере,Қарақат

ІІІ.Қорытындылау

1.Кері байланыс. Нені білдім? Нені үйрендім?Нені түсіндім?

2.Смайликтер бойынша жинаған ұпайларын анықтап, жеңімпаз топты марапаттау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал