7


  • Учителю
  • Ашық сабақ жоспары. 3-сынып. Математика. 6 санына көбейту және бөлу

Ашық сабақ жоспары. 3-сынып. Математика. 6 санына көбейту және бөлу

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні

Сыныбы 3 «Ә»

Пәні математика

Сабақ №

Сабақтың тақырыбы: 6 санына көбейту және бөлу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Кестелік көбейту және бөлу ережелерін

қайталай отырып, 6-ға көбейту және бөлуді

үйрету, ұғындыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, еске сақтау

қабілетін, өздігінен жұмыс істеу

дағдысын, ауызша есептеу дағдыларын

дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өзгені тыңдап, өз ойын еркін

айтуға баулу, белсенділікке, ұқыптылыққа

тәрбиелеу.

Сабақтың типі жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі дәстүрлі

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, серпілмелі сауал, ойын, кубизм

Көрнекілік: плакаттар, топтың аты жазылған қағаздар, хат, жемістердің,

жануарлардың суреттері.

Сабақтың жоспары:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Білімді саналы түрде меңгерту

ІІІ Жаңа білімді меңгерту

ІҮ Жаңа білімді бекіту

Ү Үй тапсырмасы

ҮІ Бағалау

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен амандасу

ә) Назарын сабаққа аудару

б) Топқа бөлу

1. Жалын

2. Сұңқар

3. Бірлік

4. Тұлпар

5. Бүркіт

в) Психологиялық жаттығу

ІІ Білімді саналы түрде меңгерту

«Серпілмелі сауал» әдісі арқылы көбейту кестесін сұрау

5*1=5 5*6=30

5*2=10 5*7=35

5*3=15 5*8=40

5*4=20 5*9=45

5*5=25 5*10=50

ІІІ Жаңа білімді меңгерту

«Адасқан сандар» ойыны

Тақтада тұрған сандардың орындары ауысып кетіпті. Осы сандарды ретімен орналастырайықшы.

0 1 2 3 4 5 6

Тақтада тұрған сандар нешеу екен? Алтау

Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз алты санына көбейту және бөлу деп аталады.

Балалар, бізге орманнан хат келіпті. Бұл хатта не жазылыпты қане, оқып көрейік.



Ал, балалар! Білімді, ақылды екенімізді дәлелдейміз бе? Олай болса бірінші қоянның тапсырмасына назар аударайық.

№1

Қоянның әрбір секіруінде 6 бірлік бар. 3, 6, 8 рет секіргенде неше бірлік болады?

0 6 12 18 24 30 36 42 48 54 60



6*4=24

6+6+6+6=24

- Балалар, бізге осы амалдарды орындаудың қай жолы тиімді? Әрине бірінші жолы тиімдірек екен.

6*6= 6*4= 36:6= :6=

6*7= 8*6= 42:6= :7=

6*8= 7*6= 48:6= :8=

6*9= 9*6= 54:6= :9=

№2 (Қасқырдың тапсырмасы)

«Кім жылдам?» ойыны

Әр топқа жүзімнің, кәмпиттің, алмұрттың, нанның, алманың суреттерін беріп, шартты есеп құрастыру қажет.

а) Ш: 6 сатып алушы - 8 кг

Барлығы - ? кг

Ш: 6*8=48

Ж: Сатушы барлығы 48 кг жүзім өлшеді.



ә) Ш: 6 қорап - 54 кг

Әр қорапта - ? кг

Ш: 54:6=9

Ж: Әр қорапта 9 кг кәмпиттен бар.



б) Ш: Салынды - 42 алмұрт, 6 алмұрттан

Тәрелке - ?

Ш: 42:6=7

Ж: 7 тәрелке қажет болды.



в) Ш: Кәмпит - 9 тг-ден, 6

Тоқаш - 50 тг

Жұмсады - ?

Ш: 9*6+50=104

Ж: Ол 104 тг жұмсады.



г) Ш: 6 қорап - 48 кг

Әр қорап - ? кг

Ш: 48:6=8

Ж: Әр қорапта 8 кг алма бар



№3 (ауызша) «Кім тапқыр?» ойыны

Түлкінің тапсырмасы















а) Шаршыларға қарағанда үшбұрыштар неше есе кем? 2

Үшбұрыштарға қарағанда шаршылар неше есе артық? 2

ә) Шаршыларға қарағанда үшбұрыштар нешеге кем? 6

Үшбұрыштарға қарағанда шаршылар нешеге артық? 6



№4

Бірі берілгеннен 3 есе артық, ал екіншісі берілгеннен 3см артық екі кесінді сыз.

№6

«Тездет, бірақ қателеспе!»

Бос орынға кестедегі сандарды кезекпен қоя отырып, өрнектерді жаз.

93+.........+48+........

93+.........+48+........

93+.........+48+........

93+.........+48+........

93+.........+48+........

1-топ: 127, 32, 300

2-топ: 27, 82, 250

3-топ: 12, 57, 210

4-топ: 212, 137, 490

№7

«Сен мұны білесің?» ойыны

Берілген ұсақ ақшамен қажетті зат төлемін әр түрлі тәсілмен жинақтап жаз.

Ермексаз - 195 тг

Берілген ұсақ ақшаларды әр топқа беріп, 195 тг шығарып, қағазға жапсырып, көрсетеді.

ІҮ Жаңа білімді бекіту

«Кубизм» әдісі

Оқушылардың алдына кубикті лақтырамын, түскен санға байланысты көбейту немесе бөлу амалын айтады.

Ү Үй тапсырмасы

62 бет №3(б), №5

ҮІ Бағалау

Фигура арқылы бағалау.









































































Мырзатай орта мектебі



























6 санына көбейту және бөлу















Сынып жетекшісі Жантаева Айдана































Тараз қаласы





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал