7


  • Учителю
  • Қос сөздердің екінші жартысын таба білуге үйрену.

Қос сөздердің екінші жартысын таба білуге үйрену.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Қысқа мерзімді жоспар

</

Рахметуллина Салтанат Ғаділбекқызы

Сабақтың тақырыбы:

Қосарлама қос сөздер



Пәні:

Қазақ тілі, ІІ тоқсан, 21-сабақ

Мақсаты:



Қос сөздердің екінші жартысын таба білуге үйрену.



Күтілетін нәтижелер:

*Қос сөздердің екінші жартысын таба алады.

*Қос сөздерге сөйлемдер құрастыра біледі.

*Қосарлама қос сөздердің мағынасын түсінеді



Керекті жабдықтар:

Алматык.2011. 74,75-бет

Қазақ тілі оқулығы 4-сынып , Әдістемелік нұсқау, жұмыс дәптері, интербелсенді тақтада көрсетілген презентациялар, сөздер жазылған парақшалар, жеке суреттер.

Сабақта қолданылатын өзара байланысты модульдер

СТО, оқыту үшін бағалау, көшбасшылықты анықтау.

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе









































I. Ұйымдастыру бөлімі.

-Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.

Қызығушылығын ояту

Алматының аймағы

Шамшырағын жақса жай,

Күндіз-түні жайдары

Қуат берген Қапшағай.

а)Сынып оқушыларын 4 топқа бөлу. Бөлшектерден дұрыс сурет жинақтау . Топ басшыларын сайлау.

ә) Топтық жұмыстарды орындауда басшылыққа алынатын ереже шығару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Жаттығуларын тексеру.

2.Ережелер сұрау.



- Қос сөздер дегеніміз не?

- Қайталама қос сөздер дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.





ІІІ. Үй жұмысын бағалау.

Бағдаршам стратегиясын қолданып, бағалайды.





Балалар суреттерді алып, топқа қалай бөлінетіндіктерін тауып, 4 топқа бөлінеді.Қимылдайды, сабаққа деген қызығушылықтары артады. Көңілдері көтеріледі.

Оқушы жауаптары тыңдалады.

Шығармашылық тапсырмамен жұмыстанады

Жұппен жұмыс

дәптерлеріне жазады көршілерімен тексереді

Оқушы жауаптары тыңдалады



Тұсау кесер









ІҮ. Жаңа сабақ

! Екі түрлі түбірден қосарланып жасалған қос сөзді қосарлама қос сөздер дейді.

Мысалы: сарт-сұрт, құлын-тай, киім-кешек, жауын-шашын.







Ережемен танысады





Негізгі бөлім



Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.

1.Өлеңді оқыту.

2.Қос сөздерді теріп жазғызу.



Айдын-шалқар, бақша-жай, үлкен-кіші, күндіз-түні.



- Қос сөздер қандай сөздердің қосарлануы арқылы жасалып тұр?



Мәтінмен жұмыс

  1. Мәтінді түсініп оқу.

  2. Қос сөздерді тапқызу.

  3. Екі түрлі түбірден жасалған қос сөздері бар сөйлемдерді көшіріп жазғызу.



3-жаттығу.

1.Сөйлемдерді оқыту.

2.Қарамен берілген сөздерді қос сөздерге айналдырып, сөйлемдерді көшіріп жазу.

Екі үйдің қозы-лақтарын алдыма салып берді. Жұрт арбаларын қатар-қатар қойып, аттарын доғара бастады. Құрылысшылар күн-түн демей жұмыс істеп жатыр. Бір кезде қасқыр лақты іліп алып, сиырлардың ара-арасымен сытылып шығып кете берді. Ол жіңішке, түп-түзу жас шыбықтарға қызыға қарады.



5-жаттығу.

1.Мәтінді көшіріп жазу.

2.Қосарлама қос сөздердің астын бір сызықпен, қайталама қос сөздердің астын екі сызықпен сызу.

Шығармашылық тапсырма.

Топпен жұмыс

1-топ Қосарлама қос сөздерге мысал жазу

2-топ: Қосарлама қос сөздерді қатыстырып сөйлем құрау

3-топ: Қосарлама қос сөздері бар мақал-мәтел жазу

4-топ: Құлын-тай тақырыбына әңгіме құрау







Сұрақтарға жауап береді



Жаттығуларды орындайды









Мәтінмен жұмыс

































Шығармашылықпен жұмыс

Топпен жұмыстанады,

Әр топ өз жұмыстарын қорғайды

Қорытынды

Қызықты тапсырмалар.

  1. «Ойлан, тап!»

1.Біріккен сөздің бірінші түбірі тағам сөзімен мәндес, екінші түбірі - тағам пісіретін ыдыс. Ол қай сөз?

Ш: Ас+қазан

2.Үй жануарының бірінің аты мен сезім мүшесі атынан бірігіп айтылған сөз ненің аты, не деген сөз?

Ш: ит+мұрын



  1. Екінші сыңарын тауып айтыыңдар. Кім жылдам табар екен?

ат - ....(тон)

қару - ... (жарақ)

апалы - ... (сіңлілі)

қант - ... (шай)

әуре - ... (сарсаң)

тым - ... (тырыс)

егжей - ... (тегжей)

бытықы - ... (шытықы)

қылтың - ... (сылтың)



Сұрақтарға жауап береді

Бағалау

«Басбармақ» әдісі арқылы бағалау

Балалар басбармақ арқылы бағалайды

Үйге тапсырма

ереже қайталау,

4-жаттығу, 75-бет





Күнделіктеріне үйге берілген тапсырмаларды жазып алады

Реексия

1.«Не үйрендім?»

2. Бүгінгі сабақтағы ұнаған сәтін жазу.

Рефлексия жазады





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал