7


  • Учителю
  • Ғылыми жоба. ҮЙ қояндарының түрлері және олардың пайдасы

Ғылыми жоба. ҮЙ қояндарының түрлері және олардың пайдасы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Павлодар облысы

Екібастұз қаласы

№5 жалпы орта білім беретін мектеп КММ

Жоба авторы: Зайргельдин Ернур

Жетекшісі: Акашева Алия Нурлыбековна
Тақырыбы:
«Үй қояндарының түрлері және олардың пайдасы.»
Секциясы: биология
2014 - 2015 оқу жыл


Аннотация

Ғылыми жұмыста қоянды тамақтандыру кезіндегі азық мөлшерінің оның салмағының өзгеруіне әсері және көжектерінің өсіп, жетілуі қарастырылған. Зерттеу обьектісіне шиншила қояны алынды. Бұл жұмыста азық мөлшерінің өзгеруі, жануарлардың салмағының өзгеруіне әкелетіні дәлелденген.

Мақсаты: Үй қояндарының дала қоянынан ерекшеліктерін және айырмашылықтарын анықтау. Көжектерінің жетілуін бақылау.


Гипотеза. Егер көжектерді кішкентай кезінен дұрыс күтіп, жақсы тамақтандырса, олар мықты болып жетіледі.


Зерттеу жұмысы: Шиншила қояны.


Міндеттері:

  • Әдебиеттермен танысу.

  • Зерттеу жұмысын жургізу.

  • Қорытынды шығару.

Мазмұны.


Ι. Кіріспе. 5 бет

ΙΙ. Дала және үй қояндарыньң түрлері. 5-8 бет

ΙΙΙ. Үй қояндарын өсіру. 8-9 бет

ΙV. Үй қояндарын азықтандыру. 9 бет

V. Үй қояндарын күтіп, бағу. 10 бет

VI. Үй қояндарынан алынатын өнімдер. 10 бет

VII. Қорытынды. 12 бет

VIII. Қолданылған әдебиеттер. 13 бет


Кіріспе.

Үй қояны - қоян тұқымдасына жататын. Жабайы үй қояны Испания мен Оңт. Францияда кең тараған. Ол қолға үйретілген қояннан кіші 40-50 см, салмағы 1,5-2 кг, түсі жыл маусымына сай өзгеріп, маусымына сай өзгеріп, маусым бойынша көжектейді. Азығын түнне іздейді, қолға тез үйретіледі. Азығын түнде іздейді, қолға тез үйретіледі. Үй қоянының 60-тан аса тұқымы бүкіл дүние жүзіне тараған. Ол тез жетіліп, шапшаң көбейеді.

ΙΙ. Қоянның Қазақстанда 3 түрі кездеседі.

Орқоян - қоянтәрізділер отрядының өкілі, бұл отрядқа қояннан басқа, шақылдақтар жатады. Қоянның Қазақстанда 3 түрі кездеседі.


Орқоян - осылардың ішіндегі ең үлкені (денесінің ұзындығы 50-70см, салмағы 4-6кг). Басқа қояндар сияқты мұның да артқы аяқтары алдыңғысына қарағанда ұзынырак, сондықтан секіріп жүгіреді. Жылдамдығы сағатына 70 шақырымға жетеді, қуғыннан қашқанда көбіне кілт бұрылыстар жасап, ирек-ирек жұгіреді. Жазда терісінің түсі сұр, ал қыста қатты ағарады, бірақ ақ қоянның айырмасы, құйрығының үсті қысы-жазы қара жолақты. Құлағының жоғарғы жағында жалпақ қара жолақ болады. Ымырт және түнде белсенді, қыста кейде күндіз де белсенді. 12 жылдай өмір сүреді. Аналығы жылына екі рет, 44-46 күн буаздықтан кейін, 6 көжектен дүниеге әкеледі. Көжектері көздері ашық, денесі жүнмен қапталған, өзінше қозғала алатындай ширақ болып туылады. Негізгі жаулары - қасқыр мен түлкі, кейде дала қыраны мен бүркіт те қоян алады. Қазақстанда аңшылар жылына 3000-дай қоян аулайды.

Ақ қоян - орқоянға өте ұқсас, денесі шамалы кішілеу (салмағы 3-4кг). Олар көбіне бірге мекендейді. Ақ қоянның ерекшеліктері: құлағының сырт жағында ақ жолағы бар (құлағының іші қара), құйрығы қысқа, әрі дөңгелек. Қыста терісінің бояуы ағарады, сондықтан ақ, қоян деп аталады. «Ақ қоян» тоғайлар мен өзен, көлдердің жағалауларындағы қамыстарда тіршілік етеді. Негізгі жаулары - қасқыр, түлкі. Басқа қояндар сияқты, аң аулау мысаны болып табылады.

Құмқоян - Қазақстанда мекендейтін үш қоянның ішіндегі ең кішкентайы (деңесінің ұзындығы 50 см, салмағы 2,5кг). Қазақстанның оңтустік бөлігінде биік тау белдеулеріне дейін көтеріледі, дегенмен шөл және шөлейтті аймақтарда кең таралған түрі. Ін қазбайды, күндіз демалысы үшін таяз сайларды пайдаланады. Жатқанда жүні үйпаланбай және бөтен дыбыстарды есту үшін басын желге қаратып жатады, жел бағыты ауысқан сайын, бұл да бағытын ауыстырып отырады.


Басқа қояндар сияқты бұл да жылына 4 рет көбейеді, бір көбейгенде 3 -7 көжек туады. Көжектері үстін қалың жүн басқан және көздері ашық болып туады. Аналығы алғашқы кезде көжектерінің қастарынан ешқайда кетпей, қамқор болады. Құмқоян қасқыр, түлкі, дала мысығы және ірі қанатты жыртқыштар - бүркіт, кезқүйрық, тілеміш, тіпті шөл қарғасының да негізгі қорегі болып табылады. Үкі қояндарға көп зиян келтіреді. Аң аулау кәсібінің нысаны болып табылады. Қазақстанда жылына 85 мың құмқоян терісін даярлайтын болған.

Үй қояны - қоян тұқымдасына жататын сүтқоректі жануар.

Үй қоянының тұқымдары. Үй қояны өсімтал әрі тез жетіледі, материалдың және еңбек шығынын көп қажет етпейді. Үй қояндары - етті тұқым, етті - терілі тұқым болып бөлінеді. Қоянның етті - терілі тұқымдарына: кеңес мардері, шиншилла, шампань, т.б., жатады. Етті тұқымдарына: улкен ақ қоян, үлкен сұр қоян, күміс түсті, қара коңыр, үлпілдек жүнді ақ қоян, т.б түбітті қояндарға татар қояны және ангор қоянын жатқызады. Қоянның еті дәмді, тез қорырылатындықтан жас балаларға, кәрі адамдарға және асқазан, бауыр ауруларына өте пайдалы. Терісі жеңді, жылы, әдемі болады. Оны өнеркәсіпте кеңінен пайдаланады.

Алынатын өнімдердің түрлеріне қарай үй қояны етті, терілі және түбітті тұқымдарға бөлінеді. Көптеген етті- терілі тұқымның ірілерінің салмағы 5 кг - ға жетеді, етті бағыттағылары орта есеппен 3,7 - 4,5 кг тартады

Үй қоянын өсіру. Ет, тері, түбіт алу мақсатында қоян өсіретін мал шаруашылығының бір саласы. Үй қоянының жыныстық жетілуі әдетте 3,5-4,5 айлық кезіне қарай аяқталады, бірақ оларды бұдан біраз кешірек шағылыстырады. Үлкен ақ және сұр қоян секілді кеш жетілетін тұқымның жас ұрғашыларын олардың тірідей салмағы кемінде 3,5 кг болатын 5 айлық кезінде ғана шағылыстыру керек. Қояндардың көжектенуіне бір апта қалғанда торға ішіне төсеніш салынып, дезинфекцияланған ұялы жәшік қою қажет. Егер көжектейтін орын тұрақты болса, оларды дезинфекциялайды, оған таза жұмсақ сабан немесе ағаш жаңқасын төсейді. Көжектенуіне 3-4 күн қалғанда ұрғашы қоян ұя жасай бастайды, оған озінің бауыры мен төсін жұлып алған тубітін төсейді. Көжектеу алдында және одан кейін науада таза су болуға тиіс, өйткені бұл кезде аналық қоян өте шөліркейді, сондықтан құюлы су болмаса өз төлін жеп қоюы мүмкін. Қоян көбіне түнде көжектейді. Көжектеу аяқталысымен ұяны тексеріп, ондағы өлі және әлсіз көжектерді алу керек.


Көжектер 11- күнге қарай көзін ашады. Туғанына 45-60 күн болған көжектерді жынысына қарай топтастырып, енелерінен бөледі де, еденнің ауданы әр көжекке 0,1-0,15 шаршы метрден келетін торға орналастырады. Бөлінген көжек міндетті түрде жерден көтеріңкі етіп орнатылған торда ұстауға тиіс. Ішек-қарын ауруларынан сактандыру ушін көжекке енесінен айырған айда, енесіменн бірге жеп үйренген азықтардан беру керек. Тұқымға қалдырылған аталықтарды 3 айлық кезеңінде торға бір-бірден, аналықтарды - екі-екіден бөліп орналастырған жөн.

Үй қоянын азықтандыру. Үй қоянына беретін азықтардың құрамында оның организімінің тіршілік әрекетіне қажетті заттардың бәрі болуға тиіс. Негізгі азықтары: шөп, пішен, тамыр түйнек жемістер, ас пен бақша дақылдарының қалдықтары. Үй қояны бұршақты астық тұқымдас дақылдар қоспасын, бақбақты түйе жапырақты, ақбас, жусанды, аюбалдырғанды, түймешетенді, иманжапырақты, жоңышқаны, сиыр жоңышқы, теңгежапырақты, бидайықты, сондай ақ сәбізді қызылшаны жақсы жейді. Жабайы есетін шөптермен азықтандырғанда улы өсімдіктерден сақ болу керек. Егер қоянның асқорытуы бұзылса, оған шөп беруді барынша азайтып, рационына пішен қосу керек. Қызылшаның, тарының жас пәлегін, капуста жапырақтарын алдымен жуып, одан соң аз-аздан (үлкен қоянға 300г, көжегіне 30-40г) берген жөн. Қоянға шырынды азықтардан сәбіз, мал азықтық қызылша, капуста, асқабақ берген пайдалы. Үй қоянын белгілі бір мезгілде күніне 2-3 рет азықтандырады. Азықты астауға салып береді.


Үй қоянын күтіп бағу. Үй қоянын торда ұстайды. Торды жұқа тақтай, кесінділері секілді алуан түрлі материалдардан жасауға болады. Торды орналастыру үшін құрғақ, суық желден таса жерге, қыста қоянды жел мен күртік қардан, ал жазда тікелей түсетін күн сәулесінен қорғайтын ағаш немесе бұта сияқты панасы бар жерді таңдап алған жөн. Үлкен қояндарды көбінесе тұрақты ұялары бар жеке торда, ал көжектерді - топтап ұстайтын торларда өсіру пайдалы.

Үй қоянынан алынатын өнімдер. Қоянның еті дәмді, тез қорытылатындықтан жас балаға, кәрі адамға және асқазан, бауыр ауруларына өте пайдалы. Терісі жеңіл, жылы, әдемі болады. Оны өнеркәсіпте кеңінен пайдаланады. Түбітті тұқымнан жылу өткізгіштігі меринос қойының ең жақсы жүнінен кем түспейтін жіңішке, жұмсақ түбіт алынып, әр түрлі тоқыма бұйымдары дайындалады. Жеңіл терісінен аяқ киім, галентерея бұйымдары, құлағы мен табанынан желім, қарнынан ұлтабар ферменті жасалады.

Зерттеу жұмысы.



I. Көжектерінің өсіп, жетілуін зерттеу.

  1. Көжектері сүт тісті, қызылшақа және соқыр болып туады. Тірідей салмағы 40-80 кг болады.

  2. Көжектер 11 - күнге қарай көзін ашады.

  3. 45-60 күн болған көжектерді енелерінен бөледі.


II. Үй қояндарын азықтандыру.

1. Үй қоянын белгілі бір мезгілде күніне 2-3 рет азықтандырады.

А) Таңертенгі мезгілде жеңіл тамақ - шөп, су, бақша дақылдарын берген жөн.

Э) Түскі мезгілде - бұршақты астық тұқымдас дақылдар қоспалын, бидайықты, жусанды жақсы жейді.

Б) Кешкі мезгілде жеңіл тамақ - сәбіз, қызылшаны, тарының жас пәлегін, асқабақ, орамжапырақтың жапырағын берген пайдалы.

Үлкен қоянға 300 г, көжегіне 30-40 г азық бергуге болады.



Қорытынды.


Қорыта айтқанда. Олардың есту қабілеттері өте жақсы дамыған. Көру мүшесі мен иіс сезу мүшесі нашар дамыған. Үй қояндары дала қояндарына қарағанда ұсақтау болып келеді. Олар ін қазып, топ-топ болып тіршілік етеді. Күндіз індеріне тығылып түнде жайылуға шығады. Сондықтан олардың артқы аяқтары нашар дамыған, құлақтары да дала қояндарына қарағанда қысқалау болып келеді. Олардың ерекшеліктері аналығы жылына 5-7 рет көжектейді. Көжектері көздері ашылмай, өте дәрменсіз, қызылшақа болып туады. Қояндардың етін, жүнін, терісін пайдаланады. Олардың терісінен тон, бас киім тігеді. Жүнінен биалай, қолғап киім кешек тоқиды. Жас достарыма айтарым үй хайуанаттарының ішінде үй қояндарын асыраған ыңғайлы дер едім.

Қолданылған әдебиеттер.



1. Қазақстандағы жануарлар мен құстар Алматы кітап 2005

А.Ф.Ковшарь, В.А.Ковшарь

  1. Энциклопедия.

  2. Зоология для учителя 1995 год А.А.Яхонтов

  3. Шаңырақ Алматы 1991




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал