7


Әліппе Ф ф дыбысы мен әрпі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Ф дыбысы мен әрпі

Мақсаты:

1. Оқушыларды ф дыбысымен таныстыру, оның орыс тілінен енген сөздерде кездесетінін түсіндіру. Сөздерді мәтінді дұрыс оқуға жаттықтыру.Ф дыбысы бар сөздерге дыбыстық және буындық талдау жасауға үйрету.

2. Сөздік қорларын молайту, ойлау қабілеттерін, тілін дамыту.

3. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Туған елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Түрі: Аралас сабақ

Әдісі: СТО,АКТ, оқытудағы жаңа тәсілдер ,баяндау, көрнекілік әдістері, ойын, сұрақ - жауап,жұмбақ.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу

Үлкенге де сіз, ( Оң қолын алға созады )

Кішіге де сіз, ( Сол қолын алға созады )

Құрметпенен сіздерге ( Екі қолын кеудеге қояды )

Сәлем бердік біз. ( Бас иеді )

Сыныптың алтын ережесін еске түсіру,

Сыныпты 3 топқа бөлу (Жапырақтар арқылы)



ә) Психологиялық дайындық жасау.

Балалар, бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіпті. Демек бұл сабағымыз жай сабақ емес, ерекше сабақ болып өткелі отыр.

« Келгенше қонақ ұялады,

Келгеннен соң үй иесі ұялады» демекші, біз ұятқа қалмауға тырысайық.

2. Бір, екі, үш

Сынып іші тып - тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты бастаймыз.

Балалар бүгін біз сабақта мынадай ұранмен жұмыс істейміз:

Білім ал да, еңбек ет,

Дем ал, досқа бер көмек.

Отанды сүй, адал бол,

Өнегелі адам бол!

3. Өткен сабақты пысықтау.

- Дыбыс дегеніміз не ?

- Әріп дегеніміз не ?

-Қазақ тілінде неше әріп бар?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді? Қандай?

-Не үшін дауысты, дауыссыз деп бөлінеді?

-Оларды қандай текшемен көрсетеміз?

- Біз өткен сабақта қандай әріппен таныстық?

- В дыбысы қандай дыбыс?

- Сөздің қай жерінде кездеседі?

- В дыбысы қай тілден енген дыбыс ?

«Қай дыбысты жоғалттым?» ойынын ойнату.

Слаид суреттермен жұмыс жүргізу

  1. Ваза

  2. Велосипед

  3. Вагон

  4. Конверт

  5. Автобус

Вокзал мәтінін тізбектей оқыту.

4. Жаңа сабақ:

Сабақты «Үш балапан» ертегісімен бастау.

Ағайынды үш балапан болыпты. Олар - Наф - Наф, Ниф - Ниф және

Нуф - Нуф. Наф - Наф кірпіштен, Ниф - Ниф қамыстан, Нуф - Нуф бұтақтан үй салып алады.

Бір күні қасқыр Ниф - Ниф пен Нуф - Нуфтың үйін үрлегенде ұшырып жібереді. Ал Наф - Нафтың үйін қанша үрлесе де ұшыра алмайды.

  • Қасқыр қалай үрледі? Оқушылар:

Ф - Ф - Фу! - деп барлығы үрлей бастайды. Үш балапанның атын бірнеше рет айтқызу.

- Қандай дыбыс естіледі ?

- «Ф» дыбысын хормен қайталату.

- «Ф» дыбысы дауыссыз, көк текшемен белгілейміз.

-Ф дыбысы ерін мен тістің жығысуынан жасалынатын ызың.

Слаидтағы ф дыбысына басталатын,кездесетін заттардың суреттерін көрсете отырып түсіндіру.

Фонарик, фотоапарат, фонтан, телефон, футбол, Әл-Фараби

Кітаппен жұмыс

Бағанға жазылған сөздерді, Футбол, Әл- Фараби Хормен оқыту. Слаид түсіндіру.

Ф ф баспа, Ф ф жазба түрімен таныстыру.

-Ф әріпі неге ұқсайды екен?

-Пілдің құлағына, арқа тіреген р әріпіне, бүйірін таянған адамға.

Дәптермен жұмыс

Партада дұрыс отыруларын талап ету.

Ауада жаздыру. Дәптерге жаздыру

Сергіту сәті:

Балалар «Ф» дыбысы да орыс тілінен енген дыбыс.

Сондықтан орыс тілінен енген сөздерде кездеседі. «Ф» дыбысы бар қазақ сөз жоқ болса да Қазақтың ұлттық би қимылдарында «Ф» әрпіне ұқсас қимылдарды кездестіреміз. Мысалы: «Ф» әрпі неге ұқсайды ?

Орнымыздан тұрып қолымызды белімізге қойып көрейік, неге ұқсайды ?

Ендеше қазір бәріміз «Қара жорға» биін орындаймыз.

Сабақты қорыту.

-Сонымен бүгін қандай әріппен таныстық?

-Дауысты ма, дауыссыз ба? Себебі?

Жұмбақ жасыру.

  1. Қосылса 1 мен 3 - тің арасы ,

Қандай әріп қарашы. (В)

  1. Майда бар, сайда жоқ (М)

  1. Қойда бар, ойда жоқ (Қ)

  1. Аң сөзінде бар, оң сөзінде жоқ (А)

  1. Есепке де кіреміз,әріп те боп жүреміз. (З)



  1. Қос бүйірін таянып, тұратұғын қай әріп? (Ф)



  1. Екі С кеп күресті, арқаларын тіресті. (Х)

Үйге тапсырма: Ф ф дыбысы мен әрпі. Ф дыбысы кездесетін сөздер ойлау, Футбол, Әл-Фараби өлеңдерін мәнерлеп оқу.



Оқушыларды бағалау.





























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал