7


  • Учителю
  • Доклад на тему Оқушылардың ғылыми – зерттеу қызметіндегі жоба әдісінің –алар орны

Доклад на тему Оқушылардың ғылыми – зерттеу қызметіндегі жоба әдісінің –алар орны

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Семемй қаласы.

«№7ЖОББмектеп-лицей»КММ

Бастауыш сынып мұғалімі:Габдоллина Гаухар Габидоллаевна

Оқушылардың ғылыми - зерттеу қызметіндегі жоба әдісінің -алар орны.

Бүгінгі заманда жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми педагогикалық тұрғыда ізденіспен жинақталған тәжірибеге отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, оқыту мен тәрбиелеуді жаңаша ұйымдастырылу басты мәселе болып отыр.

Жас ұрпақтың ой - өрісін дамытып, алған білімдерін өз тәжірибесінде жаңа жағдайларда қолдану біліктілігін, ізденімпаз, шығармашыл тұлға қалыптастырудың бірден - бір жолы 12 жылдық білім беруге көшу әлемдік тәжірибеде дәлелдеп отыр.

12 жылдық мектептің негізгі мақсаты оқушының зерттеушілік және шығармашылық қабілетін дамыту. Өйткені зерттеушілік және шығармашылық жұмыстардың барлығына дерлік шығармашылық немесе қайта жасау қиялдың жұмысы. Сондықтан да оқу әрекетін оқулықтарда қайта құру мақсатында әдістемелік аппарат оқушыны салыстыру, жалпылау, дерексіздендіруге ғана емес, онан әрі елес туғызу ізденімпаздыққа, шығармашылыққа үйрету болып табылады.Бұл процестердің нәтижелі болуы үшін оқыту үрдісінде ақпараттық тахнологиялар , инновациялық әдістер мен технологиялар қолданылуда. Сабақ барысында интернетті, электронды оқулықтарды, жобалауды қолдану үлкен нәтижеге әкелері сөзсіз. Оқу процесінде ғылымға және зерттеуге негізделген түрлі білім салаларын кең түрде игеруде жаңа ақпараттық тахнологияларды қолдану аса пайдалы. Осыдан келе әртүрлі оқыту технологияларын оқытудың мазмұнына, оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, іс жүзінде сынап қараудың маңызы зор.

Инновациялық технологияның бірі - жоба әдісіне тоқталатын болсақ , оқушылардың жеке және шығармашылық қабілеттері мен өз бетімен зерттеу, ойлау дағдыларын дамытуда маңызы зор.

Жоба (проект) - латынша projectus, тура аудармасы «кереметтер алға» дегенді білдіреді. Жоба әдісі алғаш рет хх- ғасырдың 20- жылдары АҚШ - та қолданыла бастаған, Бұл әдіс «мәселе әдісі» деп те аталған, Жоба әдісін американдық философжәне педагог Джон Дьюи және оның оқушысы Клипатрик зерттеп дамытқан. Олардың басты мақсаты әр оқушыны белсенді танымдық және шығармашылық жұмысқа тарту еді. Жоба әдісі оқушынылардың өздігінше әрекет етуіне бағытталған. Қазіргі кезде жоба әдісін шет елдік, сонымен қатар отандық ғалымдар да зерттеуде; И.Л, Бим, И.А.Зимняя, Т.Е.Сахарова, О.М.Монсеев, В.И.левкович және т.б.

«Жоба әдісі дегеніміз не?» деген сұраққа аталған зерттеушілердің барлығы анықтама берген. Біріншіден құжаттар жиынтығы, екіншіден құжаттың алғашқы мәтіні , үшіншіден жоспар, адамның ойы. Зерттеу адамның таным әрекетінің бірі түрі. Ғылыми зерттеуге төиенгі талаптар жатады, нақтылығы, туралылығы, дәлелділігі.









Зерттеу Жобалау

айырмашылығы:





  • Зерттеу алдын ала жоспарланған объектіні құрауға, жасауға арналмайды;

  • Белгісізді іздеу;

  • Жаңа білімді табу;





Белгілі проблеманы шешеді;

  • Шығармашылық жоспар бойынша жүргізіледі;





Оқушыларды зерттеуге үйрету бағдарламасы

Мақсаты: Оқушының зерттеу қабілеттерін жетілдіру арқылы тұлға ретінде жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту.

Міндеттері:

  • Оқушының танымдық қажеттіліктерін дамыту;

  • Оқушының танымдық қабілеттерін дамыту;

  • Оқушының өзбетімен зерттеу жүргізе білетіндей білімдерін пайдалануға үйрету;

  • Оқушының зерттеу дағдылары мен біліктіліктерін қалыптастыру және дамыту;





Бағдарламаның бөлімдері:Жаттықтыру

  • Өзбетіндік зерттеу

Сабақтары:

  • Ұжымдық зерттеу әдістемесі;

  • Зерттеу түрлері және әдістері;

  • Проблеманы көре білуге үйрету;

  • Зерттеу тақырыбын таңдау;

  • Болжамын алу;

  • Сұрақтар қоюға үйрету;

  • Негізгі түсініктерге анықтама беру;

  • Қорытынды жасауға үйрету;



12 сағат

Практикалық сабақ:

  • Теориялық зерттеу;

  • Эмпирикалық зерттеу;

  • Фантастикалық зерттеу;

16 сағат

Зерттеу жұмыстарын бағалау

3 сағат





Зерттеу нәтижесі:

Баланың ойлап, іздеп тапқан жобасы т.б.

Ең негізгі, шығармашылықпен ойлайтын бала, жаңа білік, біліктілік.





Қорғау.

Қорғау - ең негізгі этаптардың бірі.

Балаларды қызықтыру үшін түрлі шаралар, «презентация» өткізу қажет. 1-2 сыныптарда 4-5 минут қорғаса, 3-4 сыныптарда 7-10 минут.

Бағалау парағы:

Мұғалімге нұсқау:

  1. Балаға өзбетімен жұмыс істейтіндей мүмкіндік беру;

  2. Баланың инициативасын баспау;

  3. Бала істей алатынды істеп бермеу;

  4. Бағалауға асықпаңыз;

  5. Оқушыға көмектесу

а) проблеманы өзбетімен көруге;

ә) заттар, құбылыстар арасындағы байланысты байқауға;

б) зерттеу проблемасын өзбетімен шешуге;

в) сараптама жасау, ақпаратты жеткізуге үйрету;

6. Өзінің көзқарасы мен пікірін қорғауға үйрету;





Өзбетіндік зерттеу

Даярлық жұмыс. Арнайы папка бастату. Әр қалтасында зерттеу әдістері көрсетілген бірнеше беттер және қарындаш керек. Зерттеуді жүргізу. Бұл этапқа барлық сынып қатысады. Стол үстіне карточка-суреттер қойылады. Әр оқушы өзіне тақырыпты осы карточкалар арқылы таңдайды. Тақырып алған соң әр оқушы ақпарат жинайды. Баланың міндеті әр түрлі ақпарат көздерін пайдалана отырып қажетті материалдар жинап қорғау.

Қысқаша баяндама. Дайын болғандар қорғай бастайды. Әр оқушыны қысқаша, ең негізгісін айтуға үйрету керек. Мұғалім барлық қорғаған баланы мадақтауы дұрыс, әсіресе қызықты сұрақтар қойғандарды.





Ұжымдық зерттеу жүргізу әдістемесі

Зерттеуге екі, үш одан да көп оқушылар қатысса ұжымдық болып саналады. «Табиғат бұрышы» ұжымдық сабағы. Бұл ұжымдық ойын оқушыларды ынтымақтаса жұмыс істеуге, зерттей білуге үйретеді. Топтағы балаларға табиғат бейнеленген сурет таратылады. Оқушылар өсімдіктер және жануарлар әлемін бейнелеп салады. Бірлескен «Табиғат бұрышы» пайда болады. Соңында бірлескен талдау жасалады.

Келесі жұмыс «Мен тұратын үй». Әр оқушы өзінің үйінің жобасын сызып, орналастырады немесе суретін салады. Сосын бірнеше топқа бөлініп, үйлеріне қонаққа шақырады, өз үйінің ерекшелігін айтып береді.





Зерттеу түрлері және жүргізу әдістері

Теориялық зерттеу

Бастауыш сынып оқушылары үшін күрделі болып табылады, өйткені оқушыларға ақпаратпен жұмыс істеу қиынға соғады. Өйткені оқушы көп ақпарат жинайды және оны түсініп, талдап, салыстыру қажет. Сондықтан сараптамалық жұмысты қажет етеді. Мұндай сараптаманы қабілетті, дарынды оқушылар ғана жасай алады. Көптеген балалар бақылағанды, эксперимент жасағанды ұнатады. Теориялық зерттеудің негізі негізгі және қосалқы факт, оқиғаларды табу біліктілігі болып табылады.





















Зерттеу жұмысының соңғы нәтижесі оқушының шығармашылық қабілетін дамыту, жаңа білім, білік, дағды қалыптастыру. Бала екі түрлі нәтижеге жетеді. Біріншісі- баланың өз қолымен ойлап жасаған макет, жоба т.б., екіншісі- өзбетімен, шығармашылықпен зерттеген зерттеу жұмысы.





Қорғау

Балалрдың жұмысы міндетті түрде тыңдалынуы тиіс.

Бағалануы:

  • Ғылымилығы;

  • Өзектілігі;

  • Материалдарының

  • й Құнқұндылығы;

  • Зерттеу шеберлігі;

  • Жұмысының логикалық құрылымы;

  • Айту (жеткізу) стилі;

































Қорытынды: Жоба әдісінің мәні әр оқушыны жобаның жасалуына жауапты ете отырып, оның қызығушылығын туғызу және зерттеушілік ізденіс әрекетін ынталандыру. Өйкені әр оқушы өзінің алдында тұрған мәселені шешудің жолын өз бетінше іздейді.

Әрбір мұғалімнің басты міндеті оқушының жеке басының қасиеттерін ,қабілеттерін дамытып ,талантын ,шығармашылығын ашу .Ұлы ғалым Д.ИМенделеевмұғалімдердің ғылымның сарқылмас көзін ашудағы еңбектерінжоғары бағалаған. Ғылымды сүйген және жақсы меңгере білген мұғалім ғана оқушыларына терең де мағыналы білім бере алады деген Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту ,дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу ­бүгінгі күннің мақсаты.







































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал