- Учителю
- Урок на тему Жемістер
Урок на тему Жемістер
Күні: 30.11.2015
Пән: Сөйлеу және қарым-қатынас дағдыларын дамыту
Сабақтың тақырыбы: «Жемістер»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың жемістер туралы түсінігін кеңейту.
Түзете-дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу тілін, сөздік қорын
дамыту.
Тәрбиелік: Достыққа, сыйластыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: интербелсенді тақта, жемістер, қапшық, ағаштың
суреттері, себет, қызыл, сары түсті бас киімдер
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ойын
Сабақтың барысы:
1. Шаттық шеңбері.
Біздің күлкіміз көңілді (қолдарын еріндеріне жақындатады)
Жеткізсін жылу мен шаттықты (қолдарын жүректерінің тұсына қояды)
Бөліскен жақсы ғой өмірде (қолдарын алға созады)
Қуаныш, мейірім, бақытты ( қолдарын екі жаққа созады)
2.Интербелсенді тақтамен жұмыс.
Тақтадағы үшбұрыштарды көлеміне қарай дұрыс қою арқылы жеміс деген сөзді шығару.
-Қандай жемістерді білесіңдер?
-Жемістер қайда өседі?
-Ендеше, баққа саяхатқа барғыларын келеді ма?
Онда алдарындағы жатқан бас киімдердің бірін таңдандар( бас киім таңдау арқылы оқушылар екі топқа бөлінеді).
1 топ: Сары түс
2 топ: Қызыл түс
Оқушылар осы таңдаған түстері бойынша жемістерді жинайды, бояйды.
3. Сиқырлы қапшық.
Оқушылар жемісті сипап-сезу арқылы анықтайды.
-Балалар, жемістерден не жасауға болады?
-Компот
Саусақ жаттығуы «Компот».
Қайнатамыз, қайнатамыз
Жемістерден шырынды
Оған жеміс көп керек
Алмаларды ұсақтаймыз
Алмұртты да ұсақтаймыз
Лимон шырының сығып,
Қант саламыз көп қылып
Қайнатамыз, қайнатамыз
Бәріңізге таратамыз.
-Жемістерден тағы не дайындауға болады?
-Шырын
4.Интербелсенді тақтамен жұмыс.
Жемістер мен шырындарды сәйкестендір.
5.Сергіту жаттығуы. «Жемістер» биі
6.Жеміс-жидектерден бұйым жасау.
7. Қорытынды.
Мұғалім допты оқушыға лақтыра отырып, сұрақтар қояды.Сабақты қорытындылайды.
8. Мадақтау.
Оқушы өзінің сабаққа қалай қатысқандығын жемістерді таңдау арқылы анықтайды.
Арнайы түзету мектеп-интернаты
Ашық сабақ
Тақырыбы: Жемістер
Өткізген: Мауенова Н.Т
Астана қаласы, 2015ж