- Учителю
- 4 сынып, әдебиеттік оқу
4 сынып, әдебиеттік оқу
Сынып: 4 «Б» пән: әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Ермек Өтетілеуұлы .Балмұздақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Ермек Өтетілеуұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.
Тәрбиелігі:Таза жазуға тәрбиелеу
Дамытушылығы:Оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылармен амандасу.
- Оқушы назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй жұмысын тексеру:
ІІІ. Жаңа сабақ:
Өтетілеуұлы Ермек
Балмұздақ
Жұмбақты шешу:
Аппақ ас, сызы бар,
Балалар қызығар. (Балмұздақ)
Өтетілеуұлы Ермек - 1 каңтарда туған. Абай атындағы педагогтік институтыңың филология факультетіне оқуға түседі, кейін орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің мамандығын алып шығады. 1962-1964 жылы (қазіргі Акмола облысы) Қорғалжын аудандық "Шамшырақ нұры" газетінде қызмет істеген. 1964-1974 жылы республикалық "Балдырған" журналында, 1974-1976 жылы "Жазушы" баспасында редактор, 1976 жылдан жаңадан ашылған "Жалын" баспасында аға редактор, редакция меңгерушісі болып қызмет атқарады, кейін балалар әдебиеті баспасы - "Балаусада" еңбек етеді. Осы үш көркем әдебиет баспаларында жиырма жылдан астам уакыт жұмыс жасаған баспагердің қолынан жүздеген жинақтар мен жеке кітаптар редакцияланып, оқырман қауымға жетеді. Ақынның шығармашылығы бірыңғай балаларға арналғандықтан, оның редакторлық қызметі де жас оқырмандар үшін жазылған көркем әдебиетпен тікелей байланыста болады. ректоры қызметінде. "Баспа және полиграфия ісінің қайраткері" күрмет белгісімен марапатталған.
Тәжірибелі редактордың еселі еңбегіне еленіп, "1976 жылғы социалистік жарыс жеңімпазы" атты белгімен, ал 1988 жылы ұзақ жылғы қажырлы қызметі үшін "Еңбек ардагері" медалімен марапатталады. "Жалын" баспасының үздік редакторы аталады. Өзінің жеке шығармашылығына қосымша редактор жазушының құрастыруымен "Жалын" баспасынан орыс тілінде "Мир вокруг нас" атты қазақ жазушыларының табиғат туралы әңгімелері және ақын Г.Брейгинмен бірлесіп, орыс тіліне қазақтың кейбір күлдіргі әңгімелерін жинап, аударып басып шығарады. Ал "Балауса" баспасынан халқымыздың ауыз әдебиеті үлгілерінен және бұрынғы-соңғы қазақ ақындарының мектеп жасына дейінгі балалардың және оқушылардың жаттап алуына лайықты деген өлеңдері мен тақпақтары енген, оқырмандар жасына орай: "Балдырғандар үшін", "Естиярлар үшін", "Ересектер үшін" деп аталып, үш бөлімнен тұратын "Жаттамақтар" деген көлемді жинақты құрастырады. бастап, "Жалын" баспасында "Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы" сериясы ашылады. Осы серияның бірінші томы "Асыл сөз" атты жинақтың ("Жалын" - 1987), одан кейін көптеген кітаптардың редакторы болады. "Асыл мұра" атты айдармен "Жалын" баспасынан шыққан, балаларға лайықталып әңгімеленген халық дастандары "Алпамыс батыр" (1979) және "Қобыланды батыр" (1983) кітаптарын саралайды. "Ерте, ерте, ертеде..." (Элем халықтарының ертегілерінен. "Жалын" - 1984); "Бесік жыры" (Өлеңдер. "Жалын" - 1989); "Қазақ совет балалар жазушылары" (Шығармашылық өмірбаян. "Жалын" 1990); "Шынашак" (Қазіргі қазақ балалар поэзиясының антологиясы. "Балауса"- 1991), осылармен бірге "Жазушы" баспасынан бастау алып, кейін "Жалын", "Балаусада" жалғастырылған, жыл сайын жарық көріп тұрған балаларға арналған әдеби календарь "Жыл он екі айдың" бірнеше кітабына да сарашы болғанын атап кету керек.
Дәптермен жұмыс:
Сұрақтарға жауап беру:
-
Балалар не тауып алды?
-
Мирас не істеді?
-
Мирас балмұздақ жеуге неге бас тарты?
-
Егер сен біреудің ақшасын тауып алсан не істер едің?
-
Әңгімені өз ойымен аяқта.
-
Әңгіме ұнады ма?
-
Қай жерімен ұнады?
IҮ. Қорытынды:Өткен тақырыпты қайталау арқылы сабақты қорытындылау. Үй тапсымасын беру. Оқушыларды бағалау. Сабақ соныңда оқушылармен қоштасу.
V. Үйге тапсырма:
VІ. Балаларды бағалау :