7


  • Учителю
  • Разработка урока по литературе на тему 'Сабырсыз, арсыз, еріншек' автор Абай Құнанбаев (4- класс)

Разработка урока по литературе на тему 'Сабырсыз, арсыз, еріншек' автор Абай Құнанбаев (4- класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мерзімі:

Тақырыбы: Сабырсыз,арсыз, еріншек. Абай Құнанбаев.

Мақсаты:

1. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашуға үйрету;

2.адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға баулу;

3. көркем мәтіннен жұмыс істей алу дағдысын жетілдіру, оқып түйгендері туралы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру.

Түрі: аралас сабақ (жарыс).

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену, қорытындылау.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. «Алақан» жаттығуы.

Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Әңгіменің басында

«Үлкен той болды» деп қандай тойды айтып отыр?

Хамза Қаржасовтың сөзі неге ұнамады?

Болыс Салмұғамбет Спандияр мен оның әкесіне не деді?

Ыбырайдың неліктен қабағы түйіліп, жүзі сұп-сұр болып кетті?

Болыс пен байлардың әділетсіздігін қандай әрекеттерінен байқауға болады?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:Спандияр Көбеев кім? Ол туралы не білесің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2. Жаңа сабаққа даярлық. Тақтаға немесе интерактивті тақтаға:

«... Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой,

Бес асыл іс - көнсеңіз»

  • Тақтадағы үзінді Абайдың қай өлеңінен алынған?

  • Бұл өлеңді кімдер жатқа біледі?

  • Абайдың тағы қандай шығармалары бар?

  • Абай ата туралы не білеміз?

  • Абай Құнанбаев - қазақ халқының ұлы ақыны, асыл сөздің зергері. Азан шақырып қойған аты - Ибрагим. Әжесі Зере сүйкімді де сүйікті немересін Абай деп еркелеткен. Осыдан кейін Ибрагим дейтін шын аты аталмай, ел арасында Абай атанып кетеді.

Ү. Жаңа сабақ:

1. Операциялық-орындаушылық кезең.(оқушылардың өзі тауып келген деректерді топ ішінде ортаға салып, сол бойынша кесте құру.)

Семей өңірінде туылған

Абайдың Энциклопедиясы, өлеңдер жинағы бар.





Ұлы ақын

Алматы қаласында ескерткіші бар.



2Абай Құнанбаев туралы қосымша мәлімет:


Өлеңдерінен басқа 3 поэмасы, 45 қарасөзі бар. Абайдың алғашқы өлеңдерін Көкбай Жаңатаевтың атымен жариялаған. Алматыда Абай ескерткіші, Абай көшесі, Абай атындағы университет, Іле Алатауы жоталарында Абай шыңы деп аталатын жерлер бар. Абайдың анасының аты - Ұлжан , әжесінің аты - Зере. Абай кішкентайынан әжесі Зеренің айтқан қызықты ертегілерін тыңдап өседі.

Жарыс сабақ. (оқушыларды 4 топқа бөлу). Тақырыбы: «Абай ауылына саяхат»

І топ - «Абайдың өлеңдері»

ІІ топ - «Абайдың қарасөздері»

ІІІ топ - «Абайдың аудармалары»

ІҮ топ - Абайдың әндері.

(Топ басшысы сайланып, бағалау парағы беріліп, балалардың атын жазып, жауап бергендерге + (плюс) таңбасын қойып отырады.)

1 - тапсырма .

І топ - «Абайдың өлеңдері»

ІІ топ - Абайдың 3-ші қарасөзрін оқып, түсінгенін айтады.

ІІІ топ - Абай аудармаларынан «Шегіртке мен құмырсқа» мысалынан көрініс көрсетуге әзірленіп келеді.

ІҮ топ - Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» немесе «Көзімнің қарасы» әнін орындайды.

2

Адамның мінез - құлықтары- тапсырма. Екі өлеңді салыстыра отырып, өлеңдегі сөздерді пайдаланып, мына кестені толтыр .


Жағымсыз

Жағымды

Сабырсыз, арсыз, еріншек, көрсеқызар, жалмауыз, алауыз,...

Сабырлы, арлы, еңбекқор, сыпайы, білімді, ақылды ...


Өсек, өтірік,мақтаншақ, еріншек,бекер мал шашпақ ...

Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ...


Кестеге өтілген жаңа сабақтағы «Сабырсыз, арсыз, еріншек» деп аталған өлең мен «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін салыстыра отырып, адамның жақсы, жаман қылықтарын топтап жазады.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру:

рефлекциялық бағалау кезеңі. Сабақ соңында топтағы жауап бергендердің саны, яғни плюстері саналады. Оқушылар өздерінің жауаптарына ауызша баға береді. Жарыс қорытындысы шығарылады.

ҮІІ. Қорыту.

«Мен бүгінгі сабақтан нені үйрендім?», «Нені білмей қалдым?» сұрақтарына жауап беру.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 112-113б. Түсініп, мәнерлеп оқу,

2. Бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал