- Учителю
- В. Сухомлинский (орыс жазушысы) «Қатқан нан»
В. Сухомлинский (орыс жазушысы) «Қатқан нан»
Сабақ тақырыбы: В. Сухомлинский (орыс жазушысы) «Қатқан нан»
Мақсаты: Мәтін түсініп оқи отырып, ондағы негізгі ойды ұғыну
Міндеті: 1. Мәтінді түсініп оқу
2. Мәтіндегі оқушыларды іс - әрекетіне мән беру
3. «Нансыз өмір жоқ» екенін өз сөздерімен жеткізе білу
Көрнекілігі: слайд
Оқытудың нәтижелері:
-
Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптасады
-
Берілген мәтіннің мағынасы мен мазмұнын түсінеді
-
Өз пікірін жеткізу арқылы берілген тапсырманы орындай алады
-
Оқушы өз ойын еркін, сыни тұрғыдан ойлай отырып жеткізе және талдай алады.
Қамтылатын модульдер:
1 - модуль - Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (топтық жұмыс, диалогтік оқыту)
2 - модуль - Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (ассоциация, сөздер банкісі)
3 - модуль - Бағалау (жиынтық)
4 - модуль - АКТ пайдалану (интербелсенді тақтамен жұмыс және видео)
7 - модуль - Көшбасшылық
2. Қадамдар:
1.Қызығушылықты ояту
2.Мағынаны ашу
3.Ой - толғаныс
4.Рефлексия
5. Бағалау
Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс-әрекеті:
1. Оқушының зейінін сабаққа аудару
2. Топқа бөлу
3. Үй тапсырмасын сұрау
4. Жаңа сабақты түсіндіру
5. Тапсырмалар беру
Оқушының іс-әрекеті:
1. Зейіндерін сабаққа аударады
2. Асықтар бойынша топқа бөлінеді
3. Үй тапсырмасын орындайды
4.Жаңа сабақты меңгереді
5. Берілген тапсырмаларды топтасып орындайды
6.Кері байланыс. Жүректен жүрекке. Бос жүректің ішіне жүрекшелерді жапсыру арқылы сабақтан алған әсерлерін жазады
7. Бағалау бас бармақтарымен
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. (5 -10 мин)
«Сәлемдесу» ойыны.
Бұл ойында қимылды тез - тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын сонда сендер тез - тез бір - бірлеріңмен амандасасыңдар. Сонымен көзбен... қолмен... иекпен.... иықпен... төспен..
Үй тапсырмасын тексеру.
«Комбаншы» өлеңін 2 - 3 оқушыдан жатқа сұрау
ІI. Тұсау кесер кезеңі (20-25 мин)
Нан туралы ережені естеріне түсіре отырып, нанды құрметтеу ережесін топтасып құру.
Олай болса біздің осы келесі сабағымызда нан туралы болмақ. Келесі қандай мәтін екен?
-
Қатқан нан.
-
Дұрыс айтасыңдар нан туралы.
Жаңа сабақ: Күннің жазыдн белгілеу, тақырыпты жазу.
Бұл мәтінді жазған орыс жазушысы В. Сухомлинский.
Мәтінмен жұмыс.
Мәтінді бөліп - бөліп оқытып сол оқыған жерін талдату.
«Ой шақыру»
Өмірмен байланыс: Сенің анаңның бүгін нан пісіруге қолы тимей қалды, сен қазір барғанда алдыңда қатқан нан тұрса қайтер едің?
«Ой түйін»
Нан туралы мәтіндер неге осы бөлімде берілген деп ойлайсың?
Сергіту сәті:
Қорытындылауға шығармашылық тапсырма: «Нансыз өмір жоқ» деген тақырыпта шығарма жазу.
Рефлексия: «Табыс баспалдағы»
Осы тарау бойынша қандай табысқа жеткендігін стикерге көрсетіп жазып жапсыру.білемін, білдім, білгім келеді деген табыс балдағына апарып жапсырады.
Бағалау: Жиынтық бағалау.
Сапа:
Үлгерім: