- Учителю
- Жырдан шашу шашамын
Жырдан шашу шашамын
Ә.Жангелдин атындағы орта мектебінің
2 «Б» сынып оқушысы Шәріпова Әсел
Қолғанатқызының шығармашылық жұмысы
Жариялаушы сынып жетекшісі
Қанғазы Мәншүк Қанғазықызы
Ана тілім
Ана тілім -
Бала шағым өркенім,
Ана тілім -
Болашағым, ертеңім.
Ана тілім -
Сайын далам, жер- көгім,
Ана тілім -
Арман - ойым , өрнегім.
Ана тілім -
Шың, асқарым, өр көгім,
Ана тілім -
Жыр - дастаным, ертеңім.
Ана тілім -
Үйім алып, еркемін,
Ана тілмен
Халық күйін шертемін.
Анама
Анам барда күлімдеймін, күлемін,
Сен болмасаң қалай өмір сүремін?
Анам барда керегі жоқ ештеңе-
Анам менің жүрегім мен тірегім.
Анам менің! Дүниедегі асыл жан!
Мейірімі шуақ болып шашылған.
Анашымның өнегесі, тәлімі -
Жадымда бір кітап болып басылған.
Анам менің бұл дүниеде көнерім,
Анам менің бұл өмірде сенерім.
Теңдесі жоқ үлкен сыйлық емес пе?!
Анашымның «айналайын!» дегені.