7


  • Учителю
  • Үйден оқытылатын балаларға білім берудің тиімді әдістері

Үйден оқытылатын балаларға білім берудің тиімді әдістері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың аты «Аққу, Шортан Һәм Шаян »И.А. Крылов Аударған А. Байтұрсынұлы Сілтеме Жоспар Жалпы мақсаты 1.1. И.А. Крылов пенА. Байтұрсынұлының өмірбаяны, шығармашылығы және «Аққу, Шортан Һәм Шаян » мысал мазмұны туралы ақпарат беру; 2.2. Бірлік туралы мағлұматтарберу;3.3. М
предварительный просмотр материала

Бекітемін:___________

Директордың оқу-ісінің меңгерушісі: Р.Искакова

Әдебиеттік оқу, 4-сынып

11-сәуір, 2014жыл



Нұрадинова Гүлназ Амангелдіқызы

Қызылорда қаласы

212 мектеп-гимназия


Сабақтың аты

«Аққу, Шортан Һәм Шаян » И.А. Крылов

Аударған А. Байтұрсынұлы

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

  1. 1. И.А. Крылов пен А. Байтұрсынұлының өмірбаяны, шығармашылығы және «Аққу, Шортан Һәм Шаян » мысал мазмұны туралы ақпарат беру;

  2. 2. Бірлік туралы мағлұматтар беру;

  3. 3. Мысалдағы кейіпкерлерді өмірмен байланыстырып, салыстыра білуді түсіндіру;

Күтілетін нәтиже

1. Бірлік туралы білетін болады;

2. Мысалдағы кейіпкерлерді өмірмен байланыстырып, салыстыруды

түсінеді;

3. Топта бірлесіп жұмыс жасай алатын болады;

Негізгі идеялар

Бірлесіп, ынтымақтастықта жұмыс жасаудың нәтижесін білу.

Тапсырмалар

Топтық жұмыс

Тапсырмалар

Жұптық жұмыс

Тапсырмалар

Ақпараттар алаңы

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:(мұғалім және оқушы немен айналысады)

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

2. Топқа бөлу (суреттерді құрастыру қылып, Мысалы: арбаны 5 бөлікке бөліп тастаймын және шаянды 6 бөлікке бөліп тастаймын. Сол қиындылар арқылы өз тобын іздеп топтасады. )

Арба, шаян, балық, шөп, аққудың суреттеріне байланысты. (5 топқа бөлінеді, 2 минут)

Топтағы оқушылар рөлдерге бөлінеді. Сіздің тобыңызда 5 рөлді:

көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақытсақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз.

( Әр топ өз тобының көшбасшысын сайлап алсаңыздар. Әр топтан көшбасшылардың атын сұрап шығу. Енді сол көшбасшы өз тобымен кеңесе келе, топтағы рөлдерді бөліп алсаңыздар.)


  1. Ой қозғау: Үй тапсырмасын сұрау ( 3 минут )

«Блум гүлі» әдісі арқылы « Жан біткен қалпақ» әңгімесі бойынша оқушыларға сұрақтар беріледі.

1. Балалар қандай қызықты оқиғаға тап болды ?

2. Бұл оқиға сен үшін қорқынышты ма, әлде күлкілі ме ?

3. Өмірде жан біткен қалпақ кездесуі мүмкін бе?

4. Әңгіменің негізгі түйіні неде ?

(Оқушылардың жауаптары мадақтау арқылы фармативті бағаланады)


III. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (5 минут)

  1. Бірлесіп, ауызбіршілікпен жасалған жұмыстың нәтижесі бейне ролликтен көрсетіледі. Бейне не туралы, кім калай ойлайды оқушылардың ойларын білу. Оқушылардың ойлары топта талқыланып, топтың атынан айтылғаннан кейін бейне көрсетілімнің жалғасын көрсету. Біздің бүгінгі өтілетін сабақ тақырыбымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар? (Осы тұста оқушылар жаңа тақырыпқа жол ашады және сабақ мақсатын айқындайды.)

Түрткі сұрақ қою: Ауқымды жұмыс өз нәтижесін беру үшін не қажет ?

Неліктен олай ойлайсыз, сіз мысал келтіре аласыз ба ?


Слайд шоу И.А. Крылов. Аударған А. Байтұрсынұлы деректері көрсетіледі. ( 3 минут )


(5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Сарытүбек ауылы -

8 желтоқсан 1937 жыл, Алматы қаласы)

Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайтакері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.

(1769-1844)

Орыс жазушысы, драматург, көрнекті мысалшы ақын. Крылов есімі орыс жұртшылығына күлдіргі-сықақ жанрдағы шығармалары мен мысалдары арқылы белгілі болды. Ол әсіресе мысал жанрында орыс әдебиетін жаңа сатыға көтеріп, әлемге есімі танылды.

IV. Топта жұмыс ( Мысалмен танысу), ( 15 минут)

Мысалды оқуға 3 минут.

Топта жұмыс жасауға 12 минут.

Жұмыс төмендегі жоспармен жүреді.


1. Баяндаушы (Мысал мазмұнын баяндайды)

2 .Сұрақ қоюшы (Мысал желісінен 10 сұрақ дайындайды)

3. Сілтеме табушы (Сөздікпен жұмыс жасайды)

4. Дәнекерлеуші (Мысал мазмұнына байланысты 10 мақал-мәтел жазады.)

5. Бейнелеуші суретші (Мысал мазмұны бойынша сызба, суреттер дайындайды)

Әр оқушы өздеріне жүктелген рөлдің міндетін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау. Бақылаушының бақылау парағы (Критерийлер арқылы бағалау).

Топтар сағат тілімен екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағаланады.


V. Сергіту сәті: : «Бірлік болсын...» биі ( 3 минут)


VI. «Ақпараттар алаңы» (6 минут)

Жұптың пікірлерін тыңдау, барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың сәйкестендіру.

(«Бағдаршам» арқылы бағалау).


VIII. Кері байланыс ( сұрақ, не үйрендім, не қиын болды? ) ( 5 минут )

Кейінгі тапсырмалар

Бірлік туралы эссе жазу.

Кейінгі оқу

«Аққу, Шортан Һәм Шаян » мысалын мәнерлеп оқу.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал