7


Урок по теме Аңдар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Аңқау арыстан

Сабақтың мақсаты: 1. Ертегі түрлерімен таныстыра отырып, ертегіні түсініп оқу, ертегідегі негізгі ойды ашып, қорытынды жасау;

2. Ертегіні түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыра отырып, ой - пікірлерін қорытындылап айту шеберліктерін, сөйлеу әрекеттерін жетілдіре түсу, сөз байлықтарын дамыту;

3. «анық - қанығына бармай іс істеме, асықпа» деген қағиданы басшылыққа ала отырып шыншылдықа тәрбиелеу жаман қасиет екенін түсіндіру, адалдыққа үйрету.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, көрнекілік, түсіндірмелі, талдау - жинақтау, сипаттау, т. б.

Көрнекілігі: Суреттер,слайд

Қосымша материалдар: жұмбақтар, сөзжұмбақтар, кесте,аңдардың суреттері

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:

2 Өткен сабақ

- Балалар, біз бүгін әдебиеттік оқу пәніміздің келесі тарауы «Атадан қалған тұяқ» деп аталатын бөлімін бастаймыз.

Өткен бөлімде де ұлы ақын аталарымыздан қалған асыл мұралар, яғни нақыл сөздерге бай шығармаларымен таныссақ, бүгінгі бөлімде халықтың ауыздан - ауызға жеткен ертегі, аңыздарымен т. б. шығармаларымен танысамыз.

- Қазақ халқының ауыз әдебиетінде көп кездесетін, «Ерте, ерте, ертеде...» деп басталатын қандай шығарма? Ертегі әр түрлі бағытқа құрылады. Мына сызбаға назар аударайық





Ертегі - халқымыздың ертеден бері келе жатқан мәдени мұраларының бірі, ауыз әдебиеті. Ертегіні мазмұнына қарай, әр алуан ерекшеліктеріне қарай бір неше түрге бөлуге болады.

- жануарлар жайында (суреті, немесе слайдтан көрсету)

- қиял - ғажайып ертегілер

- шыншыл ертегілер

Ертегіден халқымыздың тұрмыс - салтын, әдеп - ғұрпын білеміз. Онда шындық оқиға мен қиял - ғажайып оқиға аралас келіп отырады.





3. Жаңа сабақ





4. Оқулықпен жұмыс:

- Адамдардың мінез - құлықтары да әр түрлі болады. Ақын - жазушылар адамдардың мінезін мысалға алып, қу адамды түлкіге, қорқақ адамды қоянға, ашқарақ, аңқау адамды қасқырға, ақылды адамдарды жақсы кейіпкерлерге, батыл, өжет адамдарды арыстанға, бүркітке т. б. теңеп көптеген ертегілер жазған екен. біздің бүгінгі сабағымыздың басты кейіпкерлерін табу үшін мына жұмбақтарды алдымен шешіп алайық: 1. Өзі ширақ өзі қу, Жүрген жері айқай - шу (Түлкі)

Түлкі - ит тұқымдасына жататын аң. Түсі жирен, сұрғылт сары. Жүні тығыз әрі жұмсақ. Орманда, өзен - көл жағалауларында, тау баурайларында мекендейді. Ол тауық, балық, тышқан және құстармен қоректенеді. Түлкі - қу, айлакер.

2. Бір аң бар қайраты көп болған күшті, Басынан өткізеді әрбір істі (Арыстан)

Аңдардың патшасы - арыстан. Арыстан - айбатты, жыртқыш аң. Көбінесе шөлді жерлерде кездеседі. 30 - 35 жыл өмір сүреді. Хайуанаттар бағында кездеседі.

3. Әр түрлі, орта бойлы, ұзын құлақ, Өзіне міндеттесе, қызмет қылмақ. (Есек)





Есек - жылқы туысына жататын сүтқоректі жануар. Түсі қоңыр, күңгірт азық талғамайтын, құрғақшылыққа төзімді көлік малы. Есек 18 - 20 жыл тіршілік етеді.

- Міне, біз бүгін «Аңқау арыстан» деген ертегісін өтеміз

(Ертегіні дауыс ырғағын келтіре оқушыларға оқып беру, сөздік жұмыс жүргізу) талдау жасау:

- Ертегі не жөнінде екен? Түлкі арыстанға неге келді деп ойлайсыңдар? Есектің адам өмірінде қандай пайдасы бар? Арыстан қандай аң екен? Есектің миы қайда кетті деп ойлайсыңдар?

3. Оқу түрлері:

а) Ертегіні оқушыларға іштей оқыту; Дауыстатып, бөліп оқыту

ә) Рөлге бөліп оқыту;

- Сонда осы ертегідегі ең ақылды аң қайсы? Неліктен?

5. Сергіту сәті: Аю салдым қорбаңдаған, Шортан салдым шошаңдаған.

Қоян салдым қорқып жүрген, Қасқыр салдым жортып жүрген

Мен бәрін де сала аламын, Жазуды да жаза аламын.

8. Дәптермен жұмыс:

Ертегі кейіпкерлеріне жеке - жеке сипаттама жазып, мінездеме беру

6. Бекіту: суреттермен жұмыс

</- Суреттің бұл тақырыпқа қандай қатысы бар? Осы суреттегі арыстанның жағдайы қалай бейнеленген?

7. Қорытынды:





А. 35 беттегі сызбалармен жұмыс жүргізу

Б. 36 - беттегі жағдаятты шешу

- Сонымен біз бүгін қандай ертегімен таныстық? Өмірде түлкі мен есекке ұқсайтын адамдар бар ма?

Ребус шешу.

Бағалау.

Үйге тапсырма: ертегінің мазмұнын айтуға дайындалып келу, суретін салу;







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал