7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: Хабарлы сөйлем. 2 Сынып

Сабақтың тақырыбы: Хабарлы сөйлем. 2 Сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Хабарлы сөйлем.

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға сөйлем, оның түрлері туралы толық түсінік беру. Мәтін құра білуге, мәтінді ажыратуға, сөйлемдердің түрлерін айыра білуге үйрету.Ғылым сөзіне талдау жасау.Мақалдардың сыңарын таба білуге төсілдіру.Топпен шығармашылық жұмыс істеуге үйрету.

2.Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту,сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу, шығармашылық, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Оқушыларды жеке тұлға екенін түсіне білуге, ұқыптылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтвң көрнекілігі: Суреттер, шығармашылық тапсырмалар, тірек сызбалары, ойындар, кестелер т.б.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, ізденушілік.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

Шаттық шеңбері.

-Қуанамын мен де, (өзін көрсетеді).

Қуанасың сен де, (жанындағы досын көрсетеді)

Қуанайық достарым, (бір-бірінің қолдарынан ұстайды).

Арайлап атқан күнге! (қолдарын жоғары көтереді).

Тілек айту.

-Мен өзме және өзгелерге ашық аспан тілеймін.

-Мен өзіме және өзгелерге нұрлы күн тілеймін.

Ой қозғау.

  1. Сөйлем дегеніміз не?

  2. Сөйлем неден құралады?

  3. Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?

  4. Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?

  5. Сөйлемнің соңына не қойылады?

Сөзжұмбақ:

1. Сәлем алып алыстан,

Туысыңнан,таныстан,

Келетұғын «хат», «хабар»

Қай дыбыстан басталар? Х

2. Мәтіннің атауы қалай аталады? Тақырып.

3. Мәтіннің әрбір бөлімі қалай аталады? Абзац

4.Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріппен жазылады? Бас

5. Аппақ,аппақ ақ мамық,

Жерде жатыр тапталып.

Ол не? Қар

6. Еліміз тәуелсіздік алған ай? Желтоқсан.

7. Аяғыма байладым,

Қос таяқпен айдадым.

Бұл не? Шаңғы.

-Қандай сөз шықты? -Хабарлы деген сөз шықты.

Бүгінгі тақырыбымыз қалай аталады екен?

-«Хабарлы сөйлем» деп аталады.

М: Айдос қалаға барды. Талдаймын.

Ережесі: Бірдеңе жайында хабарлау мақсатында айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлемнен соң нүкте . қойылады. Мысалы: Қанат мектепке ерте келді.

Оқулықпен жұмыс.

Сурет бойынша мәтін құрау.

Қыс.

Қыс келді. Қар жауды. Айнала аппақ. Балалар жылы киінді. Балалар ойнауға шықты.

Шанамен, шаңғымен ойнады. Олар аязата жасады. Балалар тату ойнады.

Көркем жазу минуты.

2-жаттығу. «Арша» ағашы туралы айту, (слайд).

Дәптермен жұмыс.

Сергіту сәті.

«Мақалдың жалғасын» тап ойыны.

Әр қатарға тапсырма беру.

Байлықтың атасы еңбек, (тұлпар биеден туады). Ақыл көпке жеткізер, (анасы жер). Алып анадан туады, (өнер көкке жеткізер.)

Дәптермен жұмыс:

Өзбетімен жұмыс:

Сөздерді өз орнына қойып,жаз.

Барды, Ажар, кітапханаға,

Өтті, сабақ, қызықты.

Жауды, қар, қалың, бүгін

1. Сабақты қорыту.

Нені білем?

Сөйлем. Мәтін. Сөйлем түрлері.

Нені үйрендім?

Хабарлы сөйлем

Нені үйренгім келеді?

Сұраулы, лепті сөйлемдер туралы.

6. Бағалау.

7. Үйге тапсырма. 5-жаттығу. Ереже жаттау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал