- Учителю
- 2-сынып сабақ жоспары қазақ тілінен 'Дауыссыз қ мен ғ '
2-сынып сабақ жоспары қазақ тілінен 'Дауыссыз қ мен ғ '
Сабақтың тақырыбы: дауыссыз Қ мен Ғ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Қ» дыбысының барлық буындарда келе беретінін, ал «Ғ» дыбысының сөз басында және ортасында келетінін, сөз соңында жазылмайтынын байқату.
Дамытушылық: Оқушылардың байқампаздығын, ойлауын, байланыстырып сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жазу коллеграфиясына көңіл бөліп, көркем жаза білуге баулу, білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: баяндау, АКТ, ой қозғау, сұрақ- жауап, оқу
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, плакат,интерактивті тақта, карточкалар
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: дүниетану.
Сабақтың барасы:
Психологиялық дайындық:
Мұғалім: Әрбір адам Оқушылар:досым,сыныптасым
Мұғалім:Әрбір ісің Оқушылар:тірлік, тірек, адамдық
Мұғалім:Әрбір сөзің Оқушылар:шындық, бірлік, адалдық
Мұғалім:Әрбір сабақ Оқушылар: үйрену, оқу, іздену
Мақсатымыз- білім алу
Міндетіміз -еңбектену
Еңбек етіп топтаса
5-ке қолды жеткізу
Ендеше бүгін бәрлеріңе сәттілік тілеймін!
1.Ұйымдастыру кезеңі
Өткен сабақты пысықтау.Ережені сұрау.
Мынау қандай пішін?
Дөңгелек-әріптің саны, буын
Мынау қандай аң?
Аю-дыбыстың саны, буын
Мынау қандай киім?
Тақия-дыбыстың саны, буын
Әр оқушыға карточка беріледі.
Дыбысы
Қатаң
Ұяң
Үнді
К
Ж
Д
Л
В
Ф
У
2.Үй жұмысын сұрау және бағалау
102 -жаттығу. Ребусты шеш. Шешудегі сөзге әңгіме құра.
ҒАРЫШКЕР
Негізгі бөлім: Жаңа сабақ
3. Қызығушылықты ояту:
«Әріптер әлемі» ертегісін баяндау арқылы проблемалы сұрақ қойып, сабақтың тақырыбын логикалық ойлату.
Ерте заманда әріптер барлығы бірге өмір сүріпті. Олар барлығы бір түсті болыпты. Тату-тәтті өмір сүріпті. Бір күні қатты дауыл соғады. Желдің қатты соққаны соншалық әріптердің барлығы жан-жаққа шашырап ұшыпты.
А, ә, е, и, о, ө, ү, ұ, ы, і, э, ю, я- дыбыстары күнге қонып күйіп қып-қызыл болыпты.
Б, в, г, ғ, д, ж, з- дыбыстары ағашқа қонып (ұяң) болып қалыпты.
К, қ, п, с, т, ф, х, ... ц, ч, ғ, ш, щ- дыбыстары ағаштың діңіне қонып (қатаң) болыпты.
Л, м, н, ң, р, й, (у)- дыбыстары бұлтқа қонып (үнді) болыпты.
Әріпті жұмбақ
1.Қалада бар, үйде жоқ,
Қайықта бар, су да жоқ. (Қ)
2.Ғарышта бар, айда жоқ,
Айшада жоқ, Ғайшада бар (Ғ)
Жарайсыңдар, дұрыс таптыңдар.Олай болса бүгінгі сабақта дауыссыз қ мен ғ дыбыстарын өтеміз.
Қ- қатаң даыссыз дыбыс
Ғ-ұяң дауыссыз дыбыс
Интерактивті тақтамен жұмыс.
Мен өзімнің тарағымды досыма бердім. Айгүлдің Томас дейтің ақылды мысығы бар. Аю балықтармен қоректенеді.
Дәптермен жұмыс:
Қостанай қаласындағы топырағы құнарлы. Менің ауылдағы әжем бізге ауылдың қайма.ын беріп жіберді. Анараның қуыршағының көйлемі қызыл түсті.
Оқулықпен жұмыс.
Дауыстап ережені оқыту.
103-жаттығу. Мәтінді оқы. Қарамен жазылған сөздердегі ы әрпін алып тастап айтып көр. Сөз соңындағы өзгерістің себебін түсіндір.
Ақсары - бүркіт тұқымдасына жататын құс. Ақсары - бүркіт тұқымдасына жататын құс. Ақсары жыртқыш құс. Қанатының ұзындығы 42-45 см, салмағы 1 кг-нан асады. Дене түсі қара-қоңыр, ұшы қаралау қанаттарының астында ақшыл шұбар дақ болады. Басқа өзіне тектес жыртқыштардан айырмашылығы - құйрығы қысқа, сұр не қоңыр түсті көлденең жолақты келеді. Ұясын ағаш басына салады. Ақсары - жыл құсы. Тамыз - қазан айларында жылы жаққа ұшып кетеді. Оңтүстік Азия, Африкада қыстайды. Наурыз - мамыр айларында қайта оралады. Ұсақ кеміргіштермен, құстармен, кесірткелермен, бақалармен т.б. жәндіктермен қоректенеді.
аяғы - аяқ
дағы- дақ
Дәптермен жұмыс.
106-жаттығу. Көп нүктеннің орнына қ,ғ әріптерінің тиістісін қойып, сөздерді көшіріп жаз. Қарма...ы, бұйры...ы, құла...ы, ла...тар, бұла..., қайма...ы.
Қарамағы, бұйрығы, құлағы, лақтар, бұлақ, каймағы.
Ой қозғау.
Бірінші жолда кітап деген сөз артық. Өйткені шай, сүт, нан, айран, шұжық, балық, май - жейтін тағамдар, ал кітап - білім алатын құрал.
Екінші жолда Асқар деген сөз артық. Өйткені қалған сөздер кіші әріппен жазылады, ал Асқар адамның аты. Адамның аты әр қашанда бас әріппен жазылады.
Үшінші жолда артық сөз ол қияр. Өйткені алма, қызанақ, асқабақ, картоп, пияз - дөңгелек пішінді. Ал қияр ол элипс тәріздес.
Қорытынды.
Қ дыбысынан басталып қ дыбысына аяқталған сөз ойла.
Жауабы: қалақ, қасық, қорық, қабық, қатық.
Үйге тапсырма: 105,107- жаттығулар. Ережені қайталау.
Бағалау.