7


  • Учителю
  • Тапқыр болсаң тауып көр. Сыныптан тыс сабақ 4 сынып

Тапқыр болсаң тауып көр. Сыныптан тыс сабақ 4 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Мукышева Назгуль Кенесовна

«Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі, Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласы.

Сыныптан тыс «Интеллектуалдық ойын » 4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Тапқыр болсаң,тауып көр.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін,ой ұшқырлығын,оқуға ынтасын арттыру.

Дамытушылық: Көрнекі іс-әрекеттік,сөздік-логикалық,ойлау әрекеттерін

дамыту,ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа,икемділікке,ұжыммен жұмыста ұйымшылдыққа,

жауапкершілікке,белсенділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: интеллектуалды ойын

Сабақтың әдісі: топтық,көрнекілік,құрастыру,жинақтау,ойландыру,сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер,логикалық есептер,таяқшалар, карточкалар. әр топқа

даярланған үстел,қима қағаздар.

Сабақтың жоспары:

1. Таныстыру

2. «Бәйге»сайысы (1 минутта сұрақтарға жауап беру)

3. «Тез ойла, сөз ойла» (,қима әріптерден сөз құрастыру.)

4. Суретпен жұмыс «Сандарды тап»

5. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» (бір әріптен басталатын сөзден тұратын жауаптар айту)

6. «Мақал-сөздің мәйегі» (Мақалдың жалғасын табу)

7. Сөзжұмбақ «Алғырлар» мен «Тапқырлар»

8. «Кім жылдам?» (ой дамыту тапсырмасы, берілген сөздерден бірнеше сөз құрау.)

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық.

Балалар,бұл жол басы даналыққа,

Келіңдер түсіп,байқап қаралық та,

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп.

Соларды көре тұра қалалық па?!

Даналық-өшпес жарық,кетпес байлық,

Жүріңдер,іздеп тауып алалық та.-деп әліппенің атасы Ахмет Байтұрсынов айтқандай, балалар бүгін біз де өз білімімізді ортаға саламыз.Бүгінгі сабағымыз ойын түрінде өтеді.Ойнай отырып, топтар арасындағы жарыстар болады. Сендерге түрлі тапсырмалар мен сұрақтар ұсынылады..Сайыста жеңу үшін белсенділік танытып,сұрақтарға тез ойланып жауап беру және тапсырмаларды дұрыс орындау керек..

1.Таныстыру. Әр топ өздерінің аты мен ұрандарын таныстырады.

І. «Күншуақ» тобы.

«Алғыр болмай,тапқыр болмассың!»

«Жеті жұрттың тілін біл,жеті түрлі білім біл.

ІІ. «Жалау» тобы.

«Жеті жұрттың тілін біл,жеті түрлі білім біл.

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Кім жүйрік ойға-сол алда!

2. «Бәйге» 1минутта сұраққа жауап беру.

І. «Күншуақ» тобына

1.Сөз таптарын ата (Зат есім, сын есім, сан есім, етістік)

2.Көкжиектің неше тұсы бар?(4 солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс)

3.Ы.Алтынсарин кім? (алғаш мектеп ашты, балаларды оқуға шақырып, «Кел балалар оқылық» өлеңін жазды.

4.Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал? (тұсбағар)

5.Қыс айларын ата (желтоқсан, қаңтар, ақпан)

6.26 мен 14 сандарының қосындысы (40)

7.Денелер нешеге бөлінеді? (2-ге: табиғи, жасанды)

8.Жалқы есім деген не?(Кісінің, жер-су атаулары, жануарларға қойылған атауларды жалқы есім дейміз.Олар әруақытты бас әріппен жазылады)

9.96санында неше ондық неше ьірлік бар? (9ондық, 6бірлік)

10.Шаршы дегеніміз не? (барлық қабырғаларының ұзындықтары бірдей болатын тік төртбұрыш)

ІІ. «Жалау» тобына.

1.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3-ке : қатаң ұяң, үнді)

2.Өсімдіктің негізгі жерасты мүшесі? (тамыр)

3.Абай Құнанбаев кім?( ақын,жазушы 5асыл, іс, 5-дұшпан)

4.Көктем айларын ата: (наурыз, сәуір, мамыр)

5.34 пен 16 сандарының қосындысы (50)

Жалпы есім дегеніміз не? (Жалқы есімнен басқа зат есімдерді жалпы есім дейміз. Олар кіші әріптерден жазылады.)

6.74 санында неше ондық неше бірлік бар? (7ондық, 4 бірлік)

7.Үшбұрышты сипатта. (3қабырғасы, 3бұрышы, 3төбесі бар)

8.Топырақ дегеніміз не? (Жердің өсімдік өсетін жұмсақ қабатты-топырақ дейміз)

9.Табиғат нешеге бөлінеді? (2-ге: өлі, тірі табиғат)

10.Төртбұрыштың периметрін қалай табамыз? (барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосамыз)

3. «Тез ойла, сөз ойла!»

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Сөз кезегін әріптерге берелік.

Арамызда тапқыш дастар көп екен,

Солардың енді алғырлығын көрелік.

Берілген әріптерден сөздер құрау.\БМ,А,ҒА,А; ШР,АО, НҚ, А.\

  • Біз оны күнде аламыз. Оның жақсысы,жаманы болады. Апай күнделікке қойып береді.

Ол не? БАҒА

  • Кішкентай сәби. Ол кім? БАЛА

  • Жеміс. Түсі қызыл.Дәмді.Ол не? АЛМА

  • Дүкенге барғанда жұмсаймыз.Ата-анамыз ай сайын алады.Ол не? АҚША

  • Балалар онымен қыста ойнайды. Өзі төбеге шыға алмайды.Ол не? ШАНА

  • Мал қамайтын орын. Ол не? ҚОРА

4. Суретпен жұмыс «Сандарды тап»

5. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

Әріптерді таңдап, берілетін сұрақтарға тек қана сол әріптен басталатын жауаптар айту. \Қ,Б\

І. «Күншуақ» тобына.

1. Суды немен ішесің?

2. Сенің досың кім?

3. Қандай тағамды ұнатасың?

4. Бүгін сенде неше сабақ?

5. Арманың көп пе?

6. Қай көшеде тұрасың?

7. Үй жұмысын орындауға кім көмектеседі?

8. Сенің есімің кім?

9. Қай мереке ұнайды?

10. Сөмкеңде не бар?


ІІ. «Жалау» тобына.

  1. Киноға кіммен барасың?

  2. Тақтаға немен жазасың?

  3. Сүйікті пәнің?

  4. Сенің көршің кім?

  5. Қолыңда не бар?

  6. Қай мұғалім ұнайды?

  7. Қандай ертегі білесің?

  8. Тілегіңді айт.

  9. Қай көшеде тұрасың?

  10. Мектепке келген ұнай ма?

6. «Мақал-сөздің мәйегі» мақалдың жалғасын табу.

1.Шебердің қолы ортақ,

... (Шешеннің сөзі ортақ)

2.Үлкенге құрмет

... (Кішіге ізет)

3.Ер бір рет өледі

... (Қорқақ мың рет өледі)

4.Әдептілік, ар-ұят-

... (Адамдықтың белгісі)

5. Дені саудың-

... (Жаны сау)

6. Еңбек түбі- береке,

... (Береке түбі- мереке)

7. Сөзжұмбақ «Алғырлар» мен «Тапқырлар»

Әр топқа қарсыласының тауы шығатындай сөзжұмбақтар беріліп, шешіледі.

Білген сайын келеді біле бергім,

Біле беру емес пе тілегі елдің.

Белден ассаң,алдыңда бел көрінсе,

Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.

Сондықтан да келеді біле бергім,

Білімдіні сүйерін білем елдің,- дей отырып бесінші сайысымызды бастаймыз.

8. «Кім жылдам?» сайысы

Оқушылардың сөздік-логикалық ойын дамытуға арналған тапсырма.

Берілген сөздерден бірнеше сөз құрап жазу.

І. «Алғырлар» тобына. «Қазақстан» сөзі

ІІ. «Тапқырлар» тобына «Шаңырақ» сөзі

Жанкүйерлерге арналған қызықты сұрақтар:

1.Суда туып,құрғақта өмір сүреді ? (бақа)

2.Өрмекшінің қанша аяғы бар? ( 8)

3.Не аяғымен естиді? (шегіртке)

4.Қай жануар өзімен үйін алып жүреді? (тасбақа)

5.Басын төмен қаратып не ұйықтайды? (жарқанат)

6.Ара біреуді шаққанда несін жоғалтады? (инесін)

7.Қай кірпінің тікені көрінбейді? (жаңа туған)

8.Қалталы аң? (кенгуру)

9.Суық жерде кездесетін қандай құс? (пингвин)

10.Күн сайын қандай жануарда тіс өседі? (қоян,андатыр

Зеректіктің сыналар келді кезі,

Ойшылдық пен тапқырлық жол белгісі.

Жауабына жақын бол,жақындадық

Сабақ соңында жеңімпаз топ анықталады,мадақталады.

Қорытынды :Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні кәріп - дегендей білімді болуға талпынайық,балалар.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал