7


  • Учителю
  • «Білім жұлдызы» сайысы (1 класс)

«Білім жұлдызы» сайысы (1 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Білім жұлдызы» сайысы (1 класс)





</ Бастауыш сынып мұғалімі

Турабаева Мереке Жалгасбаевна

Байқоңыр қаласы

№274орта мектеп







Сайыстың тақырыбы : «Білім жұлдызы» сайысы



Сайыстың мақсаты : Оқушылардың шапшаң ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа үйрету, білімге деген қызығушылығын арттыру, сайыскерлердің арасынан топ жарып шығар білім жұлдызын анықтау.



Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайдтар, жеке тапсырма парақшалары.



Балалар, шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық. Барлығымыз жақсы көңіл күйде бір - бірімізге тілегімізді айтайық. (Мен бәріңе денсаулық тілеймін,қуаныш,мейірім, шуақты күн, көңілді күлкі,сәттілік тілеймін).

Рахмет балалар, сендердің шын жүректен айтқан лебіздерің орындалады.



Сайыстың барысы:

І. Кіріспе бөлім

Мұғалім:

Жер үстінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білім менен аспанға жол салынар.



Армысыздар, ұстаздар!

Бармысыздар,

Болашақтың бастауы

Балғын шақты балалар.

Алдарыңызда тұрған 1- класс оқушыларының «Білім жұлдызы» сайысына хош келіпсіздер!

Ал, оқушы, ұстаздар,

Ортаға назар салайық.

Білімділер шықпақ ортаға,

Қол соғып қарсы алайық, - деп сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.



Сайыскерлермен таныстыру.

1 «А» класс оқушысы - Алдебаев Ерасыл

1 «Ә» класс оқушысы - Берикова Анель

1 «Б» класс оқушысы - Сериков Бауыржан

1 «В» класс оқушысы - Абдибаева Наргиз

1 «Г» класс оқушысы - Нагашыбай Нурай

1 «Д» класс оқушысы - Хамзеев Ергелды



Сайыс жоспарымен таныстыру.



  1. «Мыңның жүзін білгенше, бірдің атын біл»

  2. «Ойнап өс те, ойлап өс»

  3. «Құрастырмалы пішін»

  4. «Кім тапқыр?»

  5. «Не нені жақсы көреді?»

  6. «Сөзжұмбақ шешу»



Шеберлікті, білімді,

Сараптап сіздер көріңіздер.

Әділқазы алқасы,

Әділ баға беріңіздер, - дегендей әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар. (Әділқазылар алқасымен таныстыру)



ІІ. Негізгі бөлім

Бақ сынап, кеште жарысар,

Тілекті көппен табысар.

Әр бүлдіршін бір дастан,

Ерекше келіп танысар, - дегендей сайысымыздың І кезеңі «Мыңның жүзін білгенше, бірдің атын біл» (таныстыру). Бүлдіршіндерімізді өздерін таныстыру үшін ортаға шақырамыз.(Слайд)



Мұғалім:

Бүгінгі күн сайыста,

Ешкімнен сен қалыспа .

Білімі кімнің көп болса,

Сол озады сайыста ,-дегендей сайысымыздың ІІ кезеңі «Ойнап өс те, ойлап өс» деп аталады. Әр сайыскерге 6 сұрақтан қойылады. Сұрақтарға жылдам, дұрыс жауап беруі керек (Слайд «Бинго» ойыны бойынша жүргізіледі).



Сұрақтар:

1 - оқушыға

1. Күзде жаңбыр жауады,ал қыста не жауады?

2. Тудың түсі қандай?

3. Алфавиттің бірінші әрпі?

4. Әкеңнің әкесі саған кім болады?

5. 2-8 дің аралығындағы санды ата

6. Бағдаршамның қай түсі жанғанда жүруге болады?



2 - оқушыға

1. Ерасыл - ұл, ал Нұрай кім?

2. Ең суық жыл мезгілі?

3. Алфавиттің ең соңғы әрпі?

4. Әкеңнің шешесі қалай аталады?

5. Ең қасиетті тағам?

6. Жасың нешеде?



3 - оқушыға

1. Піл үлкен, ал тышқан қандай?

2. Бір аптада неше күн бар?

3. Атамнан да қаштым, әжемнен де қаштым,бұл қай ертегі?

4. Жұлдыздар қай кезде пайда болады?

5. Адамдарға қандай сұрақ қойылады?

6. Бағдаршамның неше көзі бар, қандай?



4-оқушыға

1. Ақтөс-ит, ал Марат кім?

2. Жапырақ жылдың қай мезгілінде сарғаяды?

3. Қай көшеде тұрасың?

4. Өскенде кім болғың келеді?

5. 1-10 дейін сана

6. Дыбыстар неше түрге бөлінеді,қандай?



5-оқушыға

1. Мысық мияулайды,ал ит ше?

2. 10-1 дейін кері сана

3. Білім алатын орын қалай аталады?

3. Ең ыстық мезгіл?

4. Ешкінің төлі қалай аталады?

5. Жеті санынан тұратын ертегіні ата

6. Аптаның 1-күні қалай аталады?



6-оқушыға

1. Балаларға білім беретін маман иесі кім?

2. Қойдың төлі қалай аталады?

3. Ең қорқақ аң?

3. Түнде аспанда не пайда болады?

4. Сенің анаң қандай адам?

5. Қоянның құлағы нешеу?

6. Үш қабырғасы бар фигура қалай аталады?



Ал, келіңдер, келіңдер,

Бәрің, бәрің еріңдер.

Біліміңді тексеріп,

Пішіндерді біліңдер, - дегендей сайысымыздың IІІ кезеңі «Құрастырмалы пішін» (6 конверт таратылады, соның ішіндегі геометриялық пішіндерден үй құрастырып жапсырады).

Мақсаты: балалардың математикаға деген қызығушылығын арттыру. Геометриялық пішіндерді ажыратып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

- Балалар сендер 1-рет сайысқа қатысып жатырсыңдар? Сендер үшін қандай күн? (Көңілді күн)

- Ендеше барлығымыз орнымыздан тұрып «Көңілді күн» сергіту жаттығуын жасайық!

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Сөз кезегін балаларға берелік.

Арамызда тапқыш достар көп екен,

Солардың енді жауаптарын көрелік, - дегендей сайысымыздың ІVкезеңі «Кім тапқыр?» деп аталады (Слайд). Балалар шарларды таңдай отырып, жұмбақ есептің шешуін табады.



Жұмбақ есептер

№1

Мұз айдында 7бала,

Асыр сап жүр сырғанап.

Сырғанамай 2 бала,

Жағалауда тұр қарап,

Енді осы бар баланың,

Санын айтсаң -жарадың!

7+2=9

№2

Көлден ұшты 7 қаз,

Қайтып қонды 2 қаз,

Қонбады оның нешеуі?

Кәне, кім тез шешеді?

7-2=5

№3

Жаңа ғана шалғында,

6 бұзау жүр еді.

Әлде шаршап қалды ма,

Жатып қалыпты 1-еуі.

Нешеуі енді жайылып,

Айт, жүргенін айырып.

6-1=5

№4

2 аяқ пен 2 қол,

1 ауыз бен 1 тілің.

Нешеу болды кәне, бол,

Санап шығар кім бұрын.

2+2+1+1=6

№5

3 алманы бақтағы,

Кірпі алып жинады.

Ең әдемі 1-еуін,

Ақ тиінге сыйлады.

Кірпідегі алманың,

Санап көрші қалғанын.

3-1=2

№6

Аулада 3 үйрек,

Қорада 2 үйрек,

Аулаға келді 1 үйрек,

Қораға келді 1 үйрек,

Барлығы сонда неше үйрек?

3+2+1+1=7



Ал, балалар, сайысқа қалайсыңдар,

Сіздер өтер әлі де талай сын бар.

«Білімдінің ойы озық»деген сөз бар,

Сәйкесін дәл тапсаңдар жарайсыңдар!, - деп сайысымыздың V кезеңі

«Не нені жақсы көреді?» (Слайд. Танымдық ойын, сәйкесін табу).



Қане біздер ойлайық,

Ойымызды жинайық.

Қандай сөзжұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық, - дегендей сайысымыздың VI кезеңі «Сөзжұмбақ шешу» (Слайд)



Мұғалім: Осымен сайысымыздың барлық кезеңдері аяқталды.



Ал, енді әділқазылар бір шешімге келгенше,

Сайланып келіпсіздер мына бәрің.

Арналып ,шырқалады сендерге әнім,

Тілеймін талаптарың құтты болсын,

Сайысқа дайындалып келген бәрің, - деп айтатын 1«В» класс оқушысы Асанова Нұрайымды «Ардақты ұстазым» әнімен ортаға шақырамыз.

1«Д» класс оқушысы Нурланова Азизаның «Аққу биін» тамашалаңыздар .

1«Г» класс оқушысы Жұмабекова Дарьяны «Ұстазым» әнімен ортаға шақырамыз.



Қорытынды бөлім

Шын жүйрік шабысынан танылады,

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда,

Сіздерге құрметпенен қол соғады.

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығады дегендей, - сайысымыз аяқталды, кішкентай бүлдіршіндеріміздің білімін байқадыңыздар!



Кімдер жүйрік,білімпаз білейікші,

«Жұлдызы»деп мектептің жүрейікші.

Әділқазыларға тек әділдікті,

Бүлдіршіндерге сәттілік тілейікші,-дей отырып сайысымыздың қорытындысын айту үшін әділ қазылар алқасына сөз береміз.



Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір -күрес, жеткізе ме мұратын.

«Жеңілдім, жеңбедім деп ренжімегін,

Қатысу да бір жеңіс ,жан болсаң егер ұғатын, - дей келе «Білім жұлдызы» сайысын аяқтаймыз. Бүлдіршіндерге айтарым елбасымыз «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»,- дегендей, еліміздің болашағын ойлайтын білімді азамат болып өсіңдер, ал ұстаздар білім берген оқушыларыңыз биік шыңдардан көріне берсін!



Демеңіздер біз білімді аяп калдық,

Мезгілде біраз жерге таяп қалды.

Хош болып тұрыңыздар көріскенше,

Осымен сайысымыз аяқталды.

Назарларыңызға рахмет, хош сау болыңыздар!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал