7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты: Маңғыстау-татулық пен бірліктің отаны

Тәрбие сағаты: Маңғыстау-татулық пен бірліктің отаны

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: «Маңғыстау-татулық пен бірліктің отаны»

Сабақтың мақсаты: Алғашқы білім күні сабағының әрбір оқушы үшін маңыздылығын меңгерту. Қазақ елінің болашағы үшін білімді азамат болуына үндеу тастау. Маңғыстау өлкесі туралы түсініктерін, танымдық қабілеттерін арттыру; Барлық Қазақстандықтар үшін Маңғыстау байлығын бағалай білуге баулу.

Көрнекілігі: карта, сызба, суреттер.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, шығармашылық, іздену.

Түрі: аралас сабақ

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Әрбір адам-туысым, досым, жұрағат,

Әрбір сабақ-үйрену, ұғу, ұлағат.

Әрбір ісім-тірлік, тірек, адамдық,

Әрбір сөзім-шындық, бірлік, адалдық.



ІІ. Алтын ұям мектебім

Келдім сені сағына

Құй нұрыңды жаныма

(сурет бойынша жұмыс)

Тірек білім. «Кім тапқыр?» ойыны. Жұмбақ шешу:

Қалмайды бір-бірінен тағы озбайды,

Аяғын көз ілеспес ол қозғайды.

Үстіне не салсаңда тиеп алып,

Қара інген ботасы жоқ құр боздайды. (паравоз)



Ақ сұңқар құсым ағып келеді,

Дауысы жерді жарып келеді

Жолына бояу жағып келеді. (ұшақ)



Ой тастау. Ситуациялық сұрақтар:

  1. Балалар қалай ойлайсыңдар паравоз, ұшақ немен жүреді?

  2. Бензин неден пайда болатынын, кім біледі?

  3. Отынның қандай түрлерін білесіңдер? (Оқушылардың ойын тыңдау)









ІІІ. Жаңа сабақ.

Олай болса балалар біз бүгінгі сабағымызды мұнайдың мол қорын беріп отырған өзіміздің Маңғыстау түбегі туралы айтамыз. Ол үшін Маңғыстаудағы атаулы орындарға саяхат жасаймыз. Әр мекеннің сендерге берер қызығы бар. Оларды айтып біз өз туған жеріміздің құндылығы туралы толығырақ білетін боламыз.

  1. Ақтау қаласы.

Ақтау-Маңғыстау облысының әкімшілік орталығы. Облыстың солтүстік батыс мен батысын Каспий теңізі жиектеп жатыр. Каспий -қазақ елінің кең дүниеге ашылған қақпасы. Ол арқылы Иран, Әзірбайжан, Түркменстан және ресеймен байланыс жасалады. Жылына Ақтау порты арқылы 1 млн. Тоннадан астам мұнай тасымалданады.

  1. Бекет Ата.

Маңғыстау- әулиелі мекен, киелі дала, ғажайыптар өлкесі, 360 әулие мекені. Оның ерекшелігі табиғат тылсымдарының құпиялылығында, қайталанбастығында. Тарыққанға дем, қысылғанға жар болған қасиетті Бекет Ата рухы Оғыланды тауында.

  1. Үстірт қорығы.

Үстірт қорығы (1984ж) Маңғыстау өңіріндегі Үстірттің шөлді табиғатын қорғау мақсатында құрылған. Үстірт қорығы көлемі жағынан үлкен шөлді аймақты қамтиды. Бұл қорықта «Қызыл кітапқа» енген жануарлардың 8 түрі бар.

  1. Каспий теңізі.

Каспий теңізінің жалпы ауданы 390 мың км. Оның беті мұхит деңгейінен 27 м төмен жатыр. Теңіз солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км-ге созыла орналасқан. Теңіздің ендірек жері-435 км, ал енсіз жері-193 км. Теңізінің жағалау сызығының ұзындығы-7000 км. Оның су 5 мемлекеттің жағалауын шайып жатыр. Қазақстан үлесіне -29%/2340км/, Ресейге-16%, Әзірбайджанға -20%, Түркменстанға-21%, Иран Ислам Республикасына-14% тиеді. Теңіз жағалауындағы біздің Ақтау қаламызда көптеген көптеген ұлт өкілдері тұрады. Жыл сайын қаламызда көптеген ұлт өкілдері тұрады. Жыл сайын қаламызда «Каспий -достық теңізі» фестивалі өткізіледі. Татулығы жарасқан қаламыз әлі де көркейе түсуде.

  1. Сергіту.

«Кім көп біледі?» ойыны. Мақалдардың жалғасын табу.

Ер елімен жақсы,.....

(Жер кенімен жақсы)



Ұлтарақтай болса да,...

(Кіндік кескен жер артық)



Тау бұлағымен сәнді,...

(Жер құрағымен сәнді)



IV. Сыр сандық...........

  1. Маңғыстау облысындағы қалалар. (Ақтау, Жаңаөзен, Форт-Шевченко)

  2. Облыс қай жылы құрылды? (1973 жылы 20 наурыз, 1988 жылы 2 маусымда қайта құрылды)

  3. Облысымыздағы терең ойпат. (ТМД-дағы ең терең ойпат-132м Қарақия ойпаты)

V. Қорытынды кезеңі.

-Сонымен балалар, біз бүгінгі сабақта саяхатқа шығып өз қаламызға қайтып оралдық. Сабағымыз сендерге ұнады ма?Не туралы білдік?

VI. Хор. «Ұшады Маңғыстаудан шағалалар» әні.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал