7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары. Тақарбы: Ондықтан аттап ауызша қосу және азайту (2-сынып)

Сабақ жоспары. Тақарбы: Ондықтан аттап ауызша қосу және азайту (2-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау.

Сабақтың мақсаты:1.Білімділігі: Оқушылардың ондықтан аттап ауызша қосу және азайтудан алған білімін таныту, арифметикалық амалдар орындау, өтілген есептеу тәсілдерін пысықтау, оларды есеп шығаруда қолдана білуге үйрету, білім, білік дағдыларын қалыптастыру;

2. Дамытушылығы: есеп, мысал шығарта отырып математикалық тілде сөйлеуді және есте сақтау қабілеті мен логикалық қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелігі: оқушыларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа,еңбексүйгіштікке, қазақ халқының ойындарын білуге тәрбиелеу.


Түрі: сайыс сабақ.

Типі: бекіту сабағы.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, асықтар.

Сабақтың барысы: І. Педагогикалық ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері.

Сабақты бастамас бұрын біз сыныпты 2 топқа бөліп, әр топ капитандарын сайлаймыз.

«Зерде» және «Дарын» топтары. «Зерде» Көп нәрсені әсіресе математиканы жақсы білетін оқушылар тобы. «Дарын» ойланып сөйлейтін мықты математиктер тобы.


ІІ. Ал енді мына тапсырмаларды дұрыс, қатесіз орындасақ, біз қандай мереке жақындап келе жатқанын білеміз.


15

30

20

15

40

15


12+3 =А 24-4 =И 10+5 =А

7+8 =А 70-30 =Д 20+10 =З

- Қандай сөз шықты? - АЗИАДА

- Қашан және қайда өтеді? - 30 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Астана мен Алматы қалаларында өтеді.

- Бүгінгі сабағымызды 7-ші қысқы Азиада ойындарына арнайық. Қазақстан споршыларына сәттілік тілейік! Біз де өз үлесімізді қосайық. Әр топ ұрандарын айтады: Алға Қазақстан! және Жаса Қазақстан!

Бүгін біз сабақта тек есептер шығарып қана қоймай, қазақтың ұлттық ойындарын да есімізге түсіреміз.

Асықты көрсету.

-Мынау не?

- Бүгін сабақта тапсырмаларды дұрыс орындаған топқа асық беріп отырамын. Және сендерге сиқырлы сыйлық дайындап әкелдім, ол сыйлықты сабақ соңында көрсетемін.

- ІІІ. Дәптермен жұмыс. Күнді жазу. Көркем жазу минуты.

12(жазу үлгісін түсіндіру, ауада жазу)

-Неше торкөзге жазамыз? (екі)

-Неге? (Өйткені екі таңбалы сан)

-Неше ондығы, бірлігі бар?

-Көрші сандарын атаңдар(11,13)

ІV. -Қазір біз математикалық диктантты орындау үшін «Хан талапай» ойынын ойнаймыз. Қай топ көп ұпай жинайды?

1. 7 мен 3 сандарының қосындысына 10-ды қос; (20)

2. 14 пен 4 сандарының айырмасынан 3-ті азайт; (7)

3. 8 бен 2 сандарының қосындысына 5-ті қос. (15)

Әр топ капитаны оқушылардың ұпайларын бағалау картасына түсіреді. Екеуара жұмыс. Бір-бірінің дәптерін тексеру.

Келесі теңдеулерді шешу үшін біз «Көкпар» ойынын ойнаймыз. Ойын алдында қосу, азайту компоненттерін есімізге түсірейік.

а-12=67-27 9+х=68-50

Сергіту сәті.

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр,

Артқа қарай бір қадам,

Алға қарай бір қадам.

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Келесі «Қыз қуу» ойыны. Әр топтан кезек-кезек тақтаға ұлдар шығып орындау. «Алма» және «Алмұрт» (уақытқа)

Келесі есепті орындау үшін «Бәйге» ойынын ойнаймыз.

Балалар, біз қасқыр мен түлкі туралы көптеген ертегілер білеміз. Енді мына ертегіні тыңдаңдар.

Бір күні қасқыр мен түлкі Павлодар облысы, Шарбақты ауылында кездесіп қалыпты. Сонда түлкі айласын асыру үшін:

«Қасқыр, екеуіміз бірігіп қарақат терейік те, үйге алып қайтайық»,- дейді. Сонда аңқау қасқыр дем алмай 19 кг қарақат терді, ал түлкі әр бұтаның түбінде дем алып, ұйықтап одан 9 кг қарақат кем терді. Қу түлкі қанша килограмм қарақат терді?


Шарты:

Қасқыр- 19 кг

Түлкі -?,9 кг кем

Шешуі: 19-9=10 (кг)

Жауабы: түлкі 10кг қарақат терді.

Кері есеп құрастыру және оны шығару.

Шарты:

Қасқыр - ?,9 кг артық

Түлкі - 10 кг

Шешуі: 10+9=19 (кг)

Жауабы: қасқыр 19 кг қарақат терді.


Сергіту сәті. Саусақты гимнастика.


Келесі ойын: «Ақ сүйек». Геометриялық фигуралардың периметрін табу керек.

1.Үшбұрыштың ұзындығы 8см,5см,2см.

2.Тіктөртбұрыштың ұзындығы 6см, ені 4см.


«Кім білгір?» ойыны. Капитандар жарысы. (Логикалық тапсырма)


  1. 1жұмыртқа пісу үшін 5минут қажет, 4 жұмыртқа пісу үшін неше минут қажет?

  2. «Сенбі» сөзі аптасына қанша рет кездеседі?

  3. Екі адам 4 сағат жол жүрді. Олардың әрқайсысы қанша сағат жол жүреді?

  4. Тауық 3 аяқпен тұрғанда 3кг, ал екі аяқпен тұрғанда неше килограмм?

V.Сабақты қорытындылау.

-Сонымен балалар, бүгін біз өз білім деңгейіміздің қаншалықты екенін көрсеттік. Біз не білдік?

-Есеп шығаруды;

-Мысалдар шығаруды;

-Геометриялық фигуралардың периметрін табуды;

-Ондық, бірліктерді ажыратуды;

-Теңдеу шешуді үйрендік.


VІ. Оқушылар бағаланады.

Топ капитандарына рахмет айту.

VІІ. Үйге тапсырма беру: №6,7, 143 бет.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал