7


Тәрбие сағаты 1сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Қош,сүйікті Әліппем!Мақсаты: Сауат ашу пәнін оқу барысында оқушылардың алған білімдерін көрсету.Өнерге деген сүйіспеншіліктерін дамыту. Ұйымшылдыққы,адамгершілікке тәрбиелеуКөрнекілігі:Мерекеге сай безендірілген сахна.,әліппе,математика,ана тілі оқулықтарының мұқа
предварительный просмотр материала

Қош,сүйікті Әліппем!


Мақсаты: Сауат ашу пәнін оқу барысында оқушылардың алған білімдерін

көрсету.Өнерге деген сүйіспеншіліктерін дамыту.

Ұйымшылдыққы,адамгершілікке тәрбиелеу

Көрнекілігі:Мерекеге сай безендірілген сахна.,әліппе,математика,ана тілі оқулықтарының мұқабалары.


Өту барысы:

Сахнада Мақта қыз бен мысық ойнап отырады да,бір кезде мысық кетіп қалады.Мақта қыз мысығын іздейді.мысық қолына бірдеңе ұстап келеді де Мақта қызға береді.

-Мақта қыз қарашы мынау айна емес пе?өзі біртүрлі мен айнадан өз келбетімді көрейін десем де көре алмадым .Сен қарашы.

-Кәнекей ол қандай айна?шыныменде,менде өзімді айнадан көрмей тұрмын...

(айнаның бетін сүртеді)мәссағаан,Қарашы мынау сыйқырлы айна сияқты,басқа әлемді көрсетіп жатыр,балалар әдемі киініп алған,ойнап,тамақ ішіп,билеп жүр,оқып отыр ма, менің де сонда барғым келіп кетті

(сол кезде сиқырлы айна оның тілегін орындып сиқырлы әуен естіліп ,олар тойға келіп топ ете түседі.)

-Оой біз қайда келдік ?

Мұғалім:

-Қош келдіңіздер, құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар .Бүгінгі тойымыздың қадірлі қонқтары. Сәлеметсіңдер ме,Мақта қыз бен мысық?

Сендер Күйкен мектебіндегі 1 «Г »сынып оқушылырының Әліппемен қоштасу, тойына келдіңіздер.

-Той дейсіз бе?Қандай қызық??Мен де қатыссам бола ма?

Әрине төрлет,қонақ бол.


1.Аружан: Армысыздар , мұғалімдер әз жандар

Білім іздеп инемен құдық қазғандар

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді

Би билеп,ән де бүгін шырқалар

Көз салып қараңдаршы бойымызға

Ортақ боп бүгін өткен тойымызға

Қош келіпсіз ұстаздар,ата-аналар

Әліппемен қоштасу тойымызға


2.Айдана:Көлге біткен құрақтың

Қайнар көзін көріп пе ең?

Том-том қалың кітаптың

Басы болар Әліппең

Жеміске құты толар ма?

Бір-бірлеп теріп алмасақ

Әп-сәтте шыға қоя ма 1бет

Еккен дәнін ойласыақ


3.Динара

Жақсы білім көрімдік

Не үйреніп не білдік

Болсын сізге халайық

Кәне ортаға салайық


4.Руслан

Бар кітапқа бас болған

Әліппе ғылдым анасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы


Ән: «Әліппе»

(Ортаға Әліппе келеді)


Мұғалім:

Қош келдің Әліппе

Үйреткен бізді әріпке

Әліппеге арналған

Өлеңіміз,ән-биіміз


Әліппе:

Болашаққа жол бастар

Әліппең келді ортаға

Әліппесін меңгерген

Келешегі қазақтың

Бсаталады сендерден


Жансая:

Барша -барша ғылымың

Әліппеден басталар

Жалғастырған білімін

Жақсы бала дос болар


Айсұлу:

Әліппе даңғыл жол ашты

Жаңадан пәндер жалғасты

Әліппе сырын ұқтырған

Рахмет ұстаз алғашқы!


2бет

Хадиша:

Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріп те

Оқимыз қазір ертекте

Үйреткен оны әліппе

Әліппе деген алыс жол

Апарар сені алысқа

Тырысып бақ намысқа


Көрініс: «70 пен 7»


Автор:

Келе жатыр мектепке

70 те шал жетектеп

7 жасар немесін


Шал:«Қайда әлгі мектеп»-,деп


Автор:

70 келед сүрініп

7 келед жүгіріп


Немере:

-Ата,әне көрінді

Алдымда Күйкен мектебі


Шал:

Айналайын немерем

Сеніменен көгерем

Оқы балам,оқи бер

Көңіліңе тоқи бер

Боларсың үлкен азамат

Атымды менің шығарар

Жақсы болсаң қарағым

Мерейім менің өседі

Жаман болсаң егерде

Жігерім құм боп жасиды.


Немере:

Оқимын ата,оқимын

Көңіліме тоқимын

Аламын ылғи бестікті

Мектебінде «Күйкеннің»

Озат оқушы боламын

3 бет

Мұғалім:

Айголек-ау, айголек

Айдың жүзі дөңгелек

Қолшатырым қолымда

Би билейміз дөңгелеп

«Қолшатыр»биі


«Сарбаздар»


Арай:

Ыстық әрбір беттерің

Жазуыңды ұғамын

Ақыл берді Әліппе

Ақыл берді мұғалім


Гүлназ

Ана,Әкеатывн сен

Бізге үйреттің әліппе

Бәрін нағыз жақсының

Сеннен алдым Әліппе


Фарида

Осылай алға аттадым

Әр әріпті жаттадым

Жаттаған сайын әріпті

Сөз құрап жаза бюастадым

Әліппем менің әліппем

Сені қолға алып мен

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен


Нұрғиса

Ең алғаш қолға алғанджа әліппені

Қызыға қарай бердім әріптерді

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітапртың

Ұстазым кілтін маған алып берді


Бүкіл қазақ баласы дәріптеген

Қоштаспақпыз сүйікті әліппемен

Ризамыз бәрімізді таныстырған

Сөз бен дыбыс,әртүрлі әріптермен


Әліппе:Олай болса әріптерге сөз берейік.


4 бет

Астанам асқақ ән салам

А әрпінен басталған

Астана жайна жас қалам

Атам асқар тау болса

Анаммен жайқаламын жас құрағың (Қадиша)


Әдептілік әркезде

Әжем берген тәрбие

Әкемнен үлгі аламын

Әсем әнге саламын (Нұрғиса)


Бала,бота,дегенде

Балдай тәтті дегенде

Байқайсыңба қарашы

Б дыбысы естілді (Албина)


Есті бала ержетіп

Елдің қамын ойлаған

Ессіз бала кері кетіп

Есерлігін қоймаған (Нұрбек)


Ғалым болар ғаламда

Ғажайыптар ашамын

Ғарыштың да тыңына

Ғылым дәнін шашамын (Динара)

Шындықты сақтаймыз

Шыншылды жақтаймыз

Шаршы топ алдында

Шығарып мақтаймыз (Айдана)


Ұстаз атын әрқашан

Ұлағатты дер едім

Ұя,ұлу дегенде

«Ұ»келеді екен де(Арай)


Ұстаз аты аталды

Олай болса балалар

Әсем әнге салайық»


«Ұстазым»


Мақтақыз: Кәне достар ойнайық

Ойнайық та ойлайық 5 бет

Әріптерден құралып

Мектеп атын жазалық


Келешекке(Айдана)

Үмітпен (Жансая)

Йкемді (Айсұлу)

Келбетпен (Рахат)

Еркін (Фарида)

Намыспен (Гүлназ)

(бәрі бірге)оқимыз


Мақтақыз:Жарайсыңдар әріптер

Тағы кәне ойнайық

Ойнайық та ойлайық

Алғаш әріп үйреткен

Кітап атын жазайық


Әлемге (Нұргүлжан)

Ләззатпен (Ырзабек)

Ізгілікті (Ақжүніс)

Парасатты (Аружан)

Пайдалы (Талғат)

Ел (Абылай)

(бәрі бірге)Боламыз


Мұғалім:

Әріптер енді демалсын

Көрермендер қол соқсын

Би билейді ұландар

Кәне назар салыңдар


«Бүлдіршіндер вальсі»

Ән «Мектепте не үйретеді»


Әліппе:

Айналайын балғындар

Меннен білім алдыңдар

Әр сөзімді жаттаған

Достар үшін мақтанам

Рахмет айтып даттанам

Менімен бірге достарым

Математика ғылымы

Оның да бар айтары

Сандар сырын шертіңдер

6 бет

Математика:Математика-ғылым атасы деген.Ендеше математикадан алған білімдеріңді теасерейік.

(Ауызша есептер шығарады)


1-мені келсе білгің

Мен таяқша бірмін

Барлық санға жол ашып

Ең басында тұрмын (Руслан)


2-бірден кейін тұрамын

Бірден кейін тұрағым

Бірге бірді қосқанда

Мен шығамын шырағым (Рахым)


3-Екіден соң әрқашан

Үш саны мен тұрамын

Орыныма барамын

Екі айшық саламын (Бекарыс)


4-Үш сызықтан таяғым

Оқушылар қояды

Төрт дегенің баяғы

Төрт түліктің таяғы (Ырзабек)


5-Төрттен кейін бесті

Білу оңай десті

Санашы оң қолыңнан

Оңай табасың бесті (Мөлдір)


6-Мен өзімді қатарға

Бестен кейін қоямын

Басым бірден басталып

Нөлден бітер аяғым (Талғат)


7-Қара мына қызықты

Көсеуді кім көріпті

Жеті болам бір тартсаң

Бел ортамнан сызықты (Абылай)


8-Менің атым сегіз

Жетіден соң деңіз

Жазылғанда қос дөңгелек

Мен боламын сегіз (Айдана)


7 бет

9-Сегізден соң тоғыз

Алтыны төбесінен тұрғыз

Сонда болам тоғыз (Альбина)


10-Әліппеде «О»ға ұқсаймын

Санда нөлге ұқсаймын

Жеке тұрсам мәнім жоқ

Ал санайық санайық

Сан қырына қанайық


Математика:

Цифрлар айтты өздерін

Білгенінше шамасы

Қалып қоймас қалтарыс

Тура да кері санамақ

Кәне кім бар араңда

Жаңылмай айтар санамақ


Рахат:

1 дегенім......

Көрініс «Жалқаубек»


-Тууу бүгін сабақтан өтірік ауырып қалайын десем,тұр-тұрлап жатқызбады ғой.Мында не болып жатыр?

Сыныптасы

- Жалқаубек ұялсаңшы,бүгін Әліппемен қоштасамыз ғой.

- Қойшей,Қоштаса беріңдер маған бәрібір.Мен оқымай ақ білемін.Мынау есік (П әрпін көрсетеді),Мынау доңғалақ (О)осыған да оқу керек пе?

-ЖАЛҚАУБЕКТІҢ СӨЗІНІҢ ЖАНЫ БАР ӘРБІР ӘРІП БІРНӘРСЕГЕ ҰҚСАС

ӘЛІППЕ:

-Жалқаубекке әріптер сырын мақалджап жеткізерміз. «Мақал-сөздің мәйегі»

Демей ме? Мүмкін түсінер.


О-тан отбасынан басталады

Т-әртіпті бала сүйеніш,төбең көкке жетеді

тәртіпсіз бала күйініш салбырап басың кетеді

А-насы бар адамдар ешқашан қартаймайды

Н-Жігітті намыс,қоянды қамыс өлтіреді


Жалқаубек:

-Түсіндім,кешіріңдер достар,мен енді Жалқау болмаймын,сабақтан себепсіз қалмаймын,енді екілік алмаймын 8 бет

Мұғалім:

-Жарайысың сен енді өз атыңмен атаймыз.Сөйтіп Ержан боласың.

Отан,Отан,

Бәрінен биік екен

Мени оны мәңгілікке сүйіп өтем,-

Хор: «Отан»

Өзбек биі

Ән «Бас иеміз ұстазға»


Әліппе:

Ризамын балалар

Меңгердің,болмадың босқа тер

Ана тілі атты әпкем бар

Сендерді жетектеп әкетер

Қош болыңдар достарым

Менің жолым тым ұзақ

Сендерге сәттілік тілеймін

(Ана тілі келеді)

Ана тілі

Қош келдіңдер білімнің айдынына

Әліппемен қоштасып болсаңыздар

Сендерді ары қарай жетектейін

Білімпаздар өнер-ғылым саласына


Мұғалім:

Ана тілім -ардағым

Өзіңді мақтан тұтамын

Ана тілі пәніне

Жүректен шығар ән жырын


Ақжүніс

Сәлем ана тіліміз

Сенсің асыл тіліміз

Ана тілін сүйеміз

Ардақтап бас иеміз


Фарида

Е,туған тіл,әсем тіл

Ата-анамның бал тілі

Көп нәрсені ұғамын

Ана тілім арқылы


Би :Флеш-моб. «қаз балапандары»

9 бет

Қорытынды:Мұғалім:

Әліппемен қорштастық

Ана тілмен достастық

Алда талай асу бар

Қанаттарың талмасын-дей келе мектеп басшылғына,

ата-аналарға,мұғалімдерге сөз беру

Соңы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал