- Учителю
- Сынып сағаты 'Менің елім - Қазақстан'
Сынып сағаты 'Менің елім - Қазақстан'
Сынып сағатының тақырыбы: Қазақстан - менің елім.
Сынып сағатының мақсаты: Қазақстан Республикасы, Елорда туралы және Ата заңымыздың 20 жылдығы туралы түсінік беру.
Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету.Мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру.
Оқушыларды өз ана тілін, әдет - ғұрып, салт - дәстүрін сақтауды бойына дарыту. Отанын, елін, жерін сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сынып сағатының көрнекігігі: ҚР-ның рәміздері, Қазақстан картасы, суреттер, мақал - мәтелдер:
Сынып сағатының әдісі: сұрақ - жауап, көрсету, түсіндіру.
Сынып сағатының барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар келген қонақтармен амандасып, шеңбер жасап отырады.
Мұғалім: Балалар, қолымызға көгілдір лентаы алып шеңбер құрайық.Қолымызды жоғары көтеріп шеңбер ішіне кіреміз.Балалар, қараңдар дөңгелене тұрған тұрысымыз неге ұқсайды?
-Күнге ұқсайды. Күлімде күн күлімде
Күлсін барлық бала шат.
Берекесі бүгінгідей,
Бейбіт болсын болашақ.
Мұғалім: Жарайсыңдар балалар, біз бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан балалармыз.Ендеше,бір-біріңе қандай тілектерің бар?
-Аспандарың ашық болсын. -Соғыс болмасын. -Деніміз сау болсын. -Нан көп болсын. -Әдепті болайық. -Дос болайық. Мұғалім:Балалар, қалай ойлайсыңдар, адам үшін ең қымбат не?
-Адам үшін ең қымбат оның Отаны -Балалар, біз қай республикада тұрамыз? -Қазақстанда. -Қазақстан Республикасының Елордасы қай қала? -Астана қаласы. -Балалар,біздің елбасымыз кім? -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. -Балалар, әрбір Республиканың өздерінің белгілері, яғни рәміздері бар, оны кім атап береді? -Ту,Елтаңба,Әнұран. ( ҚР-ның әнұраны орындалады).
Мұғалімнің кіріспе әңгімесі:
Бүгінде Қазақстан егеменді ел болып,дүние жүзіне танылып отыр.Қазақстанда әртүрлі ұлт өкілдері (120- дан) тату- тәтті өмір сүріп жатыр.Сіздер қазақ елінің ең жас ұланысыздар. Өз жерімізді, елімізді, Отанын қорғаған ағаларымыз, апаларымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіспіз. -Қазақ батырларының суреттерін көрсету.
Қазақстан жері өте бай. Еліміздің жерінен мұнай, көмір, минералдар, алтын, түсті металдар және тағы басқа қазба байлықтар шығады.Қазақстан Республикасында 14 облыс бар.(ҚР картасынан көрсетіледі). 1оқушы: Абай туған,Сәкен туған Құрметте, достым, қазақтың жерін, Қамбаға жылда мол астық құйған, Қазақстан Республикам менің! -Балалар, бұл не? -Бәйтерек. Бәйтерек самұрық құстың алтын жұмыртқасын аспанға көтерген алып киелі ағаш.Бейбітшілік пен келісімді өмір сүруге ұмтылған ұлы мақсат көрінісі.
-Балалар бұл не? -Пирамида. Пирамида -әлем кереметінің бірі зорлық пен зомбылықтан бас тарту нышаны ретінде есептелінеді.
-Балалар бұл не? -Ханшатыры.Ханшатырдың аумағы 1 млн 700 шаршы метр биіктігі 150 метр 7 қабаттан тұрады.
-Балалар бұл не?-Ақорда. Ақорда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мәжлістьер өткізетін және Республикамыздың ең маңызды ғимараты.
Отан туған жер туралы кім тақпақ айтып береді.
2-оқушы:
Алтыншы шілде - Астана күні.
Жадыдан ,шырақ, тастама мұны.
Жаңа шаңырақ көтеріп биік.
Жаңа дәуірге бастама күні.
3-оқушы :
Астанадан тарайды елге бақыт шуағы,
Астана бейбітшілік пен достық қаласы
Өркенде өрлей бер , төрлей бер ,
Арайлы ақорда -Астана.
4- оқушы:
Елбасы арқасында ел жаңарып,
Арқаға Астанадай қала тұрды.
Сергіту сәті: «Кім жылдам ?» ойыны. Сұрақ -жауап.
5 - оқушы:
Аялап ару ананы,
Өсірген еркін баланы.
Бесігім болып тербеткен,
Отаным-менің Қазақстаным.
6- оқушы:
Толтырған гүл даланы,
Жайнатқан ауыл, қаланы.
Ардақты атамекенім,
Отаным-Қазақстан.
7-оқушы:
Отан дейміз-от жаққан жерімізді,
Отан дейміз- өсірген елімізді.
Отан дейміз- туған жер атамекен,
Биік тау, орман- тоғай көлімізді.
8- оқушы:
Отанды жас- кәріміз,
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәріміз,
Туып өмір сүреміз.
-Балалар, сендер Отан туралы өте әдемі өлең жолдарын оқыдыңдар.
-Ал Отан деген не?
1-бала: Отан деген - туған жер.
2-бала: Отан деген - менің қалам.
3-бала: Отан деген - балабақшам.
4-бала: Отан деген - отбасым.
5-бала: Отан деген - атам, әжем, әкем, анам.
Ән: «Отан - ортақ үйіміз».
Мұғалім: Өте жақсы айттыңдар, балалар.
Сонымен бірге Отан дегеніміз біздің ана тіліміз.Біз Қазақстанда тұрамыз, ұлттық тіліміз - қазақ тілі.
Тіл туралы кім тақпақ біледі?
1-бала:
Ана тілің-арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
2-бала:
Ана тілін ақтаңдар,
Ана тілін сақтаңдар.
Ана тілімен безеніп,
Ата берсін ақ таңдар.
Мұгалім: Жарайсыңдар балалар, қазір ойын ойнаймыз.
«Кім тапқыр» ойыны. Ойын шарты:
Мен «Отан» сөзін айтамын, сендер сөз тіркестерін құрайсыңдар.
Мысалы: Отаным бай. Отаным көп ұлтты. Отаным әдемі. Отаным тәуелсіз.
-Балалар, сендер Отан жайлы әдемі ойларыңды айттыңдар.Біздің Отаныз
бай үлкен, табиғатымыз әдемі.
Қазақстан жерінде нелер бар?
-Қазақстанда таулар, ормандар бар.
-Қазақстанда өзендер, көлдер бар.
-Қазақстанда әртүрлі шөптер, гүлдер бар.
-Олар сары, жасыл, көк, қоңыр түске боялған.
«Жалғасын тап» ойыны арқылы мақалдарды аяқтау.
Отансыз адам -.......................(ормансыз бұлбұл
Ердің көркі - ерімен - .......... (Отан көркі - жерімен).
Отан елдің анасы - ................(Ел ердің анасы).
Отан .......................................(оттан да ыстық).
Арың үшін алыссаң - өлмейсің .....(Отан үшін отқа түс - күймейсің).
Мұғалім: Жарайсыңдар балалар! Ал, батыр деген кім?
Батыр деген Отанын қорғайды.(Батырлардың атын атау).
Отан арналған тілектерін айтқызамын.
-Мен Отанымды сүйемін.
-Мен үшін Отанымнан ыстық еш нәрсе жоқ.
-Мен Отанымды көзімнің қарашығындай қорғаймын.
-Мен Отанымның гүлденуіне өз үлесімді қосамын.
-Мен Отанымды әлемге танытамын.
Сынып сағатын қорыту: Сұрақтарға жауап алу.
«Атамекен» әнін хормен орындау.