- Учителю
- Поурочный план по казахскому языку 'Астана қаласы'
Поурочный план по казахскому языку 'Астана қаласы'
Сынып: 3 «д»
Күні:
Пән аты: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы:
1.Білімділік. Сөйлесім әрекеттерін ( оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым) жүйелі түрде қолдану арқылы оқушылардың тілдесім қабілетін жетілдіру. Астана қаласын сипаттай алуға үйрету, тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгерту. Сөздерді буынға бөле білу дағдыларын қалыптастыру.
2.Дамытушылық: Астана жылнамасын құру, жаттау арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту, Астана тарихын насихаттау арқылы тіл байлығын, сөз саптауын, ойын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру.
3.Тәрбиелік. Астананың мәдени жетістіктерінің негізінде оқушыларды Отан-сүйгіштікке, әсемдікке, салауаттылыққа баулу.
Түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.
Көрнекілігі: Тірек сызбалар, суреттер, тапсырмалар, үнтаспа.
Әдісі: Сұрақ жауап, тапсырмалар.
Пән аралық байланысы: Қазақ тілі, орыс тілі.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру:
1. Сәлемдесу, үй тапсырмасын сұрау, назарын жаңа тақырыпқа аудару.
2.Психологиялық дайындық:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
2.Үй тапсырмасын сұрау. 6-тапсырма
-Сен қай қалада тұрасың?
-Мен Астана қаласында тұрамын.
-Ол қайда орналасқан?
-Ол Солтүстік Қазақстанда орналасқан.
3.Жаңа тақырып: Астана қаласы
1-тапсырма.Суретке қара. Сұраққа жауап бер.
Бұл қай қала? Бұл - Астана қаласы.
2-тапсырма. Тыңда, қайтала. Оқы.
Мектеп, саябақ, «Думан» орталығы, музей, театр.
3-тапсырма.Оқы.
Мынау - Астана қаласы. Астана - үлкен, әдемі қала. Астанада музейлер, саябақтар, театрлар, мектептер бар. Астанада «Думан» орталығы бар. Мен демалыс күні «Думанға» барамын.
Есте сақта.
Театр-театрлар,музей-музейлер, саябақ-саябақтар, мектеп-мектептер.
4-тапсырма.Сұрақтарға жауап бер.Тірек сызбалар
Астана қандай қала? (үлкен,әдемі, ақылды, таза, жас)
Астана қаласында нелер бар? (Бәйтерек, Ханшатыр, Думан, Театр, Саябақ, Музей)
Сергіту:
Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір.
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір.
Сағатқа қарайық,
Жаттығу жасайық.
5-тапсырма .Оқы. Сәйкес суретті тап.
Астана қаласында саябақ бар.
Астана қаласында музей бар.
Астана қаласында «Думан» орталығы бар.
6-тапсырма. Үлгі бойынша сөйлес.
-«Думан» деген сөзде неше буын бар?
-Екі буын бар.
-Қандай?
-Ду-ман.
-Бірінші буын қандай?
-Жуан.
-Екінші буын қандай?
-Жуан.
Бағалау.
Сабаққа белсене қатысқан және сөйлеу ережесін ұстана отырып тұтықпай еркін сөйлеген оқушыларды мақтау, мадақтау.
Үйге тапсырма : 6-тапсырма. Жазу.