7


  • Учителю
  • 21. 12. 2015-26. 12. 2015 1-Сынып сабақ жоспары

21. 12. 2015-26. 12. 2015 1-Сынып сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 21.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы. Оқуға шақыру.Сал-сал,Білек,сал Білек.

Сабақтың мақсаты. Оқуға шақыру», «Сал-сал,Білек,сал Білек»

өлеңдерінің мазмұнын түсіндіру.Оқушыларға өлеңді оқыту арқылы дыбыстарды анық, дұрыс айтуға дағдыландыру. Балалардың ой - өрісін, тіл байлықтарын, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, дыбысты дұрыс айтқызу, пікірлесу стратегиясы.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер, дидактикалық материалдар

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері. Балалар қол ұстасып шеңбер құрап, мынадай өлең жолдарын айтады.

Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз,
Қайырлы күн, достарым!
Қайырлы күн, ұстазым!

II Өткен сабақты пысықтау.

Өткенді еске түсіріп қайталау. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

III Жаңа сабақ

Дәптермен жұмыс.

1.Сөлемдерді көшіріп жазу.

2.Қарамен жазылған сөздерге дыбыстық талдау жасау.

III Қосымша тапсырмалар

Көру диктанты: ата, көгершін, Алматы, қоңыр, оюлар, Ақтөбе, Қазақстан

Дыбыстық талдау: ата, қоңыр, оюлар, қасқыр, жиһаз


Серігіту сәті.

Мына менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған .

Мынау менің басым,

Бәрін осы басқарған.

Мынау мнің оң қолым,

Мынау менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.


IV Оқулықпен жұмыс.

Оқуға шақырыу

- Оқып беру

Балалар! Оқуға бар! Жатпа қарап!

Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!

Шақырды тауық мана, әлдеқашан,

Қарап тұр терезеден күн жалтылдап.

Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да

Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбіржан да:

Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп,

Барады аралар да ұшып балға...


-Ахмет Байтұрсынұлы туралы мәлімет беріп кетем

Ахмет Байтұрсынов - Ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Туған жері - бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысы (қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы). 1882-84 жж. ауыл мектебінде оқыды. 1890 ж. Торғайдағы екі кластық, орыс-қазақ училищесін, 1895 ж. Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген. 1895-1909 ж. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады. 1909 ж. патша үкіметінің саясатына наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып, 1910 ж. жер аударылды. 1913 ж. Орынборда «Қазақ» газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың аяғына дейін оның редакторы болды.

-Өлеңді талдау

Балалар өлең не жайлы?

Не туралы айтқан?

Бірінші шумағында ақын не айтқысы келді?

Ал екінші ше?


-Тізбектей оқыту.


Сал-сал Білек, сал Білек

-Мәнерлеп оқып беру

Сал-сал Білек, сал Білек,

Балдан тәтті бал Білек,

Мектепке бар бір мезгіл,

Әжеңнің тілін ал, Білек.

Сал-сал Білек, сал Білек,

Сабағыа бар, Білек.

Қыдыра берме қалтиып,

Етегіңмен қар күреп.

Сал-сал Білек, сал Білек,

Сұлу талдай тал Білек,

Оқып-оқып бір асқан

Ғалым болмай қал, Білек.

-Өлеңді талдау

Өлең не жайлы?

Өы өлеңнен не түйдіңдер?


-Тізбектей оқыту.


-Мағжан Жұмабаев туралы мәлімет беру

Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы ( , , қазіргі , Сасықкөл жағасы - , ) - қайраткері, , қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі. Атасы - Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі - Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, - жылдары Қызылжардағы () №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, , , , , , секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.


V. Қорытындылау: Балалар біз сонда бүгінгі сабақта нені өттік, сабақ түінікті болды ма,


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 22.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Тақырыбы: «Бір қазан сүт» Ө. Тұрманжанов

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды шапшаң жүргізіп оқуға түсінгені туралы жүйелі әңгімелеп айтуға үйрені. Оқцшылардың құстар тіршілігі туралы білімдерін толықтыру, сөздік қорын, белсенділігін, қызығушылығын, қиялын дамыту. Құстарды қорғауға тәрбиелеу, қамқорлық жасауға баулу, табиғатты сүюге үйрету.

Сабақтың өту әдісі: сұрақтар беру, түсіндіру, жинақтау, көрнекілік, т.б.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты суреттер, жазылған қималар, құстар суреттері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Амандасу, сабаққа назарын аудару


Психологиялық дайындық

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп-кішкентай ағаштан

Су құйғанда өседі.


ІІ. Өткенді қайталау

«Құстың ұясы» әңгімесін бірнеше оқушыға оқыту.

Түсінігін әңгімелеу.


ІІІ. Өткенді бекіту

Үй құстары, дала құстары- айырмашылықтарын айту және тақтадағы кестеге жазу

Сергіту сәті

Әдемі әтеш

Таң атпай тұрыпты

Ойқастап жүріпті

Жан- жаққа қарапты

Айдарын тарапты.

ІҮ. Жаңа сабақ «Бір қазан сүт» Болжамдау әдісі (кесте)

-Мәтінді оқып беру


- Бір қазан сүтті пісіріп, суытуға үйдің іргесіне қойып едік, енді бір қарасақ, қаспағы а қалмапты.

- Төгіліп қап па?

-Біреу ішіп кетіп пе?

-Төгіліп те қалмапты, ешкім де ішпеген.

-Төгілмесе, ешкім ішпесе, бір қазан сүт қайда кеткен?

-Көбелек келіп күмп етіп, көбігін ішіп ол кетті.

Жапалақ келіп жалп етіп, жарымын ішіп ол кетті.

Қарға келіп қарқ етіп, қалғанын ішіп ол кетті.

Сауысқан келіп саңқ етіп, сарып ішіп ол кетті.

Қырғауыл келіп қиқу сап, қазан түбі қаспаған қырнап ішіп ол кетті.


- Балалар, сонда мына әңгімеде не туралы айтылған?

- Сонда бір қазан сүт қайда кеткен екен?

- Шын мәнісінде не болды деп ойлайсың?

- Оған қандай дәлел бар?

- Не болады?


Ой толғаныс.

- Түсіндіру, оқушыларға оқыту, балалар тізбектей оқыту.

- Сөздікпен жұмыс

Дәптермен жұмыс.

Сөздік диктант: бала, орман, дала, қала, Қазақстан.


-Ө. Тұрманжанов туралы мәлімет беру.

Тұрманжанов Өтебай (15 желтоқсан , ауданы Жалғызағаш ауылы - , Алматы) - . Шығыс жастарының коммунистік университетін бітірген (). 1927 - жылы Орта Азия университетінің оқытушысы, даярлық курстың және қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі (1927 - ), Өзбекстан Жазушылар одағы жанындағы қазақ секциясының басшысы (1929), ҚазПИ-де (қазіргі ) проф., Қазақ мемлекеттік баспасында бөлім меңгерушісі, "Қазақ әдебиеті" газетінде, "Әдебиет майданы" (қазіргі "Жұлдыз") журналында редактордың орынбасары, редактор (1935 - 37), бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Тұрманжанов шығармалары негізінен балаларға арналған. Алғашқы өлеңі Ташкентте қазақ тілінде шығып тұрған "Ақ жол" газетінде 1920 жылы жарияланған. "Таң өлеңдері" жинағы Мәскеуде жарық көрген (1925). 1927 жылы тұңғыш әңгімелер жинағы ("Қошан кедей"), 1929 жылы өлең кітабы ("Таң сыры") басылған. Тұрманжанов 40-қа жуық еңбектің авторы. Ол балаларға арналған көптеген шығармаларын қазақ тіліне аударған.


Ү. Білімді бекіту.

Түртіп алу стратегиясы.

Құстар пайдасы мекені

Құстар туралы ән, тақпақтар айту, сөзқжұмбақтар шешу.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 23.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Күңшіл үйрек. Бақа

Мақсаты: Ертегіні түсініп оқуға, мазмұнын айта білуге, ертегідегі негізгі ойды ұғынуды үйрету. Оқушының ой-өрісін,сөздік қорын,таным белсенділігін дамыту. Адамгершілікке,ізгілікке, жаман қасиеттен (қызғаншақ,мақтаншақ) аулақ болуға тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Әдісі: Ой қозғау,негізгі идеяны суреттеу,сұрақ қою,салыстыру кестесі, көрнекілік стратегиясын қолдану
Пәнаралық байланыс: дүниетану,қазақ тілі,математика
Көрнекіліктер: оқулық, әдістемелік құрал, №3 жазу дәптері, үлестірмелі суреттер.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Амансың ба Күн?
Амансың ба Ғасыр,Әлем?
Баршаңызға амандық сәлем!

ІІ.Өткенді еске түсіру
Ойын. «Ойлан,тап»
1-сұрақ. Үй іргесіне суытуға қойған бір қазан сүттің көбігін не ішіп кетті?
2-сұрақ. Жарымын не ішіп кетті?
3-сұрақ. Қалғанын не ішіп кетті?
4-сұрақ. Қаспағын не жеп кетті?

ІІІ.Жаңа сабақ
- Ой қозғау
Аққу, үйрек,түлкі суреттерін көрсете отырып бұлар туралы білетін білімдерін сұрау.

- Сергіту жаттығуы
Әуенмен: аққу болып қалқимыз, үйрек болып шалқимыз, түлкі болып бұраңдаймыз.

- Сөздік жұмысы
Суреттер көрсету арқылы күншіл,сүңгуір,ор сөздерінің мағынасын түсіндіру.

- Мағынаны тану
Ертегінің желісі бойынша салынған суреттерді көрсете отырып мазмұнын айтып беру.


- Оқулықпен жұмыс.
Іштей, тізбектей оқыту.
Баяғы да бір сүңгуір үйрек болыпты. Ол көлдегі екі аққуды көре алмапты. «Бұлар менен неге сәнді, неге әдемі? Жұрт оларды жақсы көреді, атпайды. Аққу неткен бақытты құс?!» деп қызғаныпты.

Аққуды көре алмаған сүңгуір үйрек бір күні түлкіні көріп:

- Түлкі, түлкі, сен неге мына аққуларды жемейсің?-дейді сүңгуір үйрек.

- Олардың ұйықтайтын жерін маған көрсетші, - деді түлкі.

Уәде бойынша, сүңгуір үйрек аққулардың ұйқыға кеткен кезде, түлкіні ертіп келеді. Мұны сезген қос аққу оянып кетіп, терең суға қарай жүзе жөнелді.

Ісі сәтсіз болып, қарны ашқан түлкі сүңгуір үйректің өзін бас салады. «Біреуге ор қассаң, өзің түсесің» деген осы.


- Дәптермен жұмыс.
Ертегіге қатысқан кейіпкерлерді сұрау,тақтаға жазу,буынға бөлу,дәптерге жазу. Аққу,үйрек,түлкі.

- Ой толғаныс
Мен үйрекпін,мен аққумын,мен түлкімін. Оқушылар пікірлерін жазады.

-«Бақа» өлеінін оқып беру және түсіндіру.

- Бақа , бақа, балпақ,

Басың неге жалпақ?

Көзің неге тостақ?

Бұтың неге талтақ?

- Темір терсек кқп киіп,

Басым содан жалпақ

Көрінгенге көп қарап,

Көзім содан тостақ.

Су ішінде көп жүзіп,

Бұтым содан талтақ.


- Өлеңді талдау және жаттатқызу.


- Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу

М м, Н н, ң әріптерін көркем жазу.


Көру диктанты: бақа, үйрек, түлкі, аққу.

ІҮ. Сабақты бекіту
«Сиқырлы сандар» ойыны
1 2 3 4 5 6 7
А Н Ң М Ы С Ж
7 1 3 6 5
Ж А Қ С Ы
7 1 4 1 2
Ж А М А Н


Ү. Сабақты қорытындылау.

- Балалар бүгін біз сіздермен нені үйрендік?

- Сабақ түсінікті болды ма?

- Сұрақтарың бар ма?


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 24.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Қожаның аты
Мақсаты :
Оқушыларға халық ауыз әдебиеті жанрының бірі -аңыз әңгіме туралы түсінік беру. Берілген аңыздың мазмұны мен идеясын, негізгі ой түйінін меңгерту. Сауатты, түсініп оқу дағдыларын, жүйелі, байланыстырып сөйлеу, өз ойын еркін айту дағдыларын қалыптастыру. Дүниетанымдарын кеңейту. Дұрыс оқу дағдысын арттыру.

Көрнекілік : Қожанасыр туралы бейне таспа, оқулық, анықтама

Әдіс-тәсілдер : ой шақыру, сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс


Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру:
Амандасу

Сабаққа назарын аудару


Психологиялық дайындық

Біз өмірге, ұлы өмірге
Гүл көңілне иеміз
Елімізді, жерімізді,
Тілімізді сүйеміз


ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау,қайталау

Мақал айту «Күншіл үйрек» ертегісі «Бақа» жатқа сұрау.

Жан-жақты білімдерін тексеру:
-Балалар тағы бір қонағымыз сендер танымайды- ау деп кіргісі келмей тұр екен.

Бейне фильм «Қожанасыр» туралы

Қожанасыр ( Ходжа насруддин) - арасына (13-ші н-се 14-ші ғасырларда) кең тараған .
Әңгімелерде Қожанасыр бірде , бірде , бірде сипатталады. Қожанасыр туралы әңгімелер бүкіл Орта, Кіші және Алдыңғы , ,, , , бойы, халықтары фольклорында , , Насреддин әпенді деген аттармен кең тараған.
- Ал сендер Қожанасыр туралы не білесіңдер?
Қожанасыр туралы білетін 2-3 аңызын әңгімелету.

Өмірде адам басына құрылған әңгімені аңыз дейді.Аңыз әңгімелер - бұл қазақ халқының ауыз әдебиетінің бір түрі. Аңыз өмірде болған адамның іс-әрекетіне байланысты туған. Кейде аңызда өмірде болмаған адамның іс-әрекетіне байланысты. Қиял - ғажайып оқиғалар араласып келеді.Аңыз әңгімеде шындық оқиға мен қиял-ғажайып оқиға аралас келеді.

-Өте жақсы қандай тапқыр баласыңдар ?

Енді сендерге соңғы тапсырмам :

мен туралы тағы бір аңызды оқулықтарыңнан оқып алыңдар.

ІІІ Жаңа сабақ : «Қожаның аты» әңгімесі
Оқулықтан «Қожаның аты» әңгімесін оқу.

Бірде Қожанасыр тойға барып. Той енді қыза бастағанда, үйіне қайтқысы келіпті. Бірақ көп аттың ішінен өз атын танымай дал болыпты. -Ей халқым! -депті айқайлап. -Аттарыңды алып кетіңдер. Қазір мен өз атымды атамын. Халық асып-сасып, әрқайсысы өз атын жетелей қашыпты. Қожекең жалғыз қалған өз атын мініп алып, жүріп кетіпті.


Оқулықпен жұмыс :
1. Тақырыпты оқыту.

2. Әңгімені тізбектей оқыту, мазмұнын әңгімелету.


Сергіту сәті: бейнеролик арқылы балаларға ноутбуктен қожанасырдың өлеңімен қосыла отырып шырқау және оның қимылдарын қайталау арқылы сергіту сәтін орындайды.

Дәптермен жұмыс
Дәптерге күннің реті мен тақырыпты жазғызу.

Білім меңгергенін тексеру :
Сурет бойынша жұмыс :

ІҮ. Сабақты бекіту:
Қожанасыр өз атын қалай тапты?

Ү. Сабақты қорытындылау: Білемін, Білгім келеді, Үйрендім (ББҮ)
Білемін: Қожанасыр туралы әңгімелерді

Үйрендім : Қожанасырдың шынымен өмірде болғанына
Білгім келеді : Бұдан да қызықты аңыздар


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 24.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақ тақырыбы: Кім неден күшті?

Сабақ мақсаты: Ертегі мазмұнын түсіндіру. Еңбек ете білуге баулу.Дұрыс оқу дағдысын артыру.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, коментарий, көрнекілік

Көрнекілігі: сөзжұмбақ, оқулық, дәптер, әріптер.


Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру. орнымыздан тұрып амандасамыз.


Психологиялық дайындық.

Күн көзіндей күлімдеп,

Көңілді болып жүрейік.

Қазіргі болар сабаққа

Жүректен ақ жол тілейк.


Енді бәріміз артымызға қарап қояйық. Бізге қонаққа апайлар келіп отыр.Балалар әдемілеп өзіміздің білімімізді көрсетейік.

Енді балалар мына столдың үстінде жатқан төртбұрыштар арқылы топқа бөлінеміз. Кімге қандай түс төртбұрыш келсе, сол түсті текшенің столына барып отырамыз.Өздеріміз басшы сайлап аламыз.


ІІ. Өткенге шолу

Енді балалар үй тапсырмасын тексерейік.

  • Балалар үйге қандай тапсырма берілді?

  • «Қожаның аты» мәтініне әңгімелеу.

  • Кім маған әңгімелеп береді? (5-6).

  • Жақсы балалар сонымен Қожанасыр кім екен? Қожанасыр аңқау, іс-әрекетінің бәрі күлкі, ешкімге зияны жоқ, қайырымды, мейірімді адам. ---- Қожанасыр өз атын қалай тапты?

IІІ.Жаңа сабақ.

Мына тақтада сөзжұмбақ берілген. Қане бәріміз тақтаға қараймыз.


І

Е


Ш

К

р

с

қ

м

ы

а

ұ

а

Қ

С

т

е

ғ

В

а

Ж

а

м

г

н

о

с

і

г

е

н

і


1.Басында үшкір істігі бар.

Өзіне лайықтап тон пішкен.

Секіріп тастан түскен. (Ешкі)


2.Қиналып көтеріп

Өзінен ауырды

Жорғалап кетеді

Жүкшідей кәдімгі. (Құмырсқа)


3. Үш тілі бар,

Тықылдаған үні бар. (сағат)

4.Бұтаққа ілініп тұрамын

Піскенде себетке құладым. (жеміс)

5.Бір-бірімен қарап үйлер тіркеліп

Қос сүрлеумен әрі-бері жүр көшіп. (вагон)

6. Қыр басында әр қилы

Сары теңіз толқыды. (егін)

- Сонымен қызыл жолақтың ішінде қандай сөз шықты оқимыз. Кім неден күшті? Деген ертегімен танысамыз.

-Ертегі дегеніміз не?

Ертегі халық ауыз әдебиетінің бір түрі болып есептеледі.

Балалар ертегілер 3 топқа бөлінеді. (тақтада)

Қиял-ғажайып ертегісі.(ойдан туындаған ертегілер. Кілем)

Хайуанаттар ертегісі. (жануарлар,аңдар)

Тұрмыс-салт ертегісі. (ертегі деген аты ертедегі, ерте кездегі деген сөздерден туған.

Мыс: «Ертеде бір бай болыпты» Ертеде бір хан болыпты.


ІҮ. Оқулықпен жұмыс:

Енді балалар оқулыққа қараймыз.

Бәріміз «Кім неден күшті» ертегісін іштей оқимыз.

1.Іштей оқыту.

2.Тізбектеп оқыту.

Балалар осы ертегі жоғарыда біз айтып кеткендей. Ертегінің қай түріне жататды?


Ү. Топпен жұмыс:

Балалар столдың ортасында бір парақ жатыр. Сол параққа осы ертегінің ішіндегі өздеріңе ұнаған кейіпкердің суретін салыңдар.

Салған суреттеріне дыбыстық талдау жасату.

  1. Сөзде неше әріп бар?неше дауысты дыбыс

  2. Неше дыбыс бар? Неше дауыссыз дыбыс

  3. Неше буын бар? Барын айту.

Қозы немен қоректенеді?

Оның пайдасы.

Қасқыр қайда болады?

Ол қандай аң?


Сергіту сәті:

Аюдың үйі үлкен

Қоянның үйі кішкентай

Аю ініне кіреді

Қоян соңынан ереді.


Дәптермен жұмыс:

Жазу дәптердегі сұрақтарға жауап жазу.


ҮІ. Сабақты бекіту.

  1. Жасаған ием -

  2. Мұз -

  3. Күн -

  4. Бұлт -

  5. Жусан -

  6. Қошақан -

  7. Қасқыр -

  8. Мерген -

  9. Тышқан -

10)Құмырысқа -



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 25.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Бақа мен балық

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өткен білімін тиянақтау, «Бақа» өлеңімен таныстыру, бақа туралы түсінік беру. Өлеңді мәнерлеп оқу, рөлге бәліп оқу дағдысын дамыту, сөздік қорларын дамыту, ойын, дүниетанымын дамыту. Оқушылардың адамгершілікке, жануарларды қорғауға, тапқырлыққа, әдемі жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру, проблемалы оқыту.

Көрнекілігі: слайдтан суреттер, бақа туралы деректер көрсету


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру

- Амандасу

- Сабаққау даярлау

- Сабаққа назарн аудару


Психологиялық дайындық

Балалар бір-біріне шеңберге жиналып бүгінгі сабаққа және күнге сәттілік тілейді.

Біз балдырған баламыз,

Құстан қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


ІІ. Өткенді еске түсіру.

  • Күншіл үйрек ертегісінің мазмұнын айту

  • Балалар мына ертегіде қандай кейіпкерлер бар?

  • Сендерге қандай құстар ұнайды? Неге?

  • Түлкі неге аққуды жей алмады?

  • Біреуге ор қазсаң, өзің түсесің деген мақалды қалай түсінесің?


ІІІ. Сабақтың мақсатын айқындау.

Балалар біз бүгін тағы бір ертегімен танысамыз. Біз бұл ертегі арқылы өткен білімін тиянақтау, «Бақа» өлеңімен таныстыру, бақа туралы түсінік беру. Өлеңді мәнерлеп оқу, рөлге бәліп оқу дағдысын үйренеміз.


ІҮ. Жаңа сабақ

Балалар мына сабақтың тақырыбына зер салайықшы. Сабақтың тақырыбына ждыбыстық талдау жасайықшы

Б-дауыссыз

А-дауысты

Қ-дауыссыз

А-дауысты


Б-дауыссыз

А-дауысты

Л-дауыссыз

Ы-дауысты

Қ-дауыссыз


Ой қозғау. Балалар сендер бақа туралы не білесіңдер, жалпы бақа деген не, ол нестейді тағы сол сияқты?

- Бақа туралы толығырақ түсінік беру.

- Ертегіні оқып беру.

- Ертегіні талдау


Сергіту сәті

1-ші сумен бетін жуды

2-ші шыр айнала бұрылды

3-ші еңкейіп жерге отырды.

4-дегенде секіріп кетті

5-дегенде орнына қонды.


Дәптермен жұмыс

№3 жұмыс дәптердегі тапсырмаларды орындату


Ү. Сабақты қорытындылау

Балалар енді сіздермен бүгінгі сабақты қорытындылайық. Мен сендерге мына смайликтерді таратып беремін, сабақ қалай өтті соның бәрін осы смайликпен таұтаға жабыстырамыз.


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 26.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Жұмбақтар. Жаңылтпаштар

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды халық ауыз әдебиетінің түрлері: жаңылтпаш,жұмбақ,мақал-мәтелдермен таныстыру. Халық ауыз әдебиетінің бұл түрлерін бір-бірінен ажырата білуін,мәнін терең түсініп,мағынасын аша білуін және оқушылардың ойлау қабілетін,тілін дамыту.Шығармашылық жұмысқа баулу. Оқушылардың халық ауыз әдебиеті арқылы ұлттық сезімін оятып,кішіпейілділікке,ізеттілікке,адамгершілікке,топпен жұмыс істеуге үйрету.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу
Сабақтың түрі: Тренинг сабақ.
Көрнекі құралдар:үлестірмелі қима қағаздар,тренинг ережелері жазылған,


Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
Сәлемдесу

ІІ.Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабағымыз тренинг- сабақ түрінде өтеді.Тренинг сабақтың негізгі мақсаты оқушыларды ұйымшылдыққа,топтасып жұмыс жасауға баулу,ойларын бөлісіп,ашық айтуға дағдыландыру,бірлесіп,үндестікпен жұмыс жасауға үйрету.
Сыныпты үш топқа бөлеміз:
Тұлпарлар.
Достар.
Батырлар.
Әр топ жанына топ аттары жазылған табличкалар қойылады.

Сабақ ережесімен таныстыру.
1.Тыныштық сақтау

2.Ұжыммен жұмыс
3.Қол соғу

4.Ойын ашық айт
5.Ережені бұзбау.
Әрбәр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.
Әр топ өздері арасынан:
1.Топ басшысын
2.бақылаушысын дайындайды.
Топ басшылары топ мүшелерімен таныстырып отырады,ал бақылаушылар топ мүшелерінің алған бағаларын жазып отырады.
1-бөлім.
«Білгенге маржан,білмегенге арзан».
Әр топқа тапсырма беріледі.Ойлануға 2 мин.
Тапсырмалар:
№1.мақал-мәтел дегеніміз не?
№2.жұмбақ деген не?
№3.жаңылтпашты қалай түсінесің?
Талданып болған соң ойын: «түсін мені».
Шарты:1-топтан 1-оқушы шығып,қима қағаз алады да ондағы жазу бойынша ерекшеліктерді бейнелеу.
Қалған екі топ қимылына қарап анықтайды.
Бағалау.
2-бөлім.
«Халық айтса,қалт айтпайды».
Топ басшылары шығып,тапсырмалар алады.Ойлануға 1мин,түсіндіруге 2мин.
А) мақал-мәтелдерді мағынасына қарай ашып,түсіндіру.
№1. «Қолы қимылдаған адамға кедейлік жоқ,аяғы қимылдаған адамға алыстық жоқ».
№2. «Жаман аттан аяғым артық,жаман жолдастан таяғым артық».
№3. «Екпей егін шықпас,үйренбей білім ұқпас».
Ә) әр топқа қима қағаз арқылы тапсырма беріледі,олар сол тақырып бойынша 5мақал айтулары керек.
1.Отан
2.Достық
3.Туған жер,ел.
Ойын «Түсін мені» (жалғасы).
3-бөлім
«Ойлан, тап» деп аталады.
А) Тапсырма магнитофоннан тыңдалады.
Әр топ айтылған жұмбақ жауабын үш тілде берулері керек.
№1. Өзі сондай қу,жүрген жері айқай шу.
№2. Маң-маң басқан маң басқан,шудаларын шаң басқан.
№3. Қыста ақ тон киемін,сәбізді сондай сүйемін.
Ә) Шығармашылық жұмыс.
Жаңа жұмбақ шештік,енді берілген тапсырмаларды алып,ойдан жұмбақ құраймыз. Қалған екі топ жауабын табады.
4-бөлім.
«Кім жаңылыспайды» ?
Магнитофоннан жаңылтпаш тыңдалып,жаңылыспай айтылуы керек.
№1. Дәу тау болады,тау дәу болады.
№2. Шүрегей сүңгігіш пе,сүңгуір сүңгігіш пе?
№3. Аңқау жалқауды жалқаусын дейді,жалқау аңқауды аңқаусын дейді.

ІІІ. Сабақты бекіту

Тесттік жұмыс.

№1. Ақ тайлақ ақ па,қара тайлақ ақ па?
А) Жұмбақ
Ә) Мақал
Б) Жаңылтпаш
№2.Тура мағынада айтылған ақыл сөз
А) Мақал
Ә) Мәтел

Ү. Қорытындылау

-Сабақ ұнады ма?
-Несімен ұнады?
-Мақсатқа жеттік пе?


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 26.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың мақал-мәтелдер туралы білім, білігін тереңдету,салыстыру,ажырата білу дағдылары мен оқу, талдау машықтарын қалыптастыру, мағынасын түсіне білуге үйрету.Мақал-мәтелдер тіліміздегі сөздің көркі екенін ұқтыру. Ана тілін ардақтап, бағалай білуге , сөз қадірін терең ұғуға тәрбиелеу. Оқушылардың логикалық ойлауын, ой дәлдігін

дамыту,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,түрлі амал-тәсілдер

арқылы іздендіру.

Сабақтың түрі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, іздендіру, сұрақ-жауап, ойын, талдау Көрнекілігі: слайдтар, тақырыптық кестелер, үлестірме қағаздар.


Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

2. Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау.


II.Өткенге шолу

1.Жұмбақ дегеніміз не?

2. Жаңылтпаш дегеніміз не?

3. Жаңылтпаш пен жұмбақтар айту.


III.Жаңа сабақ.

Мақал-мәтелдер дегеніміз не?

Мақал - мәтелдер-ауыз әдебиетінің бір түрі.Мақал-мәтелдерде көбінесе нақыл, ақыл айтылады.

Мақал-мәтелдер-халық даналығының,көрегендігінің айнасы,тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал-мәтелдер-өмір шындығының көрінісі,халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті,өмір сүру әрекетінің ережесі.

«Сөздің көркі-мақал» деп тегін айтылмаған. Мақал-мәтелдерді адам баласы өзі айтайын деген оймен орайластырып, орынды қолданса,сөзі мірдің оғындай өткір,көңілге қонымды,көркем әрі бейнелі болады.Мақал-мәтелдер аз сөзбен терең мазмұнды ойды бере алады.

IҮ.Мағынаны түсіну.

Оқулықпен жұмыс.

1 .Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

2. Еңбек түбі-берекет.

3. Нар тәуекел-ер ісі.

4 Ырыс алды-ынтымақ.

5. Өнералды-қызыл тіл.

6. Ұрлық түбі-қорлық.

7.Әке көрген оқ жонар,

Шеше көрген тон пішер.

8. Ақылды қария-ағып жатқан дария.

(мағынасын ашу, түсіндіру)


Сөздікпен жұмыс.

1.Зейнет-еңбек рақаты, жемісі, игілік

2.Елгезек-айтқанды екі еткізбейтін, тіл алғыш, пысық.

3.Мұрат-алға қойған мақсат, арман, тілек

4.Тәуекел-бір іске жалтақтамай батыл кіріскендік , белді бекем буғандық.

5 Батпан-қолақпандай, үп-үлкен.

6.Мысқал-болар-болмас, азғантай, кішкентай.

7.Шөміш-ожау.

Мақал-мәтелдер қосарланып айтылғанымен олардың өзара айырмашылықтары бар.Ол айырмашылықтар мақал мен мәтелдің ойды түсіндіру жағынан да құрылымы жағынан да байқалады.

Салыстыру.

МАҚАЛ

ҰҚСАСТЫҒЫ

МӘТЕЛ

Ой тиянақты, дәлелді,

салыстыру.

Аяқталған сөйлем, екі

бөлімді.

Халық ауыз әдебиеті

Сөйлем немесе сөз тіркесі, мағына тұспалды, қорытынды пікір, дәлелдеу жоқ.

МАҚАЛ

МӘТЕЛ

1.Тоқпағы күшті болса,киіз қазық жерге кірер.

2.Біреу тойып секіреді,біреу тоңып секіреді.

3.Еменнің иілгені - сынғаны.

Әлін білмеген әлек.

Көппен көрген ұлы той.

Ауырдың астымен, жеңілдің үстімен

Кестемен жұмыс

р/с

Мақал-мәтелдер

Тақырыптары

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

Ердің атын еңбек шығарар.

Өнер алды - қызыл тіл.

Тамшыдан тама-тама дария болар.
Сиырдың сүті тілінде.
Жігітті-жолдасынан таны.
Сабыр - түбі сары алтын.

Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен.

Ерлік білекте емес, жүректе.

Еңбек

Оқу, білім, өнер

Үнемшілдік

Төрт-түлік мал

Достық, жолдастық туралы

Адамгершілікке, жақсы-жаман туралы
Жақсылыққа үйрету

Ерлік, батырлық туралы

Кім көп біледі? ойыны

Мақал- мәтелдердің керекті сөздерін табыңыз?

Отан…да ыстық. (оттан)

Туған жердің……да шипа. (суы)

Елді………біріктіреді. сөз бұзады. (іс)

Ат жақсысын мақта,

Адам…… жақта.(жақсысын)

Адам….. ішінде, (аласы)

Мал …… сыртында (аласы)

Берекені көктен тілеме,

Бірлігі ….. көптен тіле.

Әкенің баласын болма,

Адамның …… баласы бол. (баласы)

Аттан …… озады, (жүйрік)

Атадан…… озады. (бала)

Үлестірме қағаздар.

Сұрақтың орнына дұрыс жауабын қойып,мақал-мәтелді аяқта.

1.Күлме кімге?

Келер басыңа.

2.Талаптыға не жауар?

3.Тіл не жарады?

4.Қандай үй базар

5.Жас келсе қайда?

6.Көрдім деген неше сөз,

Көрмедім деген неше сөз.

7. Ашу не?

Ақыл не?


Ү. Қорытынды.

Шығармашылық тапсырма

«Мақал - сөздің мәйегі» шағын шығарма.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 21.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Қанша арзан

Сабақтың мақсаты: Бірінші заттың екігші заттан қанша арзан екенін табуға үйрету. Ұқыптылыққа баулу. Танымдылық қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: қысқаша берілген сызбасы.

Оқыту әдісі: түсіндіру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


Психологиялық дайындық

1-ден 10-ға дейінгі санамақты айту


ІІ .Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Бірінші заттың екігші заттан қанша арзан екенін табуға үйрету. Ұқыптылыққа баулу. Танымдылық қабілетін дамыту.


ІІІ. Жаңа сабақ:

№ 1Есепті шығарту.

Алдаркөсенің 8 алтын ақшасы бар еді. Ол 3 алтын ақшасын жұмсады. Оның қанша ақшасы қалды?

- есеп не жайлы?

- алтын ақша

- есепте не белгілі?

-8 алтын ақшасы бар екені

- тағы не белгілі?

- 3 алтын ақшасын жұмсағаны

- не белгісіз?

- қанша ақшасы қалғаны

- оны бірдене таба аламыз ба?

- иә

- қалай табамыз?

- 8-3

-жарайсыңдар, керекті сөздерін кім айтады?

- бар еді, жұмсалды, қалды

- тақтаға келіп жазамыз.

А-8 алтын ақшасы А. шапаны-5 алт. ақша

Жұмсағаны-3 алтын ақша Етігі-3алт. ақша

Қалғаны-? алт. ақша 5+3=8

8-3=5 Жауабы: 8алт. ақша.

Жауабы 5алтын ақша

№ 2 Барлық мүмкін теңсіздіктерді жаз..

... >5 ... <5


№ 3. 7 0 + -- Өрнектер құрып, мәнін тапқызу.

Кел ойнайық! Бос орынға < ; >, = белгілерінің тиістісін қой.

  1. 5 2+2 7-3

  1. 8 6+1 10-4

  1. 3 9-5 1+3

  1. 7 5+4 9-2

6 4 8-5 9-6


Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Беске бесті қосқанда

Болады сонда он саусақ

Он саусақты жаттадық

Одан үш саусақты азайтып

Сонда қалды неше саусақ?


№ 4. Мысалдарды есепте.

10-1 9-3 8-5

7+2 6+4 7+1

5-4 4+4 6-3


№5. Мәндері бірдей өрнектерді оқы.

10 8 5 2

4-2 3+5 10-5 6+4 7-5 10-2 4-4 3+2


ІҮ. Сабақты қорытындылау. Біз бүгінгі сабақта нені табуды үйрендік?

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 22.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: 5 санын қосу және азайту
Сабақтың мақсаты: 5 санын қосу және азайту тәсілдерімен қосудың және азайтудың кестелік жағдайларын, екі амалдан тұратын есептеулермен таныстыру. Оқушылардың ізденуін, ойлауын оқығанын іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру. Ойын есептер арқылы оқушылардың логикалық ой - өрісін ойлау қабілеттерін дамыту. Математикаға қызығушылығын арттыру. Оқушыларды ұқыптылыққа, жылдамдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дамыта оқыту сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: слайд, карточка
Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Математика сабағын
Мен меңгеріп аламын
Қазір есеп шығарып
Ата - анамды қуантып
Бес деген баға алып барамын
(қолдарынан ұстап оқушылар, бір - біріне жақсы тілектер тілейді)
ІІ. Өткенді еске түсіру
- Қосу және азайту амалдарының атауларын ауызша сұрау.
- Карточкамен жұмыс
- Жарайсыңдар балалар барлығың өткен сабақты жақсы меңгеріпсіңдер. Олай болса балалар мына ойын арқылы үй тапсырмасын қорытындылайық
- Кел, ойнайық! Бос орынға белгілерінің тиістісін қой

ІІІ. Жаңа сабақ
Түсіндіру
Оқушылар мен жаңа сабақты мына санамақ жолдарымен бастағым келіп тұр. Осы санамақ арқылы бүгінгі өтетін сабағымызды анықтап алайық.
Бас бармағым - әкем
Балан үйрек - анам
Ортан терек - ағам
Шылдыр шүмек - әпкем
Кішкене бөбек - сен
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз
Сұрақ - жауап әдісі
Сендер бәрін 5 санын білесіңдер ме?
Енді балалар мен сендерге мынандай жұмбақ жасырайын.
Атамда менің 5 алма
Апамда менің 5 алма
Бәрін қосып санасақ
Болады сонда қанша алма (10)
Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтап алдық, сабағымыздың тақырыбы 5 санын қосу және азайту.
Сұрақ - жауап
5 саны қандай сан?
Оқушыларға осы тақырыпқа байланысты киелі сандардың бірі 5 санының құдіреті жайлы таныстырып өту.
5 саны
5 парыз: Құдайдың бірлігі мен Мұхамедтің пайғамбарлық қасиетін мойындау, намаз оқу, ораза тұту, қайыр садақа беру, қажылыққа бару.
5 қару: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта
5 намаз: таң намазы, бесін намазы, екінді намазы, ақшам намазы, жамшық намызы
5 жақсы: қара нар, жүйрік ат, қалың кілем, алмас қылыш, бұлғын ішік
5 қатер: от, жау, борыш, ауру, сөз
5 өсиет: топасқа сенбе, жауға иілме, әрқашан сақ жүр, аш үйге қонба, жарлыдан сый алма.
Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Екі қолды жинасам
Болады сонда он саусақ
(қимылмен көрсету)


Оқулықпен жұмыс:
№1. «Теңге алу ойыны»
5+1
5 - 2
5+5
5 - 4
5 - 3
5+4
5 - 1
5+2
№2
Төрт сан аттай отырып, алдымен сандарды өсу ретімен, содан соң кему ретімен, содан соң кему ретімен атау.
Кел, ойнайық! Бұлттардың арасынан есептің шешуін табайық.
«Кім тапқыр» ойыны
Көлден ұшты жеті қаз
Қайтып қонды екі қаз
Қонбады оның нешеуі
Қане кім тез шешеді (5)
Беспайда бар бес іні
Естайда бар екі іні
Қоссаң 5 пен 2 - ні
Неше екен шешуі (7)

ІҮ. Сабақты қорытындылау

Шығармашылық жұмыс
Асқардың, Талғаттың, және Дәулеттің әкелері - дәрігер, мұғалім, ұшқыш. Асқардың әкесі ұшқыш емес, Талғаттың әкесі мұғалім де, дәрігер де емес. Дәулеттің әкесі дәрігер емес. Кімнің әкесі қандай қызмет істейді?

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 23.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: 6 санын қосу және азайту

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, тапқырлыққа баулу, шапшандыққа тәрбиелеу. 6 саны цифрының үлгісі, оқулық, карточкалар, цифрлар.
Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, талдау.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Күнге қолдарыңды созыңдар.
Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы:
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.
5 санын қосу және азайту туралы білімдерін «Баспалдақ» ойыны арқылы пысықтау. Ойынға екі оқушы қатысады. Кім баспалдақ үстіне жетеді, сол оқушы көк туымызды желбіретеді.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, тапқырлыққа баулу, шапшандыққа тәрбиелеу. 6 саны цифрының үлгісі, оқулық, карточкалар, цифрлар.


ІҮ Жаңа сабақ:
№1. 6 санын қосу және азайтуды оқушыларды қатыстыра отырып түсіндіру
Оқулықпен жұмыс:
2. 3. 6 қандай сандардың қосындысы?
6+1=7 6-1=5 6-4=2
6+2=8 6-2=4 6-5=1
6+3=9 6-3=3
6+4=10
№2 жасыл және көк кесінділер ұзындықтарының қосындысын қызыл кесіндінің ұзындығымен салыстыр
Көк кесінді 4 см, жасыл кесінді 6 см, ал қызыл кесінді 10 см.
6 см+4 см=10 см 10см =10см

Сергіту сәті
Оң қолымда 5 саусақ,
Сол қолымда 5 саусақ.
5-ке 5-ті қосқанда болып
Қалды 10 саусақ.
«Шаршыны құрастыр!» танымдық ойыны
1. Қосылғыштардың компоненттерін атау
2. Азайғыштың компоненттерін атау
3. Қосуды немен тексереміз?
4. Кесіндіні немен өлшейміз?
№3. Сурет бойынша есеп құрастыр және оларды шығар
а) Шарты: көк ою-7
Сары ою-? 3-уі артық
Шешуі: 7+3=10
Жауабы: 10 ою
ә) қызыл ою-6
жасыл ою-4
барлығы-?
Шешуі: 6+4=10
Жауабы: барлығы 10 ою
Ү. Сабақты қорытындылау
Жаңа сабақты бекітуде «Кімде қанша?»

Танымдық ойыны арқылы бекітеміз?

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 24.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Есеп. Салыстыру

Сабақтың мақсаты: Есеп шығару,қосу мен азайтудың кестелік жағдайлары туралы білімді бекіту,жай есептердің мазмұны бойынша амалды таңдай алу білігін жетілдіру.Сөйлеу тілін,қабілеттерді,өздігінен әрекеттенуді дамыту.

Есептерді жазуға және салыстыруға.Терминдерді және амалдардың қасиеттерін түсіндіре отырып шығаруды қолдану біліктілігін дамыту. Тапқырлықты,ойлау қабілетін және шығармашылық қабілетті дамыту.

Көрнекілігі: Тапсырма жазылған слайдтар

Сабақ түрі: қайталау

Сабақа әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,өзіндік жұмыс


Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқу құралдарын дайындау,түгендеу


Психологиялық дайындық

Қайырлы күн,достар!

Бүгінгі күн,міне,

Сәттілікке толсын

Біздің алар бағамыз,

Кіл бестіктер болсын.


ІІ.Өткенге шолу

«Сен мұны білесің», «Ойлан, тап»


1.Аптада неше күн бар? (7 күн)

2.Бүгін аптаның нешінші күні? (Бейсенбі,төртінші күні)

3.Қосудың компоненттерін ата. (қосылғыш,қосылғыш,қосындының мәні)

4.Азайтудың компоненттерін ата. (азайғыш,азайтқыш,айырманың мәні)

5.Қосу амалының қасиетін айт. (ауыстырымдылық қасиеті)

6.Географиялық фигураларды ата.

(үшбұрыш,төртбұрыш,дөңгелек,шеңбер,кесінді,сәуле)

7.5 санының көршілерін атап бер. (4,6)

8.6 санының құрамын айтып бер. (5+1,4+2,3+3)

9. Санды немен белгілейміз? (цифрмен)

10.Мына сандарды өсу ретімен орналастыр

4,1,3,2,4-П,1-Е,3-Е,2-С.Сонда қандай сөз шықты? (Есеп)

Ендеше біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:Есеп. Салыстыру

Есептің шартты берлгілерін рет-ретімен орналастырыңдар.




ІІІ.Жаңа сабақ

«Ізденемін,ойланамын»

№1.Оқы.Есептерді салыстыр.Оларды шығар.

А)Ойыншық жасау үшін Дәурен 10 см қызыл және 5см жасыл жолақша қиып алды.Қызыл жолақша жасыл жолақшадан неше сантиметр ұзын?

Қызыл жолақша-10 см ?ұзын

Жасыл жолақша-5см

Ш: 10см-5см=5см

Ж:қызыл жолақша 5см ұзын

Есеп не туралы.

Не белгілі,не белгісіз?


Ә) Абзал 5см қызыл және 5см жасыл жолақша қиып алды да,ойыншық қайықтың бүйіріне желімдеді.Абзал барлығы неше сантиметр жолақша желімдеді?

Қызыл жолақша-5см

Жасыл жолақша-5см

Ш:5см +5см=10см

Ж:барлығы 10 см


Есептерді салыстыру

Ұқсастығы: 1Мазмұны: екеуі де жолақшалар жайлы,екеуі де есеп,

Айырмашылығы:1 -есепте неше сантимерт ұзын екендігі,2-сінде барлығы неше сантиметр жолақша екендігі сұралған.

«Мұны сен істей аласың,сенің қабілетің бар»


І ІІ ІІІ


№2 «Сен әуелі кіріс,кіріссең оны бітіру қиын болмайды»

Азайғышы 4 болатын 5 6

Айырмаларды ата.

Оларды мәндерінің өсу

ретімен жаз.


4-4=0 5-5=0 6-6=0

4-3=1 5-4=1 6-5=1

4-2=2 5-3=2 6-4=2

4-1=3 5-2=3 6-3=3

4-0=4 5-1=4 6-2=4

5-0=5 6-1=5

6-0=6

Сергіту сәті


«Бұл сендерге өте қажет»

1-ден 5-ке дейін екі тілде санау

1,2,3,4,5-1,2,3,4-1,2,3-1,2,3-1,2-1

«Сендер оны орындай алатындарыңа мен сенімдімін»

№3

5,4 және 9 сандарымен 8,3,5 7,2,5

тура теңдіктер құр.

5+4=9 5+3=8 5+2=7

4+5=9 3+5=8 2+5=7

9-4=5 8-3=5 7-2=5

9-5=4 8-5=3 7-5=2

«Есіңе сақта»

Шығармашылық тапсырма:

Әр суретте неше үшбұрыш бейнеленген?



ІҮ. Сабақты қорытындылау. «Сендер мақсатқа жеттіңдер»


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 25.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Өзіндік жұмыс №2

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Дүниетану

Күні: 21.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің топтары, мүшелері және олардың атқаратын қызметі.

Сабақтың мақсаты: Өсімдіктердің топтарымен, мүшелерімен және қызметімен таныстыру. Тілдерін, ойлауын, іс-әрекетін дамыту. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер,слайд

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: әңгімелесу, ойын, сұрақ-жауап, коментарий


Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

- сабаққа назарын аудару


Психологиялық дайындық.

Табиғат-ел анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Табиғат, тіршіліксіз тұнып тұрған,

Сен күнсің көтерілген күліп қырдан.

Сен-көлсің,

Сен-ормансың

Сен-бұлбұлсың

Адамды сұлулыққа құнықтырған.

Сен жарықсың,

Сен жерсің,

Сен ауасың

Сен анамсың

Бәрі менің өмірім сен сыйлаған.


-Балалар,қалай ойлайсыңдар,өлең не туралы?

-Табиғат туралы қай сабақтан оқып білеміз?

-Олай болса сабағымызды бастайық


ІІІ-Жаңа сабақ

-Балалар,табиғат нешеге бөлінеді?

-Тірі табиғатқа нелерді жатқызуға болады?

-Бүгін табиғаттың бір бөлігі-өсімдіктер туралы оқып,білеміз /түсіндіру/

Оқулықпен жұмыс

-Мәтінмен таныстырып шығу

-Тізбектеп оқыту

Өсімдіктер



Ағаштар бұталар шөптер


Өсімдіктердің түрлеріне: ағаштар, бұталар, шөп тектес өсімдіктер жатады.
Ағаштарға : емен, қайың, қарағаш, тал, жөке, жеміс ағаштары.
Бұталарға: шырғанақ, жыңғыл, бөртегүл.
Шөп тектес өсімдіктерге: бақбақ. раушангүл, құлпынай, қоңыраугүл, қалампыр, қызғалдақ, т.б. жатады.
Олардың ерекшелгіне тоқталатын болсақ ағаштардың - тамыры тереңге жайылады, діңі жуан болады және бұтағы, жапырағы болады.
Бұталардың - діңі болмайды, бірнеше қатты бұтақтары, ағашқа қарағанда аласа болады.
Шөп тектес өсімдіктердің - бойы аласа, сабақрары жіңішке жұмсақ, шырынды, жасыл болады, гүлі және жемісі болады.
Оларға қорек, ауа, жарық, су - өсімдіктің тіршілігіне қажетті ерекше жағдайлар болып табылады. Өсімдіктің қорегі топырақта болады. Топырақ - жердің беткі құнарлы қабаты. Өсімдік тамырлары жер астында, топырақ арасында болады.
-Өсімдіктер жақсы өсу үшін не қажет?
-Өсімдіктердің қандай пайдасы бар?
-Олар қалай өседі?
-Қайда өседі?
-Өсімдіктерді қайдан көріп жүрсіңдер?
-Қандай өсімдіктерді көріп жүрсіңдер?


Өсімдік мүшелері


гүлі сабағы жапырағы тамыры


ІV. Қосымша тапсырма

1/Ағаш, гүл атауларын ата

2/Өсімдік туралы сөзжұмбақ шешу

3/Жұмбақтар шешу


V. Сабақтың қорытындылау Балалар бүгін біз не туралы өттік? Балалар, сендерге сабақ түсінікті болды ма?

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Бейнелеу өнері

Күні: 23.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Графиканың әсерлеуші құралдары
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды бейнелеу өнерінің түрі графикамен таныстыру, графиканың әсерлеуші құралдарын меңгеру арқылы сурет өнеріне қызығушылықтарын қалыптастыру. Көзбен көріп есте сақтау, бейнелі ойлау, байқағыштық қабілеттерін дамыта отырып графикалық дағдыларын қалыптастыру. Табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білуге баулу арқылы эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.
Көрнекілігі: иллюстрация, слайд, оқушылар шығармашылығы.
Жабдығы: ақ қағаз, жай қарындаш, өшіргіш, түсті қарындаш, фломастер.
Түрі: сарамандық жұмыс.
Әдісі: салыстыру, талдау, түсіндіру, бағалау.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың оқу - құралдарын тексеру.


ІІ. Өткен сабақтағы тақырыпты аяқтау

Көрме ұйымдастыру, оқушылар суреттерін қорғайды.

ІІІ. Өткенге шолу. «Сәйкестендіру»
Автопортрет-----------------Көркем шығармалық көрменің салтанатты ашылуы
Аппликация-----------------Жабыстыру немесе қиыстыру арқылы орындалған көркем шығарма
Батальды жанр------------Кеуделік мүсін
Бюст---------------------------Соғыс тақырыбы бейнеленген көркем шығарма
Вернисаж--------------------Адамның өз келбетін өзі бейнелеуі
Маринист-------------------Кептірілген өсімдіктерді пайдалану арқылы жасалған көркем шығарма
Икебана---------------------Теңіз көрінісін бейнелейтін суретші
ІҮ. Жаңа тақырып.

Ой қозғау: Бейнелеу өнерінің адам өміріндегі маңызы қандай?
Графика - бейнелеу өнерінің түрі. Шығармалар тек бояулармен ғана орындалмайды. Олар қарындаш, тушь, қаламұш және басқа да графика құралдарымен бейнеленуі мүмкін. Егер шығармадағы басты әсерлегіш құрал сызық, штрих, дақ болып келсе, онда бұл - графика. Графика туындылары тек ақ - қара түсті болып қана қоймай, түрлі түсті де болады. Бірақ түс графика шығармаларында маңызды емес. Мұндағы басты әсерлегіштер - сызық, және штрих. Штрих - көп, біртектес сызықтардың жиынтығы. Штрих түзу, доғал, көлбеу, т. с. с. болу мүмкін. Тіпті «түсті графика» деген түсінік те бар. Түсті графиканы сен әрдайым өзіңнің сүйікті кітаптарыңды ашып, ондағы суреттерді тамашалаған кезде көресің. Ал олардың дұрыс атауы - иллюстрация. Слайд арқылы оқушылар графика туындыларын тамашалайды, талдау жасайды. (Леонардо да Винчи «Автопортрет», И. Репин «Санкт-Петербург: Невский проспект», Ә. Қастеев «Арасан Қапал», «Пионерлер лагері», «Жасөспірім»).

ҮІ. Сарамандық жұмыс.

Жұмыс барысын мұғалім толығымен өзі көрсетіп түсіндіреді. Әр түрлі сызықтарды пайдалана отырып түрлі қызықты бейнелер жасауға болады. Мұғалім сызықтардың түрлерін (түзу, қисық, ирек, сынық сызықтар) тақтаға сызып көрсетеді. Әр сызықты белгілі бір бейнені салғанда қолдануға болады. Мысалы, түзу сызықтарды үйді, фигураларды, т. б. бейнелегенде қолдануға болады. Ирек сызықтарды толқын, т. б. бейнелегенде қолданамыз. Слайд арқылы жай және түсті қарындашпен орындалған суреттерді көрсетеді. Оқушылар графиканың әсерлеуші құралдарын қолдана отырып композициялық сурет орындайды. Мұғалім әр оқушыға жекелей көмек көрсетіп бағыт бағдар береді.

Сергіту сәті. Оқушылар жылдам әуен ырғағымен бір - біріне әзіл сурет орындайды.

ҮІІ. Қорытынды.

Кері рефлексия. Оқушылар алған білімдерін түйіндеп стикерлерге жазады, үш бағаналы таблицаға жапсырады:
Білемін Білдім Білгім келеді
Оқушылар жұмыстарды өзара бағалайды. Бағалау параметрлері: композициялық шешім, ұқыптылық, суреттің аяқталуы. «көрме ұйымдастыру».


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Еңбекке баулу

Күні: 25.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Ойыншықтар құрастыру

Сабақтың мақсаты: Сәндік өнер туралы түсінік беру. Дұрыс бұйымдар жасауға үйрету. Бұйымдар жасай білуге жаттықтыру. Түрлі материалдарды қолдана білуге үйрету. Түрлі материалдарды дұрыс қолдану арқылы оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету

Сабақтың көрнекілігі: түрлі-түсті қағаздар, желім, қайшы

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ-жауап, әңгімелесу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

-балалардың назарын аудару

-құрал-жабдықтарын дайындату


ІІ. Жаңа сабақ

- Балалар мына суреттерге назар аударыңдар. Мына суреттерде нелер

бейнеленген?

- Ойыншықтар суреттері

- Олар қандай екен?

- Әртүрлі

- Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

Ойыншықтар құрастыру

ІІІ. Сараптамалық жұмыс

Тапсырма

- Өздерің қиялдарымызбен ойыншықтарды ақ қағазға бейнелеп, түрлі-түсті қағазбен желімдеп аяқтаймыз.



ІҮ. Сабақты қорытындылау

1. Ойыншықтар дегеніміз не?

2. Ойыншықтар неден жасалады?

3. Ойыншықтарды қағаздан жасауға бола ма?

4. Ойыншықтар түрлерін атаңдар?

5. Ойыншықтардың адамға зияны бола ма?


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Еңбекке баулу

Күні: 26.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Оригами тәсілімен жаңырауқұлақ жасау
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды түрлі - түсті қағаз қиындыларынан саңырауқұлақ жапсырмалауға үйрету. Қайшымен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету. Қолдың ұсақ бұлшық еттерін жетілдіру, көзбен мөлшерлей білуге, қағазды үнемді пайдалануға дағдыландыру. Алған білімін іс жүзінде қолдана білу арқылы ой - өрісін
дамытып, өз ойын толық жеткізе білуге баулу, сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау. Оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттыру, өзінің жұмыс орнын ұқыпты ұстауға баулу, эстетикалық талғампаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдістері: көрсету, сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын әдістер
Сабақтың көрнекілігі: еңбек, ойын құралдары, ереже, слайд, т. б.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) Психологиялық дайындық:
Балалар, қазір болатын сабағымыз - еңбекке баулу. Бізге бүгін қонақтар келіпті. Сабағымыз бүгін ерекше болмақ. Олай болса сабағымызды «Үндеме, бірақ қайтала» деген ойынмен бастайық.

Мақсаты: оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Шарты: мұғалім сабаққа қажетті құралдарды көрсетеді, оқушылар үндемей өз орында отырып құралдарын көрсетуі тиіс.

II. Жалпы білімді тексеру
а) «Негізгі түстер қызығы» ойыны.
Мақсаты: оқушылардың білім деңгейін анықтау.
Шарты: түстердің ішіндегі сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтары:
1. Қағаз дегеніміз не?
2. Қағаздың қасиеттерін ата.
3. Қағаздың түрлерін ата.
ә) «Жануарды таны» ойыны.
Мақсаты: оқушылардың есте сақтау қабілетін анықтау.
Шарты: көбелек туралы мәліметтерді еске түсіру.
Жасаған көбелектері туралы сұрау.
III. Жаңа білімді үйренуге дайындық
а) Қызығушылығын ояту: «Кім тез табады?»
Мақсаты: оқушылардың қызығушылығын ояту.
Шарты: суретте берілген көбелектерді санау, ерекше көбелекті табу.
ә) Ой қозғау: саңырауқұлақ туралы не білеміз?
б) Ақпараттық мәлімет.

IV. Жаңа білімді түсіндіру
а) Мозаика құрастыру туралы айту.
ә) Слайдпен жұмыс.
б) Мұғалімнің көрсетуі.

V. Жаңа білімді бекіту
а) Қауіпсіздік ережелері:

Қайшымен жұмыс жасау қауіпсіздігі
1. Еңбек сабағына арналған ұшы доғал қайшыны пайдалан.
2. Қайшыны тек Өз жұмыс орныңда ғана пайдалан.
3. Қайшының ұшын жоғары қаратып ұстама.
4. Қайшыны ашық күйінде қалдырма.
5. Екінші адамға қайшыны жабық түрінде сабы жағымен ұсын.
6. Қайшымен қию кезінде жүрме, ешкімге жақындама.
7. Қайшының алмасына зер салып қи.
8. Жұмыс соңында қайшыны қабына салып қой.

Желіммен жұмыс жасау қауіпсіздігі
1. Желімнің қақпағын абайлап аш.
2. Қағазға ұқыпты, керегінше жақ.
3. Артығын сүрткішпен алып таста.
4. Қолыңды сүрткішпен сүрт.
5. Жұмыс соңында қақпағын жауып, орнына қой.
Қылқаламмен жұмыс жасау қауіпсіздігі
1. Қылқаламды қажетті уақытта ғана ұста.
2. Қылқаламды дұрыс ұста.
3. Қылқаламның ұшымен қағазды абайлап үз.
4. Қылқаламды ешкімге нұсқама.
5. Жұмыс соңында қылқаламды орнына сал.

ә) Практикалық жұмыс.
- қайшымен қию арқылы оригамми жасау

- қылқаламмен үзу арқылы оригамми жасау
- қағазды майдалап жырту арқылы оригамми жасау

б) Сергіту сәті.

в) «Саңырауқұлақ» сөзін буынға бөлдіру, тасымалдату, әріптерінен сөз құрату.
VI. Жаңа білімді қорыту
а) Балалар, бүгінгі жұмыс ұнады ма?
ә) Не жасап үйрендік?
б) Көрме ұйымдастыру.
в) Жұмыс орнын жинау.


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Музыка

Күні: 21.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Жақсылыққа жол ашқан сиқырлы аспап (домбыра)

Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының музыкалық мұрасы - домбыраның шығу тарихы, түрлері, домбыраның құрылысы жөнінде мағлұмат беру. Домбыраның үні құпия, сиқырлы, әсем болса, оны бейнелеп, жасау соншалықты сан алуан шеберлік пен қажырлы еңбек етудің нәтижесі екенін ұғындыру арқылы оқушылардың ұлттық сана - сезімін оятып, қазақтың қара домбырасының асыл қасиетін қастерлей білуін ұғындыру. Домбыра аспабы туралы әндер үйрене отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Домбыра, үнтаспа, слайд.

Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Дауыс жаттығуын жасау.


ІІ. Өткенге шолу

Ноталарды тақтаға ілу арқылы сұрақтарға жауап алу.

ІІІ.Жаңа сабақ.
Үнтаспадан күй тыңдату. Н. Тілендиевтің «Ата толғауы» күйі тыңдатылады.
Осы күйде кездесетін аспаптарды оқушылар өздері ажыратады
- Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары дегенде көз алдымызға не елестейді?
Қазақтың ұлттық аспаптары туралы не білеміз?
Білгенімізді қағазға түсірейік. Оқушылар өз білгендерін қағазға түсіреді. Өз жазғандарын тақтаға шығып түсіндіреді.
- Домбыра аспабының құрылысын есімізге түсірейік?
Бас, құлақ, шайтантиек, мойын, перне, шанақ, қақпақ, тиек, түйме, астыңғы ішек, үстіңгі ішек.
Домбыраны қолыңызға алған кезде қандай ойда боласыз? Қалай жасалады екен, кім жасайды екен, оның түрлері бар ма деген сұрақтар келетін болар. Міне, бізде осы сұрақтарға жауап іздеп көрдік. Сонымен алғашқы танысуды шағын ғана шеберханадан бастасақ.
1. Мынау домбыра жасайтын шеберхананың жалпы көрінісі
2. Шеберлердің ұлттық аспаптарды жасайтын құралдары қарапайым тілмен айтқанда қару - жарағы:)
3. Шеберлер жұмыс үстінде
Бүгін біз домбыра туралы білімімізді толықтыратын боламыз.
Ең алдымен домбыраның шығу тарихы мен таныстырайын. (2 оқушыға домбыра туралы слайдтан оқытамын.. Домбыраның суреті слайдтта көрсетіледі.)
Домбыра - ерте заманнан бері халқымызбен бірге келе жатқан, оның рухани жан серігіне айналған музыкалық аспаптардың бірі. Домбырыда күй, терме, ән қосылып орындалады. Күй, терме - қазақ халқының музыкалық мұраларының бірі. Ол әр түрлі аспапта орындалуына байланысты қобыз, сыбызғы және домбыра күйлері деп аталады. Домбыра екі, кейде үш шекті шертіп немесе қағып ойнайтын музыкалық аспап ретінде танымал. Қазақ жерінін әр өлкелерінде тұратын халық шеберлері домбыраны өз қалауынша әр түрлі үлгіде жасады. Оған қайың, қарағай, жөке, шырша, үйеңкі ағаштарын пайдаланған.
Домбыраның шанағын бөлшек ағаштардан ойып жасады. Алғашқы кезде перне саны 5 - 7 дейін болса, кейін 9 - 19 дейін жеткен. Қазақстан жерінде домбыра пішіні түрлі болған.
Мысалы: Оңтүстік пен батыс өлкелерінде сопақшаланып немесе дөңгеленіп келсе, ал орталық, сол түстік және шығыс өлкелерінде, көбіне домбыра шанағының бұрыштары үшкірленіп жасалынған.
6000 жылдық тарихы бар аспапты қазіргі таңда шеберлердің әр қайсысы өзінің білгенінше дайындап жатыр. Алайда оларға ешқандай кінә таға алмайсын, себебі бұл аспапты дайындаудың әлі күнге дейін мемлекеттік стандарты жоқ. Ал стандарт болу үшін арнайы зерттелуі қажет. Домбыра аспабының шығу тегін зерттеуде аңыз - әңгімелерге жүгінуге болады.
Енді балалар домбыра аспабының қасиеттілігі қандай екенін айтайық. Плакатқа оқушылар жазады.
Домбыра - еңбекқорлыққа үйретеді.
Домбыра - шежірені білуді талап етеді
Домбыра - адамның ішкі - жан дүниесін емдеп, көңілін көтереді, денсаулықты нығайтады.
Домбыра - иманды болуға жол ашады.
Домбыра - әдебиеттің дамуына ықпал етеді.
Домбыра - жарысу мен таласуға, ізденуге баулиды.
Шығармашылық жұмыс. Сабақтан алған әсерін қағаз бетіне түсіріп 5 - 6 сөйлемнен тұратын эссе жазып береді.
ІҮ. Қорытынды:
Оқушылар қағазға бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып, тақтада оқиды.
Бағалай. Үйге тапсырма: «Домбыра туралы баллада» әнін жаттап келу


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Музыка

Күні: 28.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Жақсылыққа жол ашқан сиқырлы аспап (домбыра)

Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының музыкалық мұрасы - домбыраның шығу тарихы, түрлері, домбыраның құрылысы жөнінде мағлұмат беру. Домбыраның үні құпия, сиқырлы, әсем болса, оны бейнелеп, жасау соншалықты сан алуан шеберлік пен қажырлы еңбек етудің нәтижесі екенін ұғындыру арқылы оқушылардың ұлттық сана - сезімін оятып, қазақтың қара домбырасының асыл қасиетін қастерлей білуін ұғындыру. Домбыра аспабы туралы әндер үйрене отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Домбыра, үнтаспа, слайд.

Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Дауыс жаттығуын жасау.


ІІ. Өткенге шолу

До ре ми фа соль ля си до

До си ля соль фа ми ре до

ІІІ.Жаңа сабақ.
- Балалар қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары дегенде көз алдымызға не елестейді?
Қазақтың ұлттық аспаптары туралы не білеміз?
Білгенімізді қағазға түсірейік. Оқушылар өз білгендерін қағазға түсіреді. Өз жазғандарын тақтаға шығып түсіндіреді.
- Домбыра аспабының құрылысын есімізге түсірейік?
Бас, құлақ, шайтантиек, мойын, перне, шанақ, қақпақ, тиек, түйме, астыңғы ішек, үстіңгі ішек.

Аңыз әңгіме
"Ертеде бір хан қызының кедей жігітпен көңіл жарастырғанын сезіп қалады да жігітті дереу дарға астырады. Екі қабат болып қалған қыз мезгілі жетіп босанады. Оны аңдыған мыстан кемпір егіз баланы көз көрмес, құлақ естімес, алыс жерге апарып, жап - жасыл үлкен бәйтерек басына ұлды батысқа, қызды шығысқа қаратып іліп кетеді. Сәбилердің көз жасы тамған бәйтерек солады, жүрегі тоқтаған нәрестелермен бірге ағаш та қуарады.
Қаңқу әңгіме халық арасында жата ма, оны естіген ана егізін іздеп жолға шығады. Жолдан шаршаған ана ағаш түбіне келіп, демалады Құлағына күмбірлеген сарын естіледі. Қайдан шығатын әуен екенін білгісі келіп ағаш үстіне шығып тыңдаса, жаңағы бәйтерек сынып кетеді. Ағаштың түбінен басына дейін іші қуыс екенін көреді. Екі басына бұтақтан - бұтаққа керіліп қалған ішектерді көреді. Екі ішек самал желмен тербеліп, одан әуен шығады екен. "Егіз құлынымнан қалған жұрнақ осы болар" деп сол ағаштан аспап жасап алады. Батысқа қараған ішегі бостау, шығысқа қараған ішегін қаттылау керілген екен. "Астыңғы ішек - жіңішке дауысты қызым Зарлық, ал үстіңгі ішек - бос қоңыр дауысты ұлым Мұңлық болсын" деп екі ішекке ат қойып, домбырасын тартып, күй шығарып кеткен екен" дейді аңыз - әңгіме туралы еңбегінде этнограф Өзбекәлі Жәнібеков.
Зерттелген деректерге байланысты Кемел Ақышев бастаған бір топ ғалымдар домбыраны нелит д. д. 4000 жыл бұрын тастарға сылынып, ең алғаш қыпшақ нотасымен таңбаланған деседі..

Енді балалар домбыра аспабының қасиеттілігі қандай екенін айтайық. Тақтаға оқушылар жазады.
Домбыра - еңбекқорлыққа үйретеді.
Домбыра - шежірені білуді талап етеді
Домбыра - адамның ішкі - жан дүниесін емдеп, көңілін көтереді, денсаулықты нығайтады.
Домбыра - иманды болуға жол ашады.
Домбыра - әдебиеттің дамуына ықпал етеді.
Домбыра - жарысу мен таласуға, ізденуге баулиды.
Шығармашылық жұмыс. Сабақтан алған әсерін қағаз бетіне түсіріп 5 - 6 сөйлемнен тұратын эссе жазып береді.

Ал қазір осы домбыра аспабы туралы ән үйренейік. Ол Кеңес Дүйсекеевтің сөзіне жазылған Шөмішбай Сариевтің әні « Домбыра туралы баллада»
Әнді алдымен өзім орындап беремін. Қиындық келтіретін жерлеріне тоқталып өтемін. Әннің әуенін үйрету.
Дәптермен жұмыс. Әннің сөзін көшіріп жазу.
Қазіргі XXІ ғасыр музыкасымен байланыстырып мысал келтіріп "Ұлытау" тобы жайлы айтып кетуге болады. Оқушыларға сұрақ қойылады.
Оқушылар бізді бүкіл әлемге танытып жүрген қай топты білесіңдер? (оқушылардың жауабы "Ұлытау" тобы.) Яғни олардың музыкалары қазіргі заманға сай етіліп жазылған. Орындалатын күйлерінде электрондық гитара, скрипка және қазақтың ұлттық домбырасы.

Тексерілді: Каличенко Л.С

Пәні: Өзін-өзі тану

Күні: 26.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Сыйласаң - сыйлы боласың

Сабақтың мақсаты: Дос, туыс, жақын адам арасындағы өзара сыйластық туралы түсініктерін кеңейту, дос, туыс, жақын адамдарына деген сүйіспеншілікті арттыру, достық, туыстық, сыйластық қарым қатынас жасай білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


Шаттық шеңбері

Адамдар арасында бірлік болса, олар ынтымақта, тату-тәтті өмір сүреді. Өзара сыйласып, ұйымшылдық көрсеткен кезде ғана бірлікке қол жеткізуге болады

Өмірлік сый

Анасы: Сендер тағы да ренжісіп қалғансыңдар ма, апалы-сіңлілісіңдер ғой, бір-біріңе кешірімді болсаңдар қайтеді?

Әмина: Мен тек үлкен болғандақтан ғана оны үнемі кешіре беруім керек пе?

Анасы: Сенің ақылың бар ғой, мен әрқашан саған арқа сүйеймін.

Әмина: Оның мені тыңдағысы келмейді.

Жасия: Әмина неге мені тәрбиелейді? Ол менің анам емес қой. Мен не себепті оны тыңдауым керек?

Анасы: Әпкең немесе ағаң сен үшін өмірдің баға жетпес сыйы, әрқашан бір-біріңе көмектесулерің керек.

Егер осы сыйдың құндылығын бағалай білмесең, күндердің күнінде оны жоғалтып алуың мүмкін.

Әмина: Сыйдың осындай болғаны өкінішті-ақ!

Анасы: Сіңліңнің саған деген қарым-қатынасының осылай болатын себебі: сен онымен ойнамайсың, оған дұрыс көңіл бөлмейсің, ол соны армандайды.

Жасия: Иә, мен үшін ең қызығы - әпкеммен ойнау.

Анасы: Сендерге бір-біріңмен тату, бірлікте өмір суру керек екендігін қалай түсіндірсем екен!?

· Сендер анасының сұрағына қалай жауап берер едіңдер?

· Апалы-сіңлілер неге үнемі керісе береді?

§ «Әпкең мен ағаң - өмірдің баға жетпес сыйы» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Татулық - табылмас бақыт

Халық мақалы

Берілген жағдаяттардың шешімдерін табыңдар.

¯ Марат пен Саматқа «Жас техниктер» үйірмесінде ұшақтың макетін жасау тапсырылды. Мараттың жасаған макеті барлық баланы қызықтырып, таң қалдырды.

Ал Самат қанша талпынғанымен, өзі жасаған макетке көңілі толмады. Бұған Самат қатты налыды.

· Балаларға татулықтарын сақтау үшін қандай кеңес беруге болады?

¯ Марат балалармен де тату ойнай алатын еді. Сыныптағы барлық бала Маратпен ойнағысы келетін. Барлық уақытта сыныптас­тарына ықтиярымен көмектесуге дайын тұратын, қолында барын аямайтын.

Ал Самат болса, өз заттарын қызғыштай қорып әлек болумен шаршайтын. Саматқа осындай қылықтарынан соң балалар да көп жоламайтын болды.

· Саматты қалай көпшілдікке үйретуге болады?

¯ Марат Саматқа ойыншықтарын балалардан қызғануының дұрыс еместігін ескерткені сол еді, Самат өкпелеп, бұртиып ешкіммен сөйлеспей қойды.

· Достарының алдында сыйлы болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет?


Бата

Ұзақ болсын ғұмырың,

Биік болсын тұғырың!

Ақиықтай қыран бол,

Абылайдай ұран бол!

Өнегелі, өрісті,

Елін сүйген ұлан бол!

Деп аталар өрелі

Баталарын береді.


ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Логика әлемі

Күні: 26.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Суретті аяқта

Сабақтың мақсаты.

1.Түстерді ажыратуға,қиял мен зейінді тұрақтату

2.Қиялдау,елестетуді дамыту

3.Ізденімпаздыққа тәрбиелеу


Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру бөлімі

Ми гимнастикасы.

«Басты шайқау». Жаттығу ойлау қабілетін жақсартады. Терең демал, иығынды бос ұстап, басыңды алға таста. Денедегі ауырлық түскенше басынды ақырын әрі - бері айналдыр. Иегінді бір сызықтың бойымен кеуде тұсына әкел. Осылай отыз секунд жаттығу жаса.


Ширату.

1.Жисақ - таяқ,

Жазсақ - сая.(қолшатыр)

2. Қабат - қабат қаттама,

Ақылың болса аттама.(кітап)

3. Құстай ұшар,

Қанатты темір тұлпар.(ұшақ)

4. Орманда тұрады, өзі бір қу,

Жүрген жері у-шу.(түлкі)

5. Қалың киімді ұнатар,

Шешіңдірсең жылатар.(пияз)


Тапсырма №1. Суретті мұқият қара,аяқтап сал.Боя. Қандай фигуралардан тұратынын айт.



Тапсырма - 2. Аралардың гүлдерге баратын жолын көзбен анықта. Торкөзге цифрмен белгілеп жаз. Гүлдерді әртүрлі түске боя. Аралардың қанатын гүлге сәйкесболатындай етіп түрлі түсті қарындашпен боя.

Жауабы: 1 - 2 қызыл, 2 - 4 көк, 3 - 1 сары, 4 - 3 қоңыр түске боялған.


Көңілді үзіліс.

Теңіздегі толқынды бейнелейтін қозғалыс.

Толқиды теңіз - бір!

Толқиды теңіз - екі!

Толқиды теңіз - үш!

Теңіз толқыны, тоқтап қал!

Осы кезде «толқындар» тоқтайды.


Тапсырма - 3. Көгершіндерді сана. Санын жаз.

Жауабы: барлығы 12 көгершін.


Тапсырма-4 Қуыршақты боя.



Көзге арналған жаттығулар.

Уқалау қан айналымын күшейтеді, көз бұлшық ет тарамдарының зат алмасуын жақсартады, көз бұлшық еттерін нығайтады.

a) Үш саусақпен маңдайды дөңгелете уқалап, самайға қарай ауысуы.Уқалаудың алдында және кейін маңдайды сипалау.

ә) Жоғары қарау.Сағат тілі бойынша көзді айналдыра жүгірту.Жоғары қарау.Төмен қарау.Оң жаққа қарау.Сол жаққа қарау. (3-4 рет)


Тапсырма-5.Заңдылықты сақтап, суретті аяқта. Олардың төрт түсті қарандашпен боя.

Жауабы: тізбектегі шаршы екі түрде орналасқан.Олардыкөк, сары, қызыл, қоңыр түске заңдылықты сақтап бояуға болады.Бояу түрлерін балалардың өздері таңдауға мүмкіндік туғызу керек.Сонымен қатар заңдылықты сақтау керектігі ескеріледі.


Сабақты қорытындылау: Не үйрендік?


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Логика әлемі

Күні: 28.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Суретті аяқта

Сабақтың мақсаты:

1.Түстерді ажыратуға,қиял мен зейінді тұрақтату

2.Қиялдау,елестетуді дамыту

3.Ізденімпаздыққа тәрбиелеу


Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру бөлімі


Ми гимнастикасы.

Ширату.

Көктайғақта таймау үшін, аттың тұяғына тағылатын темір- таға.

Жарысқа түсетін жүйрік жылқы- сәйгүлік.

Гүл шырынынан ара арқылы алынатын шипалы тәтті тағам- бал.

Ұсақтап туралып, майға қурылатын ет- қуырдақ.

Жылқының майлы етінен ішекке салып жасалатын тағам-қазы.


Тапсырма-1.Саматтың қолында сары,қоңыр және қызыл түсті үш қарындаш бар.Қарындаштарды тиісті түспен сызық арқылы қос:

а) қызыл қарындаш сарыдан,ал сары қарындаш қоңырдан қысқа.




ә) сары қарындаш қызылдан,қызыл түсті қарындаш қоңырдан ұзынырақ.


б) қоңыр қарындаш сарыдан ұзынырақ, ал сары қарындаш қызылдан қысқа.


Тапсырма-2 Кәусарға қуыршаққа апаратын ең қысқа жолды көрсет.Оны көгілдір түспен,ал ең ұзынын қызылмен боя.


Көңілді үзіліс.

Көгілдір аспанда күн күлімдеп,

Ғарышкер зымыранда ұшып бара жатыр.

(Қолды жоғары созу.)

Ал төменде орман, алаң,

Жерге кілемдей төселді.

(Қолды екі жаққа жайып, алға төмен иілу.)


Тапсырма-3.Сөздерді мұқият оқы Оларға қалауынша әріп қосып, бірнеше сөз жаз.

Жауабы: жаз-қаз,таз,саз; бүйе-күйе,түйе,сүйе; арыс- тарыс,жарыс,қарыс.


Тапсырма-4. Айнұр,Камила және Кәусар үшеуі көк,сары,ақ түсті көйлектер киген.Айнұрдың көйлегі ақ емес,Камиланың көйлегі ақта,сарыда емес.Қыздардың көйлектерінің түстері қандай?

Жауабы: Камила-көк,Айнур қызыл,Кәусар-сары.

Көзге арналған жаттығулар.

а) Жоғары қарау.Төмен қарау.Оң жаққа қарау.Сол жаққа қарау.

ә) Сағат тілі бойынша көзді айналдыра жүгірту.Жоғарыдағы жаттығуларды керісінше қайталау.


Тапсырма-5.Дананың тұратын үйі жасыл да,кішкентай да емес.Мәриям сол жақтағы үйде тұрады.Ал Әлия қай үйде тұрады ?


Сабақты қорытындылау:

Балалар бүгін біз қандай тапсырмалар орындадық?

Орындаған тапсырмаларын түсінікті болды ма?

Қиналған тапсырмаларың бар ма?


сТексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Қызықты грамматика

Күні: 22.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Өз біліміңді тексер

Сабақтың мақсаты:Көргенін сауатты да қатесіз жаза білуге үйрету Ой өрісін, есте сақтау, байланыстырып сөйлеу дағдысын арттыру. Көркем де сауатты жазуға баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: тақырыптық суреттер, қима қағаз

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, талдау, ізденіс, комментарий.

Пәнаралық байланыс: ана тілі


Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.


II.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі

Мәтін дегеніміз не?

Мәтіннің қандай түрлері болады?

Мәтіндегі әрбір ой қандай жолдан бастап жазылады?


IV. Мақсат қою кезеңі

Көргенімізді қатесіз жазамыз


V. Жаңа тақырып

Л л әрпін көркем жазу

Мәтінмен жұмыс

Алғыс

Балалар мектепке келе жатты. Бір әжей құдықтан су алып жатыр еді. Дәулет әжейге құдықтан су алып берді.тӘжей қуанып, Дәулетке алғыс айтты.

Сурет бойынша жұмыс

Ауызша әңгіме

Өз бетімен жұмыс

Алғыс мәтінін көру арқылы жазу


Мәтіндегі сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы табу


VI. Сабақты қорытындылау.

Балалар сендерге сабақ ұнады ма? Нені үйрендіңдер?

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Қызықты грамматика

Күні: 29.12.2015

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің құрылымы

Сабақтың мақсаты:Сөйлемдегі сөздердің байланысы, олардың құрамы туралы түсінік беру. Қамқорлақ мәтінінің мәнін ашу. Ой өрісін, есте сақтау, байланыстырып сөйлеу дағдысын арттыру. Көркем де сауатты жазуға баулу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: тақырыптық сурет, қима қағаз

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, талдау, ізденіс, комментарий.


Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.


II.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі

Мәтін дегеніміз не?

Мәтіннің қандай түрлері болады?

Мәтіндегі әрбір ой қандай жолдан бастап жазылады?


IV. Мақсат қою кезеңі

Суретпен жұмыс

Сурет мағынасына байланысты тақырып қою

Олай болса бүгінгі сабағымызда қамқорлық, көмек көрсету туралыәңгімелейміз


V. Жаңа тақырып

М м әрпін көркем жазу

Қамқорлық мәтінін оқу

Қамқорлық

Бір топ бала келе жатты. Жолда әлсіреген балапан жатыр.Балапан жараланған екен. Балалар балапанды үйнге алып келді. Оған жылы ұя жасады.

Талдау


Мәтінді көшіріп жазу

Түбір сөздердің астын сызу.

Оқу, біл, айт сөздеріне қосымша қосып жазу


VI. Жаңа материалды пысықтау

Балалар сендерге сабақ ұнады ма? Нені үйрендіңдер?



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал