7


  • Учителю
  • Әдебиеттік оқу пәні бойынша жоспар: Б. Исаев 'Күріш туралы сыр'

Әдебиеттік оқу пәні бойынша жоспар: Б. Исаев 'Күріш туралы сыр'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы: 4 «А»

Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Б.Исаев. «Күріш туралы сыр».

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға күріштің пайдасы, түрлері туралы мағлұмат бере отырып оқушыларға терең білім беру; Оқушылардың ойлау қабілеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту; Топта жұмыс жасай білуге, еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру,ой қозғау, Болжам, ББҮ, Эссе, топтық жұмыс.
Сабақтың қөрнектілігі: физикалық карта - Қызылорда; Ыбырай Жақаев суреті
Пәнаралық байланыс: дүниетану ,қазақ тілі.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Барша адамзатты

Құрметтейік біз!

2. Психологиялық дайындық:

Көп қызық бар әлемде,

Құштар бол сен білімге

Бізбен оқы, жалықпа

Білмегенді анықта.

3. Жұмбақтар жасыру:

1. Ұзын мұртты сарылар,
Қойынында нан бар. (бидай)
2. Алыстан көрсең ақ тас,
Жақыннан көрсем - дәмді ас. (күріш)
3. Түскенде салқын күз,
Жинадық алтын тіс ( жүгері)
4. Күннен көзін алмайды,
Өзгемен ісі болмайды. (күнбағыс)

Міне,балалар біз бүгін өзіміздің біліміміз бен біліктілігімізді көрсету үшін сыныпты төрт топқа бөліп отырмыз.

1) «күріш»
2) «бидай»
3) «жүгері»

4) «күнбағыс»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, бағалау.
Жамбыл Жабаева пен Сүйінбай Аронұлы туралы мәліметті сұрау

Мәтінде жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілік қалай көрінеді?

Жамбыл ақын ағаш бұтағын қандай адамға теңейді?

ІІІ. Жаңа сабақ

  • Балалар, күріш, бидай, жүгері, күнбағыс нелерге жатады? ( дәнді дақылдар)

  • Тағы қандай дәнді дақылдарды білесіңдер?

  • Дәнді дақылдарға не қажет?

  • Бүгін Базарбай Исаевтың «Күріш туралы сыр» деген мәтінмен танысамыз. Мәтінді оқып, талдаймыз.

«Болжам» стратегиясы:

-Мәтін не туралы болуы мүмкін?

  • Көз алдарыңа не елестейді?

  • Қандай кейіпкерлер болуы мүмкін?

  • Күріш қай облыста егіледі?

-Балалар, күріш қай облыста егіледі? ( Қызылорда).

- Қызылорда Қазақстанның қай жерінде орналасқан? ( оңтүстік). Физикалық картадан көрсету.

- Қазір осы мәтіннің авторымен танысайық: Базарбай Исаев

Тапсырма: Оқушылар ББҮ кестесін толтырады: Білемін, Білгім келеді(күріш туралы)

-Енді оқулықтарды ашамыз - Әр топ бір үзінді оқып, мағынасын түсінеді.

Сұрақ-жауап:

- Агроном қандай мамандық иесі?( Агроном - егіншілік пен өсімдік өсірудің жоғары білімді маманы, көп салалы ауыл шаруашылық өндірісінің ұйымдастырушысы.

  • Айтылған оқиға Қазақстанның қай аймағында болған?(Қызылорда)

  • Мәтіндегі ең өкінішті сәті?

  • Қарт диқан неге кейіді?

  • Қарт диқанның арманын кім орындады?( Мақсұт Нұрылдаев).

  • Балалар, Ыбырай ата туралы не білесіңдер?

Сергіту сәті:

  • 1 - Мәтіннен мақал-мәтелдерді тап. Мағынасын аш.

  • 2 - "Ыбырай" - бес жолды өлең

  • 3 - Эссе: "Күріш-бағалы астық"

  • 4 - Мәтіннен біріккен сөздерді тауып, сөйлем құрастырыңдар.

- Мақал-мәтелдер: «Ас - адамның арқауы», «Сыр өңірі қамысты келер, Сыр перзенті намысты келер», «Ақымақтың ақылы түстен кейін енеді».

- Бес жолды өлең

Эссе. ( өз ойларын жазады)

- Біріккен сөздер: Қызылорда, Сырдария, ізбасар, ақсақал, Жаңаталап, Жалағаш, совхоз). Сөйлемдер құр-ру.

«Топтық жұмыс».

  • 1 топ: Мәтіннің тек жақсы жақтарын қарастырыңдар

  • 2 топ: Мәтіннің жағымсыз жақтарын қарастырыңдар

  • 3 топ: Әңгіменің өмірлік сабақ болатын жақсы мен жаман жағын атап көрсетіңдер

  • 4 топ: Автор кейіпкерлер арқылы бізді неге, қандай болуға тәрбиелеп жатыр?

Қосымша мәлімет:

  • Күріш - пайдалы дәнді дақыл. Күріш түрлерін білесіңдер ме?

  • Қызылорда халқы немен айналысады?

  • Күріштің қандай пайдасы бар?

- Енді , балалар ББҮ кестесінің «Үйрендім» бағанын толтырыңдар.

Қорытынды: - Бүгін сабақта не білдік? - Не үйрендік? - Не ұнады?

Рефлексия. ( Стикерлерге оқушылар сабақ туралы өз ойларын жазады)

Үйге тапсырма: 107-108 бет. Ыбырай Жақаев туралы мәлімет жинау.

Бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал