- Учителю
- Сыныптан тыс іс-шара 'Күз кереметтері' (3 класс)
Сыныптан тыс іс-шара 'Күз кереметтері' (3 класс)
ТАҚЫРЫБЫ: «АЛТЫН КҮЗ»
МАҚСАТЫ:
Балалардың күз туралы алған білімдерін тиянақтау, күзгі табиғат өзгерістерін балалардың өз көздерімен көріп, күз байлығын, әсемдікті, сұлулықты сезіне білуге, сурет көріністерін әңгімелеп, айтуға, үйренген сөздерін күнделікті қолдана білуге жаттықтыру, сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеуге баулу, күз туралы өлең, тақпақ айтып, жұмбақ шешу арқылы балалардың айлау қабілетін жетілдіру, тіл дамыту, көркемдік талғамын, қимыл-қозғалысын жетілдіру, іскерлі дағдыларына баулу арқылы еңбекке үйрету.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, көрсету, сұрақ, жауап, мадақтау, қимылды ойын, сергіту жаттығуы, қорытындылау.
ҚАЖЕТТІ ЖАБДЫҚТАР: Күз көрінісі бейнеленген бейнелі сурет, көкөністер мен жемістер,күзгі бақ, қолшатыр, шашылып жатқан жапырақтар.
Сабақ барысы.
- Нанымыз көп болсын!
- Аспанымыз ашық болсын!
- Әрқашан күн сөнбесін!
- Достарымыз көп болсын!
- Бәріміз ауырмайық!
- Еліміз тыныш болсын!
- Көк туымыз биік болсын!
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз бізде қонақта неше ай болады?
- Күз айларын атайықшы?
- Күз мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?
Күзде күн суыта бастайды. Адамдар жылы киімдер киеді. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Ағаштың жапырақтары сарғайып жерге түседі, аспанда бұлт пайда болып жаңбыр жауады, қатты жаңбыр жауған кезде «Қолшатыр» ұстайды. Қолшатырдың пайдасы көп, адамдардың киімдері су болмайды.
САЙЫС ЖОСПАРЫ
1)Өлең шығару
2)Жемістерге байланысты салат құрамын атау
3)жұмбақ
4)ойындар көрсету
5)Жануарларды ыммен түсіндіру
6)сурет салу (нүктемен)
7)Фигуралар дан құрастыру
І-топ аты: «ӨРІК»
Ұранымыз:
Өрік - пайдалы тәтті жеміс. Өрік жүрек, бүйрек ауырғанда, анемияға, жүйке ауруларына пайдасы бар.
А Әсел Гүлдана Гүлназ Мукағали Тамерлан Нұржас
Сергіту жаттығуы
Алтын сары,қызыл, көк, (саусақтарын санау)
Алуан-алуан жапырақ. (қолдарын жоғары көтеріп,
дөңгелек жасау)
Күзгі бақта күлімдеп (жүздерінде күлкі)
Көз тартады атырап (қолдарын маңдайына сүйеп,
айналып қарау)
Ой алақай тамаша, (аяғымен секіріп, қол шапалақтау)
Шашу шашты жапырақ. (қолдарымен шашу шашу)
ІІ-топ аты: «ЖҮЗІМ»
Ұранымыз:
Жүзім құрамындағы дәрумендер миға пайдалы. Жүзім ағзаны холестериннен тазартады
Айкен Балнұр Алуа Мухаммедғали Асылхан
Сергіту жаттығуы:
Алма баққа барайық, (орында тұрып ,жүру)
Алма теріп алайық, ( алма теру қимылын жасайды)
Қол жетпесе алмаға (оң қолды көтеріп секіру)
Секіріп қол созайық (Екі қолды көтеріп секіру)
ІІІ-топ аты: «АЛМҰРТ»
Ұранымыз:
Алмұрт ағашының жемісі - өте пайдалы, әрі тәтті .Алмұрттың құрамындағы арбутин деген антибиотик микробтарды жояды.
С Асел Шұғыла Асылзада Абзал Жасулан
Қимылды ойын: «Күн мен жаңбыр»
Күн деген кезде балалар ойынға шығады, ал балалар жаңбыр жауды деген кезде балалар қолшатырдың астына тығылады.
Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады)
Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды)
Көктен төмен әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды)
ІҮ-топ аты: «ШИЕ»
Ұранымыз:
Шиені медицинада гемоглобинді көтеру, қан тоқтату, суық тигенде ыстықты басуға, іш тоқтатуға, қан аздыққа, жүйке ауруларына қолданады
Камила Айгерім Акниет Дархан Ринат
Сергіту жаттығуы
Қырғауыл боп ұшамыз, ұшамыз (Екi қолымен қанат жасап
ұшады)
Түлкi болып қашамыз, қашамыз (Бiр орындарында тұрып
жүгiредi)
Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп,
Орнымызға қонамыз (Бәрi орындарына отырады).
Ү-топ аты: «АЛМА»
Ұранымыз:
Алма шырыны адам организмін ауыр металдардан тазартуға, қан бұзылуы және жүрек ауруларын емдеуде қолданылады. «Күнде кешкісін бір алма жесеңіз, дәрігер қажет емес»
Мадина Гүлжан Медет Рамазан Сағымет
Сергіту жаттығуы
Орманның бiз емшiсiмiз
Тоқ, тоқ, тоқ (Партаны үш рет ұрады)
Құрт бiткендi жоқ етемiз
Жоқ, жоқ, жоқ, (Қимыл көрсетедi)
Тоқ, тоқ, тоқ,
Жоқ, жоқ, жоқ.
**
Біз -алмамыз, алмамыз
Таңдай татар бал дәміміз
Біз жүзімбіз, жүзімбіз,
Моншақ болып тізілдік
Біз өрікпіз, өрікпіз,
Табиғатқа көрікпіз.
Біз алмұртпыз, алмұртпыз,
Аузындамыз бар жұрттың.
Біз шиеміз, шиеміз,
Піскенше тон киеміз.
Бала келсе қасыма.
Басымызды біз иеміз.
***
Өседі екен топтанып,
Өседі екен шоқтанып.
Жүр оңтүстік қазағы
Жүзімімен мақтанып.
Депті жүзім бұрында:
«Ексең жетем Қырымға.
Эфир майы,
Сірке су,
Жүзім - мейіз, шырын да
**
Қалайтыны жылылық,
Гүл ашады құбылып.
Ерте гүлдеп, суыққа
Қалар кейде ұрынып.
Пайдалы оның тосабы,
Тағамдарға қосады.
Өрік жесең бал қосып,
Жөтеліңді басады.
**
Қарап ұқсас сұрқына,
Ұқсатты алма тұрқына.
Біздің жеміс деп мұны,
Мақтанар грек жұрты да.
Қуаң, мейлі, шөл мекен,
Ете берер ол мекен.
Шырыны мол жеміс бұл,
Жеп көр өзің, сенбесең.
**
Шие пісіп төгілді,
Балалар жүр көңілді.
Түсі қандай қып-қызыл,
Жоса қылды жеңімді.
Орындалды тілегім,
Піссе екен деп жүр едім.
Сорып алып шырынын,
Лақтырамын сүйегін
**
1)Өлең шығару
Алмұрт:Мен алмұртпын.алмұртпын
Аузындамын бар жжұрттың
Алма: Мен алмамын,алмамын
Таңдай жұлар бар дәмім
Жұзім: Мен жұзіммін 2
Моншақ болып тізілдім
Өрік: Өрікпін ,мен өрікпін
Бау-бақша көрікпін
Баптап мені күткен соң
Талды бойлап өріппін
Шие:-Мен шиемін,шиемін
Күннің көзін сүйемін
Қышқыл шырын менде бар
Төмен басты иемін
2)Жемістерге байланысты салат құрамын атау
3)жұмбақ
Дәмі қандай әйбат
Үзесің бірден жүзін
Оның аты-...(жүзім)
Дөп-дөңгелек сары
Ішінде бар дәні
Қызығасың көріп
Оның аты-...(өрік)
Жапырақты тасалап
Өсетін жері бақша-бақ
Күрең қызыл шіркін ай
Оның аты-...(құлпынай)
Бір сабақта көп түйме
Жей алмайсың көк күйде
Санап қара қанша
Оның аты-...(шие)
Пісетін кезі дәл күзде
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі
Оның аты...(Шабдалы)
Қабат-қабат тоны бар,
Шешіндірсең жылатады.
(Пияз)
Жер астында басы,
Жер үстінде шашы.
(сәбіз)
Күзде піседі,
Домалап түседі.
(алма)
Көк лағым көгенде жатып семірді.
(қарбыз)
Сырты қатты, іші жұмсақ,
Еті қызыл, сүті тәтті.
(қарбыз)
4)ойындар көрсету
Сергіту сәті:
Алтын сары,қызыл, көк, (саусақтарын санау)
Алуан-алуан жапырақ. (қолдарын жоғары көтеріп, дөңгелек жасау)
Күзгі бақта күлімдеп (жүздерінде күлкі)
Көз тартады атырап (қолдарын маңдайына сүйеп, айналып қарау)
Ой алақай тамаша, (аяғымен секіріп, қол шапалақтау)
Шашу шашты жапырақ. (қолдарымен шашу шашу)
Сергіту жаттығуы: Алма баққа барайық, (орында тұрып ,жүру)
Алма теріп алайық, ( алма теру қимылын жасайды)
Қол жетпесе алмаға (оң қолды көтеріп секіру)
Секіріп қол созайық (Екі қолды көтеріп секіру)
Қимылды ойын: «Күн мен жаңбыр»
Күн деген кезде балалар ойынға шығады, ал балалар жаңбыр жауды деген кезде балалар қолшатырдың астына тығылады.
Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады)
Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды)
Көктен төмен әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды)
Қырғауыл боп ұшамыз, ұшамыз (Екi қолымен қанат жасап ұшады)
Түлкi болып қашамыз, қашамыз (Бiр орындарында тұрып жүгiредi)
Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп,
Орнымызға қонамыз (Бәрi орындарына отырады).
Орманның бiз емшiсiмiз
Тоқ, тоқ, тоқ (Партаны үш рет ұрады)
Құрт бiткендi жоқ етемiз
Жоқ, жоқ, жоқ, (Қимыл көрсетедi)
Тоқ, тоқ, тоқ,
Жоқ, жоқ, жоқ.
5)Жануарларды ыммен түсіндіру
Аю
Түлкі
Тиін
Қоян
Жылан
6)сурет салу (нүктемен)
Ән: «Ертегілер»
7)Фигуралар дан құрастыру
Үшбұрыш
Дөңгелек
Тіктөртбұрыш
Сопақ
Зикзак
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
Ән: « Бала тілегі»
Дәмі қандай әйбат
Үзесің бірден жүзін
Оның аты-..............
Дөп-дөңгелек сары
Ішінде бар дәні
Қызығасың көріп
Оның аты-.......
Жапырақты тасалап
Өсетін жері бақша-бақ
Күрең қызыл шіркін ай
Оның аты-........
Бір сабақта көп түйме
Жей алмайсың көк күйде
Санап қара қанша
Оның аты-........
Пісетін кезі дәл күзде
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі
Оның аты..........
Қабат-қабат тоны бар,
Шешіндірсең жылатады......
Жер астында басы,
Жер үстінде шашы.....
Күзде піседі,
Домалап түседі......
Көк лағым көгенде жатып семірді.....
Сырты қатты, іші жұмсақ,
Еті қызыл, сүті тәтті.....
Аю
Түлкі
Тиін
Қоян
Жылан