- Учителю
- Тақырыбы: «Озық ойлы оқушылар». Мақсаты: Оқушылардың білімін қорытындылау. Білімділік: Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып ой өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау. Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын, білімге
Тақырыбы: «Озық ойлы оқушылар». Мақсаты: Оқушылардың білімін қорытындылау. Білімділік: Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып ой өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау. Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын, білімге
Тақырыбы: «Озық ойлы оқушылар».
Мақсаты: Оқушылардың білімін қорытындылау.
Білімділік: Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып ой өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау.
Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау, ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту. Ақыл-ойын, жылдам ойлауын, ептілігін, шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелік: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зейінді тұлғаны тәрбиелеу. Адамгершілікке, ұйымшылдыққы, жолдастыққа қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: интерактивті тақтаға жазылған слайдтар.
Сайыстың жүру барысы:
Мұғалімі: Сәлеметсіздерме ұстаздар, оқушылар. Бүгін сіздер 2 «а» сынып оқушыларының «Озық ойлы оқушылар» атты интеллектуалды ойынын ұсынғалы отырмыз. Ал енді ойын шартымен таныс болыңыздар. Ойынымыз сайыс түрінде,толығымен интерактивті тақтада өтеді.Ойынға оқушылардың барлығы тартылады.
Ойынның бағасын беруші әділ-қазылар алқасын сайлап алсақ.
Әділ-қазылар алқасы таныстырылады.
Олай болса, сайысқа қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Бәйгіге түсіп жарыспай
Жүйріктің жаны жанар ма,
Білім мен өнер жарысып
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік, сол алда-дегендей ой мен білім сайысын бастаймыз.
I-кезең: «Сен білесің бе?»
Ойын шарты: 1-16ға дейінгі ұяшықтарда жасырынған сандарды таңдап,ұяшықта жасырынған сұрақтарға жауап береді.Әрбір дұрыс жауап 5ұпаймен бағаланады.
II-кезең: «Тұлғаларды танып көр».
Мұнда интерактивті тақтада атақты әр саладағы адамдардың суреттерін көрсетеміз.Ал оқушылар олардың толық аты-жөнін берілген қағаздарға жазуы керек.Әрбір толық жазылған аты мен тегіне 10 ұпай, егер тегі не аты ғана жазылса 5 ұпай беріледі.
Осы кезеңнен кейін оқушылардың барлығының ұпайлары саналып,50 ұпайдан артық жинаған оқушылар ғана ойынды жалғастыру мүмкіндігіне ие болады.
III-кезең: «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар».
Мұнда оқушылар 30,25,20,15,10 ұпайлық ұяшықтардан өзері таңдаған сұрақтарға жауап береді.Егер толық және анық жауап берсе өздері таңдаған ұяшықтардағы ұпайлар қосылады.Солайша барлық ұпайлар саналып,Ӏ-ӀӀ-ӀӀӀ орындар белгіленеді.Егер ұпай сандары тең келген оқушылар болса қосымша ұяшықтар таңдалып,дұрыс жауапқа ұпайлар беріледі.
Мұғалімі:
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздердей өренді.
Жеңістің мынау шыңына.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап, әділбағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.
Әділқазылар Ӏ-ӀӀ-ӀӀӀ орындарды алған оқушыларды атап,қосымша «Зерек», «Ынталы» және «Алғыр» деген атақтар беріледі.
Марапаттаулар.
Мұғалімі:
Болмасын ешбір сын - өкпе,
Әсері қалды жүректе.
Қазылар берген бағалар,
Ұштассын айтар тілекке!
Мектеп директоры және ата-аналарға сөз беріледі.
Жайсаң орта мектебі.
Интеллектуалды ойын:
«Озық ойлы оқушылар»
Мұғалімі: Разакова А.К.
Класы: 2 «а»
2014/2015 оқу жылы.