7


  • Учителю
  • Разработка урока казахского языка в 9 классе на тему'Шоқан Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі'

Разработка урока казахского языка в 9 классе на тему'Шоқан Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Пәні: Қазақ әдебиеті орыс мектебіндеМұғалімі: Жапенова Б.С. Сыныбы: 9в Сабақтың тақырыбы: Шоқан Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі» Сабақтың мақсаты: Тақырыпты түсінуіне мүмкіндік жасай отырып, сыни тұрғысынан ойлай келе саралап, қорытындылай білу қабілетін дамыту.Міндеттер
предварительный просмотр материала

Күні: 19.12.2014 жыл

Пәні: Қазақ әдебиеті орыс мектебінде

Мұғалімі: Жапенова Б.С.

Сыныбы: 9в

Сабақтың тақырыбы: Шоқан Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі»

Сабақтың мақсаты: Тақырыпты түсінуіне мүмкіндік жасай отырып, сыни тұрғысынан ойлай келе саралап, қорытындылай білу қабілетін дамыту.

Міндеттері:

1. Білімділік: Топтық жұмыста тиімді іс-әрекет пен ізгілік қарым-қатынасқа бейімдеу.

2. Дамытушылық: Логикалық тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың ойлау шеберлігін арттыру, өзіндік танымын кеңейту.

3.Тәрбиелік: Талантты және дарынды балалардың алға ұмтылуы;Формативті бағалауды толыққанды жүргізе алу

Көрнекіліктер: Оқулықтар, Плакаттар, Маркер, стикер, Power Point таныстырылымы.Сабақтың түрі: топтық жұмыс.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих,орыс тілі мен әдебиеті, география.

Сабақтың формасы: жеке, топтық жұмыс.


Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындықтарын тексеру және жағымды орта қалыптастыру.(2 мин)

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме,балалар.

Мен сіздерге жақсы көңіл-күй тілеймін. Ал, сендер ше,балалар өз сыныптастарыңа қандай тілектер айтар едіңіздер. Қанеки, тілектерімізді, жылы лебіздерімізді ортаға салайық.

Оқушылар: Бір-бірімен еркін жүріп сәлемдеседі, бүгінгі сабақта бір-біріне сәттілік тілейді.

  • Бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін.

  • Денсаулығымыз мықты болсын.

  • Заманымыз тыныш болсын.

  • Білімді болайық.

  • Аспанымыз ашық болсын.

  • Барлығымыз тату тәтті болайық.

(Оқушылар өз қалаулары бойынша стикерлер таңдайды(жұлдызша мен гулдер) осы сикерлер арқылы екі топқа бөлінеді)

Мұғалім: Рахмет,орындарыңызға жайғасыңыздар.

Сабақтың мақсатын жеткізу: Қазақтың тұңғыш әскери ғалымы, белгілі қайраткер Ш. Уәлиханов туралы білімдеріңді толықтыра отырып,оның өмірі мен шығармашылық жолына, зерттеу жұмыстарына шолу жасаймыз.


II. Үй жұмысын тексеру

Нысанбай Жаманқұлұлы туралы тест тапсырмасы бойынша өткен тақырыпты, алған білімдерін бекіту.


1. Нысанбай Жаманқұлұлының туған жылын көрсет:

А) 1822

Б) 1824

В) 1819

Г) 1820

2. Нысанбай жыраудың шығармасы:

А) «Арқаның қызыл изені»

Б) «Кенесары- Наурызбай»

В) «Мұнар күн»

Г) «Тәңірі»

3. Нысанбай жырау қай өңірде дүниеге келген:

А) Қызылорда облысы

Б) Торғай облысы

В) Қарағанды облысы

Г) Семей өңірі

4. «Кенесары- Наурызбай» жыры қай жылы басылып шықты?

А) 1873 жылы

Б) 1877 жылы

В) 1875 жылы

Г) 1879 жылы

5. «Кенесары- Наурызбай» жыры кімнің құрастыруымен жеке кітап болып шықты

А) Х. Досмұхамедовтың

Б) М. Әуезовтің

В) С. Жантөриннің

Г) Т.Сейдалиннің

6. Нысанбай жырау қай ғасырда өмір сүрген:

А) ХІХ ғасыр

Б) ХХ ғасыр

В) XVII ғасыр

Г) XVIII ғасыр

7. «Кенесары- Наурызбай» жырында қандай оқиға суреттелген:

А) Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтеріліс тарихы суреттелген.

Б) Әмір-Темір хандық құрған кез суреттелген.

В) Жоңғар шапқыншылығы кезеңі суреттелген.

Г) Исатай бастаған көтеріліс оқиғасы суреттелген.

8. Дастан туралы М.Әуезов қандай пікір айтқан:

А) «Кенесары- Наурызбай» дастаны - тарихи жыр

Б) «Кенесары- Наурызбай» дастаны - мемориалдық жыр

В) «Кенесары- Наурызбай» дастаны жай ғана аңыз

Г) «Кенесары- Наурызбай» қиял-ғажайып негізінде жазылған жыр

9. Нысанбай жырау Кенесары ханға кім болған:

А) Жақын туысы, досы

Б) Нағашы ағасы, досы

В) Ауылдас досы

Г) Ең жақын досы және сүйікті жырауы

10. Нысанбай Жаманқұлұлының қайтыс болған жылын көрсет:

А) 1886 жылы

Б) 1883 жылы

В) 1889 жылы

Г) 1882 жылы

ДҰРЫС ЖАУАБЫ:

  1. А

  2. Б

  3. А

  4. В

  5. А

  6. А

  7. А

  8. А

  9. Г

10-Б


Жаңа сабаққа көшу

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Нысанбай Жаманқұлұлының «Кенесары- Наурызбай» дастанындағы Кенесары Қасымұлы (1802-1047) - мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837-1847 жылдардағы ұлт- азаттық қозғалысының көсемі, Қазақ хандығының соңғы ханы. Кенесары Шыңғыс ханның 27 ұрпағы, Абылай ханның немересі. Ендеше, сол, Абылайханның тағы бір ұрпағы, шөбересі дана Шоқан, дара Шоқан туралы не білесіңдер сол жайлы қағаз бетіне түсіріңдер. Сендер Шоқан туралы бұрында қазақ әдебиеті, тарих, география пәндерінен алған білімдеріңді ары қарай дамытыңдар.

1- топ суреттеу арқылы теңеу жазады

2- топ кластер арқылы Шоқанның кім екенін айтады.


-Балалар, қай заманда, қай ғасырда болмасын мәңгі өлмес тұлғалар болады. 19 ғасырдың 2- жартысында өмір сүрген, қазақтың дана да дара тұлғасы, артына өшпес мұра қалдырған ұлы ғалымы - Шоқан Уәлиханов.

Қазір біз сендермен ары қарай да Шоқан жайлы сөз қозғайтын боламыз.


Жаңа сабаққа көшпес бұрын сергіту сәтін жасаймыз. (Көз жаттығуы)

Балалар, ең бірінші адамға не керек?

  • Әрине, денсаулық керек, сондықтан да жас кездеріңнен денсаулықтарыңды күтіп,шымыр да мықты болып өсу үшін салауатты өмір салтын ұстанып, жаман әдеттерден аулақ болуларың керек.


Жаңа сабақ

Шоқан туралы қысқаша тұсаукесер арқылы мағлұмат беру.

Шоқан Уәлиханов

(1835 -1865)

Шоқан (Мұхаммед-Ханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысы, Құсмұрын бекінісінде дүниеге келіп, 1865 жылдың сәуір айында Кербұлақ ауданы, Алтынемел жотасының етегінде Көшентоған мекенінде дүниеден өтті.

Атақты ғалым , кемеңгер ойшыл, от -жалынды азамат, ержүрек саяхатшы Шоқан Уәлихановтың есімі жұртшылыққа мәлім.Ол Орта Азия мен Қазақстанды зерттеудегі ұлы еңбегімен дүние жүзіне аты шықты.

Шоқан Уәлихановтың ұлы қасиеттерінің бірі - өмірін де,білімін де,асқан дарынды талантын да туған халықының игілігіне жұмсағандығы. Ол қараңғы даланың аспанынан сәуле түсірген шам-шырақтай аз уақыт жанды да, тез сөнді.Өз басы кішіпейіл, еңбекқор,елгезек,жарқын жүзді адам болды.

Шоқан 1847 жылы,12 жасында Омбының кадет корпусына түскенде,орысша бір ауыз сөз білмеген.Өзінің зеректігі,алғырлығы арқасында орысшаны тез үйренген.Корпустың соңғы кластарында Шоқан ғылым,философия,көркем әдебиет кітаптарын оқып,әлеуметтік тіршілікке көңіл аударған.

1854 жылы Шоқан генерал Госфортпен бірге ұзақ саяхатқа шығып, Аягөз, Тарбағатай, Қапал тауларын аралады. Алматы,Қарқаралы,Баянауыл,Көкшетау жерлеріне соғып, Омбыға оралады.

1856 жылдан бастап Шоқан қырғыз халқының тұрмысын, Ыстықкөл жағасын, Күнгей Алатау, Сарыжаз , Алматы, Қапал тауларын кезіп, халықтың әдет-ғұрпын, тұрмыс-салтын, әдеби мұраларын зерттеп, бай мағлұмат жинады.

1856 жылы Шоқанның Қашқарға жасаған саяхаты оның ғалымдық атағын көкке көтерді. Шоқанның бұл күнделік дәптері КСРО Ғылым академиясының мұражайында осы күнге дейін сақтаулы.

Шоқан Уәлиханов шығармалары ең алдымен, өз халқының тарихын, этнографиясын және фольклорын зерттеуге арналған.

Шоқан дүние жүзі әдебиеттерін көп оқыған шығармаларына пікір айтқан, зерттеген. Ағылшын, француз, неміс, орыс және түрік тілін жетік білген.


Мәтінмен жұмыс


Сөздік

жота- хребет

биік жартасты сай- скалистый овраг

үю- складывать, нагромождать

сансыз тас- множество камней

ең қауіптісі- самый опасный

жылға- ложбина

асу- перевал

көк майса- зеленый луг

қорған- крепость

тонау- ограбить

жылға- ложбина

қауырсын- перо птицы

үкі- перья филина

шабуыл- наступление, атака, нападение


Тындалым.

1. Іштей оқу

2. Дауыстап оқу,мәнерлеп оқу.(1-2 оқушы)

3. Мәтін астындағы жаңа сөздерді оқиды. (1 оқушы)

Мұғалім: Мәтінде не туралы айтылады?

Топпен жұмыс

1-топ Мәтіннің ішінен қырғыз халықтарының өмірі туралы айтады

2- топ Мәтінді оқи отырып Шоқанның Ыстықкөлге сапарының картасын сызады.


Ыстықкөл сапарының күнделіктері

19 мамыр. Бірінші Мерке өзені.

Біз Алатауды Қуулық жотасымен көтерілген кезде, алдымыздан биік жартасты сай шыға келді. Сайдың түбінде ағыны едәуір қатты Мерке жылғасы жатыр екен. Жоғарыдан қарағанда, өзеннің ағыны тамаша. Көк майса, оның жағалауларын екі жақтан жиектеп тал өскен...

Түп Ыстықкөлге құяды. Түпті бойлай шырша орманы қаптаған Таспа деп аталатын аласа таулар кетеді.

Таспаның арғы жағында Жырғалаң дейтін жылға ағады, ол да Ыстықкөлге құяды.

Санташ- «сансыз тас» деген сөз. Бұл асудың аты бір қорғанға үйілген толып жатқан тастан шыққан.

Тау қырғыздары Санташты жоңғар-қалмақтарды жеңу үшін қазақтың ханы Есім хан үйдірген дейді. Есім ханның бұл жерде болғаны да рас, қоңтайшыны жеңгені де рас.

…Орайы келгенде айта кетелік, Қарқара жылғасының аты жайында мынандай бір аңыз бар: « Қалмақтарға шабуыл жасаған кездерінің бірінде қазақтар осы өзеннің бойында Зайсанның екі қызын тартып алады. Қалмақтардың ауылы жаңа ғана көшіп кеткен екен. Қыздар жұртта жуынып - таранып, көш қонатын жерге сән - салтанатпен бармақшы болып аялдап қалған. Олардың сәукелесіне қадаған үкілері, қауырсындары бар екен. Қазақтар сол қауырсынды қарқара деген» Жылғаның Қарқара аталуы жайындағы аңыздың шығу тарихы осындай.

29 мамыр. Қарабатпақ жылғасының қасына түнедік.

2 маусым . Бұғы руындағы Боранбай Бекмұратов манаптың Тұлпарташтағы ауылына келдік. Бізге арналған үй биік жерге тігілген екен, ертеңгісін сол биіктен қарап тұрып, айналаны шола бастадық. Төмендегі сайда қырғыз ауылдары бар екен. Қырғыз ауылдарындағыдай, әдеттегі айқай- шу, иттердің үрісі, жұрттың әрлі- берлі жүрісі жоқ, бәрі де байсалды, жым- жырт. Ауылдың ішінде биелер сауылып жатыр. Бірнеше әйелдер үйлерінің жанында құрт қайнатып отыр. Мен манаптың өз үйін көргім келді. Боранбай әуелі үйім тар, бар мүлкімді тонап кетті деді. Бірақ мен қайта-қайта айтып қоймаған соң, ол райынан қайтты. Ақырында ол бізді үйіне шақырды. Мен зор сақтықпен тау етегіне түсіп, Боранбайдың ордасына аман- есен жеттім. Мен үйдің төріне барып отырдым. Үйде біздің қазақтарда болатын кереует те, сандық та, кілем де жоқ, бір сөзбен айтқанда, толып жатқан киізден басқа түкте жоқ. Менің астыма бір ғана тәуір кілем төселіпті. Үйдің ішіне от жағылады екен. Сол екі арада әйел аяқ қаптан кесе алып, қымыз құйды. Қызметші қырғыз қымызды алып, әуелі өзі ішіп көріп, бір кесені маған, екіншісін Боранбайдың өзіне әкеліп берді.

Менің тау қырғыздарын көрсем деген тілегім орындалды...

Июльдің ... күні. Ыстықкөлден кетуге бел байладым. Көріп, білмек болған нәрселерімнің бәрі бітті.

Алдымда Чат асуы тұрды. Турист есебінде, мен ғажайып оқиғалар іздедім.


Оқушыларға стикерлер беру арқылы 3 деңгейге бөлу. PISA тапсырмасын орындату.

І - деңгей

Жылғаның Қарқара атануы

ІІ - деңгей

Қыстың көзі қырауда ,Зайсанның екі қызы жуынып жүріп көштен қалып қояды.

Әрі қарай өрбітіңдер

ІІІ - деңгей

  1. Аңызда айтылған жылғаның аты:

А) Тасқара

Б) Қарқара

В) Санташ


  1. Шабуыл кімдерге жасалған

А) қазақтарға

Б) қалмақтарға

В) қырғыздарға


  1. Зайсан өзенінің бойында қай жердің қыздарын тартып алады?

А) Зайсанның

Б) Меркенің

В) Қытайдың

4. Қыздар сәукелесіне не қадаған

А) үкі, қауырсындар

Б) көз моншақ

В) шолпы

5. «Қарқара» деп нені атаған

А) қауырсынды

Б) шолпыны

В) көз моншақты

Аңыз

Қарқара жылғасының аты жайында мынандай бір аңыз бар: « Қалмақтарға шабуыл жасаған кездерінің бірінде қазақтар осы өзеннің бойында Зайсанның екі қызын тартып алады. Қалмақтардың ауылы жаңа ғана көшіп кеткен екен. Қыздар жұртта жуынып - таранып, көш қонатын жерге сән - салтанатпен бармақшы болып аялдап қалған. Олардың сәукелесіне қадаған үкілері, қауырсындары бар екен. Қазақтар сол қауырсынды қарқара деген» Жылғаның Қарқара аталуы жайындағы аңыздың шығу тарихы осындай.

Жылға- ложбина

Қауырсын- перо птицы

Үкі- перья филина

Шабуыл- наступление, атака, нападение


Мұғалім: Күнделік туралы мәлімет беру

Күнделік - публицистикалық шығарма түрі. Қалмгердің өз көзімен көрген- білген жайларын есте сақтау үшін жазатын жанр.

Бекіту:

Рефлексия. Ой толғаныс.

  • Ал, балалар, көңіл- күйлерің қалай? Сонымен бүгінгі сабақта кім туралы айттық? Нені ойға тоқып, жадымызға сақтауға тиіспіз? Сол жайлы күнделік жазамыз.

Сабақты қорытындылау. Оқушылар бірін-бірі бағалайды.

Үйге тапсырма: «Мен- Шоқан болғым келеді...» тақырыбына эссе жазу.

Мұғалімнің қорытынды сөзі.

  • Балалар, бүгін барлықтарың сабақта тамаша жұмыс істедіңдер. Сендерге үлкен рахмет! Шығыста «Сау дене, озат ақыл, адал көңіл- үшеуімен бақытты болады өмір»деген нақыл сөз бар екен. Сол айтқандай, дені сау,құрыш білекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын тұратын ұрпақ болып өсіңдер!

  • Шоқандай шоқығы биік, нар тұлғалы азамат болу әрқайсыңның қолыңнан келетін іс. Шоқанның көрегендігі сол, сонау 19 ғасырдың өзінде көп тіл білу, білімнің шыңына апаратын жол екенін білген.

Біздің Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Тұғырлы үш тіл туралы айтқан, айтып келеді, әліде айта бермек. Қазақ тілі, біздің мемлекеттік тіліміз деп қана қоймай, тек орыс тілінде сөйлеумен шектелмей , қазақ және ағылшын тілін қатар алып жүрсек, дұрыс болар еді.


Сабақ аяқталды, сау болыңдар!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал