- Учителю
- Интеллектуалдық сайыс Өткеніміз өнеге, күткеніміз келешек
Интеллектуалдық сайыс Өткеніміз өнеге, күткеніміз келешек
«Өткеніміз өнеге, күткеніміз келешек» интеллектуалдық сайысы.
Мақсаты: Оқушылардың туған еліне, жеріне деген
сүйіспеншілігін арттыру, Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік рәміздеріне құрмет сезімін тәрбиелеу.
.
Көрнекілігі: еліміздің рәміздерінің суреті, нақыл сөздер.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Балалар, жерге жетер байлық жоқ.Жер болса ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. Біздің Отанымыз егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 120 -дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Атыңнан айналайын, егеменді ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер! - деп, «Отан сүйер ұлан бол!» атты интеллектуалдық ойын-сайысымызды бастаймыз.
Кезекті « Жас қыран » және « Жас ұлан » топтарына беремін , өздерін таныстырып өтсін (Топтар атын, ұранын айтады).
Сайыс болғаннан кейін, жеңімпаздар анықталу керек, сондықтан ойын барысында дұрыс жауап үшін топтарға жалаушалар беріп отырамын, ойынның соңында жалаушасы көп топ жеңімпаз атанады.
Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,
Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын.
Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп,
Қазағым, сен қашанда тұғырдасың! - деп, келесі тапсырмалар Мемлекеттік рәміздер туралы болатынын ескертемін.
-
Топтың аты: «Жас қыран»
Топтың ұраны: Жас қыранбыз,аспанда біз қалықтаймыз.
-
Топтың аты: «Жас ұлан»
Топтың ұраны: Жас ұланбыз еліміздің қорғаны.
I. Еліміздің рәміздері қабылданған күн? /1992 ж, 4 маусым/
«Жас қыран» тобына: ҚР-ның Мемлекеттік Туын сипаттау.
«Жас ұлан» тобына : ҚР-ның Мемлекеттік Елтаңбасын сипаттау.
II. «Полиглод»
Жас қыран:
1.Тілі жоқ өзінде,
Сөзі бар ізінде. (қалам, ручка, pen)
2. Тілі бар үні жоқ.
Өзін адам түсінген.
Жүрегі барда қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен. (кітап, книга,book)
3. Тықылдатып таңдайын
Тәулік бойы соғады. (сағат, часы, clock)
Жас ұлан:
1.Күйедей қара жолы бар,
Суретті ол салады. (қарындаш, pencil)
2. Бір қазанның ішінде,
Екі түрлі сүт тұрар. (жұмыртқа, эйцо. egg )
3. Жіп жіңішке,
Көмірдей қара.
Таппасаң, бала,
Басыңа қара. (шаш, волос, hair)
ІІІ.
Мемлекеттік Әнұранның авторларын атаңыздар.
1.«Жас қыран» тобына: Жұмекен Нәжімеденов туралы баяндап беру.
2.«Жас ұлан» тобына: Шәмші Қалдаяқов туралы баяндап беру
( Слайдта Ж.Нәжімеденов пен Ш.Қалдаяқовтың суреттері беріледі).
IV.Капитандар сайысы: Сұрақ-жауап (әр капитанға төрт сұрақтан).
«Жас қыран»
1.Қазақстанның ұлттық ақшасы, ол қашан айналымға енді?
/теңге, 1993,15 қараша/
2.Қазақстанның Ата Заңы қабылданған күн?
/1995 ж, 30 тамыз/
3.Президент күні ата? /1 желтоқсан/
4.Мақалды жалғастыр:
a. Отансыз адам - ...
b. Отан үшін ... .
«Жас ұлан»
1. Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? /тәуелсіз/
2. Қазақстан халқы өзінің Президентін қашан сайлады? /1991 ж, 1/ХІІ/
3. Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін қашан алды?/1991,16/ХІІ/
4. Мақалды жалғастыр:
c. Отан .... ыстық.
d. Туған жердей -
Туған елдей -
V. «Сөзжұмбақ» «Қазақстан»
1.қазақстан жерін мекендейтін халық? (Қазақ)
2.Қазақстан Республикасы мемлекетінің негізгі нышаны? (Елтаңба)
3.Оқушылардың екінші анасы? (ұстаз)
4.Біз тәуелсіздікті қай айда алдық? (желтоқсан)
5.Елтаңбаның екі жағында не бейнеленген? (пырақ)
6.Төрт түліктің бірі? (сиыр)
7. Қазақстан Республикасының негізгі рәмізі? (ту)
8.Туда не бейнеленген? (Қыран)
9. Қазақстан Республикасының туының авторы? (Шәкен)
VI. Жалаушаларды санау,жеңімпаз топты құттықтау.
Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректеріңде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.
Өрендер, өрлей берсін өнерлерің,
Айналаң, бәрі сенің көрерменің.
Тілеймін, дәл осылай барлығыңның
Тек қана биіктерден көрінгенін, - деп, бүгінгі сайысымызды
аяқтаймыз.