- Учителю
- Қазақ тілі пәнінен факультативтік курс
Қазақ тілі пәнінен факультативтік курс
Ақмола облысы
Жарқайың ауданы
«Білім бөлімі» ММ
Өмірлік орта мектебі
«Қызықты грамматика»
Авторлық бағдарлама
(3- сынып оқушыларына арналған
факультативтік курс)
Державин, 2012 жыл
Рецензент: Г.Ж.Жетпісбаева
Өмірлік орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
ІІ санатты мұғаілімі
Құрастырған: З.Қ. Мықтыбекова
Бастауыш сынып мұғаілімі
Өмірлік орта мектебі
28.08.2012 жылы мектепішілік әдістемелік кеңесте қаралып ,05.11.2012 жылы
№2 педагогикалық кеңес шешімімен бекітілді
«Қызықты грамматика»
Қазақ тілі 3-сынып
/Қазақ тілінен факультативтік курс бойынша орта мектептің 3-сынып оқушыларына арналған /
Авторлық бағдарламаны құрастырып, ұсынушы: З.Қ. Мықтыбекова -Державин қ.
Қазақ тілінде оқытылатын орта мектептердің 3-сыныбына арналған факультативтік курсқа жылдық жоспар мен сабақ жоспарлары
Тақырыбы: «Қызықты грамматика»
Мақсаты: Оқушылардың грамматикалық сауаттылығын дамыту
Міндеттері:
- дыбыстың айтылуы мен жазылуын меңгерту;
-
оқушылардың сөздік қорын байыту;
-
көркем жазуға тәрбиелеу;
-
тапсырмаларды өз бетінше орындау дағдысын қалыптастыру;
-
дыбыстық жүйені,фонетика,лексика мен грамматиканы терең меңгерту;
-
шығармашылық қабілеттерін арттыру;
-
өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;
-
еріктен тыс есте сақтауларын жүзеге асыру;
Түсінік хат
Қазіргі мектептің үшінші сыныбындағы қазақ тілі пәніне қосымша сабақ ретінде «Қызықты грамматика» факультатив сабағын алдым. Бұл қосымша сабақ аптасына бір сағат, оқу жылында барлығы - 34 сағат өткізіледі.
Бұл факультатив сабақты алу себебім: жалпы оқушылардың грамматикалық талдау дағдысын дамыту, сауатты, әрі көркем жазуға баулу. Сонымен қатар оқушыларға жан-жақты ізденуге арналған тапсырмалар бере отырып, оқушылардың алған білімдерін пысықтап, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, өз бетінше талдауға үйрету. Оқушылардың бойындағы шығармашылық қабілеттер ашу және оны дамыту.
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, лексикасы мен грамматикалық құрылымын терең меңгерту, бір жүйеде сауатты жазу, тілдік - грамматикалық құрылымды орынды пайдалану осы пәнді оқытудың негізгі мақсаты болып табылады. Бұл тұрғыдан алғанда, оқушылардың білімдерін пысықтау мен тексеруге арналған грамматикалық тапсырмалар, талдау жұмыстары, диктант жұмыстарының алатын орны ерекше. Сауатты жазу - дұрыс ойлаудың көрінісі. Ендеше бұл факультатив сабақ- оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, олардың ойлау, шығармашылық қабілеттерін арттыруға, жазу дағдыларын дамытуға көмегін тигізеді.
Қазақ тілі /факультатив/
№
Сабақтың тақырыбы
Сағат саны
Күні
1
Дыбыс. Әріп.Сөз
1
2
Сөздік диктант жұмысы (дыбыстық талдау жұмыстары)
1
3
Қызықты грамматикалық тапсырмалар
1
4
Шығармашылық диктант
1
5
Сөйлем (талдау жұмыстары)
1
6
Сөйлем мүшелері
1
7
Тұрлаулы мүшелер
1
8
Тұрлаусыз мүшелер
1
9
Көру диктанты. (көркем жазу)
1
10
Тірек сызбалармен жұмыс
1
11
Терме диктант
1
12
Карточкалармен жұмыс
1
13
Жалаң және жайылма сөйлем
1
14
Қаратпа сөз,тыныс белгілері
1
15
Дидактикалық материалдармен жұмыс
1
16
Өздік диктант
1
17
Ашық тест жұмысы
1
18
Мәтін, мәтіннің түрлері
1
19
Ескерту диктанты
1
20
Мәндес сөздер /синоним/
1
21
Қарама-қарсы мағыналы сөздер /антоним/
1
22
Мағынасы әртүрлі сөздер /омоним/
1
23
Сөз құрамы
1
24
Түбір мен қосымшаның жазылуы
1
25
Түбір және туынды сөз
1
26
Сөз таптары
1
27
Зат есім
1
28
Етістік
1
29
Сын есім
1
30
Сан есім
1
31
Графикалық жаттығулар.
1
32
Тест жұмысы
1
33
Бақылау диктанты
1
34
Жыл бойы өткенді қайталау
1
Сабақтың тақырыбы: «Сөз. Дыбыс. Әріп»
Мақсаты: Тірек сызбалар арқылы өткен тақырыптарға шолу жасау. Дыбыс пен әріптің айырмашылықтарын ажырату, сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы білімдерін кеңейту.Грамматикалық талдау дағдыларын, оқушы ойын дамыту;
Өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Барысы:
1
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Оқу құралдарын дайындау.
2
Сөздік диктантына дайындық жұмысы
Тірек сызбамен жұмыс
-
Сөз неден құралады?
-
Сөз дыбыстардан құралады.
-
Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?
-
Дыбысты естиміз, айтамыз,
-
әріпті көреміз, жазамыз.
Дауысты, дауыссыз дыбыстарды қайталату.
Дауысты дыбыстар
Дауыссыз дыбыстар
Қатаң..........
Ұяң.........
Үнді.......
3
Дәптермен жұмыс.
Суреттердің атауын дәптерге жазып, дыбыстық талдау жаса.
4
Сөздік диктанты.
Трамвай, вагон, велосипед, фонтан, асфальт, телеграф, ащы, тұщы, чемпион, плащ, кофе, флот, волейбол, телефон.
5
Сабақты қорыту.
-
Бүгін қандай тапсырмаларды орындадық?
-
Қандай тапсырмалар сендерге ұнады?
6
Бағалау
Оқушылардың жұмыстарын бағалау.
Сабақтың тақырыбы: «Сөздік диктант»
Мақсаты: Отан тақырыбында сөздік жұмысын алу арқылы сауатты жазуға дағдыландыру. Дыбыстық талдау жұмыстарын жүргізу арқылы грамматикалық талдау дағдысын қалыптастыру.
Барысы:
1. Дәптермен жұмыс: Сөздік диктанты
Егеменді, жарлық, мемлекет, мүше, өлке, қасиет, өмір, жұрт, тұрғын, алтын бесік, көл, өзен, тау, шөл, жер, топырақ, қала, табиғат, ауыл, көше, саябақ, астана, ел, жау, мекен, егін, тоғай, батыр, кеңбайтақ, бірлік, көп ұлтты, аспан, астық. (Отан)
2.Грамматикалық тапсырма. Сөздерге дыбыстық талдау жасату
І нұсқа
Мемлекет, бірлік, қасиет сөздеріне дыбыстық талдау жасату.
М- дауыссыз,үнді Б- дауыссыз,ұяң
қ-дауыссыз,қатаң
е-дауысты,жіңішке
і-дауысты,жіңішке
а- т- е-
м- р- с-
л- л- и-
е- і- е-
к- к- т-
ІІ нұсқа
Егеменді, мекен, , саябақ сөздеріне дыбыстық талдау жасату.
Е- м- с-
г- н- а-
е- к- я-
м- е- б-
е- н- а-
қ- д- і-
3.Шығармашылық тапсырма
Тізбектен оқу құралдарының аттарын тауып қорша
А
Р
Е
Н
Г
Ш
Н
С
У
Р
С
В
О
Р
Д
Ә
П
Т
Е
Р
Ө
Ң
Ұ
Қ
П
Р
О
Л
У
С
Е
С
Э
М
Ч
Я
М
И
В
Н
С
Ы
З
Ғ
Ы
Ш
К
Й
М
И
Т
Б
Қ
Т
Ц
Э
А
О
Р
Е
Д
А
Ю
Ы
С
А
Л
Ь
Б
О
М
К
Я
Қ
А
Ғ
А
З
Л
В
Й
Ъ
Ф
Д
Ж
Э
Е
У
Й
Т
Ю
А
Ч
Қ
А
Р
Ы
Н
Д
А
Ш
Б
З
Н
М
П
Г
Д
Ж
У
К
Е
Н
Г
Щ
Х
Ъ
Сабақтың тақырыбы: «Қызықты грамматикалық тапсырмалар»
Мақсаты:Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Тапқырлыққа тәрбиелеу,зеректікке,жылдамдыққа баулып тәрбиелеу.
Барысы:
І. Грамматикалық тапсырмалармен жұмыс жүргізу
-
«А» - дан басталатын сөздер жаз.
-
А
А
А
А
А
2.Қандай сөздер шығады?
3.Суреттің орнына тиісті сөздерді қойып,жұмбақты оқы және шешуін тап
Емес олта,де
Жүреді бірақ сөмкеде.
Көрсетіп ондағы бағаңды,
Қуантып қоясың апаңды. .
Жұмбақтағы п әрпі бар сөздерді теріп жаз
4. Сиқыршы жолда келе жатып, сөздерін шашып алды. Сөздерді жинауға көмектес
Сабақтың тақырыбы: «Шығармашылық диктант»
Мақсаты: Оқушыларға шығармашылық диктант жұмысын жазғызу. Сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдату арқылы грамматикалық талдау дағдыларын дамыту
Барысы:
Берілетін тапсырмалар
1-тапсырма
Төртінші тоқсанда жақсы оқы (уға) уәде беремін.Мұғалім үйреткеннің бәрін көңіліме тоқы (уым) керек.Биыл қар көп жауған.Оңтүстіктен соққан желдің жылы (уы) қоймады.Қар ері (уге) айналды.Өзендегі мұз да жібі (уге) бет алды.Жақында су тасы (уы) мүмкін.
2-тапсырма
Көп нүктенің орнына «и» немес «ый»әріптерінің бірін жаз
1.Әкесі Аманға жаңа ойыншық с...лады.
2.Халық Абай, Ыбырай шығармаларын қызыға оқ...ды.
3.Апам өзен жаққа баруыма т...ым салды.
4.Бір жерде Хамиттің к... імдері жатыр.
3-тапсырма
1.Ауамен,біз,дем,таза,аламыз.
2.Ауа,денсаулыққа таза,пайдалы,өте.
3.Үйдің,таза,ауасын,әр уақытта,сақтаңдар.
4.Жиі,терезе,тұрыңдар,ашып.
4-тапсырма Мәтінді тиісті тыныс белгілерін қойып көшіріп жаз. Мәтінде
қанша сөйлем барын жақшаның ішіне жаз
Оқушылар орманға саяхатқа шықты Олар орманда неше түрлі өсімдіктер мен жәндіктерді кездестірді Арайлым мен Ернат қызықты сәттерді фотоаппаратпен суретке түсірді Оқушыларға саяхат ұнады
5-тапсырма Төмендегі сөйлемдер мағыналы болатындай етіп, сөздердің орнын ауыстырып жаз
Мен бардым бүгін мектепке.
Он бес аулада жүр тауықтар.
Сырғанақ қыста біз достарымызбен тебеміз.
Күн ыстық шомаламыз жазда болғанда өзенге.
Сабақтың тақырыбы: «Сөйлем» (талдау жұмыстары)
Мақсаты: Оқушылардың сөйлем туралы түсініктерін жетілдіру.Сөйлемдерді орынымен құрастыра білуге үйрету.Көркем жазуға баулу.
Барысы:
1.Ереже
Сызбамен жұмыс
Хабарлы Сұраулы Лепті
1 тапсырма Сөйлемдерді дұрыс орналастырып жаз
Бар, аптада, күн, жеті.
Кесті, ағашты, Айтуар.
Шаңғы, қыста, тепті, балалар.
Мектепке, келді, оқушылар.
2 тапсырма -ма,-ме,-ба, -бе,-па,-пе сұрақ жалғауларын қойып, хабарлы сөйлемдерді,сұраулы сөйлемге айналдырып жаз
Айжан кітапханаға барды. Бұл мектеп кітапханасы. Кітапханада қызықты қітаптар өте көп. Айжан өзі іздеген кітаптарын тауып алды.
3 тапсырма
«Мектеп» тақырыбына арнап, сөйлем түрлерін қатыстыра отырып, мәтін құрастыр
Сабақтың тақырыбы: «Сөйлем мүшелері»
Мақсаты: Оқушылардың сөйлем мүшелері туралы білімдерін жетілідіріп, толықтыру.Ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын дамытып, сөйлем мүшелерін дұрыс қолдана білуге үйрету.
Сабақтың барысы:
Сызбамен жұмыс
Тұрлаулы Тұрлаусыз
Бастауыш Баяндауыш
Толықтауыш Анықтауыш Пысықтауыш
Тұрлаулы мүшелер- өздігінен сөйлем құрай алады.
Мысалы: Қар жауды. Айдос келді.
Тұрлаусыз мүшелер-өздігінен сөйлем құрай алмайды, олар тек сөйлемді толықтырып, пысықтап, анықтап тұрады.
1-тапсырма Сөйлемдерге тұрлаусыз мүшелерін қосып жаз
Күз келді. Асылан ойнады. Қар жауды. Боран соқты. Күн батты. Құстар ұшты. Қонақтар келді. Бұлбұл сайрады. Оқушы жазды. Мұғалім хабарлады.
2-тапсырма Сөйлемдегі тұрлаусыз мүшелерді алып тастап, жаз
Біз далада қар атысып ойнадық.Ұшақ аспанға көтеріле ұшты.Далада аппақ қар жауып тұр.Зерде мектептен үйге келді.!жем көптеген ертегілер айтты.
3-тапсырма Сөйлемдерің тек тұрлаулы мүшелер қатысқанын бір бағанға, ал тұрлаусыз мүшелерімен қатысқанын екінші бағанға жаз
Әжесі Ерланға доп сатып әперді. Ол қуанды.Тезірек доппен ойнағысы келді. Далаға жүгіріп шықты. Байқаусызда табалдырыққа сүрініп кетті. Доп жарылып қалды. Ерлан қатты жылады.
Сабақтың тақырыбы: «Терме диктант»
Мақсаты: Оқушылардың терме диктант жаздырту арқылы таным белсенділіктер мен көркем жазу дағдыларын жетілдіру.
Барысы:
Берілетін тапсырмалар
1-тапсырма (Мақалдарды теріп жаз)
Әннің де естісі бар, есебі бар. Тыңдаушының құлағын кесері бар.(Абай) Білместігімнен істедім дегеннің көбіне нанбаймын. (Абай) Өнер, білім -бәрі де оқумен табылған.(Ы.Алтынсарин) Ақыл- адам көрігі, ақылдың сабыр серігі.(М.Әуезов) Ерінбеген етікші болады. (Мақал) Тоқсанға келген жасым бар, көпті көрген басым бар.(Жамбыл) Бұл оқиға сенбі күні басталады да, жексенбінің кешімен анықталады. (М.Иманжанов) Біз болсақ, жүріп-тұруға піскен, көнбіс адамдармыз ғой.(С.Шаймерденов) Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. Қиянатқа көнбе, әделетке атса да, көн! (М.Әуезов) Батыр туса, ел ырысы,жаңбыр жауса, жер ырысы.
2-тапсырма «Я» әріпі бар сөздерді теріп жазу
Көз тостаған
Көрсең оның қарасын,
Ойыншық деп қаласың.
«Көз»дейтұғын бар аяқ:
Көздей ғана шара аяқ
Ас құятын аяғым
Осымен де тоямын.
Береді әжем сүт құйып,
Тойып алам тыңқиып.
3-тапсырма Мәтін ішінен адам аттарын теріп жаз
Көкшетау-қазақтың Швейцариясы атанған өлке.Оның табиғаты өте көркем.Көкшетау-Сәкен Сейфуллин,Біржан сал, Ақан сері, Шоқан Уәлиханов сияқты қазақтың атақты ұлдарының туып-өскен жері.
4-тапсырма Шығармашылық тапсырма
Суретке қарай отырып, ойыншықтардың атауын теріп жаз
Сабақтың тақырыбы: «Ашық тест жұмысы»
Мақсаты:Өткен тақырып бойынша алған білімдерін анықтау, өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың барысы:
І.Тапсырмалар
№
Сұрақтар
Жауаптар
1
«у» дыбысы дауысты болатын 4 сөз жаз.
2
Қатаң дауыссыздарды жаз.
3
Арбакеш сөзі неше рет тасмалданады.Тасымал түрлерін жзып көрсет.
4
Сұраулы сөйлем дегеніміз не ?
5
Үнді дауыссыздарды жаз.
6
Көгершіндердің сөзі неше рет тасымалданады?
7
Лепті сөйлем дегеніміз не?
8
Дауысты дыбыстарды жаз.
9
Дауыссыз дыбыстарды жаз
10
Сөйлем мүшелері неше топқа бөлінеді?
11
Тұрлаулы мүшелерге мысал келтір
12
Тұрлаусыз мүшелерге мысал келтір
13
Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
14
Қосарланған дыбыстарды ата
15
Ұяң дауыссыз дыбыстарды жаз
Сабақтың тақырыбы: «Мәтін»
Мақсаты: Оқушының алдыңғы сабақтарда алған білімін пайдалана отырып, мәтін туралы түсінігін тереңдету.Оқушының ауызша және жазбаша сөйлеу дағдысын қалыптастыру, мәтін құрай білуге үйрету, баулу.
Барысы:
Берілетін тапсырмалар
Ереже
Мәтін дегеніміз екі немесе одан да көп сөйлемдерден құралады және белгілі бір жинақталған ойды білдіреді. Мәтіннің 3 түрі бар:
Мәтін
Сипаттау
Әңгімелеу
Пайымдау
1-тапсырма Мәтінді көшіріп жаз, қай түрі екенін анықта
Адырна
Адырна- көп ішекті сазды аспап.Ежелгі заманда бұл аспапты аңшылар ұстаған. Әуелі ағаштан шанақ, мүйіз жасалады.шанақ тұтас терімен қапталады. Мүйізге жағалай құлақтар бекітіледі. Ішектер байланады. Аспапты екі тізенің үстіне қояды. Сонан соң саусақтармен іліп ойнайды.
2-тапсырма Мәтінді оқы, қай түріне жатқызар едің?
Ерте, ерте, ертеде ай десе аузы, күн десе көзі бар бір сұлу қыз болыпты. Сұлу болғанда мұнан бұрын айтылып жүрген ертегілердегі сұлулардай емес, бұл қыздыңсұлулығы соншалық, ауызбен айтып жеткізе алмастай, көзбен көріп құмарың қанбастай екен дейді.
3-тапсырма Шығармашылық тапсырма
Суретке қарай отырып, «Жыл мезгілдері» тақырыбында әңгімелеу мәтінін құрастыр.
Сабақтың тақырыбы: «Ескерту диктанты»
Мақсаты: Оқушылардың осы уақытқа дейінгі алған білімдеріне байланысты түгел қамти отырып, оқушыларды бақылау диктантына дайындау.
Барысы:
Берілетін тапсырмалар
1-тапсырма Қиын сөздерді есіңе сақтай отырып, дәптерге көшіріп жаз
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ.
Момышұлы Бауыржан - екiншi дүниежүзiлiк соғыстың даңқты жауынгерi,халық қаһарманы, қазақтың көрнектi жазушысы. Туған жерi Жамбыл обылысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекенi. Бауыржан жетi жылдық мектептi бiтiргеннен кейiн,бiраз уақыт мұғалiм болған,сонда жүргенде кезектi әскери мiндетiн өтеуге шақырылып,онда бiр жарым жыл жүрiп,запастағы командир атағын алады.
1941 жылы екiншi дүниежүзiлiк соғыс басталысымен Бауыржан даңқты генерал майор Панфиловтың басшылығымен Алматы маңындағы жаңадан жасақталған 316- шы атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон,полк командирi қызметтерiн атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады.
Соғыс кезiнднгi жеке басының қаһармандық ерлiгiмен және ұрыс жүргiзудегi әскери шеберлiгiмен ерекше көзге түседi.
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР:
1 нұсқа
1. " Жауынгер" сөзіне фонетикалық талдау жаса
2. "Басқарамын" сөзiн буынға бөл
3. 1 сөйлемдi сөйлем мүшесiне талда.
* Ерлiк,батырлық туралы мақал жаз,сөз құрамына талда.
2 нұсқа
1. "Генерал" сөзiне фонетикалық талдау жаса
2. "Түсiнемiн" сөзiн буынға бөл
3. Соңғы сөйлемдi сөйлем мүшесiне талда
* Ерлiк,батырлық туралы мақал жаз,сөз құрамына талда.
2-тапсырма Қарамен жазылған сөзде неге «иу» дыбыстары қатар тұрғанын айт. Осылай жазылатын тағы қандай сөздерді білесіңдер?
Шілдеде шөп маялап,
Егін басы толады.
Көкөніс пен миуа бақ,
Көздің жауын алады.
Сабақтың тақырыбы: «Өздік диктант»
Мақсаты: Диктант жұмысы арқылы оқушылардың сауаттылықтарын арттыру.Өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге үйрету.
Барысы:
1-тапсырма Өздік диктант
А)Ал...ыр, е...бек, ғ..лым, тұн..ыш, ...асыр, ескертк..ш, қол..анат ,..дет, м..лдір, ж...йрік, ә..гіме, ата..ты, ..ртіс, ғал..м,..лы.
Б)М..ражай, демал..с,..йі, к..тапхана, ..нші, ..лең, та..пақ, ..ртіс, м..дениет, қол..нер, ша..ырақ, ..ста, қоб..з.
2-тапсырма Сөздерге ы әрпін жалғап,сөздерді көшіріп жазу
Бұлақ, қабақ, шабақ, тамақ, сабақ, қонақ, құрақ, тұяқ, қалақ, жақ, сұрақ, парақ, қалақ, табақ.
3-тапсырма Жақшадағы сөздерді сөйлем мағынасына қарай өзгертіп жаздыру
Айдос (өзен) барды. Ол (өзен) балық аулады. (Өзен) балық көп. Шелекті (балық) толтырды. Түске жақын (үй) қайтты.
4-тапсырма Көп нүктенің орынына бір түбір сөзді қойып жазыңдар
... - сарғыш, сарғылт, сарғыштау.
... - қызғылт, қызғылтым, қызылдау.
... - көкшіл, көгілдір, көкпеңбек, көктеу.
... - жағу, жағады, жығылды, жағып.
... - тағу, тағады, тағылды, тағып.
... - ағу, ағады, ағынды, ағып.
... - бағу, бағады, бағылды, бағып.
... - соғу, соғылды, соғады, соғып.
5-тапсырма Мына жолдарды 5 сөзбен толықтырып, жаз
1.Адамның мамандығын, кәсібін білдіретін сөздер: мұғалім, ...
2.Туыстық атауларды білдіретін сөздер: ата, ...
3.Кісі аттары: Айгул, ...
4.Тұрмысқа қажетті үй жиһаздары: тоңазытқыш, ...
5.Құрал-саймандар: балта, ...
Сабақтың тақырыбы: «Көру диктанты»
Мақсаты:Оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыру. Көркем жазуға дағдыландыру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Барысы:
Берілетін тапсырмалар
1-тапсырма Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жаса
1.Бір істі бастасаң, аяқсыз тастама.
2.Екі бала орманға барды, жеміс терді
3.Мен Күләймен бірге Алматыға бардым.
4.Дәл төбеден бірдеңе шатыр-шұтыр етті.
5.Күзде құстың еті мен мамығын өткізеді.
6.Оқушының бәрі де жақсы оқуды көздейді
2-тапсырма Тыныс белгілерін есте сақтай отырып, өлеңді көшіріп жаз
Бұйда
Бұйда-түйе шылбыры
Білмейді екен кім мұны?
Түйе мінген бұйдасын
Шұбатпасын,жинасын
3-тапсырма Қарамен жазылған сөздердің астын сызып, «у» дыбысн талдау
Қоңырау соғылды. Біз сыныпқа кірдік. Мұғалім алғашқы сабақты бастады. Тақтаға үлкен сурет іліп қойды. Бұл бізге тұңғыш оқулық жазған ғалым
Ахмет Байтұрсынов екен. Апай бізге ол кісінің өмірбаяны мен шығармашылығы туралы әңгімелеп берді.
4-тапсырма Жұмбақты шешіп, «я» әріпі бар сөздерді есіңе сақтай отырып, жаз
ЖҰМБАҚ
Биікте ұшып жүреді,
Елік, қоян бүреді.
Қия таста ұясы,
Бұл құсты кім біледі?
Сабақтың тақырыбы: «Дидактикалық материалдармен жұмыс»
Мақсаты: Дидактикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ойын, тілін дамыту. Тапқырлыққа тәрбиелеу.
Барысы:
Берілетін тапсырмалар
1-тапсырма
1.Дыбыстық жаттығу: Қой қалай маңырайды?
2.Кім ұқыпты? Сөздерден бірдей дыбыстарды тап: барабан, балға балта, балық,
баға, бала, бота, бұзау.
3.Кім көп біледі? «Б» дыбысынан басталатын сөзге мысал ойла.
4.Жұмбақ құрастыр.
5.Өтірік өлең құрастыр.
2-тапсырма
1. жас..., күміс...., өрмекші...., -тар, -тер, -лар, -лер
2. айт...., қара....., көр.... -дық, -тық, -дік, -тік
3. қарындас...., дәптер...., киім.... -ым, -ім
4. Кітап...., Отан...., сенім..... -ың, -ің
5. Жұмбақ.
Көтер....л....п тең.....зден,
Аспанға би...к барам...н.
Би...ктен қайта түскенде,
Өң... к..рер далан..ң. (жаңбыр)
3-тапсырма Сұрақтарға жауап беретін сөздерді тиісті қорапшаларға сал
4-тапсырма Сурет бойынша ертегіні есіңе түсір. Ертегінің атын есіңе
түсіріп, оны әңгімелеп бер. Ертегі кейіпкерлерінің атын жазып, дыбыстық талдау жаса
Сабақтың тақырыбы: «Сөз құрамы»
Мақсаты: Оқушыға сөз құрамы туралы терең мағлұмат бере отырып,алғырлыққа,көркем жазуға баулу.Әр түрлі шығармашылық тапсырмалар беру арқылы дарындылығын дамыту.
Барысы:
Ереже
Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағынасы бар бөлігін түбір дейміз.Мысалы: қала,орман,көше, жұлдыз.
Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейміз.Қосымшаның екі түрі бар.Олар: жалғау және жұрнақ.
Сызбамен жұмыс
Сөз құрамы
Түбір Қосымша
Жалғау Жұрнақ
1-тапсырма Сөздерге -ы,-і дыбыстарын жалғау
Халық,бөрік,орын,қауіп,мойын,ауыз,мүлік,құлып,көрік,ерік,ауыл,
мұрын,құлақ.
2-тапсырма Мәтіннің ішінен түбір сөздерді теріп жаз
Ермек жазға демалысты асыға күтті.Оқудан босаған күннің ертеңіне апасына кетпек.Апасы бір мекеменің қосалқы шаруашылығында тұрады.Онда құс фермасы бар. Ермек жазғы демалысын сонда өткізді. Алма ағашының күтіміне араласты.Агрономға көмектесті.Бақшаға бүлдірген шыбықтарын отырғызды. Айналаасын қоршады. Бақшаның арығын жасап, су келтірді.
3-тапсырма Мәтіннің ішінен түбірге қосымша жалғанған сөздерді тап
Құмырсқа
Құмырсқа зыр жүгіріп жүр. Жолдан үп-үлкен дәнді көзі шалып қалды. Оны арқалай бастады.Дән сырғанап түсе берді. Құмырсқа дәнді көтеріп алып кету үшін көп әуреленді. Оны қайта көтеруге кірісті. Ақыры дәнді илеуіне жеткізді.
4-тапсырма Берілген сөздерді көшіріп жазып, түбірі мен қосымшасын ажырату
Механизаторлар, күрекпен, қыздар, жұмысқа, тазаладық, меңгеруші, картасының, салды, Алатаудың, төртінші, сыйлық, диқандар, аққудың, қайырымдылық, сыныпқа.
Сабақтың тақырыбы: «Зат есім»
Мақсаты: Оқушының сөз таптары соның ішінде зат есім туралы түсінігін тереңдету.Сөйлем ішінен зат есімді таба білуге үйрету.Оқушыны көркем жазуға алғырлыққа баулып,тәрбиелеу.
Барысы:
Ереже
Заттың атын білдіріп, Кім? Не? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табын зат есім деп атаймыз.
1-тапсырма Сөйлем ішінен зат есімді тап
Құдықтан су тартып,жаңғақ ағашына құйсаң жемісі тез піседі.Ата- анам өмірдегі ең қымбат адамдарым. Мен әкеме алғыс айттым. Айнұр кітапханаға барып, көптеген қызықты кітаптар алып оқыды. Қыста біздің ауылдың балалары шанамен тау басынан сырғанап жарысады. Жанардың анасы аулаға су сеуіп сыпырғанды ұнатады.
2-тапсырма Көркем жазу
Диктант
Қарсақ-түлкіге өте ұқсас.Денесі түлкіге қарағанда кішіректеу,терісі жұмсақ.Ол- жалқау аң.Оған ін қазу ұнамайды.Саршұнақ пен суырдың інін пайдаланады.Өзі інді сирек қазады.наурыз ,сәуір айларында үш- алты жәутігін туады.Қарсақ небәрі бес-алты жыл ғана өмір сүреді.Кең- байтақ Қазақстанның шөл және шөлейт аймақтарында кеңінен таралған.
3-тапсырма Шығармашылық тапсырма. Жұмбақтарды шеш
Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай-шу.
( )
Бір аң бар қайраты көп, болған күшті,
Басынан өткізеді әрбір істі.
( )
Жұмбақтың шешуі болған сөздер ненің атын білдіріп тұр. Олар қатысқан қандай мультфильмдердің атын білесіңдер, соларды тізіп жазыңдар.4-тапсырма Бұл не? Сендер одан нелерді көріп тұрсың?Қандай әріппен жазамыз?
Сабақтың тақырыбы: « Етістік»
Мақсаты: Оқушының сөз таптары соның ішінде етістік туралы түсінігін тереңдету. Сөйлем ішінен етістікті таба білуге үйрету.Оқушыны көркем жазуға, алғырлыққа баулып,тәрбиелеу.
Барысы:
Ереже
Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табын етістік деп атаймыз.Етістіктің сұрақтары: Не істеді? Не қылды? Қайтті?
1-тапсырма Диктантттан етістікті тауып, сұрақтар қой
Диктант
Зейін бақта жүр.Бұталардың сыртына мойнын созып қарап қояды.Бұқпантайлап ілгері жылжыды.Кішкентай денесімен бүрісіп отыра қалды.Бұтаның арғы бетінде шымшықтар жел түсірген бүршіктерді шоқып жүр.Зейін ағаштың төменгі жағына жем шашатын тақтай орнатты.Құстар әлгі жерге үйір болып алды.Бала торғайдың бақтан кетпегенін ұнатты.Құстар- адамның досы.
2-тапсырма Сурет бойынша сөйлемдер құрап жаз. Құраған сөйлемдеріңдегі қимылды білдіретін сөздердің астын сыз
3-тапсырма Мәтін ішінен тек етістіктерді теріп жаз
Екі лақ.
Өзен жағасына екі лақ келді. Өзеннен өтетін көпір бар. Ол бір ғана бөрене. Екі лақ көпірдің үстімен қарсы жүрді. Олар бі-біріне жол бермеді. Екеуі сүзісті. Ақыры екеуі де суға құлап түсті.
4-тапсырма Мақал-мәтелдердегі етістікті анықта
1.Отан- отбасынан басталады.
2.Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей..
3.Отан үшін күрес, елге тиген үлес.
4.Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді.
5.Адам туған жерінен кетпес, ит тойған жерінен кетпес.
6.Оқыған озады, оқымаған тозады.
7.Кішіпейілділіктен кішіреймейсің.
Сабақтың тақырыбы: « Сын есім»
Сабақтың мақсаты: Оқушының сөз таптары соның ішінде сын есім туралы түсінігін тереңдету.Сөйлем ішінен сын есімді таба білуге үйрету.Оқушыны көркем жазуға, алғырлыққа баулып,тәрбиелеу.
Барысы:
Ереже
Заттың сынын, сапасын, дәмін, түр-түсін, көлемін білдіретін сөз табы сын есім деп аталады.Сын есімнің сұрақтары: қандай? қай?
1-тапсырма Диктантты көшіріп жазып, сын есімдерді тауып сұрақтар қой
Диктант
Алмұрт-жапырағы түсетін ағаш.Гүлдері ақ немесе қызғылт болады.Алмұрт сәуір,мамыр айларында гүлдейді.Жемісінің түсі жасыл, сары кейде қызылдау болады.Алмұрттан тосап қайнатады.Шырын және сусын дайындайды.Алмұрттың ағашынан музыкалық аспаптар дайындайды.
2-тапсырма Суреттегі заттарға сипаттама бер
3-тапсырма Берліген мақал-мәтелден сын есімдерді тауып, сөйлем құрастыр
1.Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
2.Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
3.Жақсы-жаныңа жолдас, жаман-малыңа жолдас.
4.Ел іші-алтын бесік.
5.Отансыз адам, ормансыз бұлбұл болмас.
6.Сабыр түбі- сары алтын.
7.Еңбекпен тапқан нан тәтті.
8.Жақсы әке- жаман балаға қырық жылдық ризық.
9.Өнер алды- қызыл тіл.
10.Әлсіз адам сүріншек, ақылсыз адам еріншек.
Сабақтың тақырыбы: «Сан есім»
Сабақтың мақсаты: Оқушының сөз таптары соның ішінде сан есім туралы түсінігін тереңдету.Сөйлем ішінен сан есімді таба білуге үйрету.Сан есімнің түрлерімен таныстыру.Оқушыны көркем жазуға, алғырлыққа баулып,тәрбиелеу.
Барысы:
Ереже
Сан есім дегеніміз заттың санын, ретін білдіретін сөз табы.Неше? Қанша? деген сұрақтарға жауап береді.Сан есім 6 топқа бөлінеді.
1-тапсырма Көшіру диктанты
Мың найзалы жалғыз батыр,
Жауларына алғызбай жүр. /кірпі/
Бір ағашта бес бармақ,
Бес бармақта бес жаңғақ /қол/
Бойы бір қарыс,
Сақалы екі қарыс. /жүгері/
Табаныма байладым,
Қос аяқпен айдадым. /шаңғы/
2-тапсырма Шығармашылық тапсырма
Неше?
алты
екі
жиырма
Нешінші?
алтыншы
Сабақ тақырыбы: «Графикалық жаттығулар»
Мақсаты: Сызба бойынша тапсырмаларды орындату арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Барысы:
Берілетін тапсырмалар
1-тапсырма
Мына сызба бойынша екі азат жолдан тұратын мәтін құрастыр.Мәтінге тақырып қой
2 -тапсырма Графикалық диктант
Құстар сайрайды.Сәрсен кітапханаға барды.Әлия мақала жазды.Әйгерім Алматыдан келді.
Сөйлемдегі сөздердің сызбасын көрсет
3-тапсырма Берілген сызбалар арқылы сөйлемдер құрастыр
1. __________ ________________ .
2. __________ _______ ___________ .
4. __________ ___________ ___________?
5. __________ _______ _______ __________ !
4-тапсырма Сөзжұмбақты шеш
-
Жыл мезгілінің аты.
-
Суда жүзетін не?
-
Данышпан, білгіш адам.
Сабақ тақырыбы: «Тест жұмысы»
Мақсаты: оқушылардың жыл бойы алған білімдерін жүйелеу, қорытындылау, тексеру.
Барысы:
1.Сөздің ең кішкене бөлшегі қалай аталады?
А) сөз В) буын
С) әріп Д) тасымал
2. Жіңішке буынды сөзді табыңыз
А) әлдеқашан В) жолдас
С) ғарышкер Д) әріптес
3. Ашық дауысты дыбысты табыңыз
А)а,ә Д )ү,й
В)ы,і Е) ы,і
4. Дыбыстың жазбаша таңбасы не?
А) дыбыс В) буын С) әріп Д) сөз
5. Заттың атын білдіретін сөзді табыңыз
А) Қызылкүрең В) Жиырма сегіз
С) Отырып қалды Д) Қызметкер
6.Сөйлем нешеге бөлінеді?
А) 2 В) 3 С) 4 Д) 5
7. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін көрсет.
А) бастауыш, толықтауыш; В) анықтауыш, баяндауыш;
С) бастауыш, баяндауыш; Д) анықтауыш, пысықтауыш;
8.Сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Қоңырау соғылды.Оқушылар үзіліске шықты.
A) Лепті сөйлем. B) Сұраулы сөйлем
C) Жай сөйлем. D) Хабарлы сөйлем
9. Сын есімдердің қатарын тап
А) Көк, адам В) қызыл, биік
С) Оқушы,шәкірт Д)Ұғымтал,төрт
10. Етістік тап
А) сары, қызыл В) әдемі, сұлу, көркем
С) батыр, қорқақ Д) келді, жүріп бара жатыр
11.Сан есімдердің қатарын көрсет
А) биік-аласа В) алтыншы, он-оннан
С) келді, отыр Д) сегіз, жасыл
12.Түбір сөзді тап
А) денсаулыққа В) кітап
С) оқушы Д) байлық
13.Қосымша неше топқа бөлінеді?
А) 2 В) 3 С) 4 Д) 5
14.Мәтіннің неше түрі бар?
А) 6 В) 3 С) 5 Д) 4
Мұғалімдер үшін ұсынылатын әдебиеттер:
-
«Қызықты грамматика» /жұмыс дәптері/Алматыкітап баспасы 2012 ж
-
«Мөлдір бұлақ» журналы
-
Қазақ тілінен кестелер жинағы
-
Қазақ тілі бойынша диктанттар жинағы /Атамұра 2000 жыл/
-
Қазақ тілі оқулығы /3-сынып/ Алматыкітап баспасы
-
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі /3-сынып/
27