7


  • Учителю
  • Конспекты' Дене. Зат' қоршаған орта 3 сынып

Конспекты' Дене. Зат' қоршаған орта 3 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Денелер. Заттар

Жарияланды Категориясы:

Дүниетану
Сабақ тақырыбы: Денелер. Заттар
Сабақ мақсаты: оқушылардың табиғи және жасанды денелер мен олардың құрамы туралы, зат туралы, түсіктерін қалыптастыруына ықпал ету; балалардың өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру; есте сақтау және ойлау қабілеттерін арттыру; тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа сабақ
Сабақ әдісі: интербелсенді тақта, электрондық оқулық, салыстыру, талдау, сұрақ - жауап
Көрнекілік: суреттер, кесте
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезең Психологиялық дайындық
Бүгін қай күн? Сәрсенбі ----------------- Қайырлы күн, балалар
Ертең қай күн? Бейсенбі ---------------- Қайырлы күн, мұғалімдер
Оят онда Сәрсенді ------------------------ Тыныш болып түніміз
Оят онда Бейсенді ------------------------ Ашық болып күніміз
Сабағынан қалмасын --------------------- Сәттілікке толсын - ай
Топ басшыларына бағалау парағын тарату
2. Үй тапсырмасын тексеру
«Әр суретті өз орнына қой» ойынын ойнау. (Интербелсенді тақтада слайд )
Бәріміз тақтаға қарайық. Әр суреттің орнын тапсаң, артынан құпия сөз шығады. Ол үшін үй тапсырмасы бойынша мына сұрақтарға жауап берулерің керек.
1. Температураны немен өлшейді? Оның түрлерін ата (суреттерін көрсету)
2. Ауа, су, топырақ температурасының тіршілік иелері үшін қандай маңызы бар?
3. Дені сау адамның қалыпты температурасы қандай болу керек?
4. Ауа райын білу не үшін керек?
5. Ауа - райын болжайтын қандай жәндіктерді білесіңдер?
(Көл, аққу, балық, құс, ағаш, инелік суреттері және рет сандары бар буындар болады.) Суреттерді орнына жылжыту арқылы құпия сөз шығады. Оларды ретімен орналастыр.)
Денелер мен заттар деген сөз шығады. Ендеше бүгінгі сабағымыз денелер мен заттар жайында болмақ.
Тақтаға назар аудару. Суретке қарап не айтуға болады? Табиғат көрінісі. Осы суреттердің қайсысы артық? Көл
Неге? Өйткені ол өлі табиғат. Сонымен тірі, өлі табиғат дегеніміз не екен? Ал осылардың бәрін бір сөзбен дене дейміз.
Ал сендер дене дегенді қалай түсінесіңдер?
3. Жаңа сабақ
Дене деген сөздің басқа да мағынасы бар екен. Бәріміз тақтаға қарап, дененің не екендігін түсініп алайық. ( электрондық оқулық арқылы тыңдау)
Не түсіндік? Дене деген не? Оның қандай түрлері бар екен? Зат деген не?
Осы сыныптың ішінде дене бар ма?
4. Оқулықпен жұмыс.
1 топ: 30 беттегі 1 - абзацты оқу. Денелер табиғи және жасанды дене екендігі жайлы оқиды. Суреттерін ажырату.
Тақтамен жұмыс Электрондық оқулықтан табиғи, жасанды денелерді ажырату
2 - топ: Денелер қатты, сұйық, газ тәріздес болады. Үстелдің үстіндегі тас, целлофандағы ауа, стақандағы суды көрсетіп қайсысына жататындығын айту.
3 - топ: Дене заттардан тұрады. Үстелдің үстіне 2 сызғыш ( ағаш, пластмасса), 1 қант, стақандағы су, өсімдік, ауа. Өсімдіктің құрамы күрделі.(су, крахмал, қант және басқа заттар бар. Адамдар мен жануарлар да әр түрлі заттардан тұрады. Кітап пен дәптер, қаламды дәлелдеу.
4 - топ: Сен білесің бе? айдары бойынша (балаларға қосымша карточка тарату)
Қайсы дене? Қайсы зат? Ажырат. Үстелдің үстіне сабын қою.
Сабын неден жасалған? Ерте кезде қазақ халқы қара сабынды алабота деген өсімдікті өртеп, малдың сүйектерін өртеп, өсімдіктің күлін және сүйектің майын қосып жасаған. Жасалған нәрсе түнімен тұрған. Сабынның мынадай пайдасы бар:
Егер жара шықса сол жерді сабынмен жуу керек. Иіс сабыннан гөрі кір сабынды пайдаланған дұрыс екен.
3 минут уақыт беру. Топтың жауаптарын тыңдау.
Енді біраз шаршаған шығармыз, сергіп дем алайық.
6. Сергіту сәті. « Бақытты баламыз» әнімен
Елді сүйген баламыз, ----------------- Біз талапты баламыз,
Білімнен нұр шашамыз. -------------- Оқып - білім аламыз.
Әлкей, Қаныш атадай, ---------------- Заттар сырын ұғынып
Көп жаңалық ашамыз. ---------------- Ажырата аламыз.
7. Топтық жұмыс ( музыка)
1 - топ: Жасанды денелерді пайдаланып, бүгінгі тақырыпқа сай әңгіме құра.
2 - топ: Берілген өлеңнің ұйқасын тап. ( тақтаға шығарып қою)
Дене деген немене? ---------------------Бізді қоршап тұрған
Достым білгің ............ ме? --------------Өлі, тірі...............
Дене ............ баласы -------------------Дене неден тұрса
Зат ............. анасы ----------------------Дейміз оны ...................
Керекті сөздер: келе, заттың, дененің, табиғат, зат.
3 - топ: Мына заттарды пайдаланып не құрастыруға болады? ( шырпы, ермексаз, скрепка, қағаз, кубик, қағаз, трубочка, )
4 - топ: Жұмбақ құрастыру. Сендер бір денені ойлап, сол дененің атынан сөйлейсіңдер. Ол қандай заттардан тұратынын жұмбақтап айтасыңдар. Мен құмнан жасаламын. Әрбір үйде боламын. Мен болмасам үйдің іші қараңғы болады. Мен қай денемін?
8. Қорытынды.
Ал, балалар бүгін сабақта не үйренгендеріңді тексеріп көрейін. Бәріміз тақтаға назар аударайық.( Электрондық оқулықтан тапсырма орындау)
• Тапсырма: Денелер қандай заттардан тұрады? Жаңбыр судан,
• Тапсырма: Денелер қандай заттардан тұрады? Ұшақ металлдан
• Тапсырма: Не неден жасалады? Ауызша
• Логикалық тапсырма. Алабота мен шырпының суретін көрсету. Қандай байланысы бар?
( шырпымен алаботаны өртеп сабын жасайды)
9. Бүгін сабақта не білдіңдер? Не үйрендіңдер? (балалар өз ойларын айтады.)
10. Топ басшылары бағалайды.
11. Балалар осымен сабақ аяқталды. Үйге тапсырма: Бір дененің жасалу жолын қарастыру. Адамдарға дененің қандай заттан тұратындығын білу не үшін керек? Сұраққа жауап іздеу.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал