7


Қала мен ауыл (4 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Қала мен ауыл.

Сабақтың мақсаты: қала мен ауыл туралы, осы елді мекендердің бір - біріне ұқсастығы мен айырмашылығы, қала мен ауылдағы адамдардың қандай қызметпен шұғылданатынын туралы түсінік береу.

Сабақтың көрнекілігі: «Қала», «Ауыл» иллюстрациялары.

Сабақтың барысы:

  1. Психологиялық дайындық.

  2. Жаңа материалмен жұмыс.

  1. Балалар, қала мен ауылдың ортақ белгілерін тауып көрсетелік.

ҚАЛА, АУЫЛ - үйлер, дүкен, кітапхана, адамдар, мектеп, кинотеатр, балабақша, пошта.

  1. Қайталау: қала мен ауыл адамдары қалай еңбектенеді.Қай еңбек түрін ауылдық, ал қайсысын қалалық деп айтады?

  2. Қала мен ауылдағы құрылымдардың айырмашылығы неде?

  1. Оқулық бойынша жұмыс.

  1. Мәтіннің 1 - бөлімін оқу.

  • Сендер қала өмірі туралы не білесіңдер? (Оқулықты пайдалануға болады)

  1. Мәтіннің 2 - бөлімін оқу. Ауыл өмірі туралы не білесіңдер? «Қалада да ауылда да кезігетін затты тап» ойыны. (Картиналар жинағы).

  2. Тез жауап бер. (1 минут)

  • Ауылда қандай жұмыс істейді? 1 - команда.

  • Қалада қандай жұмыс істейді? 2 - команда.

  1. Дәптерге орындалатын жұмыс.

  • Қала мен ауылды салыстыру. Венн диаграммасын құруға да болады.

  1. «Өзіңді тексер» айдары.

  2. Ойын түрінде «Телекөпір» бағдарламасы өткізіледі.

Телестудия - сынып, снып бөлмесінің екі жағында екі топ тұрады. Бірі қала тұрғындары, ал екінші ауыл тұрғындарын ойнайды.

Тілші қала тұрғындары рөліндегі балалармен әңгімелеседі.

Сұрақтар: Қалада тұру қиын ба? (Қалалықтар жауап береді.)

  • Сіздер неге қалада тұрады?

  • Енді осы сұрақтарды ауыл тұрғындарына қоямыз.

  • Біз сіздерді тыңдап тұрмыз. (Ауылдықтар сөйлейді.)

Тілші қала мен ауыл арасындағы әңгімені қорытады. (Міндетті түрде ауыл қаланы ауылшаруашылық тағамдарымен қамтаматсыз етеді, ал қала өнеркәсіп тауарларды дайындап, ауылға жеткізеді деген қорытынды жасау тиіс.)

  1. Сабақты қорыту.

Негештің сұрағы.

  • Неге қаладағы жұмыс ауылдағыдан мүлдем басқаша?

  1. Үй тапсырмасы. «Қала мен ауыл» мәтінін оқу. Қала мен ауыл тақырыбына сурет салу.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал