7


Тәрбие сағаты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: «Елімнің тағдырына үлесім». Қазақстан, Қазақстан алтын күн, Жанымызды жарылқайтын жарқын күн. Аталдың сен барлық әлем тілінде, Атыменен қазақ деген халқыңның. Қазақстан елім менің берекем, Татулыққа тұтқа болған жыр мекен. Жер жаҺанға шашу болып шашылсын, Арайланған Тәу
предварительный просмотр материала

«Елімнің тағдырына үлесім».

Қазақстан, Қазақстан алтын күн, Жанымызды жарылқайтын жарқын күн. Аталдың сен барлық әлем тілінде, Атыменен қазақ деген халқыңның. Қазақстан елім менің берекем, Татулыққа тұтқа болған жыр мекен. Жер жаҺанға шашу болып шашылсын, Арайланған Тәуелсіздік мерекем. «Қазақстан» деген жалғыз ауыз сөздің құдіреті мен қасиетін осы жерде туған және осы өлкеде өскен әрбір азаматтың сергек сезінуі парыз.Бұл сөз біздің қанымыз бен жанымыздың ажырамас бір құрамды бөлігі. Қазақ жері, қазақ елі біздің ата- бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарға қалдырып еткен баға жетпес байлығы және асыл мұрасы. Біздің ата шежіреміз ғасырлар бойы Ресей тарихының құрамды бөлігі болып келді, солай хатталды да. Жаңа Тәуелсіздік заманда өз халқымыздың тарихын өзіміз жазып, жаңа егемендік ел, халық тұрғысынан жазуға мүмкіндік алдық. Әрине тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Қазақ халқының небір қайтпас қайсар батырларының жасаған ерліктерін оқулықтардан оқып білудеміз. Елім, жерім деп жаудан ұлтарақтай жері үшін, небір қазақтың батырлары өз өмірлерін қиып, қанды шайқастарда қаза болды. Біз үшін қай замандағы тарихымыз болмасын қымбат, айтулы кезеңдерде ту ұстаған бабаларымыздың барлығы да құрметті. Исатай, Махамбеттер патшалық Ресейдің озбыр саясатына қасқайып қарсы тұра білді. Сан зұлматты өткерген еліміз ұлт-азаттық көтеріліске келгенде де тосылып қарап қалған жоқ. Бұл күрестер азаттық үшін өткен сан күрестің соңы емес еді. Елін,жерін жау аяғына таптатпай, сол туған жерінің қарсы қадамы үшін басын өлімге тіккен аталарымыздың бойындағы ерен күш, биік рухқа әр кез таңданамын. Аталарымыздың сол қасиеті елге- мұра, ұрпаққа-ұран болып келе жатыр. Ұлт -азаттық көтерілістер, Ұлы Отан соғысы мен желтоқсан оқиғалары, соғыстың қатал сынағынан өткен жандардың жанқиярлық ерлігі арқасында, біздің барлығымыз өмір сүру бақытына ие болдық. Желтоқсан оқиғасы біздің жадымызда. Біз оны көрмегенмен, үлкендер мен апайларымыздың айтулары, теледидардағы деректі фильмдерден жақсы білеміз. Алматының алаңында өткен желтоқсан қырғынының жазықсыз жаласына ұшыраған «қасқалдақтай қаны, бозторғайдай жаны» бар жанкешті жаужүрек жас Қайраттай ағаларымыз болды. Қайрат, Ләззат сияқты аға-апаларымыздың желтоқсанның ызғарында жасаған ерліктерімен, олардың аттарын атамай кетпеуге болмайды. Желтоқсанның ызғарына тоңып, тас қараңғы тас қамалда, Қайрат ағамыздың жазған өлеңдерін оқығаныңызда өлеңдері «Мен қазақпын» деген әрбір жастың, әрбір адамның, жанына күш-қуат беріп патриоттық сезімін оятары анық. Желтоқсанда да өрімдей аға-апаларымыз жас өмірлерімен қоштасқан. Жыл сайын желтоқсанның 16- да сыныбымызда әрдайым тәуелсіздікке байланысты түрлі тақырыптарда тәрбие сағатын өткізіп тұрамыз. Табаным тиіп Алматы қаласына бара қалсам, желтоқсандағы еліміздің тәуелсіздігі үшін ерлік жасаған, аға-апаларымызға гүл шоқтарын қоймай кетпеймін. Сондықтан да ата, аға-апаларымыздың ерліктерін ардақтап, лайықты құрмет көрсету- біздің перзенттік парызымыз деп білемін. Мектеп оқушысы болсамда Қазақстанның болашағы үшін, оның одан әрі дамып, көркейіп, гүлденіп 50 елдің қатарына қосылуына, менде өз үлесімді қосқым келеді. Қандай да бір жақсылық болмасын, қиындықпен келетінін білемін. Дегенменде қиындықтарға мойымай, әрдайым қарсы тұрып жеңе білу керек. Халықта мақал бар: «Өскен ел тарихын таспен жазады, өшкен ел тарихын жаспен жазады» Біздің халық тарихын ғасырлар бойы жаспен жазып келеді. Тәуелсіздік жолы- азаматтық жолы. Тәуелсіздік келді, енді бәрі болады, бәрі орнына өзінен- өзі толады деп, жігеріңді құм етуге болмайды. Абай ата айтқандай, мал табу жолына түсу керек. Тәуелсіздік жолы- азамат жолы. Егемен елдің азаматы- арлы, зейінді, пейілді, патриот жан. Тәуелсіздік жолы- үміт жолы. Біз бостандық алған елден күтеріміз аз емес. Біз тәуелсіздіктен ең алдымен жарқын болашақ күтеміз, кейінгі ұрпақтан ата- баба аңсаған игі мақсатының орындалуын күтеміз. Самұрық құс көлбей қағып қанатты, Қонды келіп Бәйтерекке дарақты. Шаңқылынан бүкіл дүние оянып, Елімізде Тәуелсіздік таңы атты. Біз тәуелсіздіктен аға ұрпаққа әлеуметтік қорған болуын күтеміз. Басқаша айтқанда, біздің ата- бабамыз аңсаған заман тәуелсіздікпен байланысты. Жаңа ХХІ ғасырға бет алған сәтте нарықты экономиканың құдіретін де көруіміз керек. Біз осындай қоғам жасайтын болсақ қана тәуелсіздік баянды болады. Біз қазақ, ғасырлар бойы жоқ іздеген халықпыз. Біздің жоғалтқанымыз ең асылымыз- тәуелсіздік еді. Біз тәуелсіздікті іздеп соқпақпен де, сүрлеумен де, жүрдік кейде жолға түскендей болдық, бірақ тығырыққа тіреле бердік. Осыдан 20 жыл бұрын түскен жолымыз даңғыл болды. Ол тәуелсіздік даңғылы. Тәуелсіздік сапары тәуекелді керек етеді, жол көлігі керек, жол серігі керек, жол азығы керек, алыс жолға тәуекел етер жүрек керек, тірек керек жол бастайтын көсем керек. Біз тәуекел қайығына міндік, тәуелсіздік даңғылына түстік, 20 жылда басқа халықтар ғасырлар бойы өткен жылдан өттік. Біздің тәуелсіз ел болғанымызға -20 жыл. Тәуелсіздік- тәу етер жалғыз кие. Дүниедегі тәуелсіздікті, бостандықты, теңдікті аңсамайтын адам да, халықта жоқ. Біздің егемендігіміз бен тәуелсіздігіміз- тек бір ұрпақтың ғана еңбегі емес, барша ұрпақтардың еңбегі. Басты мұрат- қолымызға қиындықпен түскен тәуелсіздік туына мейлінше бекем болу. Тектілердің тұяғы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ерен еңбегінің арқасында халқымыз- тыныштықта, Отанымыз еркіндікте. Аз ғана жылда аспанның астын жайнатып, Астана- шаһарын тұрғызды. Елдің бірлігі артып, берекесі кірді. Іргеміз тыныш. Түндеріміз- бейбіт. Күндеріміз нұрлы. Мектеп оқушысының қолынан не келеді деп ойлауларыңыз да мүмкін. Теледидарда Елбасы Нұрсұлтан атамыз айтқандай, елдің болашағының көркейіп, гүлденіп одан әрі дамып, өркендеуі біздің қолымызда. Яғни болашақтың жастары мына біздер, бүгінгі бүлдіршіндер мен жас ұрпақтар. Елімізді әлемге танытып, Елбасымыздың жолдауындағы жұмыстарды атқару үшін, алдымен жақсы білім алып, тәлімді тәрбиелі болуымыз қажет. Әрбір адам өз алдына мақсат қояды. Менің де өзімнің алдыма қойған үлкен мақсаттарым бар. Мектептен жақсы білім алып одан әрі білімімді жалғастырып, елім үшін еңбек ету. Қазақта «бақыт» деген ұғым бар. Мен бақыт дегенді былай түсінемін. Ол- сенің тәуелсіз Отаның, Ұлы тұғырың. Бақыттың кіндігі- Отан. Елімнің көркейіп, гүлденуіне өз үлесімді қосып тәуелсіз елім үшін, отаным үшін, елімнің тыныштығы мен сәбилердің күлкісі үшін, бар өмірімді күш- қуатымды жұмсап жұмыс жасасам. Еліме пайдамды тигізіп, халқым үшін еңбек етсем менде одан артық бақыт болмас еді. Аға- апаларымыздың қиындықпен өздерінің жас өмірлерін қиып алып берген тәуелсіздіктің туын, біздер әрдайым биік ұстауымыз керек, әрдайым биік ұстаймыз да дегім келеді. Менің елім, менің жерім, жыр етемін тамсанам, Елміз біз де ғасыр бойы тәуелсіздік аңсаған. Көк байрақтың астындағы шуақтанған арайлы, Қуанышын мол бақытын сыйлайтындай таң саған. Бізге өз тәуелсіздігіміз қымбат. Неге дейсіз ғой ? Ол бізге қымбат- ата- бабаның рухын көтергені үшін! Ол бізге қымбат- сөнген мемлекетіміздің отын маздатып жандырғаны үшін ! Ол бізге қымбат- елімізді қатарға қосып, әлемдік қауымға ендіргені үшін! Ол бізге қымбат- ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, ділімізді қаз- қаз тұрғызып «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізгені үшін! Ол бізге қымбат- «Отан» деп жүрегімізді қақтырғаны үшін! «Елім» деп елеңдетіп, «жерім» деп желпінтіп, барша алпыс екі тамырымызды игізіп, ата жұртын сүйдіргені үшін! Жиырма жыл! Тәуелсіздік елімде, Бақыт құсы самғап ұшты көгімде. Қазақ деген ғажап халық қашаннан, Көк бөрінің ұрпағымыз тегінде. Тәуелсіздік ақ батасы атамның, Күлімдейді менің Байтақ Отаным. Жан жылытар сәбидің шат күлкісі, Қашаннан қалған сынығымын мұраның. Тәуелсіз қазақ елінің Ақордадай «Астана» атты рухани тұғыры бар. Ол бірлігімізді, тірлігімізді әлемге айшықты айғақтап тұр. Астана- тәуелсіздіктің тақ- тұғыры. Қазақ елінің дербес ел болуына орай байтақ та бағалы елден бата алған Нұрсұлтан Әбішұлындай Елбасының ел билігін ұстауы, біз сияқты ұрпақтарының бағы деп білемін. Тәуелсіздік тұғырын тарихи ерлікке жалғастырған Елбасымыздың парасаттылығы, ойшылдығы деп түсінемін. Елорда бірліктің, ерліктің арқасында қарыштап дамудың айқын дәлелін көрсетті, әрі бүкіл әлем назарын өзіне аударды. Сондықтан тұғырлы тәуелсіздік елдің тұғыры биік,бірлігі бекем, ерлігі ерен болуына тамшыдай болса да өз мүмкіндігімше үлес қосу үшін, білімді терең меңгеруге ұмтылудамын. Санам- сақ, халқымның- жақ боларына сенемін. Өйткені, мен тұғырлы тәуелсіз елдің тұяғымын. Халқымыз «тайында тасқа байла» деген. Тағдырдың тас қамалын бұзуға, білімді, өнерлі болуға күш- жігерімді жұмсаймын. Бүгінгі таңда осындай бақытты, барша әлемге үлгі бола алатын елде тәрбие, білім алып жатқаныма өте ризамын. Тек әрдайым еліміз аман, аспанымыз ашық, көк байрағымыз биікте желбіреп, жас ұрпақ өз елінің патриоты болып, әрқашан Қазақстанды мақтан тұтсын деймін. Аспаныңда жарқырайды арай күн, Бұлтыңа да қызығумен қараймын. Болғаннан соң тәуелсіз, ел түлегі, Мен өзімді бақытты қыз санаймын. Менің елім- Қазақстан! Осынау құдіретті сөзді біздің елдің әрбір азаматы асқақ сезіммен, ерекше мақтанышпен айта алары хақ.



Мен тәуелсіз елдің ұрпағымын

Сабақтың мақсаты:

·Оқушыларды ұлтжандылыққа, адамгершілікке, Отанын сүюге тәрбиелеу.

·Оқушыларға азаттығымыздың қалай келгендігін түсіндіре отырып, өз елін, жерін сүюге, қадірлей білуге баулу;

· Оқушы бойында патриоттық сезімнің қалыптасуына ықпал жасау.

Сабақтың түрі: тарихи-танымдық тәрбие сағаты.

Оқыту әдісі: әңгімелесу, пікір алысу.

Көрнекілігі: слайдтар, дербес .

Пәнаралық байланыс: тарих пәні, әдебиет.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Әнұран орындау.

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Туымызды бізге ешкім бермеді.

Ел тізгінін қолына алу жолында,

Қыршын кетті талай қазақ ерлері.

Ой ашар:

1.Балалар біз қандай елміз? (Тәуелсіз)

2.Қай жылы тәуелсіздік алдық? (1991 жылы 16 желтоқсанда)

3.Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіздер?

4.Егемен елдің ерекшелігі неде? (Шекарасы, Елбасы, ұлттық рәміздері, Ата заңы, өзіндік экономикасы, шаруашылығы, әлеуметтік жағдайы, салт-дәстүрі болады)

5.Қазақ елінің іргетасы қай жылдардан қаланды деп ойлайсыздар, ол кездерде қазақ елін кім басқарды?

-Иә, балалар, XV ғасырдың ІІ жартысында Жәнібек, Керей хандарымыз қазақ елін құрып, біздің ата-бабаларымызды бір тудың астына біріктіріп, ел шекарасын белгіледі. Қазақ елі құрылды. Кейіннен бірнеше хандар елімізді басқарды. Алдарыңызда қазақ елінің алғашқы сол кездегі картасы. Осы қазақ елін құрған хандарымыздың ерен еңбегі бүгінгі таңда еленіп, ҚР Тұңғыш Президенті мұражайының алдындағы саябаққа биіктігі 12 метрлік

ескерткіш орнатылды. Жобаның авторы астаналық жас мүсінші - Ринат Әбенов. Ескерткіштің ашылу салтанатында Н.Ә.Назарбаев: «Елордада тұрғызылған Керей мен Жәнібек хандардың еңселі ескерткіші - мызғымас мемлекеттігімізге арналған мәңгілік белгі» деген болатын. Сонымен бірге, Есілдің сол жағалауындағы екі көшеге Жәнібек пен Керей хандардың аты берілді.

Дегенмен, 1991 жылы егемендік, тәуелсіздік алдық деп қайталап отырмыз. Сіздер үшін бұл түсініксіз жайт болып отыр. Иә, осы аралықта сан ғасырлық тарих, үлкен шежіре жатыр. Ендеше, осы тәуелсіздік қалай келді? Қайдан келді? Жәнібек пен Керейдің құрған елі қайда барып қосылған? Осы сауалдарға қысқаша ғана жауап алу үшін сөз кезегін оқушыларға береміз.

Ой қозғау.

1.«Тарихы мол сан тарау» (тарихқа щолу)

Егемендік - ел болудың белгісі,

Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.

«Егемендік» деген өздер естілер,

Ата жұрттың арғысы мен бергісі.

Тәуелсіздік алғаннан соң елдің биік рухын бейнелейтін «Тәуелсіздік монументі» Алматыдағы республика алаңына орнатылды. Ескерткіштің жобасын жасаған сәулетші - Тимур Сүлейменов. Сонымен, біз тәуелсіз елміз, азат елміз, егемен елміз. Ал, тәуелсіз елдің өзіндік ерекшелігі, байлығы болады. Бізде не бар екенін топтастырып көрейік.

1)Біздің басқару жүйеміз қандай? Біздің Тұңғыш Президентіміз туралы кім не біледі?

2)Еліміздің ұлттық рәміздеріне тоқталайық.

Ту - елдіктің белгісі. Авторы - Ш.Ниязбеков. 1992 жылы Ту бекітілді. Көгілдір түсті, жиегінде оюмен безендірілген, ортасында күн және қыран бейнеленген.

3)Елтаңба - бейнесі. Авторлары - Ш.Ниязбеков, Ж.Мәлібеков.

4)Әнұран-Отанымыздың салтанатты үні, өр үні, өміршең үні. Оның қалықтай көтерілген әуенінде туған жердің рухы мен сазы шымырлай шалқиды. Кеудені мерейлі қуанышқа бөлейді, арманыңды аялай самғатады. Мәні мен әнін еліміздің ұланы жанында сақтап өседі. Әнұранымыз 1992 жылы қабылданып, қоғам арнасына қарай 2006 жылы қайта жаңартылды. Сөзін жазған Н.Ә.Назарбаев пен Ж.Нәжімеденов, әнін жазған Ш.Қалдаяқов.

5)1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда біздің қоғамымызда өзгерістерге, жаңа талаптарға сай толықтырылған қазіргі Ата заңымыз қабылданды.

6)«Менің елім - Қазақстан»

-Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?

-Қазақстан көп ұлтты мемлекет. 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Халқының саны - 16 млн. 9600. Негізгі ұлт өкілі - қазақ. Жалпы халықтың 63%-ын қазақтар құрайды. 6 ұлыс тұрады, қалғандары өзге ұлт өкілдері.

7) «Түркі халықтарының ішіндегі ең бай, бейнелі тіл -қазақ тілі. Қазақтар

өзінің шешендігімен де, әсем ауыз әдебиетімен де даңқты» деп орыс

жазушысы С.Е.Малов суреттеген екен. Тіл туралы не білеміз?

Қазақ тілі - 1990 жылдан бастап мемлекеттік мәртебеге ие болды. 2001 жылы наурызда Тіл туралы Заң қабылданды.

8)Діні - ислам. Ислам дінінің негізін салушы - Мұхаммед Пайғамбар. Ислам дінінің негізі Сауд Арабиясында қаланды. Қазіргі таңда Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Бас мұфта Әбсаттар қажы Дербісәлі.

9)Валютамыз - теңге. «Валюта» баға дегенді білдіреді. Әр елдің өз бағасы бар. АҚШ-та доллар болса, Ресейде - рубль, Францияда - франк, Алжирде - динар, Қытайда - юань. Ал бізде - теңге. Теңге - тәуелсіздік жемісі. Теңге - ел мен елді таныстырады. 1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңге айналымға енгізілді.

10) 1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. 1992-1998 жылдар аралығында Қарулы Күштер қайта құрылып, 1999 жылы түбегейлі тұрақтандырылды. Бүгінгі таңда бас қолбасшысы - Президентіміз Н.Ә.Назарбаев.

11) 1997 жылы Елорда Ақмола қаласына көшірілді, 1998 жылы «Астана» деген ат берілді. Стамбулда өткен түркі тілдес халықтар Саммитінде Астана 2012 жылғы Түркі әлемінің астанасы деп жарияланды. Елордамызда Астананы әлемге паш ететін монументтер көрініс тапты. Соның бірі - «Қазақ елі» монументі, биіктігі - 91 м. Ұшар басындағы салмағы 2,5 тонна алтын жалатылған самұрық құс орнатылған. 1900 шаршы метр кеңістікке

созылған мәрмәр тастан жасалған. Бас сәулетші - Саматбек Бөкебай. Ал, «Бәйтерек» монументінің биіктігі-97 м. Шарының диаметрі - 22 м. «Аялы алақан» композициясы 2 кг. алтыннан, 6 кг. күмістен құйылған. Ол әлемнің 7 кереметінің бірі - Эйфель мұнарасы нысаны қатарына қосылған. Міне, осындай біздің сүйікті астанамызда кеше ғана әлемді аузына қаратқан Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің Саммиті болып өтті. Саммит сөзі - «Шың» дегенді білдіреді. Дәлірек айтсақ, елдердің басшыларының бас қосуы деген түсінікті береді. Саммитте 13 бөлімнен Астана декларациясы (жарғы) қабылданды. 56 елден келген елбасылары мен өкілдері бірауыздан ЕҚЫҰ шеңберіндегі өткір мәселелерді бір ізге түсіріп, бейбіт түрде шешу мәселелерін бекітті.

Ой сергіту.

Бізге қонаққа келген жыр мүшайрасының жүлдегерін шақырамыз.

Ой толғау. «Мен елімнің ұланымын»

Сонымен, тәуелсіз елміз. Тәуелсіздігімізге 23 жыл толды. Бұл-үлкен мәртебе. Үкімет Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына жалпыұлттық дайындық жоспарын жасады. Біз осы тәуесіз елдің ұланымыз, болашағымыз. Елімізді, жерімізді сүйеміз. Ендеше, елімізге арнаған жүрекжарды өлеңдерің мен шығармаларыңды оқи қойыңдар.

Ой қорыту.

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімдеріне сүйене отырып, өз ой-пікірлерін әңгімелейді.

Тәуелсізбін, егеменмін, азатпын,

Туды міне, ел аңсаған азат күн!

Елдің туын биік ұстар әрқашан,

Болашағы сендерсіңдер қазақтың!

Ән: «Елім менің».

Сабақ тақырыбы: Ұстаз - ұлағатты тұлға !
Сабақ мақсаты :
Оқушыларға ұстаз еңбегін , ұстаздық тәлім - тәрбие бағыттарын құрметтеуге, сыйлауға, бағалауға тәрбиелеу. Оқушының өзіндік қызығушылықтары мен сүйіспеншіліктерін дамыту .
Сабақ түрі : құттықтау, сахналау, түрлі сұрақтар - мен жауаптар , қызықты сәттер
Көрнекілігі: шар, гүлдер, Ұстаз туралы ұлағатты сөздер, «Біздің Ұстазға шәкірттерінен алғыс хат » құттықтау газеті
Сабақ барысы
І Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу
Оқушыларды сабаққа дайындау,
І жүргізуші : (есіктен кіреді ),- ау, достар, мынау деген керемет гүл, әдемі сөздер, толған айнала толған әсемдік ?
Тілекші: - Гүлсезім , бүгін біз үшін үлкен мереке ұстаздар мерекесі емес пе? Олай болса класс атынан аяулы ұстаздарды құттықтайық!!!!!
І жүргізуші: Ұстаз деген- жарық күні ғаламның
Ұстаз деген - анасы ол адамның
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін
Сен де одан адам болып жаралдың!!!
- Достар, түсінбедім , мына жүрек не мағына береді, ойлана -ойлана таба алмадым?
- Жемісгүл : - Ол - жүрек аяулы Ұстаз жүрегі
- Қандай тамаша! Ал, кішкене жүрекшелер ше?
- Назерке : - Ол біздің, шәкірттердің жүрегі
- Ұстаз жүрегін шәкірт жүрегі неге айнала қоршап тұр?
- Айнұр: - себебі, ұстаз жүрегі мейірімге, сүйіспеншілікке ,махаббатқа толы. Бар жылуын шәкірттеріне беріп , әрқаша қамқор болып жүреді.
І жүргізуші : Ұстазыңды түсінгенің тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлес,
Ол да бірге қуанышқа кенелген .
- Ардақты , Ұстаздар сіздердің құрметтеріңізге «Ұстазым» әні орындайтындар : Мыңжасаров Меңдікерей, Құрманбаева Айбану ( осы жерде ұстаздар биге шақырылады)
І жүргізуші: Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып .
Ұстаз деген ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иелік мәңгілік!!!
«Ұстаз еңбегі» бөлімі
(Сахнаға бір ұстаз шығады жанында «нан» және « бор » деген сөздер жазылған жасырын. Бірінші нан сөзіне толық мағұлмат береді. Бірақ шын мәніндебор туралы мағұлмат беріп тұр. )
Гүласыл: - Апай, сіз бізге бор туралы мағұлмат берген болатынсың , сізге ол сұрақты қойғанымыз , сіз күнделікті бормен жазып бізге бар білгеніңді үйретесіз, сізге сол еңбегіңіз үшін рахмет,!
І жүргізуші: - Ұстаз болған баршаға,
Ардақты жандар қаншама.
Шәкірттің күнде қуантсын,
Шаршама Ұстаз ,шаршама!!!
«Гүл жинау » бөлімі
( гүлдерді жинап алу үшін артында жасырылған сұрақтарға жауап беру керек )
- Ұстаздар , жиналған гүлдер сіздердің құрметтеріңізге, қабыл алыңыздар !!!
«Кітап -білім бұлағы » бөлімі
(оқулық ішінде жасырылған қызықты оқиғаға өз пікіріңіз )
І жүргізуші : - Сол арқылы сен де өмірірді жалғадың ,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның .
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңінің орындалған арманың!!
«Әншілер тобынан жиналған ата -аналар жиналысы»
1. Роза Рымбаева
2. Мақпал Жүнісова
3. Айкерім Қалаубаева
4. Сейфуллин Жолбарыстың інісі
- Роза Қуанышқызы , сіздің балаңыз мүлдем сабаққа келмейді. Сейфуллиннің баласының айтуы бойынша балаңыз шет елде оқып жатырған көрінеді, сол рас па? Егер балаңыз Қазақстанға келмеймін , шет елде қаламын десе сіздің әрекетіңіз?
- Мақпал ханым, сіздің кішкене қызыңыз сабақты мүлде оқымайды, тым ерке ?
- Айкерім , сіздің балаңыз мектеп формасын сақтамайды. Алдында айтып жіберген болатынбыз «Мерседес бенс үсті ақ ,асты қара деп,ал сіздің балаңыз Джип үсті көк ,асты ақ киіп жүр » соны қалай түсінеміз ? Сонда сіз мектеп ережесіне бағынбайсыз ба ?
( Әншілер жауабы тыңдалады )
- Ал , ата - аналар ,қазір сіздер бізге бір жақсы ән айтып берсеңіздер ?
(ән айтылады ) Ұстаздар ән айтады.
І жүргізуші: Білімнің айдынында жүзіп өткен
Ұстаз сенсің білімнің нәрін сепкен
Сен арқылы бастау алып дана ,ғалым
Сен арқылы әлемді танып білген .
Құлпырған еліміздің ұл -қызымыз,
Әзірге үлпілдеген құндызымыз.
Арасын жер мен көктің бағындырар

«Қазақ хандары»

сынып оқушылары арасында өткізілген зияткерлік ойын
Мектепте өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар оқушыны тәрбиелеу мен оқытудың бір формасы деуге болады. Сыныптан тыс жұмыстар балаларды біріктіріп қана қоймай, олардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға мол мүмкіндік береді және оқушының өзіне деген сенімін арттырады, оқушы мен мұғалім арасында берік қарым - қатынас орнап, мұғалімнің оқушыны танып - білуіне мол мүмкіндік туғызады.
Мақсаты: ойын барысында оқушылар Қазақ хандығының құрылғанына 550 - жыл толуына орай Қазақстан тарихы пәнінен түрлі тапсырмалар мен сұрақтарға жауап бере отырып, қазақ хандығының құрылу тарихымен танысады, қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке деген ұмтылысы, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалар, мәдениет төңірегіндегі сауалдарға жауап бере алады, оқушының ойлау қабілетін дамытып, тарих пәніне деген қызығушылығын арттырады;
Түрі: «Ел тарихын білесің бе?» атты зияткерлік ойыны Ойын барысында оқушылар сыныптар бойынша топтастырып, 6 - оқушыдан үш топқа бөлінеді. Әр топтан бір - бір капитан сайланады. Әрбір орындалған тапсырма 5 - 10 балдық жүйемен бағаланады.
Көрнекіліктер: сынып бөлмесін пәнге сай безендіру, тарих пәні бойынша түрлі тапсырмалар, қазақ хандарының суреттері, музыкамен көркемдеу;
І кезең «Миға арналған жаттығу» Командаларға 7 - сұрақ қойылады, көп ұпай алған команда ойынды бірінші бастауға мүмкіндік алады. Бұл кезеңде оқушының ойын жинақтау мақсатында төменгі сыныптарда өткен материалдар қамтылады:
1. Қожа Ахмет Йасауидің «Даналық кітабы» қай тілде жазылған? /араб/
2. Грек тарихшысы Геродот сақтарды қалай атаған?/массагеттер/
3. Қаңлы тайпаларының астанасы болған қала? /Битянь/
4. Сақ қоғамы неше топтан тұрады? /3 топтан, абыздар жауынгерлер, малшылар мен егіншілер/
5. «Теле» сөзінің мағынасы нені білдіреді? /Түрік/
6. «Ұлы Жібек жолы» қайдан басталады?/Қытайдағы Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан/
7. Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған данышпан, ұлы ойшыл, ғалым кім еді?
ІІ кезең «Ел тарихының білгірлері» бұл кезеңде әр топқа ел тәуелсіздігіне байланысты үш сұрақ қойылады:
І топ:
1. Қазақстан қашан өз тәуелсіздігін жариялады? /1991 жыл, 16 - желтоқсан/
2. Қазақстан республикасының рәміздері қабылданған жыл? /1992 жыл/
3. Астананың тұсаукесері қай жылы өтті? /1998 жыл, 10маусым /
ІІ топ:
1.«Тәуелсіздік монументінің» ұшар басындағы бейнелер? / алтын адам және жолбарыс/
2. Бүкілхалықтық Президент сайлауы қай жылы өтті? /1991 жылы, 1 желтоқсан/
3. Қазақ елінің тұңғыш астанасы болған қала? /Орынбор/
ІІІ топ:
1. Тұңғыш қазақ даласынан ғарышқа аттанған кім, қай жылы?/Т. Әубәкіров, 1991 жыл 2 - қазан//
2. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін түсірілген, қазақ тарихынан мағлұмат беретін фильм? /Көшпенділер/
3. Қазақстан Республикасының Ата Заңы неше бөлім, неше баптан тұрады?/9 бөлім, 98 бап /
ІІІ кезең: «Дархан даламның батыр бабалары» бұл кезеңде қазақ даласында әр кезеңде өмір сүрген қазақ батырлары туралы білгендерін ортаға салады? Әр топқа екі сұрақтан қойылады:
І топ:
1. Жаугершілік заманында 50 - жылдан астам уақыт қазақ қолын бастаған батыр?/Бөгенбай батыр/
2. Абылай хан бұл батырды тапқырлығы, алғырлығы үшін ерекше бағалаған, бұл қай батыр? /Баян батыр/
ІІ топ:
1. Тәуке ханның «Жеті Жарғысын» жасауға қатысқан қазақ батыры кім??/Бөгенбай батыр/
2. 7 - жасынан жетім қалған қазақтың дарабоз батыры кім? /Қабанбай батыр/
ІІІ топ:
1. Ұлы Жүздің шапырашты руынан шыққан батыр кім? /Наурызбай батыр/
2. Қазақ халқының азаттығы туралы жырлаған батыр кім? /М. Өтемісұлы/
ІV кезең: «Капитандар сайысы» бұл кезеңде әр топтың капитандарына бір мезетте 20 - сұрақ қойылады, осылайша ең көп ұпай жинаған капитан жеңімпаз атанады:
1. Қазақстан Республикасы жерінен көлемінен нешінші орында? /9 орын/
2. Қазақстандағы облыстар саны қанша?/14/
3. Тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілері не?/шекара, ақша, әскер/
4. Атырау қаласының бұрынғы аты? /Гурьев/
5. Алғашқы адамдардың тіршілік етуіне қолайлы болған Қазақстанның қай аймағы? /Оңтүстік Қазақстан/
6. Жер - ұйықты іздеген адам кім? /Асан - Қайғы/
7. «Сарыарқа», «Кішкентай» күйлерінің авторы кім? /Құрманғазы/
8. Хан тұқымынан шыққан атақты күйші кім? /Дәулеткерей/
9. Қазақ хандығы құрылған жылдар? /1465 - 1466 жылдар/
10. Қазақ хандығының іргесін қалаған хандар?/Жәнібек пен Керей/
11. Қазақ хандығының аумағын кеңейткен, үш жүздің басын біріктірген, ұлы мемлекет қайраткері кім? /Абылай хан/
12. Қазақтың төбе биі кім? /Төле би/
13. Елші ретінде Жоңғар хандығына барып Абылайды босатып әкелген қазақ биі кім? /Қазыбек би/
14. Кіші жүздің атақты биі кім?/Әйтеке би/
15. 1680 - 1715 жылдары ел билігін қолына алған қазақ ханы кім? /Тәуке хан/
16. «Қазақтардың қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманы» қай ханның тұсында болды? /Тәуке хан/
17. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына мейілінше әсер еткен қазақтың атақты жырауы кім? /Бұқар жырау/
18. Түркі халықтарының ортақ ұлы ойшылы, жырау, қобызшы кім? /Қорқыт ата/
19. Қазақтардың нанымы бойынша отбасы мен балалардың қорғаушысы кім? /Ұмай ана/
20. Қазақ халқы жорыққа шыққанда алып шығатын аспап түрі? /Дауылпаз/
Әрі қарай 4 - кезеңнің қорытындысы бойынша нәтижелер шығарылып, жеңімпаздар анықталады, марапатталады.


«Бірлігіміз жарасқан»

Мақсаты: Көп ұлтты Қазақстан халқының татулықпен, бірлікпен өмір сүріп жатқаны жайлы танымдық ойларын дамытып, өзге ұлт өкілдерін құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, глобус, интерактивті тақта, шаңырақ бейнесі

1-жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар!

2-жүргізуші: 1 мамыр - Халықтар бірлігі мерекесіне арналған «Бірлігіміз жарасқан!» атты сазды бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер!

1-жүргізуші: Баршаңызды 1 мамыр - Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

2-жүргізуші: Баршаңызға, әр отбасына береке-бірлік, бақыт-байлық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

1-жүргізуші: Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз молшылыққа, ал әрбір шаңырақ шаттық пен бақытқа кенелсін!

1,2-жүргізуші: МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

2-жүргізуші: Әрбір халықтың бай мәдениеті бар. Ертегілер, аңыздар, салт-дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Әртүрлі халықтар, әртүрлі ертегі айтады. Әр түрлі бесік жырын жырлайды.Дегенмен, бақыт, әділдік, бейбітшілік жарқын болашақ үшін күрес олардың бәрінің басын біріктіреді.

1-жүргізуші: Еліміздің барлық жерінде қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, татарлар, украиндар, шешендер, дұнғандар және басқа көптеген ұлттардың адамдары тату-тәтті өмір сүріп еңбек етеді. Бұл халықтар түріне, нәсіліне қарамастан теңдей білім алып, Қазақстан Республикасының Ата заңы негізінде өздерінің отанына айналған қазақ еліне барынша қызмет етіп, беделін үстем етіп келеді.

2-жүргізуші: Әр ұлт бір бірімен түр әлпет, ұлттық киім, салт дәстүр және басқа да құндылықтарымен ерекшеленеді. Олай болса түрлі ұлттардың киім үлгісіне назар аударыңыздар!

Подиум. Әр ұлттың киім үлгісімен сән көрсетілімі

Шығыстың шайыры Ерболат

Француздық сениор Жәнібек

Орыс қызы Рыс

Кореядан келген Бұрышжан мен Ақжарқын

Испандық Айбек пен Аружан

Арабия өкілі Күнтуар

Жапон қызы Шұғыла

Үнді қызы Сымбат

Украйналық Меруерт

Нағыз қазақ Маулетті хошеметпен қарсы алыңыздар!

Қазақ халқының ұлттық киіміне тоқтала кетсек: Сәукеле, кимешек, үкілі тақия, бөрік, тымақ, көйлек, камзол, шапан, тон, мәсі, әшекей бұйым т.б

1-жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай.Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен.

2-жүргізуші: Кең байтақ елімізді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарып отырса, біздің білім ордамыздың ұйытқысын келтіріп отырған бәріміздің басшымыз Нурбахыт Аскерұлы. Ендеше, ағай, көпшілікке деген жүрекжарды ақ тілегіңізді білдіру үшін өзіңізді ортаға шақырамыз.

/мерекелік лебіз/

1-жүргізуші: Қазіргі таңда дүние жүзінде 6,5 мил­лиардтан астам халық болса, олар белгілі бір жүйемен ұлтқа, тайпа-тайпаға бөлінген. Әр ұлт өкілдері өз ұлтының тағдыры туралы ойлайтыны мәлім. Ұлт дейтін ұғымның ішінде ұлтты қалыптастыратын белгілі бір шарттары бар. Оған жататындар: бірі - тіл, екіншісі - дін, сол ұлттың тарихы, дәстүрі, ата-мекені. Осы аталғандардың бірі кем болса, ұлт ұлттығынан айырылатын көрінеді.

Біз мұсылман елі болғандықтан тазалық, имандылық жолында жүруіміз қажет. Бірлікте өмір сүрген жақсы. Бір-бірімізді дос көрмесек, ұлтымыздың ұпайы кемиді. Сондықтан ауызбіршілік керек. Тату-тәтті өмір салтын пайғамбарымыз өз амалымен, өмірімен өнеге етіп кетті. Осыны жастарға жеткізе білу - басты міндет. Сонда ғана жастарды азғындықтан аман сақтап қаламыз. Алла сыйлаған мүмкіндіктерді пайдалана отырып, ұлтымызды ұлықтап, ұрпағымызды өз тамырынан ажыратпай, салт-дәстүрімізді, тарихымызды, мәдени мұраларды жас ұрпақтың зердесіне құйып, ұлтжанды ұрпақ өсірейік!

Кәріс халқының биі. Ақжарқын, Шұғыла, Бұрышжан

2-жүргізуші: Алла әмірімен түскен Құран Кәрімнің хұжрат сүресінде: «Бір-біріңді танып ажырата білулерің үшін, сендерді әртүрлі ұлтқа, тайпа-тайпаға бөлдік», - деп жазылған.

1-жүргізуші: Адамдар пендешілікпен: «Біз бәріміз бір тілде сөйлейміз. Аспанмен таласқан кірпіштен мұнара қала саламыз», - деп, өздерінің құштарлығына қарай әрекет жасаған. Бұған Алла тағала қарсылық білдіріп, оларды жердің түкпір-түкпіріне бөліп жібереді. Сөйтіп, ұлт-ұлтқа, ру-руға, тайпа-тайпаға бөлініп, әр ұлттың өзіне тән тілін берген. Әлемде әр ұлт өз тілінде сөйлесіп, мәдениетін, дәстүрін дамытқан. Әр ұлттың озық ойлы білімпаз ғалымдары мен данышпандары өз заманында ұлт пен тілге мән беріп, оның дамуын бірінші орынға қойған. Демек, әр ұлттың дамуы, тілінің қанаттануы, салт-сана, дәстүрлері мен діндердің өркендеп дамуына жол ашылған.

Орыс халқының биі. Рыс пен Меруерт

2-жүргізуші: Әлемдегі ең қызықты сәлемдесу рәсімдері

"Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа" дегендей, әлем елдерінде сәлемдесу рәсімдері әртүрлі.

Кейбір елдер әдеттегі қол алысумен қатар, үлкен сәлемдесу салтанатын өткізеді. Жаңа Зеландияға сапар шеккен жандар маори халқының "хонги" сәлемдесу рәсіміне куә болады. Бұл сәлемдесудің сан ғасырлық тарихы бар. Бір-бірін көрген жандар сәлемдескен кезде мұрындарын тигізіп амандасады. Мұрынмен үйкелесу арқылы олар "ха" рәсімін жүргізеді. "Ха" рәсімі - Тәңірге құлшылық ету.

Тибет. Көптеген елдерде тіл шығару әдепсіздік болып танылса, кейбір жерде тілін шығарған жан жазаға тартылады. Тіл шығару тибет халқына жат емес, себебі олар бір-бірін көргенде, тілдерін шығарады. Бұл рәсім 9-ғасырда бастау алған. Сол замандағы Тибет елінің көсемі Ландарманың тілі қара болған деседі. Тибет халқы өзгелерге өздерінің жауыз емес екендерін көрсету мақсатында бір-бірін көрген кезде тілдерін шығара бастайды. Бұл дәстүр өз жалғасын әлі күнге дейін табуда.

Жапон халқы сәлемдесу рәсіміне аса мән береді. Бір-бірін көрген кезде олар иіледі. Жастар өзара бастарын изеп амандасады. Ал татамиде тізерлеп отырып, жерге қарай иілу керек.

Кенияға сапар шеккен жандар масаи тайпасын кездестіреді. Масаи тайпасының халқы бір-бірін көргенде, билей бастайды. Би арқылы олар бір-бірімен амандасады. Сәлемдесу биі "адаму" деп аталады, яғни "секіру биі". Билеген кезде шеңбер жасап, ырғалып, секіре бастайды.

Қытай халқының дәстүрлі сәлемдесуі "коутоу" деп аталады. Сәлемдескен кезде қолдарды бүгіп, иілу қажет. Әйел азаматтардың сәлемдесу рәсімі "ваньфу" деп аталады. Олар қолдарын біріктіріп, оны денесінің бойымен төмен қарай сырғытады. "Коутоу" дәстүрі аңызға айналған Хуан-ди патшаның билік еткен тұсында бастау алған еді. Сол заманда бұл дәстүр патшалармен амандасқан кезде және неке қию, үйлену сияқты салттарда қолданылған.

Тай елінің амандасу рәсімі "вай" деп аталады. Бір-бірлерін көрген жандар алақандарын біріктіріп, бастарына қояды. Содан кейін иіліп, "савадди" деп айтады. Ежелден келе жатқан "вай" сәлемдесу дәстүрі әлі күнге дейін күллі Таиланд елі бойынша өз мәртебесін жоғалтпаған.

Филиппин елінде сәлемдесу рәсімі жас ерекшеліктеріне байланысты әр қилы. Мысалы, жас жігіт үлкен кісіні көрген кезде ол басын изеп, оң қолымен үлкен кісінің оң қолын ұстайды. Кейін саусағының ұшын оның маңдайына тигізеді де, "мано по" деп айтады. "Мано" - қол, "по" - құрмет деген мағына береді.

2-жүргізуші: Мұсылман дініндегі түркі халықтары үшін ортақ сәлемдесу формасы: "Ассалаумағалейкум! (Сізге тыныштықтық, амандық тілеймін!), оған жауап ретіндегі Уағалайкүміссәлем! (Өзіңізге де соны тілеймін). Бұл мұсылман дінінің басты ұстанымы - бейбітшілік пен тыныштықты қалауынан туындағанын және оның осы дінді ұстанатын халық арасында тараған мәдени кодқа айналғандығын көрсетеді. Бірақ осы амандасу формуласының өзі әр халықта әр түрлі қолданылады.

Башқұрт: Хэйерле кен! Хэйерле иртэ! Хэйерле кис!

Татар: Исэнмесез! Хэерлэ кич! Хэерлэ иртэ!

Гагауз: Gun aydin!

Қырғыз: Salaammatszbe!

Түрік: Merhaba! Gun aydin!

Өзбек: Salaam aleikhem!

Жалпы түркі тілдерінде ортақ, бірақ фонетикалық ерекшеліктері бар сәлемдесу коммуникемдері: Ассаламағалейкум! Сәлем! Қайырлы күн! Қайырлы таң! Қайырлы кеш!

«Сөз атасы - сәлем» дейтін халқымыздың сәлемдесу сөздерін қолданудың, жұмсаудың өзіндік қалыптасқан жүйесі бар. Жалпы, қазақ сөйлеу этикетіне тән сәлемдесу коммуникемдері де өзге түркі халықтарындағы секілді қарым-қатынас типтеріне қарай ажыратылды:

Испан биі. Айбек пен Аружан

1-жүргізуші: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.

Татулығын жырға қосам ұлттардың,

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

2-жүргізуші: Тілі бөлек болғанымен тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

Үнді биі. Сымбат пен Шұғыла


Отан - отбасынан басталады

Тәрбие сағатының мақсаты:
1) Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау;
2) Отбасы - Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушылардың бақытты жанұяға
деген қызығушылығын арттыру;
3) Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының әдістері: Топтастыру, Эйлор дөңгелегі, Екі жақты күнделік, РАФТ стратегиясы
Тәрбие сағатының көрнекілігі: нақыл сөздер мен сұрақтар жазылған бетшелер, жүрекшелер, т. б.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Оқушыларды отбасының бірлігін сақтап, ата - ананың алдындағы парызын өтеуге, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып отырған «Отан - отбасынан басталады» аталатын тәрбиелік шараға қош келдіңіздер!
Құрметті қонақтар, оқушылар!
Біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Ол өзі бір шағын мемлекет. Ол мемлекеттің аты «Бақытты жанұя» деп аталады. Сол мемлекетке саяхат жолында біз көптеген сатылардан өтіп, нәтижесінде барлығымыз бірігіп біз аңсаған «Бақытты жанұяның» моделін жасап шығарамыз. Ендеше, барлығымыз да белсенді түрде қатысайық!
Ал ол үшін, әрине, бірнеше сатыдан өтеміз. Алдымен «отбасы деген не?» деген сауалға жауап іздеп көрейік.
Адамзат бесігін тербеткен ұя
Үлгі - өнеге бастауы
Жағымды қасиеттерге баулиды
Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы - ата - анасы». Бұлар балаға отбасылық өмірдің қыры мен сырын, тылсым дүниенің жұмбақтарын танытып, жағымды қасиеттерге баулиды. Себебі, отбасы - таным бесігі, отбасы - үлгі - өнеге бастауы. Ата - ананың үйдегі қарым - қатынасы, киім киісі, мінез - құлқы бәрі - бәрі балаға үлгі. Өйткені, «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі», «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». Бала отбасында «Әкеден - ақыл, анадан - мейір алады». «Әке - асқар тау болса, ана - бауырындағы бұлақ, ал бала - жағасындағы құрақ». Осы бір үш сөз әке, ана, бала - отбасы ошағының үш тағаны іспеттес. Бала тәрбиесі - бесіктен. Ертеде бір кісі балалы болып, баласы 6 айға толғанда бір данышпаннан баласын тәрбиелеуді қашан, қалай бастайтынын сұрапты. Сонда әлгі данышпан «Егер балаң 6 айлық болса, онда сен тәрбиені бастауға 6 ай кешігіпсің» деген екен.
Сондықтан да әрбір ата - ана баласына кішкентай күнінен бастап еңбекпен тапқан нанның тәтті екенін ұғындырып, баланың артық қылығын бақылауға алып, бос уақытына назар аударып, барлық жағдайды жылы сөзбен түсіндіріп отыру керек.
Ал бала да өзін ойландыратын мәселені ата - анамен ақылдасып шешу керек, артық қылықтың ата - анаға әсер ететінін, ата - ананың баласына жамандық тілемейтінін ұмытпау керек.
І. Ендеше, осы аталған қасиеттер біздің осы жерде отырған отбасы мүшелерінен табылар ма екен? Сонымен «Бақытты жанұяға» жетудің алғашқы сатысында ата - аналар ситуациялық сұрақтарға жауап береді. Ал бұл кезде балалар да жазбаша сұрақтарға жауап береді:
Ситуациялық сұрақтар қоры:
1. «Ура, мама, мен бес алдым!»- деп бірінші сыныптың оқушысы өзінің қуанышын жасыра алмай үйге жүгіре басып кірді. Бірақ жылдар өте келе мұндай қуанышты сөздер сирей бастайды. Неліктен?
2. Мектепте озат, үлгілі оқушы үй шаруашылығымен айналысқаннан гөрі бос отырғанды жақсы көреді, ештеңе істегісі келмейді. Оны қалай қызықтыруға болады? Сіздің пікіріңіз?
3. Қызы мектептен келіп анасына: «Сізге маңызды бір нәрсе айтқым келеді»- десе, анасы: «Сенсіз де басым ауырып тұр, мазамды алма»- депті. Сіз қалай жауап берер едіңіз?
4. Балаңыз үйге мектептен уақытынан кеш келді. Қалай қарсы аласыз?
5. Сіз балаңызға дүкенге барып келуін өтіндіңіз. Ол: «Ән тыңдап отырмын» - деп барудан бас тартты. Сіздің әрекетіңіз?
6. Балаңызға үй шаруасымен айналысуды тапсырдыңыз. Бірақ ол оқитын сабағы көп екенін айтып жасағысы келмеді. Сіздің әрекетіңіз?
7. Сіз шаршап, өзіңізді нашар сезініп тұрсыз. Сіздің балаңызға достары қонаққа келетінін естідіңіз. Сол сәттегі әрекетіңіз?
8. Сіз балаңыздың кез келген ортада көп өтірік айтатынын байқадыңыз. Қандай әрекет қыласыз?
9. Сіздің балаңыз соңғы кезде мұғалімдер туралы жағымсыз пікірді көп айтады. Сіз бұл жағдайда не істер едіңіз?
10. Балаңыздың досы сізге ұнамайды. Сіз бұл достыққа өзіңіздің тарапыңыздан әсер етесіз бе?
11. Сіз балаңыздың күнде сабаққа барғысы келмей, көңіл - күйі төмендеп жүргенін байқадыңыз. Онда тәрбиенің қай түрін пайдаланасыз?
12. Жоғарғы сыныпта оқитын ұлыңыздың темекіге әуестеніп жүргенін білдіңіз. Оны дұрыс жолға қалай саласыз?
13. Бала мектептен қатты ашуланып келді. Себебін сұрадыңыз, бала сынып жетекшісіне ренжіп келгенін айтып шағымданды. Сіздің әрекетіңіз?
14. 9 - сыныпта оқитын кенже ұлыңыз немесе қызыңыз сыныптасының туған күніне сұранды. Бірақ сіз ондай мерекелерді мектеп оқушысына үйде тойлауға болмайтынын естіп жүрсіз. Қайтесіз? Рұқсат бересіз бе, әлде?
Оқушыларға берілген сұрақтар қорытындысы психологқа тапсырылады.
ІІ. Екінші қадам:
*Ұлттық ойын ойнату
ІІІ. Үшінші қадам:
А) Ата - аналарға «Екі жақты күнделік» әдісі бойынша тапсырма беріледі.
Оқиға Сіздің пікіріңіз
Менің баламның бастауыш сыныпта оқу үлгерімі өте жақсы еді. Мұғалімдер мақтайтын. Мен баламды бетінен қақпадым. Оның алып келген 5 - тік бағаларына үнемі ақша беріп отырдым. Елден ерекше киіндірдім. Себебі ол менің жалғыз ұлым еді. Өсе келе ол мектепте соңғы сабақтан қашып кететін болды. Күнде ақша сұрайды. Бір күні сынып жетекшісі келіп, баламның мектептегі өрескел қылықтарын айтты. Әкесі қатал еді, ұрды, ұрысты. Бірақ соңғы кезде балам маған өкпелі сияқты. Бұрынғыдай еркелемейді, ашылып сөйлеспейді. Мен түсінбедім. Маған қандай ақыл айтасыздар?
Ә) Эйлор дөңгелегін әке, ана, балаға қатысты мақал - мәтелдермен толықтыру.
ІҮ. Сонымен құрметті қонақтар!
Тәрбиелік шарамыздың басында айтып өткеніміздей «Бақытты жанұяның» моделін жасайтын сәт те келіп жеткен секілді. Біз бұл істі бүгін бізге қонаққа келіп отырған ата - аналар мен балаларға тапсырайық. Сонымен, бақытты отбасы болудың негізгі шарттарына нені жатқызар едіңіздер?
Бақытты жанұяның моделі
Ү. Жүректен жүрекке.
Жүрекшеге тілек жазып, ата - аналар балаларына, балалар ата - аналарына, ұстаздарына береді.
ҮІ. Қосымша айтарымыз, бала тәрбиесінде ата - ананың ғана емес, ұстаздардың да рөлі зор. Ендеше, құрметті ата-аналар! Сіздерден сұрайтынымыз балаларыңыздың ұстаздарымен, мектеппен үнемі, жиі байланыс жасауларыңызды сұраймыз. Сонда ғана сіздің балаңыз тәрбиелі де тәртіпті болып өседі.
Сонымен мен бүгінгі тәрбиелік шарамызды А. С. Макаренконың «Балаға берілген дұрыс тәрбие - бұл бақытты қарттық, ал нашар тәрбие - біздің болашақтағы сорымыз, біздің көз жасымыз» деген ұлағатты сөзімен аяқтағым келеді.

Адам болам десеңіз


Адам болам десеңіз туралы қазақша ашық сабақ Сабақтың тақырыбы : Адам болам десеңіз . Сабақтың мақсаты : Білімділігі : Сөйлем ішінен заттың сынын білдіретін сөздерді тауып , оған сұрақ қоя білуге үйрету. Дамытушылығы : А . Құнанбаевтың өлеңінің бес асыл қасиетпен жаман қасиеттерге түсінік бере отырып , оқушыға өлеңнің идеясын ашқызу . Тәрбиелігі : Жаман әдеттен аулақ болуға , бойларына жақсы қасиеттер жинай білуге үйрету . Сабақтың көрнекілігі :Көктем көрінісі бейнеленген сурет , ақын А.Құнанбаевтың портреті . Сабақтың типі : Сабақтың түрі : аралас Сабақтың әдісі : түсіндіру , сұрақ жауап , ойын , сын тұрғысында ойлау . Сабақтың барысы : ұйымдастыру. Қызығушылықты ояту Балалар бүгін көңіл күйлерін қандай? Оқушылар бүгін аптаның қай күні ? Жылдың қай мезгілі ? Ауа райы қандай? Сендерге көктем мезгілі ұнайма ? Көктем мезгілі сендерге немен ұнайды ? Олай болса , балалар , сендермен « Көңілді көктем » ойынын ойнаймыз . Қиындылар арқылы « Көңілді көктем » табиғатын құрастыру. 1 . Адамға байланысты қандай сұрақтар қойылады? 2 . Затқа , жануарларға қандай сұрақтар қойылады ? 3 . Қандай сөздерге Не істеді? Не қылды ? Қайтты? сұрақтары қойылады ( заттың қимылын , іс─әрекетін білдіретін сөздерге ) 4. Заттың сынын білдіретін сөздерге мысал келтір . 5 .Заттың сынын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады? Кітаппен жұмыс : 126─жаттығу . Өлеңді мәнерлеп оқыту , қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою . Сергіту сәті : ( cын есімді білдіретін сөздерді табу ) Жел бетке еседі Ағаштар тербеледі . Кіп─кішкене ағаштар Үп─үлкен боп өседі . 128─жаттығу : ( тақтамен жұмыс ) Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып , сұрққа жауап жазу .Қай сұрағына жауап беретін сөздердің астын сызу . Марат қай пәтерде тұрады ? Марат шеткі подьезде тұрады . Қанат қай подьезде тұрады ? Қанат ортаңғы подьезде тұрады . А . Құнанбаевтың суретін көрсету . Балалар мына аталарың кім ? Абай аталарың туралы және оның қандай өлең , әңгімелерін білесіңдер ? ( қыс , жазғытұрым ) А . Құнанбаев ( Ибраһим ) 1845 ж Семей қаласында дүниеге келген . Әкесі Құнанбай , шешесі Ұлжан . Ол жастайынан өте зерек , білімді болған . Ол парсы , шағатай , орыс тілдерін жақсы меңгерген . Отыздан асқан соң өлең жаза бастаған . Оның « Қыс » , «Жаз» , «Жазғытұрым» деген өлеңдері бар . Сонымен қатар Абай өзінің шығармаларында жастарды білімге , оқуға , еңбекке , мәдениетке шақырған . Ол 1904 ж 59 жасында қайтыс болған . Бүгінгі сабақта біз « Адам болам десеңіз » деген өлеңімен танысамыз .(өлеңге түсінік беру Жаман қасиеттер : Өсек─біреуді жамандау . Еріншек─жалқаулық . Мақтаншақ─мақтану . Бекер мал шашпақ ─бір затты тастай салу , шашу . Өтірік─ алдау , өтірік айту . Жақсы қасиеттер : Талап─адам өз алдына мақсат қойып , болашаққа талпыну . Еңбек─еңбексіз дүние жоқ , айналадағы заттың бәрі еңбекпен келеді . Терең ─ой білім , ғылымға талпыну , ұмтылу . Қанағат ─ысырапты болмау , бір нәрсеге қанағаттану . Рақым ─мейірімді , үлкенге құрметшіл , кішіге қамқоршы болу . Өлеңді оқушыларға тізбектетіп оқыту . Ой толғаныс . Топтастыру стратегиясын қолдану . талап өсек еңбек еріншек өтірік терең ой жақсы Жаман қасиет қасиет рақым қанағат мақтаншақ бекер мал шашпақ Балалар , жаман қасиеттер туралы қандай мақал ─ мәтелдер білесіңдер ? Өтірік сөз өрге баспас . Өтіріктің құйрығы бір ─ ақ тұтам . Жалқау жатып бұйырады . Осы сыныпымызда бойында жаман қасиеті бар оқушылар бар ма ? Сабақты бекіту : Оқушыларға эссе жазғызу ( жақсы ; жаман қасиеттер туралы өз ойын жазады . ) Оқушылар сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма ? Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер ? Үйге тапсырма беру : үйге 127 жаттығу , 141 бет Сабақ қорытындысы : Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау . Осымен ана тілі сабағымызды аяқтаймыз .

Әке шешем және мен


Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Әкем, шешем және мен!»
Түрі: Сайыс
Сыныбы: 1
Тақырыбы: «Әке, шешем және мен!» отбасылар сайысы
Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата - анамен бала арасында спорт мәдениетін кең тарату. Оқушыларды және ата - аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысудың қажет екендігін түсіндіру.
Өтілетін орны: Спорт залы
Көрнекілігі: түрлі - түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар, секіртпелер, ысқырық, уақыт өлшеуіш.
1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар және оқушылар! Бүгінгі «Әке, шешем және мен» отбасылар сайысына қош келдіңіздер!
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
2 - жүргізуші: «Әке, шешем және мен» отбасылар сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын - сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектебімізде 1, 2, 3, 4 оқушылары мен белсенді ата - аналарымыздың арасында өткізгелі отырмыз. 4отбасы қатысады, соның біреуі ғана жеңімпаз болады.
Әр таңды бақытпенен аттырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
«ТОЛАҒАЙҒА»қатысатын
Отбасыларын шақырамыз.
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!
(әр отбасы орындарына келіп тұрады)
1 - топ: Әйтішевтер отбасы
2 - топ: Ботахановалар отбасы
3 - топ: Мақановтар отбасы
4 - топ: Төлеуқоңыровтар отбасы
Әр топ өз ұрандарын таныстырады.
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
1. Психолог - Мурсалимова. Т
2. Өзін - өзі тану мұғалімі - Зиятова. М
3. Бастауыш сынып мұғалімі - Ерболова. Ә
Спорттық сайысымыз балдық жүйемен бағаланады.
1 - жүргізуші: Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ - ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата - ана шаңырақтың негізгі ірге тасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасаң зор.
2 - жүргізуші: Спорт - денсаулық кепілі десек, «Әке, шешем және мен» отбасылар сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Бүгінгі сайыстың бағдарламасы 9 кезеңнен тұрады
1 - кезең: «Кедергілер арасымен жүгіру»
Шарты: ортада құрылған фишкалардың арасымен өтіп жүгіріп барып келуі керек. Ойын кезінде фишкаларды құлатпау, тапсырманы толық орындау шарт.
Әділқазылар алқасы 1кезең бойынша бағаларын беріңіздер.
2 - кезең: «Егін егу, егін жинау»
Шарты: Картопты егеді, жинайды
Әділқазылар алқасы 1кезең бойынша бағаларын беріңіздер.
3 - кезең: Қапшықпен секіру
Әділқазылар алқасы 1кезең бойынша бағаларын беріңіздер.
5 - кезең: Скакалкамен секіру»
Әділқазылар алқасы 1кезең бойынша бағаларын беріңіздер.
6 - кезең: «Ракеткамен шарикті апару»
Шарты: Шарикті түсірмеу керек
Әділқазылар алқасы 6 кезең бойынша бағаларын беріңіздер.
7 - кезең: «Кім жылдам.»
Шарты: Допты аяқтың ортасына қысып жүгіру»
Әділқазылар алқасы 7 кезең бойынша бағаларын беріңіздер.
8 - кезең: «Арқан тарту»
Шарты: Әр отбасы бір - бірімен күштерін сынасады
Әділқазылар алқасы 8 кезең бойынша бағаларын беріңіздер.
9 - кезең «Қара жорға»биі
Әділқазылар алқасы 1кезең бойынша бағаларын беріңіздер.
Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады, - демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі..
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші
Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп - көп рахмет
«Толағай» әні




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал