- Учителю
- Математика Көбейтудің ауыстырылымдық қасиеті
Математика Көбейтудің ауыстырылымдық қасиеті
</ Сабақтың тақырыбы: Көбейтудің ауыстырылымдық қасиеті
Мақсаты: Оқушыларды ойын арқылы білім, білік дағдыларын, ой өрісін, ойлау қабілеттерін қалыптастыру, шығармашылық ізденіске баулу.
Дамытушылығы:Ойлау белсенділігін дамыту ұйымшылдықпен жұмыс істей білуге үйрету
Тәрбиелігі:Адамгершілікке, ұқыптылыққа, тапқырлыққа ,шапшаң ойлана білуге ,алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі:Жарыс сабақ
Әдісі:топпен жұмыс
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу
Қуан, шаттан алақай!
Қуанатын күн келді
Күліп шықты күн бүгін
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Оқушыларды топқа бөлу
Тақтада әртүрлі сандар көрсетіледі, топ басшылары таңдау арқылы топқа бөлінеді.
І топ «Үш саны»тобы
ІІ топ «Бес саны»тобы
ІІІ топ «Алты саны» тобы
Қане балалар осы сандардың атын атайықшы?
6-санына дейін тура және кері санайык?
1-2-3-4-5-6
6-5-4-3-2-1Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасын тізбектей оқу арқылы тексеремін
Жаңа сабақ
Қызығушылығын ояту
Балалар біз бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбын «Кім жылдам?» ойыны арқылы ашамыз.
7+0= 10-3=
6+1= 9-2= 5+2= 8-1=
Берілген есептердің барлығының мәндері нешеге тең екен?
7- ге
Ендеше бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз 7 санын қосу және азайту.
Қане балалар 1-ден 7-ге дейін өсу ретімен , кему ретімен санайық.
Дәптермен жұмыс
№1. Қосылғыштарының бірі 7 болатын қосындыларды ата. Мәндерін тап.
7+1=
7+2=
7+3=
7+0=
№2. Азайғышы 7 болатын айырмаларды жаз және мәнін тап.
7-2=
7-3=
7-4=
7-5=
7-6=
7-0=
7-7=
7-1=
№3 Көк және қызыл кесінділер ұзындықтарының айырмасын қызыл және жасыл кесінділер ұзындықтарының қосындысымен салыстыр.
І топ «Үш саны»тобы
Көк кесіндінің ұзындығын өлшеп, бойына жазу.
9см
ІІ топ «Бес саны »тобы
Қызыл кесіндінің ұзындығын өлшеп, бойына жазу.
7см
ІІІ топ «Алты саны» тобы
Жасыл кесіндінің ұзындығын өлшеп, бойына жазу
3см
9 см-7 см =
7 см+3 см = 10 см 2 см
№ 4 Есеп құрастыр және шығар.
Үлкен қасық- 10 ? артық
Кіші қасық- 7
Шешуі:
Жауабы:
№ 5 Салыстыр.
10 - 6 * 3 + 5 8 - 7 * 4 + 4 4 + 5 * 7 - 7
1 + 7 * 9 - 2 2 + 7 * 6 - 1 8 - 3 * 7+ 0
Ой толғаныс
Шығармашылық қабілеттерін дамыту
Балалар оқулықта берілген 5 тапсырманы орындау арқылы геометриялық пішіндерден трактор құрастырып шығаруымыз керек.Сергіту сәті Қорбаңдаған аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп алайық
Қалтамызға салайық
Мағынаны тану
«Сиқырлы қоржын» ойыны
Топ жетекшілері қоржыннан нөмірленген асық алып, нөмірге байланысты үлестірмелі қағаз таратылады. Берілген тапсырманы топпен орындайды.
7 санының құрамын жаз
Салыстыр:
7см 3см
4см 2см
6см 6см
9см 10см
4см 10см
4см 2см
Қорытынды:
Топтардың тапсырмасы бойынша ұпай санын есептеп жеңіске жеткен топты анықтау.
Жеке оқушыларды бағалау.