- Учителю
- Конспект урока по математике на тему: '3 санын қосу және азайту'
Конспект урока по математике на тему: '3 санын қосу және азайту'
Ұлан ауданы
Бозанбай ауылы
Бозанбай орта мектебі КММ
Ашимжанова Бейбитгуль Камбаровна
Бастауыш сынып мұғалімі
Математика пәнінен ашық сабақ жоспары
Тақырыбы: «Ондықтарды қосу және азайтуды қайталау»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың арифметикалық амалдар, қосу және азайту туралы алған білім, білік дағдыларын жалпылау және жүйелеу.
Білімділігі: Жыл бойы алған білімдерін бекітіп, білім және білік-дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылығы: Баланың тілін, ой- өрісін, логикалық ойлау қабілетін, өздігінен жұмыс істей білуге дағдыландыру.
Тәрбиелілігі: Көзімен көргенін есіне ұстап сақтауға, шығармашылық еңбек ете білуге, алғырлыққа, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: қайталау
Сабақтың түрі: «Винни Пух» ертегісінің желісі бойынша ертегі сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілі: көрнекілік, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтада жасалған тапсырмалар
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
Көңіл - күй ахуалы. Ынталандыру.
Күннің нұры шуақты
Сергітеді бойымды
Құрдастарым сияқты
Оқушымын мен енді
Күн,міне ерте оянды
Қарады біздің әйнекке
Асығамыз сабаққа
Шақырған соң математика
Ашық сабақ мазмұны:
-
Балалар, бүгінгі біздің сабақ ерекше болып өтпекші, өйткені бізге ертегі әлемінен қонақ келіп қалыпты.
-
Қане, қарайық.
-
Ой, балалар, ол бізден жасырынып қалыпты. Оның не екенін табу үшін, мына сиқырлы шашыларды ашуымыз керек, ол үшін олардың тапсырмаларын орындауымыз керек.
-
Орындаймыз ба? (балалар жауабы тыңдалады)
-
Ендеше іске сәт.
Көк шаршының тапсырмасын орындау.
-
Сендерге өрнектер берілген, олардың тек қана жауабын тез айтуымыз керек.
Балалар орындайды. Бір - бірлеп орындарынан тұрғызып жауаптарын тыңдаймын.
-
Жақсы, көк шаршының тапсырмасын орындадық деп ойлаймын.
-
Келесі қызыл шаршының тапсырмасын орындаймыз.
-
Онда сендерге фигуралар берілген екен, біз оның атауын айтуымыз керек.
Балалардың жауабы тыңдалады.
-
Өте жақсы орындап отырсыңдар, біздің қонғымыз қуанышты секілді.
-
Енді, келесі қай шаршы тұр?
-
Дұрыс, сары шаршы екен.
-
Ендеше сары шаршының тапсырмасын орындайық.
-
Бұнда сендерге есеп жазылған екен, соны есептеп тез жауабын беру керек екен.
Балалар есептеп, жауабын айтады.
-
Жақсы орындап отырсыңдар
-
Келесі, бізде соңғы шаршы, ол қандай түсті екен?
-
Иа, күлгін түсті шаршы екен.
-
Сендерге сандар берілген және олардың көршісін табыңдар дейді.
Балаларды бір - бірден тұрғызып айтқызамын.
-
Жақсы, міне біздің қонғымыздың бейнесі де көрінді. Сендерге көп рахметін айтып, қуанып тұр.
-
Ол не екен?
-
Винни Пух екен. Ол сендерге жай келген жоқ екен. Сендерге арналған хаты бар екен. Қане, оқиық.
Құрметті достар! Мен орманда достарыммен ойнап жүргенде, олардан адасып қалдым. Сіздерден достарымды табуға көмектесуді сұраймын.
-
Көмектесеміз бе, балалар?
-
Балалар біздің қонағымыз орманда жүргенде адасып қалғанын есімізге ала отырып, біз орман үлкен екенін ескерейік. Сондықтан біз топқа бөлініп алуымыз керек. Ол үшін сендер мына менің үстелімде жатқан геометриялық фигураларды таңдап алайық (балалар дөңгелек пен шаршының ұнағанын таңдап алады)
-
Енді дөңгелектер бірінші үстелге отырады, олар «Тапқырлар» тобы болады, ал шаршыны таңдап алғандар екінші үстелге отырады, олар «Алғырлар» тобы болады.
-
Ендеше бастайық. Ол үшін оқулығымыздың 194 бетіндегі №1 тапсырманы орындауымыз керек екен.
«Тапқырлар» 1,2 бағанды орындайды, ал «Алғырлар» 3,4 бағанды орындайды.
-
Жақсы, ал қарайық біз қай досын таптық.
-
Жолбарысты тапқан екенбіз. Оның аты Тигра екен.
-
Міне, екеуі қосылып қуанып жүр.
-
Енді келесі досын іздеуге кірісейік. Ол үшін оқулықтың 195 бетіндегі №2 тапсырманы орындауымыз керек екен.
Балалар өз беттерімен орындайды.
Сергіту сәті
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Қосып едім екеуін,
Болып шықты он саусақ.
-
Қарайық, қай досын тапқан екенбіз.
-
Әлі де көрінгісі келмейді. Ол сендермен ойнағысы келеді екен.
-
Ойынның аты «Үндемес»
Ойынның шарты: тақтада өрнектер шығып тұрады, ал сендер үндемей алдарыңда жатқан карточкадан өрнектің тиісті мәнін көрсетіп отырасыңдар.
-
Ал,енді қарайық шығады ма екен, жоқ па екен?
-
Міне, шықты ол не екен?
-
Кішкентай торай екен. Оның аты Пятачок. Ол ойнағанды жақсы көреді екен, иа, балалар?
Балалар жауабы тыңдалады.
-
Міне, үшеуі қосылып қуанып жүр.
-
Ал, енді келесі досын табу үшін оқулықтың 195 бетіндегі №3 тапсырманы орындауымыз керек екен.
«Тапқырлар» қосындыны орындайды (жұппен жұмыс)
«Алғырлар» айырманы орындайды (жұппен жұмыс)
-
Ал, қарайық, біз сендермен Виннидің есек досын таптық. Оның аты Иа екен.
-
Міне, төртеуі қосылып ойнап, қуанып жүр.
Кел, балалар ойнайық,
Ойнайық та ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық - демекші келесі Виннидің досы сендерге жұмбақ жасырған екен.
-
Қане, шешіп көрейік.
-
Бұтақты қайыңда
Бұтақ сайын 5 алма.
1-еуін бер Сайынға,
Сонда қалмақ неше алма?
(қайыңда алма өспейді)
-
Әтеш алдымен 5, сосын тағы 1 жұмыртқа салды. Барлығы неше жұмыртқа салды? (әтеш жұмыртқа салмайды)
-
Жақсы, міне біз Виннидің барлық достарын тапқан секілдіміз. Мінеки, барлығы бір - бірін тауып, қуанып шаттанып жатыр.
-
Енді барлығымыз орынымыздан тұрып тәлім сәтін өткізейік.
Мұғалім: Балалар:
-
Әрбір адам? - Туысым, досым
-
Әрбір сабақ? - Үйрену, ұғу
-
Әрбір ісің? - Тірлік, тірек
-
Әрбір сөзің? - Адалдық, шындық
-
Балалар, бүгінгі сабақ қандай көңіл-күй сыйлағанын сендер алдарыңда жатқан смайликтер арқылы көрсетіңдер.
Ойдағыдай болмады
Өте жақсы мені қызықтырды
Сабақ мені ойға салды
Үйге тапсырма: Оқулықтың 195 беті №4 тапсырма
Бағалау
-
Енді қазір алдарыңда жатқан бағалау парағын алып, топ басшылары өз тобындағы мүшелеріне баға қойып шығады.