7


  • Учителю
  • Атасы мен немересі ашық сабақ

Атасы мен немересі ашық сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ашық сабақ





Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы :С.Көбеев «Атасы мен немересі»

Сабақтың мақсаты: 1.Мәтінді түсініп оқу

2.Ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту

3.Үлкенді сыйлау,құрметтеуге тәрбиелеу

Түрі:аралас

Әдісі:түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ жауап

Көрнекілігі:Спандияр Көбеевтің суреті,суреттер,сызба

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі:

Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жаксыдан

II.Өткенді қайталау.

Балалар, біз «Қадірлі әкелерім», «Мейірлі аналарым» туралы бастадық.Сендердің үйлерінде аталарың мен әжелерің бар ма? Ендеше Сырбай Мәуленовтің «Ата ақылы» өлеңін кім жаттақа айтып береді?

«Атаңа не қылсаң,алдыңа сол келер» деген нақыл сөз бар (тақтаға ілу мағынасына түсінік беру)

III.Жаңа сабақ

Суретті көрсете отырып,жұмбақ жасыру.

Таңертең төрт аяқты

Түсте екі аяқты

Кешке үш аяқты

(Балалық,жастық,кәрілік)

IV.Мақсат қою кезеңі.

Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы жұмбақтың шешуіндегі еңбектеген баладан,орта кезеңдегі әке мен шеше,кәрілік кезеңдегі таяққа сүйенген қартпен байланысты болашақ.

Ата - ардақты тұлға.

«Күн шұғыласына» қарт сөзінің синонимдік қатарын табу.





ата

ақсақал Қарт баба

тірі қария

шежіре









Спандияр Көбеев туралы түсінік беру.

IV.1.Мәтінді оқып беру.

2.Оқушыларға тізбектеп оқыту.

3.Әр бөлімге тоқталып талдау,сұрақтарға жауап алу.

Атасының күшінің кемуі

Қарт ата кімдерге ұнамады?

Баласымен келінінің іс-әрекеті.

Немересінің әке-шешесіне көз қарасы

Немересінің әкесіне аяқ жасауы

Шалдың баласының әкесіне жақсы қарауы.

4.Сөздік жұмысын жүргізу.

Аяқ - ағаш табақ.

IV.Дәптер жұмыс жүргізу,нақыл сөздерді жазу.

«Атаңа не қыласаң,алдыңа сол келер»

«Қария бар үйдің қазынасы бар»

VII.Сергіту минуты.

5.Оқушыларға мағлұмат бере отырып,әңгімелеу.

Балалар,сендер қазір жассыңдар.Сендер де үлкен ер-азамат,бойжеткен болып,әке-шеше болып,өсіп-өнесіңдер,ұрпақ сүйесіңдер.Қазақтар «төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген.Жасы үлкенге құрмет ету,қарттың бүгілген беліне сүйеу болу - біздің міндетіміз.Ананың ақ сүті мен әкенің адал күшін ақтау - ол болашағымызды сақтау.Өзіңді өмірге келтірген,тіршілігіне нәр берген ата-аналарыңның алдында парыз міндеттерің өлшеусіз.Ата-аналарыңды сыйласаңдар,сендердің балаларын да өздеріңді аялап,күтіп бағатын болады.Алайда ананың көңілі балада,баланың көңілі далада демекші ата-анасын жерге қаратып жүрегін қарс айырғандар бұрын да болған,қазір де жоқ емес.

Кәрілер үйіне ата-анасын өткізіп өздері ат ізін салмай кететіндер де бар.Абай атамыздың «баланың жақсысы қызық,жаманы күйік» дейтіні осыдан шығады.

6.Кәрілер үйінің суретін көрсету.

Кәрілер үйінде тұратын қарттардың көңіл күйлеріне оқушылырдың назарын аударту.

Олар қандай?

Көңіл күйлері неге ашық жарқын емес?

Не себепті мұңлы?

VIII.Тақтамен жұмыс жүргізу.

7.Сызбамен жұмыс жүргізу

шежіре

байлығымыз Ата қазына

қамқоршы













8.Шағын шығарма жаздыру.

VIII.Сабақты бекіту

Өмір отты өшірмесе,адам баласының қартайуы табиғи заңдылық.

Қарттардың тілегі-ел амандығы,жұрт тыныштығы.Қарттар-кісіліктің төресі. «Қариялар бар үй - құты бар үй» екені ақиқат.

Қариялар- ақылды дариялар.Осы заманда көп адамдар өздерінің туып,өсірген қарт аталар мен әжелерін қарттар үйіне апарып тастайды.

Осы дұрыс па?

Алдыңда ақыл берер қария ғой

Жақсылар жақсылыққа жария ғой

Жүрсін адам қарт кісіні аялап

Өмір кезек қойсын әркез оны ойлап!



















































































































































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал