7


  • Учителю
  • Қиярдың өсіп-өну кезеңдері Ғылыми жоба

Қиярдың өсіп-өну кезеңдері Ғылыми жоба

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Түйіндеме

«Қиярдың өсіп-өну кезеңдері» тақырыбындағы зерттеу жұмысы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға, тәжірибелік және оқу-зерттеу әрекеттерін дамытуда өзіндік орны бар. Зерттеу барысында қиярдың алғаш қай кезде пайда болғаны, көкөністің бұл түрін алғаш өсірген қай халық екендігі, қиярдың түрлері, оның адам ағзасына пайдасы, дәрілік қасиеті және қиярды өсірудің сұрыптық технологиясы арқылы оқу-зерттеу жұмысы жүргізілді.

Шығармашылық-іздендіру, танымдық, еңбектену арқылы оқушылардың көкөніске деген қызығушылығы танылып, олардың аңғарымпаздық, еңбексүйгіштік қасиеттері айқындалады.

Қазіргі ғаламдану заманда кіші мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылық зерттеу жұмыстарына қызықтыру мектеп мұғалімдерінің еншісінде.

Зерттеу мақсаты:

Зерттеу жұмысы арқылы кіші мектеп жасындағы оқушылардың қиярдың өсіп-өну кезеңдері туралы тәжірибелік оқу-зерттеу іс-әрекетін оңтайландыру және оның сорттық белгілерімен, ерекшеліктерімен танысу.

Міндеттері:

Қиярдың адам өміріндегі маңызы, оның түрлері, оны өсіретін орындар, адам еңбегі туралы түсінік ұғым қалыптасады.

Қиярдың өсіп-өнуін зерттеу жұмысы арқылы, оны өсіру, күтіп-бағу әдістерін меңгеруге мүмкіндік алады.

Жұмыс жүргізілген орны: Жангельдин көшесі, 94-үйдің бақшасы.

Зерттеудің мерзімі: 2014 жыл мамыр-шілде айлары

Зерттеу әдістері: әдебиеттерге шолу жасау, көкөністі бақылау.




1

Зерттеу материалдары

Қияр көкөнісіне сипаттама. Қияр- ( Cucumis sativus ) асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық көкөніс дақылы. Жарық, ылғалды және жылы жерлерде жақсы өседі. Суыққа төзімсіз. Сабағы жатаған не өрмелегіш, түкті, мұртшалары арқылы шырмалып өседі, ұзындығы 1-2 метрге дейін барады. Жапырағы кезектесіп орналасқан, ұзын сағақты, түкті. Гүлі сары, дара жынысты. Жемісі - қияр. Жемісі - жеуге жарамды, тұқымы көп, шырынды және түсі жасыл болып келеді. Түріне байланысты көлемі әр түрлі болады.

Қиярдың құрамы. Құрамында 95-96% су, 4-5% құрғақ зат, құрғақ зат құрамында 2-25% , 1% , 0,1% , 0,7% , , органикалық қышқылдар, , , мырыш, С, В1, В2, В5, В6, РР, Е , А дәрумен негізі бар.

4-5% құрғақ зат

95 - 96% су

2- 25% қант

1% белок

Эфир майы

калий

фосфор

кальций

магний

темір

мырыш

дәрумендер

2

Қиярдың отаны және алғаш өсірген халық. Энциклопедиялық еңбектердің мәліметіне қарағанда, қияр 6000 жылдан астам уақыт бұрын пайда болған. Оның отаны - Үндістанның тропикалық және субтропикалық аудандары. Гималайдың етегінде әлі күнге дейін қиярдың ең көне, жабайы түрлері өседі екен. Қияр дәстүрлі діндердің қалыптасуына өзек болған кітаптардың бірі - Інжілде Мысырда өсірілетін көкөніс ретінде аталады. Ежелгі римдіктер мен гректер де қияр өсіріп, жей білген. 1528 жылы неміс елшісі Герберштейн өзінің қолжазбасында Мәскеу мемлекетіне жасаған саяхаты кезінде қияр жегенін жазыпты. Қиярдың Ресейде өсіріле бастағаны шамамен осы кез болса керек. Қазақстанда қияр өсіру ХІХ ғасырдың соңғы жылдарынан бастап кең тараған.

Үндістан

Қиярдың пайдасы. 95 пайызы судан тұратындығына қарамастан, қияр дәрумендер мен микроэлементтерге өте бай. Оның құрамында В тобына жататын дәрумендермен қатар, жүрек-қан тамырлары үшін пайдалы калий, организмдегі зат алмасу процесінің қалыпты жұмысы үшін қажетті йод және аскорбин қышқылы бар. Бір қызығы, қиярдың көлемі неғұрлым кіші болса,

оның құрамындағы С дәруменінің мөлшері оғұрлым көп болады. Қияр

3

астың дұрыс қорытылуын қалыпқа келтіріп, зат алмасу жұмысын реттейді. Қиярды күйінде немесе тұздап тағамдарға пайдаланады.Бұл көкөністе ағзамыз қажет ететін пайдалы заттардың көбісі жинақталған. Олар: B1, B2, B3, B5, B6, С дәрумендері, фолий қышқылы, кальций, темір, магний, фосфор, калий мен мырыш. Ұйқы алдында бір қияр жеп алыңыз. Ол ағзаңызға қажетті мөлшерде қант, дәрумендер мен электролиттер береді.

Қиярдың түрлері






Ерте сатуға және өңдеуге арналған корнишон типті қиярлар


АЯKС F1 (Ajax)

Конец формы

Өте ерте пісетін, гүлденуі аналық типті аралармен тозаңданатын, өнімділігі жоғары және тұрақты будан. Қуатты ашық өсімдік, бір буында бірнеше өсімдік көгін қалыптастырады жемісі біркелкі, күңгірт көк, ақ бүртенді, ұзындығы 6-12 см, дәмдік және тұздауға сапасы жақсы, тегі ашы емес, қабығы нәзік, тасмалдауға төзімді. Пикуль өсіруге өте ыңғайлы будан. Қияр теңбілінің вирусқа тұрақты, ақ ұнтақ ауруына тұрақты, жалған ақ ұнтақ ауруына толерантты.

4

КРИСПИНА F1 (Сrispina)

Ерте пісетін, жоғары өнімді, ақбүрілі, ірі қырлы корнишонды типті партенокарпик, сапасы жеткілікті. Өсімдік қуатты, ашық, бір буында бірнеше өскіндер түзеді. Жемісі күңгірт-көк, сарғаймайды, тұздауға өте тиімді. Пикуль өсіруге ең жақсы келеді. Ауаның қуаңшылығына төзімді, қияр теңбілінің вирусқа, ақұнтаққа, жалғанды ақ ұнтаға толерантты. Шпалерлі ашық грунтта және әйнекті жылыжайлардың екінші айналымында белгіленген өнім алу үшін өсіруде таптырмайтын таңдау болып табылады.

ВЕРТИНА F1 (Vertina)

Жаңа ерте пісетін партенокарпикалық гибрид өңдеуге арналған. Тұздау мен маринадтауға жақсы. Жемістердің өнімділігі, тауарлылығы және тасмылданғыштығы жоғары. Вертина F1 өсімдігі жақсы өседі және күшті тамырлық күшке ие. Бір түйінде бірнеше өскіннің болуын қалыптастырады. Жемістері бір текті, бірдей қою жасыл түсті, сарғаймайды, тікенекті, дайын өнімнің тамаша дәмін сақтау арқылы өңдегеннен кейінде күтірлеуік қасиетін жоғалтпайды. Күшті өсімдіктер өсірудің айрықша жоғары және тұрақты өнімдер болуын қамтамасыз етеді, ыстыққа шыдамды және қияр ауруларына төзімді.

Жабық грунтқа арналған корнишон типті қиярлар

Үлдірлі және әйнекті жылыжайлардың бірінші және екінші айналымында өсіру үшін құрылған қиярдың партенокарпиялық буданы. Орташа бойлы, генеративті түрдегі өсімдік, ортаңғы сабақта астықтың негізгі мөлшерін

5

қалыптастырады, жоғары өнімді, жақсы көлеңке түзуге бейім. Тартымды жемістері диаметрі 3,1:1 есептелген ұзындығы 10-12 см жылтыр, ірі кедір-бұдырлы, цилиндрлі, тегіс және біркелкі сипатымен қою-жасыл түске ие, жоғары тасымалдылығымен ерекшеленеді. Өсімдікті отырғызудың ұсынылатын арақашықтығы 2,8-3,5 дана/м2. Отырғызу қалыңдығына және өсімдіктің даму күшіне байланысты 1-3 жапыраққа өгейлерді құрастырумен бір сабаққа қалыптастыру.

Тегіс жемісті және қысқа жемісті қиярлар

ОРЗУ F1 (Orzu)

Салатқа арналған партенокарпикалық, өте ерте пісетін тегіс жемісті қияр буданы. Өсімдік ашық, өсу қуаты орташа буынаралығы қысқартылған және желі сабағы аздау. Орзу F1 буданы бір буында бір мезетте 3-4 толық жетілген жеміс береді, жинап алғаннан кейін сол буында жаңа гүлдену және түйіндену қалыптасады. Жемісі салыстырмалы қысқа (10-13 см) қытырлақты шырынды тығыз балдырлы, дәмі өте қаныққан, жағымды қиярдың иісі бар, біркелкі күңгірт-көк және тасымалдауға төзімді.

Жабық грунтқа арналған орташа жемісті қиярлар

ИНФИНИТИ F1 (Infiniti)

Әйнекті және үлдірлі жылы жайларға көктемгі-жазғы және жазғы-күзгі метрайналымда өсіруге арналған ерте пісетін тегіс жемісті партенокарпиалық қияр. Өсімдік қуатты, бірақта өсу жағы шартталған өсімдік. Жеміс салуы негізгі сабағына келеді. Бір буын арасында бірнеше түйін салады. Жеміс тегіс,

ұзындығы 17-18 см, көк, жылтырлы,

6

мүсіні цилиндірлі, қабықшасы қырлылау. Жемісі жақсы сақталынады және алыс жолға тасымалдауға төзімді.


МАКСИМУМ F1 (Maximum)

Әйнекті және үлдірлі жылы жайларға көктемгі-жазғы метрайналымда өсіруге арналған ерте пісетін тегіс жемісті партенокарпиалық қияр. Өсімдік ашық, дамуы өте қуатты, стрестік жағдайларға қарсы тұруы жоғары. Жеміс салуы негізгі сабағына келеді.

Жемісi тегіс, ұзындығы 17-18 см, диаметрі 3-4 см, күңгірт-көк, жылтырлы, мүсіні цилиндірлі, қабықшасы қырлылау. Дәмдік және тауарлық сапасы өте жоғары. Көктемгі және жазғы отырғызу мезгілінде өнімділігі өте жоғары будан. Бір буын арасында бірнеше түйін салады. Жемісі жақсы сақталынады және алыс жолға тасымалдауға төзімді.

МАГНУМ F1 (Magnum)

Шыныланған және үлдірлі жылыжайларда өсіруге арналған тегіс жемісті партенокарпикалық қияр. Күзгі-қысқы және қысқы-жазғы метроайналымдарда өсіруге жарамды. Өсімдіктер күшті өседі, бүйірлік бұтақтары күшті, төменгі температуралар мен ауа-райының бұлтты жағдайына төзімді. Негізгі түйін салуы басты сабағынан басталады. Гибридтің түйін аралары қысқа, әрбір түйінде 1-2 жеміс қалыптастырады. Жемістері тегіс, ұзындығы 18-20 см, қою жасыл түсті, жылтыр, сырты аздап бұжырлы, жемістері жақсы сақталады.

Эксперименттік бөлім

 

Негізгі мәліметтер. Аякс F1 қияры - жоғары потенциалдық мүмкіндігі бар,

7

жоғары өнімді будан. Тіпті минималды күтім кезінде де өнім өнімділігі 300-350 ц/га-дан кем емес. Минералдық және органикалық тыңайтқыштарды, өсімдікті қорғау құралдарын қолданып, Аякс F1-ді

тамшылық суармалы ағаш қатарында өсіруді қамтитын жоғарғы агротехника

көмегімен өнімділік айтарлықтай көбейеді. Ағаш қатарында өсіру кезінде 600-700 ц/га-дан кем емес, ал тыңайтқыштарды

енгізу мен тамшылық суармалау үйлесімі кезінде 1000 ц/га-дан жоғары жинады.

Аякс F1-ді қыш құмырада көшет ретінде отырғызған жақсырақ. Бұл біріншіден, ертерек өнім алуға, екіншіден, азырақ дәнді пайдалануға, дамудың бірінші кезеңінде өсімдікті жақсырақ қорғауға мүмкіндік береді. Көшетті орманды дала, тоғайлы ойпат жер аймағында, 15-25 мамыр аралығында, ал далалықта 5-15 мамыр аралығында отырғызады. Диаметрі 8см-ден кем емес қыш құмыраларды пайдаланады. Қыш құмыралар орнына арнайы таблеткаларды пайдаланған жақсырақ. Сонымен қатар көшетті түрлі препараттармен өңдеулер пайдалы. Еккенде 22-25 күндік көшетті (3-4 жапырақ) көшіріп еге алатындай егу керек. Көшет ашық жерге егер алдында жақсы шыңдалған болу керек.

Тұқымның өнуін бақылау. Аякс Ғ1 қияр тұқымының өнуі үшін қажетті жағдайларды тәжірибе арқылы анықтадым. Қияр тұқымын мамыр айының 15-ші жұлдызында үш шыны ыдысқа салдым.

№1 ыдысқа қиярдың тұқымының 10-15 талын салып құрғақта қалдырдым. №2 ыдыстың түбіне мақта салып дымқылдап, қияр тұқымының 10-15 талын салып, әр уақытта мақтаның дымқыл болуын қадағалап, жылы жерге қойдым. №3 ыдыстың ішіне су құйып қияр тұқымының 10-15 талын салып тоңазытқышқа қойдым. 4 күннен кейін байқағаным №1 ыдыстағы тұқымда еш өзгеріс жоқ. Су жетіспегендіктен құрғақ тұқымдар өнбеген. №2

ыдыстағы тұқым қабығы жарылып, өне бастаған, себебі барлық жағдай жеткілікті. №3 ыдыстағы тұқым жылу жетіспегендіктен өнбеген.

8

Тұқымның өнуін бақылау

Тұқымдарды отырғызу. Өнген Аякс Ғ1 қияр өскінің 19 мамыр күні екі ыдысқа салдым. Бірінші ыдысқа құнарлы топырақ салып, күннің көзі мол түсіп тұрған, жылы бөлмеге қойдым. Екінші ыдысқа жай топырақ салып,

күннің көзі нашар түсетін бөлмеге қойып, су құйып бақыладым. 6 күннен

кейін бірінші ыдыстағы қияр өскінінің алғашқы жапырағы шықты. 15 күннен кейін күн көзі нашар түсетін бөлмедегі қиярдың өскінінің алғашқы жапырағы шықты.

Топырақты дайындау. Отырғызуға топырақты алдын ала дайындайды. Қатар бойына минералдық тыңайтқыштар мен көңнің бөлігі салынатын кішкентай

9

жүйектер жасау. Жүйектердің ені 60-70 см, қатардағы өсімдіктер

арасындағы ара-қашықтық 15-20 см. Отырғызылған көшеттен алыс емес жерде тамшылық суармалау түтегін орналастырады. Тамшылық суармалау суару кезінде су шығынын үнемдеуге, сонымен қатар, тыңайтқыштар мен қияр ауруының қозғағыштары мен топырақ зиянкестері жиынына қарсы қорғау құралдарын жергілікті енгізуге мүмкіндік береді. Жүйекті жабындау үлдірлерімен жабу топырақты тезірек жылытты.

Жүйектегі жұмыс


Көшеттерді жүйектерге отырғызу. Үйде өсірілген көшеттерді маусымның

2-сі күні ауладағы бақшаға отырғыздым. І-ші жүйекке құнарлы топырақ және 10

марганец түйіршектері салынған сумен алдын ала суғарып, тыңайтқыштар қостым. ІІ-ші жүйекке отырғызылған көшеттердің топырағы құнарсыз және бұл жүйекке күн сәулесі нашар түседі.

І-ші жүйек ІІ-ші жүйек


Жүйектер тамшылап суғару әдісімен де суғарылды


Қиярдың күтімі. Жүйектердің топырағын қопсытып, арам шөптерін жұлып, жаңа өскен сабақтарын қыстырып, суардым. Кейіннен қопсыту жұмыстарын

11

әр 10 сайын қайталап тұрдым. Қопсыту жұмыстарымен бірге

арамшөптерін жұлдым. Бірақ тамыр сабағына абай болу керек. Қиярды

бірқалыпты, мол суарады. Судың жетіспеушілігі қиярдың тез өсуіне кедергі

болады, сондықтан қиярды кешке , күні бойы күн астында тұрған жылы де суғардым. Бұл қиярдың тамырларының суып кетуіне жол бермейді.

Аякс F1 қиярын көшет кезінде тамырлық және бұтақтық шіруден сақтау үшін, жүйелі әрекет ететін фунгицид пайдаланған ең жақсы. Көшетті алаңға көшіріп отырғызған соң, қорғауды солай ақ препараттар көмегімен жүзеге асырады. Тиімді қорғау үшін бүркітуді жеміс бергенге дейін, ауа райы жағдайына байланысты жүйелі түрде 8-14 күн сайын жүргізіп отырады. Жеміс беру мерзімінде, қиярды қорғау қажеттілігі кезінде, жемістің максималды санын жинап, оны қайта өңдеу керек.

Қиярды суғару

Жүйектегі өнімдерді жинап алып, қиярдың әрі қарай тағы да өнім беру үшін,

12

күнделікті суғарып, арамшөптерін жұлып, түбін қопсытып отырдым.

Қиярлардың жапырағы көбейіп, тым жайылып кеткеннен кейін жүйектің екі жағына ағаш қойып, жіптер байладым. Қиярдың сабақтарын жіптерге орап жоғары қарай өсуіне жағдай жасадым.

Қиярдың жемісі. Жеміс піскен кезде әрбір 2 апта сайын минералды тыңайтқыштармен тыңайту керек. 9 маусымда І-ші жүйектегі қиярдың ұзындығы 3см ұзарды, ал ІІ-ші жүйектегі қиярдың ұзындығы 1,5см өсті. Бірнеше күннен кейін алғашқы гүлдері шыға бастады. Дұрыс күтіп-баптағаннан кейін маусымның 30 күні І-ші жүйектен алғашқы қиярды алдым. Ал ІІ-ші жүйектегі қияр шілденің 10 күні шықты. Алған қиярлардың ұзындығын және салмағын өлшедім. 1 жүйектен мол өнім алынды және қиярдың салмағы 75 г, ұзындығы 12 см болды. Ал ІІ-ші жүйектегі қиярлардан аз өнім алынды.

Қиярдың салмағы

13

Қиярдың ұзындығы


Қияр жемістерін тұздау үшін анама көмектестім. Ол үшін қиярларды бірнеше қайтара суық сумен жудым. Басқа да керекті дәмдеуіштерді әзірлеп қойдым. Анам банкілерді зарарсыздандырды, суыған банкілерге барлық әзірлеген қажетті нәрселерді салып, қайнаған су құйып, салқындағн суды төгіп, керекті мөлшердегі тұз бен қант, 2 дана аспирин дәрісін салып, қақпақпен жауып, жылылап, үстін жауып қойдық. Анам маған қиярды күтіп-баптап көмектескенім үшін «рақмет» айтты.

14

Қиярды тұздау




Қорытынды

Қияр тұқымының өнуін бақылау нәтижесінде, тұқым өну үшін су, жылу, ауа қажет екендігі байқалды. Су - тұқымның өнуі үшін қажет, су жетіспегендіктен құрғақ тұқымдар өнбейді. Қияр тұқымы +150С -та өнді, сондықтан жылу қажет екені байқалды.

Екі ыдысқа отырғызып, әр түрлі жағдайларда өскен өскіндерді бақылау нәтижесінде байқағаным қолайлы жағдайларда, құнарлы топыраққа отырғызылып, жылы жерде, күн сәулесі мол түсіп тұрған бөлмедегі қияр өскінінің аз уақыт ішінде тез көтерілгенін, ал құнарсыз топыраққа отырғызылып, күн сәулесі аз түсетін бөлмеге қойылған өскіннің өсуіне көп уақыттың қажет болғанын байқадым. Қияр өскінің жақсы өсуі үшін құнарлы топырақ, күн сәулесінің мол түсуі, жылу және жарық қажет екеніне көз жеткіздім.

15

Көшеттерді жүйектерге отырғызып әр түрлі күтілген қияр көшеттерінің де өнімдері әр түрлі болатынын байқадым. Қолайлы жағдайда өскен жүйектегі қияр мол өнім беріп, ал құнарсыз топырақта, көлеңкелі жерде өскен қияр өнімін аз болды.

Дұрыс күтіп бапталған көкөкніс тез өсіп, жетіліп, жақсы жеміс беретініне осы бақылау арқылы көз жеткіздім.

«Өсімдіксіз тіршілік жоқ» олай болса өсімдіктерге аяушылықпен қарайық, ешбір жеріне дақ түсірмеуге тырысайық, қорғайық, көбейтейік, күте білейік!















16

Әдебиеттер

1.Горышкина Г. К. Экология растений. 1988

2. Шаңырақ. Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы 1990

3. Никишов А.И. Мокеева З. А. «Внеклассная работа по биологии» 1990

4. Тетюрев В.А. «Методика эксперимент по растений» 1985

5. Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Жемістер:

Дидактикалық материал. - Алматы, 2011.







17


Мазмұны


1.Түйіндеме .................................................................................................................1

2. Зерттеу материалдары..........................................................................................2-7

3. Эксперименттік бөлім........................................................................................7-14

4. Қорытынды.......................................................................................................15-16

5. Әдебиеттер.............................................................................................................17




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал