- Учителю
- Ү дыбысы мен әрпі
Ү дыбысы мен әрпі
Күні: 17.11.2015 жыл Пәні: Сауат ашу Ү дыбысы мен әрпі Сабақтың тақырыбы:
Білімділік: Оқушыларға ү дыбысы мен әрпін таныту. Ү дыбысы бар сөздерді оқуға , жазуға үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын,тіл байлығын дамыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: өз ойларын еркін жеткізе алуға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілікпен жұмыс.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Көрнекілігі: суреттер, интербелсенді тақта, слайдтар.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, сабаққа назар аударту. Шаттық шеңберін құру. Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып, білім аламыз.
Өткен сабақтан алған білімдерін тексеру:
«Ыстық орындық» арқылы өткендерді қайталату. Әр оқушыға үш сұрақтан қою. Оқушыларға өтілген дыбыстарды қайталата отырып, тақтаға назар аударту.
Жаңа сабақ: -Балалар, бүгінгі өтілетін дыбыспен танысу үшін алдымен мына жұмбақты шешіп көрейік: «Үйрек» десе - бірінші, «Бүйрек» десе - екінші Бұл қай әріп екенін Біреу айтып берсінші
Электронды оқулықты пайдалана отырып, ү дыбысын таныту. «Қарлы кесек» ойыны арқылы ү дыбысына қатысты бірнеше сөздер айтқызу. Сөйлемдер құрату.
Жұмбақтың шешуін табайық: Баласын тізіп соңына Сүңгіп жүріп үйретті Су жұқпайтын тонына Кім біледі . . . ? (үйректі) Оқушыларды дауысты, дауыссыз дыбыстар орнына қойып, үйрек сөзін жаздыру, осы сөзге дыбыстық талдау жасату. (Қыз балалар дауысты, ер балалар дауыссыз дыбыстар болып шығады, отырған оқушылар талдайды.)
Оқулықпен жұмыс: оқулықта берілген сөздерді оқыту, сөздердің мағыналарын ашу. Топпен оқыту. Жұмбақты оқып, шешуін табу.
«Буынға буын қос» ойыны. Тақтамен жұмыс.
Сергіту сәті:
Дәптермен жұмыс: Ү дыбысын ауада жазып көрсету, тақтаға бас әрпін және кіші әрпін жазып көрсету. Дәптерде берілген үлгі бойынша жазба жұмысын жүргізу.
Сабақты қорытындылау: - Балалар, бүгін қай дыбыспен таныстық? -Ү қандай дыбыс? Сөздерде қай жерлерде кездеседі?
Ү дыбысына байланысты жаңылтпаш жаттату. Үміт түбіт түтті, Түбітті түтіп бітті.
Бағалау: Бағдаршам бойынша оқушылар өз-өздерін бағалайды.