- Учителю
- ҚЫсқа мерзімді жоспар Әдебиеттік оқу 2- сынып
ҚЫсқа мерзімді жоспар Әдебиеттік оқу 2- сынып
Әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспары.
Күні: 20.09.2014 ж
Пәні: Әдебиеттік оқу.
Сыныбы: 2 «а»
Пән мұғ:Қамбарова Ж
Сабақтың тақырыбы:
А.Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба»
Жалпы мақсаты:
Өлеңді мәнерлеп оқи отырып,идеясын ашу,әңгіме-диалог арқылы түсінгендерін дәлелдей білуге ,өмірде қолдана білуге қалыптастыру.
Сілтеме:
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық ,әдебиеттік оқу 2-сынып Б..Қабатай,С.Рахметова. «Атамұра» 2013 ,электронды оқулық
Күтілетін нәтиже
Сыни тұрғыда ойлау,сөйлеу дағдылары дамиды,диалог барысында нәтижеге жету үшін түсіну,түйсіну сезімдері қалыптасады.
Негізгі идеялар:
Абай айтқан 5 нәрсеге асық,5 нәрседен қашық болу.
Қолданылатын материалдар:
Интерактивті тақта,слайдтар,маркер,стикер,суреттер, бейнетаспа, электронды оқулық.
Оқыту формасы, технологиясы, әдістері:
Жаңа оқыту әдістері, диалог, СТО, АКТ, шығармашылық тапсырма,
диалог, ой-толғау.
Жұмыс түрлері:
Сұрақтарға жауап беру, ой-толғау, топтық жұмыс,
жұптық жұмыс, шығармашылық жұмыс
Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Психологиялық
дайындық
« Ақ тілек» жаттығуы
Оқушылар бір-біріне доп лақтыра отырып,ақ тілектерін тілейді.
Оқушыларды топқа бөлу
Пазлдар арқылы топқа бөледі.
Пазлдарды құрастырады,құрастырылған суреттер бойынша топқа бөлініп отырады.
1-топ «Талап»
2-топ «Еңбек»
3-топ «Терең ой»
Үй тапсырмасын сұрау
Мысал бойынша үйге берілген тапсырманы тексереді.
Мысалды рольдік ойын бойынша сахналап,көрсетеді. Нан туралы тыйым сөздерді оқып,талдайды.
Ой қозғау
Электронды оқулықтан Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін тыңдатады.
Оқушылар өлеңді тыңдайды,сұрақтарға жауап бере отырып,сабақтың тақырыбын өздері ашады.
І. Білу
Жұптарға тапсырма
Абай туралы не білеміз?
Жұпта талқылайды,қорғайды.
ІІ.Түсіну
Топтық жұмыс
Топтарға тапсырма береді.
Өлеңді оқып шығып,сөздерге ассоциациялық аймақ құрады.
1-топ «Білім»
2-топ «Оқу»
3-топ «Ғылым»
ІІІ. Қолдану
Жұптық жұмыс
Абай айтқан 5 асыл,5 дұшпан біздің бойымызда бар ма?
Қайсысын өз бойымызға сіңіреміз?
Сұрақтарға жауап береді,5 асыл, 5 дұшпанды дәптерге жазып алып,жаттайды.
Сегіту сәті
Оқушыларды сергітіп алу мақсатында бейнетаспа ойнатылады
Оқушылар қызықты әуенге жаттығуларды бірге орындады
ІҮ. Талдау
Топтарға тапсырма береді.
Бағдаршаммен бағалатады.
Постер қорғайды.
Венн диаграммасы
5 асыл ,5 дұшпан
Ү.Жинақтау
Адам бойында Абай айтқаннан басқа қандай жаман қасиеттерді білесіңдер? Өз бойларыңда қандай жаман қасиеттер бар?
Кесте таратып береді.
Кестені толтырады.
Менің бойымдағы жақсы қасиеттер
Менің бойымдағы жаман қасиеттер
ҮІ.Бағалау
Критерий бойынша бағалатады.
«Сиқырлы сандықтан» сұрақтар ала отырып,критерийлер бойынша өтілген тақырыпты бағалайды.
Өз-өздерін бағалайды.
Үй тапсырмасын беру
Үйге тапсырма береді
Өлеңді жаттайды,зерттейді.
VII. Рефлексия
Рефлексия парақтары таратылады
«Алақан»
Оқушылар сабақ бойынша алақан арқылы өз ой-пікірлерін рефлексия парақтарына жазады