7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты Аттандық бала шақтан болашаққа

Тәрбие сағаты Аттандық бала шақтан болашаққа

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бастауышпен қоштасу мерекесі

Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт - сапар тілеу.

3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар.

Қанатты сөздер мен тақырып.

Кіріспе сөз:

Жүргізуші:

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда .

Мал озбас біле білсең білім озар,

Ақыры керек болар бір сасқанда - деп Міржақып ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған « Аттандық бала шақтан болашаққа» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!

Қош келіпсіздер , құрметті ата - аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

Алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Байназарова Жанар Асылбекқызына беріледі.

Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

4- сыныптарды ортамызға!

Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.

4 «А»сыныбы.Сынып жетекшісі:Хайрмеденова Роза.

4 «Ә»сыныбы.Сынып жетекшісі:Басанова Жадыра.

4 «Б»сыныбы.Сынып жетекшісі:Оспанова Оралхан.

4 «В»сыныбы.Сынып жетекшісі:Сегизбаева Гүлнар.

4 «Г»сыныбы.Сынып жетекшісі:Жаманшаева Қамажай.

4 «Ғ»сыныбы.Сынып жетекшісі:Бижанова Күләш.

Жүргізуші: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне , ес біліп, етек жиған шәкірт. Бүгінгі қоштасу мерекесіне арнап дайындаған 4 сынып оқушыларының мерекелік концертін тамашалаңыздар

Ән «»орындайтын 4 «А»сынып оқушысы.

1.Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!

2.Армысыздар өр тұлғалы әкелер!

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!

3.Армысың сен , алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр- алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын ,

Мектебіме арналады бұл әнім!

Би «Илигай»орындайтын 4 сынып қыздары.

Ән «Ұстазым» орындайтын 4 «Ә»сынып оқушылары Оңдасын Руслан мен Ниетқабылова Асылай.

1.Асылай

2.Таңат

3.Нұржау

Би «Бүлдіршіндер»

Ән «Бала тілегі»орындайтын 4 «Б»сынып оқушылары Максутқызы Нұршат пен Сембаева Ақерке.

1.Азамат

2.Жасмин

3.Дәурен.

Би «Мектеп вальсі»

Ән «»орындайтын 4 «В»сынып оқушысы Сатибаева Мадина және Сегизбаева Гульнар апай.

1.Нұрқанат

Мектеп деген білім кені жыр кені

Мектеп деген ғылымның ең үлкені


мектеп деген тәрбиеші адамға.

Мектеп деген даналардың мекені.

2.Мыңбай.

Мектебім- білім берер алтын ұям.

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.

Әрқашан қасиетті атың маған.

Жүргізуші:

Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім, жырларым,

Азық болар , мәңгі талай жылдарға.


Хор «Білім қайнары»орындайтын 4 сынып оқушылары.

1.Анар

2.Мирамбек

3.Ержан

Ән «Ақ құстар»орындайтын 4 «Ғ»сынып оқушысы Базар Бейбіт.

1.Гүлмира

2.Мерей

Ән « »орындайтын 4 сынып жетекшілері.

Жүргізуші:

Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,,

Басталған ақ батаңнан жас талабым.

Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,

Ұстаздың ұлағатынан басталарын.

Келесі сөз кезегі ұстаздарға беріледі.

Жүргізуші:

Кеп- кешегі жабырқау қайда қалған,

Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.

Мейірің ба , ұстаздық жүрегің бе?

Жан дүниесін баланың жаулап алған.

Келесі сөз кезегі ата-аналарға беріледі.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал