7


Математика'7 саны және цифры'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: «№35 ЖОББМ» КММ Кайрбекова Динара Кайрбековна Бастауыш сынып мұғалімі Математика : 1-сынып Сабақтың тақырыбы: 7 саны және цифры. Сабақтың мақсаты: 7 санын шығарып алудың тәсілдерін көрсету; 7 санымен және цифрымен таныстыру Сабақтың міндеттері: 1. 7 санының сандар қат
предварительный просмотр материала

«№35 ЖОББМ» КММ

Кайрбекова Динара Кайрбековна

бастауыш сынып мұғалімі

Математика 1-сынып

Сабақтың тақырыбы: 7 саны және цифры.

Сабақтың мақсаты: 7 санын шығарып алудың тәсілдерін көрсету; 7 санымен және цифрымен таныстыру

Сабақтың міндеттері:

1. 7 санының сандар қатарындағы орны туралы білімдерін қалыптастыру.

2. Оқушылардың ой-өрісін,логикалық ойлау қабілетін,математикалық тілін дамыту.

3.Тапқырлыққа,ұқыптылыққа,жылдамдыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: «Мақта қыз бен мысық» ертегісі желісіндегі саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап ,ойын

Қолданылатын құрал: интерактивті тақта

Сабақтың көрнекілігі: 7 саны цифрының үлгісі,таратпа материал


Сабақтың мазмұны.

І .Ұйымдастыру.Жылулық шеңбері

-Арайланған таңды сүйетін кім?- Мен

-Алтын сәулені сүйетін кім? -Мен

-Жарқын даланы сүйетін кім? -Мен

-Туған жерді сүйетін кім? -Мен

-Ата-ананы сүйетін кім? -Мен

-Құрметті қонақтарды сүйетін кім? -Мен

-Болашағы елімнің кім? -Мен

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күздің нешінші айы?

Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау:

-Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «7саны және цифры» Мақсаты: 7 санын шығарып алудың тәсілдерін үйрену,7 санымен және цифрымен танысу.

-Бүгінгі сабағымыз ерекше болады.Себебі біз ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз.Көзімізді жұмып, көз алдымызға өзіміз білетін ертегілерді елестетейікші.

-Қандай ертегілерді естеріңе түсірдіңдер?

«Мақта қыз бен мысық» ертегісі

-Осы ертегіні кім бастап айтамын дейді?

Бір оқушы ертегінің басын әңгімелеп айтады.

-Мысыққа құйрығын қайтарып алуға көмектесеміз бе?Ол үшін біз тапсырмаларды орындайық.


ІІ.Ой қозғау.

Сиырдың тапсырмасы:

1.Аптаның неше күні бар?

2.Жеті атаны ата.

3.Математикалық жұмбақ:

Жан-жаққа кетті зымырап,

Мысықтан қорыққан тышқандар:

Қорапқа кірді екеуі,

Соңынан кетті үшеуі.

Тығылды сонда нешеуі?


Алты қонжық орманға

Бара жатты қобаңдап.

Бірі олардың шаршады,

Әрі қарай бармады.

Жауабын тез айт,

Қанша қонжық кетті алда?


ІІІ.Өткенді қайталау.

Ағаштың тапсырмасы:

6 санының құрамын анықта:


6 6 6 6

˄ ˄ ˄ ˄

4 5 3 2


ІV. Жаңа сабақ.

1.Жерде қонып отырған қаңқыздарды санау. 6.Тағы 1 қаңқыз келіп қонды, 6-ға 1-ді қоссақ, 7 шығады.

2.Қоңыр қоңыз нешеу екенін санау. 7.

Сандар қатары нешеу? 6 .

-6-ға 1-ді қоссақ, неше шығады?

Яғни,6-дан кейін 7 саны келеді.

Жолақшаның ұзындығын өлшеу.Көк жолақшаның ұзындығы 6 см.,ал қызыл жолақшаның ұзындығы 1 см.Екеуін қосқанда неше см.болады?

7 санының таңбасы-7 цифры.

Сағат макеті 7-ні көрсетіп тұр.


Қыздардың тапсырмасы.

1-тпсырма.Сурет бойынша мысалдар құрастыру.

-Барлығы неше гүл өсіп тұр? 4

-Оларға тағы неше ара келіп қонды? Тағы 3 ара ұшып келді.

-Оларға гүл жетті ме?

-Яғни,аралардың саны гүлдердің санынан артық.

-Барлығы неше ара екенін табу үшін не істейміз? 4+3=7

-Неше араға гүл жетпей қалғанын табу үшін не істейміз?Ендеше барлық гүлдердің санынан 4 араны алып тастаймыз. 7-4=3


Сергіту сәті.


«Тез құрайық, үй құрайық» ойыны. Шарты: қосындылардың мәндерін таба отырып, үй құрастыру


Дүкеншінің тапсырмасы. Салыстыр:

6 7 5 7 6см. 7см.

6 5 4 7 7см. 7см.


Тауықтың тапсырмасы.Салыстыру.

Ұлу мен бақаның жолын салыстыру.


Тышқанның тапсырмасы. Дәптермен жұмыс.

1-тапсырма. 7 цифрын жазу әдістемесін түсіндіру.Ауада жазу.

2-тапсырма.Сандарды салыстыру.Оларды дұрыс оқу.


«Сөзді тап» ойыны. Шарты: өрнектердің мәндерін таба отырып, жасырылған сөзді табу.


V.Қорытынды.

-Бүгін біз сабақты қандай ертегі желісімен өткіздік?

-Қандай санмен таныстық?

-Сандар қатарында 7 саны қай саннан кейі келеді екен?


Мадақтау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал