- Учителю
- Аудан бірліктері және үлестер.
Аудан бірліктері және үлестер.
Математика.
Тақырыбы: Аудан бірліктері және үлестер.
Мақсаты:
1. Оқушыларда ауданның жаңа өлшем бірліктері туралы түсінік қалыптастыру;
2. Есептеу және өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын жетілдіру;
3. Интеллектуалдық қиындықтарды жеңе білу және өзін-өзі бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру.
Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.
- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.
- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 3.
ІІІ. Өткенді пысықтау: Көркем жазу минуты.
-
3 миллион 67 мың 69 бірлігі бар санды жаз. Көрші сандарды жазыңдар.100-ден үлкен, 60-тан кіші, 1 миллионға үлкен сандарды жазыңдар.
3 067 068; 3 067 069; 3 067 070 т.с.с.
-
«Компьютер» дидактикалық ойыны. Мұғалім тапсырмалар тізбегін оқиды, оқушылар жауабын айтады.
7 200 : 8 + 100 - 190 : 9 ∙ 1 000 = 4 000
8 ∙ 50 + 1 000 : 2 ∙ 8 - 5 000 : 2 ∙ 7 = 2 100
ІҮ. Жаңа сабақ: 1. № 1(а). түсіндіру, еске түсіру, қайталау.
1 см2 (квадрат сантиметр) = 100 мм2 1а (а) = 100м2
1 дм2 (квадрат дециметр) = 100 см2 1га (гектар) = 100 а
1 м2 (квадрат метр) = 100 дм2 1га = 100а = 10 000м2
1 км2 (квадрат километр) = 1 000 000м2 1м2 = 100 дм2 =10 000 см2 = 1 000 000 мм2
1дм2 = 100 см2 = 10 000мм2
№ 1(ә). Салыстыр .
5 м2 > 50 см2 10 000 м2 < 5га 5 га = 50 000м2
№ 2. Жұптық жұмыс. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.
3 га = 30 00 м 2 12дм 2 = 1 200 см2 12м2 = 120 000см2
№ 4. Есепте.
12 + 102 = 112 62 + 602 = 662
22 + 202 = 222 72 + 702 =772
32 + 302 = 332 82 + 802 = 882
42 + 40 2 = 442 92 + 902 = 992
52 + 502 = 552 102 + 1002 = 1102
Ү. Жаңа сабақты пысықтау: Есеп шығару: № 5. Есептерді шығар.
1). 25 20 = 500(м2) - барлық жер телімінің ауданы
500 : 2 = 250(м2) - алма ағаштары алып жатқан аудан
500 : 4 = 125(м2) - алмұрт ағаштары алып жатқан аудан
250 + 125 = 375 (м2)алма және алмұрт ағаштары алып жатқан аудан.
500 - 375 = 125(м2) - жидек ағашы алып жатқан аудан.
Ж: 125 м2 жидек ағашы алып жатқан аудан.
№ 5(ә). Өздік жұмыс.
1). 128 ∙ 3 = 384 (алма ағашы)
2). 384 - 128 = 256 (артық) жауабы: алмұртқа қарағанда 256 алма ағашы артық
№ 6. Жұптық жұмыс. Баған бойынша орындау.
902 - 567 = 335 902 - 335 = 567 335 + 567 = 902
№ 7. Ұжыммен орындау.
45 ∙ 20 = 900 (см2) - түбінің ауданы.
20 ∙ 30 = 600 (см2) - кішкене бүйірінің ауданы
45 ∙ 30 = 1 350 (см2) - үлкен бүйірінің ауданы
V = 30 ∙ 45 ∙ 20 = 27 000(см3)
ҮІ. Бекіту. Шығармашылық тапсырма
ҮІІ. Үйге тапсырма: № 7. 49 - бет